10-сынып қазақ тілі пәні бжб (жаратылыстану-математикалық бағыт) 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма»



бет2/4
Дата11.05.2022
өлшемі19,62 Kb.
#142781
1   2   3   4
Байланысты:
№ 1 БЖБ 10 ЖМБ қазақ тілі 4-тоқсан (1)
геог факультатив 10-11 с
Ойлау дағдыларының қолдану
деңгейі:
Орындау уақыты: 15-20 минут


Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Киіз үй – ата-бабамыздың басты баспанасы, тек қазақ халқының қана емес, түркілердің және көптеген көрші елдердің киелі тұрақ-мекені болды.
Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі оның қастерлеп ұстаған, киелі тұтқан тұрағы, мекені, баспанасы, мақтанышы болған. Киіз үй – баспана ғана емес, сәулет, құрылыс, қолөнер жетістігінің тамаша үлгісі.
Киіз үйдің негізгі бөлшектері: кереге, шаңырақ, уық, сықырлауық.
Кереге киіз үйдің негізін құрайды. «Керегең кең болсын!» деген тілек осыдан шыққан. Өйткені үйдің берік болуы, кеңдігі осы керегеге байланысты. Кереге санына қарай киіз үй 4, 6, 8, 12 қанат етіп тұрғызылады.
Шаңырақтың пішіні күмбез тәріздес, уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. «Шаңырақ» деген сөз «үй, отбасы» деген тұтас ұғымды да бейнелейді. Жаңа үйленгендерді «шаңырақ көтерді» дейді.
Уық – кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі. Әр үйде көлеміне қарай 60–160-тай уық болады.
Киіз үйде есік екеу болады: ішкі есік – сықырлауық, ағаштан жасалады, екіншісі – киіз есік, ол киізден жасалады, сықырлауықтың сыртынан жабылады.
Үй сүйегі әзір болған соң, оның киіздері жасалады. Киіздері кереге бойына туырлық, шаңыраққа дейін үзік, шаңырақты жабатыны түндік және киіз есік деп аталады. Олар қойдың ақ күзем жүнінен басылады.
Киіз үйді қазақ халқы қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй – қазақтың баспанасы, мүлкі, мақтанышы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет