1. Құзыретілік және құзырет ұғымдарының арақатынасы Құзыреттілік түрлері “Құзірет” ұғымы


Музыка пәнінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану



бет9/10
Дата01.10.2023
өлшемі68,83 Kb.
#183191
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
құzirettilik-turaly
педагогикалық мамандыққа кіріспе Оқу құралы, Пробное задание Химия, Введение пед.лекция
Музыка пәнінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану
Білім теңіз оның тереңіне сипатын жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын ашатындар ғана бойлай алады.Ондай адамдарды дайындайтын мұғалім. Ал, мұғалім білімді оқушы санасына сабақты түрлендіру, жаңашалау, қызықтыру арқылы жеткізеді.
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп қолданылады.
Тиімді пайдалыларын жетілдіре түседі. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский «Сабақ жас өспірмдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» -деп айтқан. Олай болса, жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпақ емес. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.
Өзім сабақ барысында әлемнің бірнеше елінде сынақтан өткен «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» жобасының әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып жұмыс жүргіземін.
«Опера» тақырыбында өткен сабағымды түсіндіріп өтейін.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау жобасы үш негізгі этаптан тұрады.
I. «Қызығушылықты ояту»
II. «Мағынаны ашу»
III. «Толғаныс»
«Қызығушылықты ояту» кезеңі –бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастыру. Яғни, сабақта қарстырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не білетінін айқындаудан басталады. Осы кезеңде «топтау» (ассосация) стратегиясын қолдандым. Әрбір топ мүшелері «опера» туралы ойларын ортаға салып топтастырдым. Берілген уақыттан кейін плакаттар тақтаға ілініп, өз ойларын қысқаша айтып өтеді. Бұл жерде әр оқушы таным белсенділігін, өз ойын еркін жеткізе алады.
«Мағынаны ашу» кезеңінде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша тапсырмалар орындайды. Оқушыладың өз бетінше жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру барысында «жигсо» әдісі ең қолайлы әдіс. Бұл стратегияда мәселені алдымен топта сосын барып ұжымда талқылауға лайықталған. Бұл жағыдайда әр оқушы өзін бір сәт мұғалім ретінде сезініп жауапкершілігі артады.
Опера тақырыбында алдын ала дайындалған мәтіндер таратылып ,топ мүшелері орындары ауыстыру арқылы ақпарат алмасып өз жан ұяларына қайта келіп, өзінің оқығанын басшылыққа ала отырып, өзгені оқытады, өзгені тыңдай алатын дәрежеге жетеді.
Топта талқылаған мәселе енді ұжымда талқыланып, опера туралы алған білімдері арқылы ,әр топтан бір сұрақтан қойылады. Оған қалған топтағы топ мүшелері жауап береді.
«Ой толғаныс» кезеңі сабақты қортындылауға арналған бөлім. Бұл кезең оқушының ойын жинақтап, оған сын көзбен қарап, салыстыра отырып өз ойын жетік айта білуге үйретеді. Опера тақырыбында алған білімдерін 5 минуттық эссе жазу арқылы қағаз бетіне түсіріп операның жеке кейіпкері ретінде оны ария қылып орындады. Сабақтың соңында оқушылар өз-өздерін бағалап, топта талқылап арнайы таратылған кеспелер жиналып алынады. Бұл кеспелерде оқушылардың өздеріне қойылған бағалары болады.
Сын тұрғысынан ойлау жобасы шындыққа негізделген білім беруге арналған жоба екені сөзсіз.Өйткені кластағы әрбір оқушы жаңа ақпараттарды сын тұрғысынан ойлай отырып баяндайды, суреттейді, салыстырады, жазады , үйренеді.
Бұл жоба арқылы білім алған оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласы, ой-өрісі, білім біліктерінің артуына көмектеседі. Сабаққа белсенділігі нашар оқушылар топта талқылау барысында белсенділіктері артып сабаққа қызығушылықпен қарайды. 
Музыка сабағы өнер сабағы болғандықтан әр сабақтың өз ерекшелігі мен қызықты сәттері көп. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасау барысында сын тұрғысынан ойлау жобасының тиімді жақтары көп. Балалар өте қызығушылықпен, шығармашылықпен сабаққа ат салысады.
Музыка мәдениеттің бір бөлігі болғандықтан оқушының жан-жақты мәдениетті болып өсуіне әр сабақта баса назар аударамын. Сабақ барысында тіл мәдениетінің қалыптасуын әдемі сөйлеу, эссе жазу барысында мәтіннің мазмұны мен үйлесімділігін, өз ойын айтқанда мәдениетті жеткізуін үнемі қадағалап отырамын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет