10 билет Тәуелсіздік жолындағы қадамдар. 1990 жылдың 25 қазанындағы Республиканың жоғарғы кеңесімен «Қазақ кср-дың мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны»



бет7/19
Дата22.12.2021
өлшемі442,77 Kb.
#127459
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
10-18 билет

18671868 жылдардағы патша үкіметі реформасының негізгі мақсаты — қазақ өлкесінде отаршылдық тәртіпті нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың екінші жартысындағы әзгерістер де бұған едәуір ықпалын тигізді. Капитализмнің кеңінен дамуы үшін де Қазақстандағы бұрынғы басқару жүйесін өзгерту қажет болды.

Осы міндетті жүзеге асыру үшін XIX ғасырдың 60-жылдары басында қазақтардың саяси өкімшілік, сот ісін басқару жүйесін қайта құрудың жобасын әзірлеуге арнаулы комиссия құрылды.



Комиссия Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторы қазақтарын екі түрлі басқаруды жойып, бүкіл қазақ даласын екі — Батыс және Шығыс облыстарға беліп басқаруды ұсынды.

1864 жылы 12 желтоқсанда Әскери және Ішкі істер министрлігінің бас қосқан комитеті мәжілісінде жоба мақұлданбады. Қазақтарды болашақтағы басқару құрылымы мәселесін енді үкімет Дала комиссиясына беру қажет деген шешім қабылдады. Комиссияға ішкі істер министрінің статс-кеңесшісі, полковник Гирс төрағалық етті. Бұл Дала комиссиясының құрамына аталған министрліктердің әрқайсысынан екі өкіл және Орынбор өлкесі мен Батыс Сібір өлкелері әкімшіліктерінің мүшелері енді. Комиссияға қазақ даласын аралап, жергілікті көшпенділер өмірімен танысып, болашақтағы өкімшілік басқару негіздері туралы жоба жасау міндеті жүктелді.

Гирс комиссиясы 1865 жылы 27 маусымда Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкесін аралауға шықты. "Халықтың жағдайын жақсартатын, оларды сұлтандардың үстемдігінен босататын ізгілікті реформаның" жасалу барысы құпия түрде жүргізілді.



Өлкенің өзіндік ерекшеліктерін зерттеу үшін және оны басқару туралы ереженің жобасын әзірлеу мақсатымен 1865 жылы елдің Ішкі істер министрі Гирстің басшылығымен «Дала қомиссиясы» құрылды. Оның құрамына ресейлік шенеуніктер мен офицерлер кірді. Жаңа ережені жасауға қазақ ақсүйектері мүлде жолатылмады. 1867 жылы II Александр: «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге» қол қойды. 1868 жылы «Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ереженің» жобасын да бекітіп берді.

Басқарудың жаңа ережесін 1869 жылғы 1 мамырдан бастап енгізу көзделді. Әкімшілік реформалардың себептерін егжей-тегжейлі түсіндіретін мәлімдеме қазақ және орыс тілдерінде жазылып, таратылды. Өкімет билігінен шеттетілген билеуші-сұлтандар мен аға сұлтандар ескерусіз қалдырылмады. Оларға түрлі әскери шендер берілді, өмірлік зейнетақылар тағайындалды.

1867—1868 жылдардағы реформалар бүкіл Қазақстанды тұңғыш рет түгел қамтыды. Онда үш генерал-губернаторлық әкімшілік құрылды. Әрбір генерал-губернаторлық облыстарға бөлінді. Мәселен, Орынбор генерал-губернаторлығы - Орал және Торғайоблыстарын, Батыс Сібір генерал-губернаторлығы - Ақмола және Семей облыстарын, ал Түркістан генерал-губернаторлығы - Жетісу және Сырдария облыстарын қамтыды. Соңғы екі облыстың құрамына қазақ жерінің едәуір үлкен бөлігі, сондай-ақ қырғызжәне өзбек жерлерінің бір бөлігі енді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет