1. Құзыретілік және құзырет ұғымдарының арақатынасы Құзыреттілік түрлері “Құзірет” ұғымы



бет10/10
Дата01.10.2023
өлшемі68,83 Kb.
#183191
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
құzirettilik-turaly
педагогикалық мамандыққа кіріспе Оқу құралы, Пробное задание Химия, Введение пед.лекция
Информатика мұғалімі:
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым.
Қазіргі таңда оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Заман талабына сай сабақ беру әдіс-тәсілдері де жаңарып, жаңаша технологиялар мен модульдар анықталуда.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «XXI ғасыр — ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасына да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі — қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезең енді. Қоғамды ақпараттандыру экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі. Сол жүктемені орындау, іске асыру мақсатында мен 2015 жылдан бастап «Оқыту үрдісінде заманауи технологиялар мен техника жетістіктерін пайдалану арқылы ой-өрісі дамыған, шығармашыл тұлғаны дамыту» атты тақырыпта жұмыс істеп келемін. Бұл тақырыпты алуымның мақсаты оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуы, ақпараттық коммуникативтік технологияларды меңгерту болды. Осы мақсатқа жету барысында келесі міндеттерді қойдым:

  1. Әр сабақта түрлі жаңа технологияларды тиімді қолдана білу;

  2. Жаңаша оқыту;

  3. Техника жетістіктерін сабақтарда қолдану.

Аталған міндеттерді орындау үшін қазіргі таңда күн өткен сайын пайда болып отырған әр түрлі технологиялармен танысу және жаңа әдіс-тәсілдермен жұмыс істеуге үйрену мақсатында түрлі біліктілік арттыру курстарынан өттім.
Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалды:

  • Уақытты үнемдеу, сабаққа көп уақыт бөлуді үйренді;

  • Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренді;

  • Заманауи тұлға болып қалыптасуына ықпал етті;

  • Жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін жетік меңгерді және оны сабақ барысында тиімді қолдануға дағдыланды.

Жаңаша оқыту – жетістік көзі. Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуы және олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі болып есептеледі. Сондықтан мүмкіндігінше педагогикалық технологияның түрлі тәсілдерін игеріп, оқушыларды өз беттерімен ақпараттар іздеуге, қосымша материалдарды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен анықтай алуға және заманауы технологияларды тез меңгеруге, олардың мүмкіндіктерімен таныстырамын. Қазіргі таңда сабақтарымда қолданып жүрген педагогикалық технологиялар: жаңа форматта оқыту, сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының элементтері, ақпараттық коммуникативтік технологиялар, ойын элементтер, интерактивті оқыту, деңгейлеп оқыту және Smart-оқыту технологиясы т.б.
Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек. Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер интер — активтi деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.
Интерактив – ағылшын тiлiнен аударғанда, inter – аралық, бiрнеше, action- әрекет, яғни «өзара әрекет” дегендi бiлдiредi. Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интерактивтi” деп атаймыз.
Интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.
Интерактивті оқытудың мәнісі – кластағы барлық оқушы таным үрдісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным үрдісінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр оқушы өзіне тән еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерімен алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл үрдіс мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады.
Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:
-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;
-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;
-педагогикалық қолдау көрсету.
Smart оқыту – бұл білім берудің жаңа парадигмасы. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер, сонымен қатар Қазақстан да Smart білімін дамытуға назарын аударды.Жаңа Smart-қоғамның моделі бұл заманауи ақпараттық және ұйымдық жүйелер арқылы адамның интеллектуалдық, жоғары технологиялық, жайлы ортасын құру. Қойылғын міндеттерді заманауи технологияларды қолданатын, жаңа ойларды, білімді және интеллектуалдық капиталды түрлендіретін маман шешеді.Мектептерге Smart-білім жүйесін енгізу үшін мұғалімдерді оқыту қажет.Заманауи білім жүйесінің дүниежүзілік жетекшісі, Оңтүстік Корея Республикасындағы Smart-оқыту ұйымы, Smart-оқыту саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру және инновациялық тәжірибесімен танысу. Қазіргі электронды оқытуда қолға алған шараларымыздың басым бөлігі ақпаратты жинау, түгендеуге арналған. Білімімізді көтеруге қатысты тұстары әзірге іске қосылмады деуге болады. Білімді көтеруге арналған механизм – бейнедәріс, жаңа форматтағы оқулық, сарапталған тест тапсырмалары, контент жұмысы жанданғанда ісіміз оңға басады деуімізге болады.
Интерактивті ресурстарды сабағымда кеңінен қолданамын. атап айтқанда: Learningapps.org сайтының көмегімен түрлі тапсырмалар жасап оқушыларға сабақты бекіту кезінде немесе үй тапсырмаларын сұрау мақсатында, Kahoot.it бағдарламасында тесттік жұмыс орындату үшін қолданамын. Әдістерді қолдану арқылы оқушылардың білімінің тұрақталығы, беріктігін, оқуға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерінің арттыруы, өз-өздерін бағалай алуы мүмкіндіктер туғызды.
Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты – білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Жалпы осы аталған бағдарламаның: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкесоқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық модульдерін болашақта да барлық өзімнің сабақтарымда қолданып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге тырысамын. Бұл модульдердің сабақтарда тигізетін пайдалары өте көп. Сабақтарымыз үнемі мазмұнды, нәтижелі, мағыналы, жан-жақты, оқушыларға қызықты болсын деп тілеймін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет