№9 тап дидактика Алшора Айғаным



Дата29.04.2021
өлшемі44,32 Kb.
#111571
Байланысты:
№9 тап дидактика Алшора Айғаным
айшуақ білім күні 2020, сиқырлы доптар разработка, Туралина - Жұманова Маржан - Ашық сабақ

Орындаған: Алшора Айғаным
9 практикалық жұмыс
«8.3 В Химиялық байланыс түрлері» бөлімі бойынша химиялық- символикалық диктант



Сұрақ

Жауабы

1

Электр тогы мен жылуөткізгіштігі жоғары, тапталғыш, иілгіш және металдық жылтыры бар заттар



Металдар

2

Кристалдық тор түйіндеріндегі оң иондар мен бейтарап атомдарда еркін қозғалатын электрондар болатын тор



Металдық кристалдық тор

3

Нәруыздар мен нуклеин қышқылдарында тән байланыс



Сутектік байланыс

4

Бір молекуладағы оң зарядталған сутек атомы мен екінші бір молекуладағы теріс зарядталған атом арасында түзілетін байланыс



Сутектік байланыс

5

HCl молекуласындағы байланыс түрі



Ковалентті полюсті



6

NH3 молекуласындағы байланыс түрі



Сутектік байланыс

7

О2 молекуласындағы байланыс түрі



Коваленттік полюссіз

8

Кристалдық тордың түйінінде орналасқан бөлшектер мен химиялық байланыстың түріне сәйкес кристалдық торлар саны



Төрт

9

Сутектік байланысы бар заттардығы кристалдық тор түрі



Молекулалық кристалдық торлар

10

Натрий хлоридіне тән кристалдық тор



Иондық байланыс

11

Металдық кристалдық тор түйіндеріндегі иондар мен еркін қозғалатын электрондар арасында түзілген химиялық байланыс



Металдық байланыс

12

Молекулалық кристалдық торлы заттар



Су, спирт, хлор

13

HF молекуласындағы байланыс түрі



Сутектік байланыс

14

Иондық кристалдық тор түйіндерінде байланыс



Иондық байланыс

15

Алмаз, графит, бордағы кристалдық тор



Атомдық кристалдық тор

16

Молекулалар арасында пайда болған сутектік байланыс



Молекулааралық

17

Cu, Al металдарындағы байланыс түрі



Металдық байланыс

18

Атомдық кристалдық тор түйіндеріндегі байланыс



Коваленттік полюссіз

19

Беріктігі жоғары кристалдық тор



Атомдық кристалдық тор

20

Молекулалық кристалдық тор түйіндерінде байланыс

Коваленттік полюссіз және коваленттік полюсті



«8.3 В Химиялық байланыс түрлері» бөлімі бойынша графикалық диктант
Тұжырымды дұрыс деп санаған жағдайда сұрақтардың жоғарғы тұсына белгісін қою керек.
I- нұсқа «Атомдық кристалдық тор»

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20



II- нұсқа «Молекулалық кристалдық тор»

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20



Тұжырымдамалар:

1. Тор түйіндерінде коваленттік полюссіз байланыспен байланысқан атомдар орналасады.


2. Тор түйіндерінде коваленттік полюссіз және коваленттік полюсті байланыспен байланысқан жеке молекулалар орналасады.
3. Байланыс әлсіз болғандықтан, тор оңай бұзылады.
4. Қиын балқитын, суда ерімейтін заттардың кристалдық торы.
5. Мұндай торлы заттардың көпшілігі газдар.
6. SiO2 кварц, силицидтер, карбидтердің кристалдық торы.
7. Ең мықты кристалдық тор.
8. Әлсіз, оңай бұзылатын кристалдық тор.
9. Иондық кристалдық тордан берік кристалдық тор.
10. Иондық кристалдық тордан беріктігі төмен кристалдық тор.
11. Ұшқыш, кристалл күйінде морт сынғыш заттарға тән кристалдық тор.
12. І2, глюкоза, сахарозаға тән кристалдық тор.
13. Алмаз, графит, бор, кремнийға тән кристалдық тор.
14. Молекулалардың диссоциациялануы, электр тогын өткізуі мүмкін кристалдық тор.
15. SiC карборундтың кристалдық торы.
16. Балқу және қайнау температуралары төмен заттардың кристалдық торы.
17. Балқу және қайнау температуралары жоғары заттардың кристалдық торы.
18. Полюсті молекулалар орналасса, суда еруі мүмкін кристалдық тор.
19. Электр тогын өткізуі мүмкін кристалдық тор.
20. Атомдардан түзілген кристалдық тор.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет