12-тарау. Салықтар және салық жүйесі



бет3/7
Дата10.04.2022
өлшемі172,75 Kb.
#138702
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
салық
Семинар бойынша әдістемелік нұсқаулық, 2.1 ҚР білім беру жүйесі
12.2. Қазақстанның салық жүйесі

«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оларды құрудың және алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің са­лық жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салық­тар­ды құру мен алудың нақтылы әдістерін белгілейтін, яғни салықтардың нақтылы элементтерін анықтайтын тиісті заңнамаларға негізделеді.


1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда мен көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
Рыноктық жаңғыртудың басталуымен салықтардың жаңа түрлері – қосылған құн салығы, акциздер,сатудан алынатын салық жұмыс істей бастағаны белгілі.
1991 жылғы желтоқсанның 24-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы кұжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен 1995 жылғы мамырға дейін салықтар мен алымдардың 43 түрі жұмыс істеді: 16 жалпымемлекеттік салық, 10 жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар, 17 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 43салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды, ал 1999-2001 жылдар аралығындағы өзгертулер мен толықтыруларды есепке алғанда олардың саны 18-ге дейін көбейді.
1999 жылы салық салу объектінен 26 % мөлшерлеме бойынша заңи тұлғаларлардың еңбекке ақы төлеу қорының 30 % мөлшеріндегі сақтық жарналарының орнына (Зейнетақы қорына – 23,5%; міндетті медициналық сақтандыру қорына – 1,5%; Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қорына−2%) әлеуметтік салық енгізілді ( 2001 жылдың шілдесінен мөлшерлеме 21%−ға дейін төмендеді, ал 2004 жылдан регрессивті мөлшерлемелер – 20%-дан 7%-ға дейін жұмыс істеді). Егер 1998 жылы мемлекеттік бюджеттегі бюджеттен тыс қорлардың үлесі 18,4 %-ды құраса, әлеуметтік салықтың үлесі 1999 жылы 17,9% -ды құрады.
Қосылған құн салығы (ҚҚС) айналым салығы мен сатудан алынатын салықтың орнына 1992 жылы 28% мөлшерлемеде, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін – 13%, көпшілік қолды өнімдер (негізінен тамақтар) бойынша – 10% мөлшерде енгізілді. 2003 жылдың 1 қаңтарынан мөлшерлемелер 20% және 16,67% болып белгіленді (ҚҚС-ты кіріктіретін мемлекеттік реттелетін бағалар мен тарифтер бойынша сатылатын тауарлар, қызметтер бойынша). 2002 жылы ҚҚС-тың мөлшерлемесі 16%, 2004 жылы –15, 2007 жылы –14, 2008 жылы –13%, 2009 жылдан −12% болып белгіленді.
Пайдаға салынатын салық пайдадан төленетін төлемдер мен пайдадан аударылатын аударымдардың (қорлар үшін төлем, пайданың бос қалдығының аударымдары) орнына 1991 жылы енгізілді. Оның мөлшерлемелері 10%-дан 70%-ға дейін белгіленді.
Бұл жүйе меншіктің барлық нысандары мен қызметтің түрлерінің теңдігін қамтамасыз етпеді, жеңілдіктер көп болды, бұл бақылауды қиындатты. «Кәсіпорындардың пайдасы мен табыстарына салық салу туралы» 1994 жылғы қаңтардың 1-індегі Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес салық салу объекті баланстық пайда – барлық шығындардың сомасына азайтылған барлық табыстардың сомасы болып белгіленді.Салық мөлшерлемесі – 30%, ал банктік және сақтық қызметтен алынатын пайда – 45%, дивидендтер мен пайыздардан алынатын табыс – 15% болды.
1995 жылдың 1 шілдесінен қабылданған Салықтық кодекс салықтардың 11 түрін қарастырды, соның ішінде негізгі салықтардың бірі – корпоративтік табыс салығының заңи тұлғалар үшін 30% негізгі мөлшерлемесі және төлеушілердің жекелеген санаттары және табыстардың түрлері үшін сараланған мөлшерлемелері (10 нан 20%-ға дейін) енгізілді.
2001 жылғы 12 маусымда «Салық және бюджетке төленетін басқа төлемдер туралы» заңның жаңа нұсқасы қабылданды, онда елдегі өзгеріп отырған экономикалық және әлеуметтік жағдайларға байланысты салық салудың қағидалары мен нормалары толықтырылып, өзгертілді.
2009 жылдың 1-қаңтарынан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салықтық кодекс) қолданысқа енгізілді. Кодексте салықты және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі биліктік қатынастар, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеушінің арасындағы салықтық міндеттемелерді атқаруға байланысты қатынастар реттелінген. Сонымен бірге Кодексте кен өндіруші сектордың қайтарымын арттыру есебінен экономиканың шикізаттық емес секторларына салық ауыртпалығы төмендетілген, жеңілдіктер жүйесі оңтайландырылған, салықтық әкімшілік ету оңайлатылған, Кодекс нормаларын қолдану экономиканы жаңғыртуға және саралауға, елдегі инвестициялық климатты жақсартуға, отандық, сондай-ақ шетелдік өндірушілер үшін де бизнес жүргізуді неғұрлым пайдалы етуге шақырады.
Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі моделдері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидат­тар мен белгілер бойынша жіктеледі:
салық салу объекті және салық төлеуші мен мемлекеттің өзара қатынастары бойынша;
салықты алатын органға қарай;
пайдалану тәртібі бойынша;
объектінің экономикалық белгісі бойынша және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет