12. «Цифрлық сауаттылық» 1-4 сынып, «информатика» ПӘндерін оқытудың ерекшеліктері, 1-11 сыныптар



Дата23.09.2022
өлшемі20,43 Kb.
#150542
Байланысты:
2022-2023 ӘНХдан ИНФОРМАТИКА пәні
18.02 6 сынып, ҚМЖ Соңғы шартты цикл, 11 кл СОР Алихан Аскарович making contact

12. «ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» 1-4 СЫНЫП, «ИНФОРМАТИКА» ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, 1-11 СЫНЫПТАР
Жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында «Цифрлық сауаттылық» (1- сыныптан басқа), «Информатика» пәндерін оқыту кезінде сыныпты екі топқа бөлу сыныпта 24 және одан да көп білім алушы болған кезде жүзеге асырылады. 1-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытуда сынып бөлінбейді. 2.Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 169 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500, соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі: 1-сыныпта, аптасына 0,5 сағатты, оқу жылында 17,5 сағатты; 2-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты; 3-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты; 4-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты құрайды. «Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі: 5-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат; 6-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат. 7-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат; 8-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат. 9-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат. 10-11-сыныптарда «Информатика» оқу пәнін оқытуға бөлінген апталық жүктеме: - қоғамдық-гуманитарлық бағытта 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат; - жаратылыстану-математикалық бағытта 2 сағаттан, оқу жылында 72 сағат. 1-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні оқу жылының ІІ жарты жылдығынан бастап аптасына 1 сағаттан оқытылады. Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады. 3.Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген № 496 «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына (188-2к қосымша), 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына (4- қосымша) өзгерістер енгізілді). 1-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны білім алушылардың алгоритмдік ойлау қабілетін ойын программалау ортасында қалыптастыруға, робототехника жиынтығының негізгі компоненттерімен таныстыруға, қарапайым роботтар жинауға және оларды басқаруға бағытталған. 3-сыныптың оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарын меңгеру үшін мынадай ұсынымдар беріледі: 1-тоқсанда оқу процесіне қосымша келесі оқу мақсаттарын енгізу қажет: «1.1.3.1 информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау»; «2.1.1.1 енгізу және шығару құрылғыларын ажырату»; «2.1.2.1 файл және папка ұғымдарын түсіндіру»; «1.4.1.1. сызықтық алгоритмді іске асыру»; «1.4.2.1. ойын 170 бағдарламалау ортасында жобаны құру, сақтау және ашу (Scratch (скретч)»; «2.2.1.1 пернетақта тренажёрында мәтін теру»; «2.4.1.1 тармақтау алгоритмін іске асыру»; Бұл жағдайда 1-тоқсанға арналған оқу бағдарламасындағы мына: «3.4.1.1 қайталауды қолданатын алгоритмдер құрастыру (цикл)»; «3.4.1.2 циклдік алгоритмді іске асыру»; «3.4.2.4. программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру»; «3.3.2.2 желідегі ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру»; «3.1.3.1 Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелерін ескеру» оқу мақсаттары 2-тоқсандағы «3.4.2.1 дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу»; «3.2.1.1 таңбалы, нөмірленген тізімдер жасау»; «3.4.2.2 программалау ойын алаңында бірнеше көріністермен жұмыс істеу»; «3.4.2.3 программалау ойын алаңында бірнеше кейіпкерлермен жұмыс істеу»; «3.4.2.4 программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру» оқу мақсаттарымен кіріктіріледі. 3-тоқсандағы оқу бағдарламасының «Робототехника» бөлімшесіндегі 3.5.3.1 орта қозғалтқыш жылдамдығының мөлшерін орнату және жылдамдығын реттеу; 3.5.2.1 робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді пайдалану оқу мақсаттарына 1-сыныптың оқу бағдарламасындағы: «1.5.1.1 білім беру роботының негізгі моделін жинау»; «1.5.1.2 роботқа арналған программаны жүктеп алып, іске қосу»; «1.5.2.1 роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысын ұйымдастыру»; «1.5.2.2 дөңгелек айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастыру»; «1.5.2.3 роботты алға жылжыту қозғалысын ұйымдастыру»; «1.5.2.4 роботты артқа жылжыту қозғалысын ұйымдастыру»; «1.5.2.5 роботтың 90, 180 градустағы бұрылысын ұйымдастыру» оқу мақсаттарын кіріктіру қажет. Бастауыш мектепте «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытуда білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқытудың белсенді формалары мен әдістері қолданылады. Ұғымдарды жақсы түсіну үшін өмірде жиі кездесетін нақты мысалдармен байланыстыру ұсынылады. 5-9 сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі №334 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» («Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына) бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған Информатика пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы» (№9 қосымша) бойынша жүзеге асырылады. 10-11 сыныптарда «Информатика» оқу пәні «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына 171 өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасымен қоғамдық-гуманитарлық бағытта 15- қосымшаға және жаратылыстану-математикалық бағытта 14-қосымшаға сәйкес оқытылады. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда «Информатика» пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды компьютерлік жүйелерді, ақпараттық объектілерді, ақпараттық процестер мен жүйелерді құру және өңдеу, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану, жаңа қосымшалар әзірлеу үшін қажет базалық біліммен, дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мазмұны веб-жобалау, сайт құру, мобильді қосымшалар әзірлеуге қажет білім мен дағдыларды меңгеруге бағытталған. Қосымшалар дайындауда конструкторлық программалық жабдықтар қолданылады. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда «Информатика» оқу пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету саласында терең біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін деректерді, ақпараттық процестер мен жүйелерді ұсыну, ақпараттық объектілерді, компьютерлік желілер мен ақпараттық қауіпсіздікті құру және өңдеу болып табылады. Жаратылыстану-математикалық бағыт мазмұны компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды программалар дайындау үшін қолдануға қажет білім мен дағдыларды меңгеруге арналған. Веб-жобалау, сайт құру, мобильді қосымшалар әзірлеу программалау ортасында жүргізіледі. 10-11-сынып білім алушыларының оқу-ақпараттық құзыреттілігін дамытуда жеке немесе топтық зерттеу-жобалық жұмыстар жүргізіледі. Жобамен жұмыс істейтін білім алушылар жұмысты жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну, дәлелдеу, эксперимент жүргізу, атқарылған жұмыс бойынша нәтижелерді ұсыну, талдау және бағалау жұмыстарын орындайды, сондай-ақ өз жобасын қорғайды. Ұзақ мерзімді жоспарда бөлімшелер мен тақырыптар тоқсандарға бөлініп көрсетілген. Тақырыптар мен бөлімшелерді меңгеруге бөлінетін сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелер арасында сағат санын бөлу практик-педагогтердің еркінде, бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылуы тиіс. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны Бастауыш мектепте «Цифрлық сауаттылық» пәнінен бөлімдер мен тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар жүргізілмейді. Жартыжылдықтар соңында «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша «есептелді» («есептелмеді») қойылады. Білім алушы оқыту мақсаттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындаған жағдайда «есептелді» қойылады.
Пәннің оқу бағдарламасы бойынша 6, 7, 8, 9-сыныптарда 3-тоқсанда бір ғана «Phyton программалау тілінде программалау» бөлімі оқытылады. Білім 172 алушылардың бөлім бойынша оқу мақсаттарын игеру деңгейлерін нақты анықтау үшін аталған бөлім бойынша екі жиынтық бағалау өткізу ұсынылады. Аталған ұсынысты ескере отырып оқу жылының тоқсандары бойынша жиынтық бағалау саны 12.1-кестеде берілген. 12.1-кесте. «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны» Сынып Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 1 тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан 5 сынып 1 1 1 1 6 сынып 1 1 2 1 7 сынып 2 1 2 1 8 сынып 1 1 2 1 9 сынып 2 1 2 1 10 сынып ҚГБ 2 1 1 1 11 сынып ҚГБ 1 1 2 1 10 сынып ЖМБ 2 1 1 1 11 сынып ЖМБ 1 2 2 1 ҚР БҒМ «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) төмендегі тармақ енгізілген: 11. Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, бір тоқсанда екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жарты жылда қойылады. Осы тармаққа сәйкес: − 5-9 сыныптағы «Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді; − 10-11 сыныптағы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді; − Жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Информатика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні бойынша жүргізілетін элективтік курстардың тақырыптары Білім алушыларды робототехника, программалау, 3D-модельдеу қызықтырады. Осы қызығушылықтарды жүзеге асыру үшін неғұрлым күрделі дағдылар мен құзыреттіліктер қажет. Озық технологияларды меңгеру, топта жұмыс істеуді үйрену және «Информатика» пәнінен алған дағдыларын дамыту, жобалық жұмыстарды жүргізу үшін үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонент есебінен: - 4, 5-11 - сыныптары үшін «Робототехника»; - 8, 9 – сыныптары үшін «3D-модельдеу»; - 6, 8-11 сыныптары үшін «Python тілінде программалау» элективті курстарын жүргізу ұсынылады. Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын әдістемелік тақырыптар Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде «Информатика» пәні бойынша қарастыру үшін ұсынылатын өзекті мәселелер мен тақырыптар: − Информатика пәні бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу; − «Информатика» пәні бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру; − Информатиканы оқыту әдістері мен ұйымдастыру формаларын жетілдіру; − Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану. Оқу пәні бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесі «Цифрлық сауаттылық», «Информатика» пәндері бойынша оқулықтар тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» № 286 бұйрығымен бекітілген.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет