13 апта: Компьютерлік лингвистика


Сем (пр) Компьютерлік лингвистиканың негізгі бағыттары



бет2/2
Дата03.01.2022
өлшемі30,65 Kb.
#108188
1   2
Байланысты:
13,14,15 (Автосохраненный)
Көрнекі құралдардың түрлерін білу мұғалімнің оларды дұрыс таңдап алуына және оқытуда тиімді түрде пайдалануға, Презентация1, 5 лабораторная работа Оралбай Жанерке(1), ItogovajaRazbor, «Менің сүйікті ұстазым», Зорлық өомбылықсыз 7кл, Теңге ұлттық құндылығымыз 7 кл
Сем (пр) Компьютерлік лингвистиканың негізгі бағыттары
Жалпы лингвистика, сондай-ақ, жекелей алғанда компьютерлік лингвистика да әр түрлі типтегі тілдермен, олардың жеке деңгейлерімен жұмыс жасайды. Тіл, жалпы түрде, кейбір социумда қарым-қатынас үшін қолданылатын таңбалар жүйесі ретінде анықталады.«Компьютерлік лингвистика» термині (computational linguistics), негізінен, тіл қызметін модельдеуге қатысты пайдаланылатын компьютерлік бағдарламалар мен тілдік деректерді өңдеу, сол үшін қажетті компьютерлік технологияны жинақтау және компьютердің араласуына қатысты басқа да тіл зерттеу жұмыстарымен байланысты қолданылады. Компьютерлік лингвистика- қолданбалы лингвистиканьң кұрамдас бір бөлігі. Арнаулы және баска компьютерлердің әртүрлі интеллектуалды қызметтерде кең түрде қолданылуына орай дүниеге келуі және дамуы.Компьютерлік лингвистиканың негізгі зерттеу мақсаты - компьютерлендірудін лингвистикалық мәселелерін шешу, яғни ЭЕМ-мен жұмыс істеуге арналған жасанды тілдер кұрылымын анықтау, ақпараттық банктерді құру, қалыптастыру. Мәтіндерді өңдеу үшін машинамен сөздіктерді, алгоритмдерді кұрастыру және әртүрлі тілдік үдерістерді модельдеу және басқа мәселелерді табиғи тілдің семантикалық заңдарын ескере отырып шешу.

Компьютерлік лингвистиканың бағыттары:

• мәтіннің автоматты анализі;

• мәтіннің автоматты синтезі;

• автоматты сөздіктерді құру және қолдау;

• автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйелерін құру;

• машиналық аударма;

• тілді оқытудағы автоматты жүйелерді құру;

• анонимді мәтіндерді автоматты атрибуциялау;

• лингвистикалық деректер қорын құру;

• теориялық және қолданбалы лингвистиканың мәселелерін шешуге байланысты бағдарламалық құралдарды дайындау.

Компьютерлік лингвистиканың зерттеу мақсаты – ЭЕМ-да қарым-қатынас жасау үшін жасанды тілдердің құрылуымен байланысты компьютерлік технологияның лингвистикалық мәселелелерін шешу,  бағдарламаларды лингвистикалық құралдармен қамту, мәліметтер жиынтығын құру, түрлі сөздіктер мен глоссарийлер құрастыру, мәтіндерді өңдеу алгоритмі, тілдік семантикалық кодын ескер отырып, түрлі тілдік үрдістерді үлгілеу.

Компьютерлік лингвистика ерекше ғылыми бағыт ретінде ХХ ғасырдың 60-жылдары пайда болды. Стэндфорд және Нью-Йорк университеттерінде (АҚШ) алғаш рет тілдерді ЭЕМ-да оқытудың алғышарттары жасалған. Дәл осы жылдары «табиғи тілдерді өңдеу» атты қолданбалы бағыт пайда болды. Компьютерлік лингвистика мәселесі тар мағынасында «жасанды интеллект»  ғылыми-техникалық пәні аясында  дамыды. «Табиғи тілдерді өңдеу» сөз тіркесі компьютердің тілдік мәліметтерді өңдеу үшін қолданылатын барлық салаларын қамтиды.

Компьтерлік лингвистиканың маңызды мәселелерінің бірі – автоматты оқылатын лингвистикалық жүйені анықтау. Өкінішке орай, ғылыми және арнайы әдебиеттерде бұл ұғымның анқытамасы жоқ.  Алайда «оқытушы лингвистикалық автомат» деген ұғым бар, осы терминнің авторы                       Р.Г. Пиотровскийдің пікірінше, оған автоматты мәтін өңдеудің жан-жақты жүйесі, тілді оқыту барысында қолданылатын және оны қолдайтын (компьютер, аудио- және видеоқұралдар) мәтін редакторы мен басқа бағдарлама құралдары кіреді. Оқытатын лингвистикалық автоматты қолданудың екі қыры бар:

1) бихевиористтік – бұрыннан бар дәстүрлі оқыту бағдарламаларын жасау барысында жүзеге асады. Оларда алдын ала берілген құрылымдар бар, оқытушылардың өздері авторлық бағдарлама негізінде нақты грамматиканың бөлімін оқытуда немесе үйренущшілердің лексикалық білімін тексеруде қойылымдық сипаттағы жаттығулар көмегімен, сонымен бірге компьютерлік тестпен жасай алады.

2) когнитивті-интеллектуалдық – тілдерді оқытуды компьтермен қамту, мәтінді автоматты түрде өңдеуге арналған жан-жақты бағдарлама жасауды қарастырады. Бұл жерде лингвостатистика әдісін, семантикалық жүйені, семантика-синтаксистік фреймдерді, автоматты оқу сөздіктерін, грамматикалық кестелерді қолданылады.



МӨЖ Компьютерлік лингвистиканың негізгі бағыттары

14 апта: Компьютерлік лингвистика

Лек Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер
Сем (пр) Қазіргі заман қоғамындағы ақпараттандыру процесі
МӨЖ Қазақ тілі және ақпараттық технология
15 апта Прагмалингвистика

Лек Прагмалингвистиканың қалыптасуы
Сем (пр) Паралингвистикадағы бейвервалды амалдар
МӨЖ Психолингвистикалық зерттеулердің ерекшелігі неде?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет