Сабақтың барысы: Сабақтың кезені/ уақыт Педагогтың әрекеті Оқушының әрекеті



Дата12.11.2023
өлшемі112,33 Kb.
#191114
түріСабақ
Байланысты:
«Менің сүйікті ұстазым»
13,14,15 (Автосохраненный), Көрнекі құралдардың түрлерін білу мұғалімнің оларды дұрыс таңдап алуына және оқытуда тиімді түрде пайдалануға, Презентация1, 5 лабораторная работа Оралбай Жанерке(1), ItogovajaRazbor, Зорлық өомбылықсыз 7кл, Теңге ұлттық құндылығымыз 7 кл

Педагогтің Т.А.Ә.

Шағдар Ж

Күні:

05.10.2023

Сынып: 7 «Г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Менің сүйікті- ұстазым»

Мақсаттары

Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.



Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті



Ресурстар




І. Ұйымдастыру кезеңі.
М: Армысыздар, құрметті ұстаздармен оқушылар! Сіздерді «Ұстаздар» мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз
Ұстаз! Осы бір сөзде қаншама мән – мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.. «Жақсы ұстаз – мектептің жүрегі», - деген Ыбырай атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны анық. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер бәрі бір адамға қарыз. Ол – ұстаз. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат етіп аттандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.

ІІ. Негізгі бөлім.


1 оқушы:
Ұстаздардың бар айтқанын
Ұлағатын ұғыңдар
Сөйтіп әрбір сабақтан,
Сәл есейіп шығындар

2 оқушы:
Сан жастық қамын шертесің


Тағдырын ойлап, толғанып
Әрбір үйдің еркесін,
Үйреттің өзің қолға алып

М: Ұстаздар жан анамдай аялаған


Нұрланған шуағымсың саялаған
Айналдық мейірімд іжүрегіңнен,
Шәкіртінен өз бақытын аямаған! – дей отырып, оқушыларымыздың ән шашуын тыңдалық.
«Мұғалім ол біздің» әні орындалады.

М: Ұстаз болу – қиынның қиыны.


Шәкіртінің жан дүниесін байытып, қоғам кетігіне кірпіш болып қалануына ұстаздың қосар үлесі зор.

5 оқушы:
Ұстаз болу – жүректің батырлығы


Ұстаз болу – сезімнің ақындығы
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы

6 оқушы:
Тереңзерттеуісімен


Жүредіұстазүнемі
Ұшқырбілімүшінөмірсүреді
Терең – тереңмейірімдіісімен

М: Ұстаз! Қандай қасиетті сөз. Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін ұғым болса, соның бірі – ұстаз. «Ұстаздан тәрбие алған», «Ұстаздың алдын көрген» деген сөздер құлаққа ана тәрбиесін алған деген сөздермен ұштасып жатыр.. Ал, енді оқушыларымыздың әнін тыңдайық..


«Ұстазыма» әні орындалады.

Қорытынды сөз:


Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Менің сүйікті - ұстазым» атты тәрбие сағатымызды көріп, уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет!
Осы мектепте оқыды, ойға білім тоқыды,
Осы жерден жалындап, ер жетті ірі ғалымдар.
Алдыңда ұзақ жолың бар, оқумен өсіпт олыңдар,
Қиындыққа мойымай, аман – есен болыңдар!

Сәлемдесу


Оқушылар ұстаз жайлы өлең шумақтарын айтады.


«Мұғалім ол біздің» әнін орындайды.

«Ұстазыма» әнін орындайды.










Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет