00022635-6c7b29fb



Дата13.11.2021
өлшемі26,7 Kb.
#123900
Байланысты:
00022635-6c7b29fb
ағылшын сабағы 2 класс, Арал теңізі Ералина Л, 00022635-6c7b29fb, 01.02.2021 ж 3 сынып

Сабақтың тақырыбы:Арал тағдыры – адам тағдыры
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Арал теңізінің экологиялық жағдайымен, оның сыртқы ортаға және адам денсаулығына әсерімен, экологиялық жағдайдың туындау себептерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ой таным қызығушылығын арттыру,өз ойларын ашық айта білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Арал теңізінің экологиялық жағдайының нашарлауына, қоршаған ортаның ластануына адамзаттың тікелей қатысы бар екенін оқушыларға көрсете отырып, табиғатқа жанашырлық және жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: пресс-конференция
Сабақтың көрнекіліктері: Қазақстанның физикалық картасы, Ақтөбе облысының әкімшілік картасы, слайд көрсетілімі, бейнефильм.
Жоспар:1. Үй тапсырмасын тексеру. 2. Кіріспе. 3. Сот процесі.
Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:«Сусыз тіршілік жоқ» атты эссені тексеру. 2-3 оқушыдан эссе сұралады.
ІІІ Жаңа сабақ: Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бүгінгі жаңа сабағымыз «Арал тағдыры-адам тағдыры» деп аталады. Жер-Ананың бізге берген сыйы, шөл далаға біткен інжу-маржан Арал теңізін ысыраппен пайдаланудың кесірінен апатқа ұшыраттық. Теңіз жағалауы 150-170 километрге шегініп кетті. Арал проблемасы планетаның орасан зор экологиялық апаты ретінде аса өткір сипат алып отыр. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қаулысымен Арал аймағының Қазақстан бөлігі экологиялық қасірет аймағы деп жарияланған болатын. Айналадағы табиғи ортаның тез арада шөл далаға айналуы, тіршілік жағдайының нашарлауы, ауру түрлерінің көбеюі экологиялық ахуал туғызды. Сонымен қатар Ақтөбе облысының Ырғыз, Шалқар аудандарының Арал аймағымен шектесіп жатуына байланысты бұл экологиялық жағдайлар осы аудандарға да әсер етуде. Бірақ біз Арал теңізінің қайта орнына келетініне кәміл сенеміз. Олай болса, осы тақырыпта оқушылардың қойылымын тамашалайық.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет