10 билет Тәуелсіздік жолындағы қадамдар. 1990 жылдың 25 қазанындағы Республиканың жоғарғы кеңесімен «Қазақ кср-дың мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны»



бет5/19
Дата22.12.2021
өлшемі442,77 Kb.
#127459
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
10-18 билет

«Инаугурация» дегеніміз не?

Инаугурация (латынша іnauguro – арнаймын; ағылшынша іnauguratіon – қызметке кірісу) – Мемлекет басшысының мәртебелі лауазымды атқаруға кірісуін атап өтетін салтанатты рәсім.


12 билет

  1. Тоқырау жылдарының идеологиясы және КОКП-ның ұлт саясаты

"Тоқырау жылдары" деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасындағы жетекші рөл атқарып келген Кеңес Одағын ықпалы бұрынғыға қарағанда әлсіреп кетті. Жыл өткен сайын КОКП-ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады.

Дүниежүзілік саясатта Ресейді аса қуатты әскери державаға айналдыру бағытында жанталаса қаруланып, өзге елдерге ықпалын күшейтуге ұмтылған КОКП басшылары ішкі саясатта Кеңес Одағы құрамындағы барлық ұлттардың мемлекеттік құрылымдарын жойып, оларды бір тілде сөйлетіп қоюға тырысты. Тоқырау кезеңінің идеологиясында орыстандыру саясаты басты бағыттардың бірі болып қалыптасты. Хрущевтік-брежневтік әкімшілік әлемнің алтыдан бір бөлігін алып жатқан жерде тарихи жаңа қауымдастық – кеңес халқын жасау ниетін көздеді. Коммунистік әкімшіліктің “халықтардың мызғымас достығы”, “ұлттар мен ұлыстардың жақындасуы жəне бірігуі” туралы тезистері жүзеге асырылып жатты.

1979 жылы КОК ПК–ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Кокшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау қаласында орналасатын болды. Бұл жөнінде арнайы комиссия құрылын, оған КОКП ОК-ының хатшысы А.Коркин торағалық етті. Партияның бұл шешімі қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі болды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет