12-тарау. Салықтар және салық жүйесі



бет6/7
Дата10.04.2022
өлшемі172,75 Kb.
#138702
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
салық
Семинар бойынша әдістемелік нұсқаулық, 2.1 ҚР білім беру жүйесі
12.3.Салық салуды ұйымдастыру


Салық салуды ұйымдастыру салықтық қатынастар нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты атауларын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-әрекетінің тәсілдерін қамтитын салықтық механизмді құруға және оның жұмыс істеуіне саяды (12.1 сызба).
Салықтық механизмде өзара байланысты элементтерден тұратын арнаулы салықтық нұсқама қолданылады (12.2 сызбаны қараңыз).


12.1 сызба. Салықтық механизмнің элементтері



12.2 сызба. Салықтық нұсқама

Салық салудың негізгі элементтеріне мыналар жатады: салық кезеңі, салық объекті, салық субъекті, салық салынушы, салық салу бірлігі, салық базасы, салық мөлшерлемесі, квота, салықпұл, салық жеңілдіктері, төлеу мезгілі мен тәртібі, салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттіліктері, салықтың төленуін бақылау, салық заңнамасын бұзғаны үшін санкциялар, т.б.


Салық кезеңі. Салықтардың және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсініледі, ол аяқталған соң салық салу объекті, салық базасы анықталады, бюджетке төленуге тиісті салықтар мен басқа міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.
Салық субъекті немесе салық төлеуші – салықты және бюджетке басқа төлемдерді төлеуші тұлға, алайда рыноктық механизм арқылы салық ауыртпа­лығы басқа тұлғаға – салық салынушыға аударылуы мүмкін.
Салық салынушы – нақты салық ауыртпалығы (салықтық жүктеме) түсетін
жеке тұлға, түпкі салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.
Салық объекті. Мүлік пен іс-әрекеттер салық салу объекті және (немесе) салық салуға байланысты объект* болып табылады, олардың болуына байланысты және (немесе) олардың салық төлеушінің салықтық міндеттемесі**1 туындайды.
Салық көзі салық төленетін табыс болып табылады; бірқатар салықтар бойынша (мысалы, пайдаға салынатын салық) объекті мен көздері дәл келеді; бірқатар жағдайларда салық көзі салықты төлеу үшін салық төлеуші сатқан мүліктің бір бөлігі болуы мүмкін.
Салық базасы. Салық базасы – салық салу объектінің құндық, заттай немесе өзге сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа міндетті төлемдердің сомасы анықталады.
Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады: табысқа салынатын салық. Бұған корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығы жатады; тауар­ға салынатын салықтар. Олар қосылған құн салығын, акциздерді, кедендік баждарды кіріктіреді; капиталға салынатын салық. Оған жер салығы, мүлік салығы және басқалар жатады.
Салық өлшемі – есеп-қисап үшін белгіленген салық объектін өлшеу бірлігі
(1 теңге, 1 метр, жердің 1 гектары, тауарды өлшеу бірлігі және басқалары).
Салық мөлшерлемесі. Салық мөлшерлемесі салық салу объектінің немесе салық базасының өлшем бірлігіне салықты және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді есептеу бойынша салықтық міндеттеменің мөлшерін білдіреді. Ол салық салу нормасын сипаттайды және салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолюттік сомамен белгіленеді; салық төлеушінің табысына пайыздармен тұлғаланатын мөлшерлеме салық квотасы деп аталады.
Салық салу практикасында мөлшерлемелердің мынадай түрлерін ажыратады:
тұрақты (берік) салық мөлшерлемесі, табыс көлеміне қарамастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді (мысалы, мұнайдың 1 тоннасына, газдың 1 текше метріне);
пайыздық мөлшерлемелер.Олардың үш түрі болады: пропорционалды, прогрессивті және регрессивті.
Пропорционалды салық мөлшерлемесі, салық объектіне (оның мөлшерін саралаудың есепке алмай) бірдей пайыздық қатынаста іс-әрекет етеді. Прогрессивті салық мөлшерлемесі, табыстың артуына карай мөлшерлеменің өсуін қажетсінеді. Нәтижесінде салық төлеуші салықтың үлкен абсолюттік сомасын ғана емес, сонымен бірге оның үлесін де төлейді. Прогрессивті мөлшерлемелер ең алдымен табысы көп тұлғаларға ауыртпалық түсіреді;
Пропорционалды және прогрессивті салықтардың графиктік сипаттамасы 12.3 сызбада келтірілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет