Қанат Айханым жоба жұмысы



Дата18.04.2022
өлшемі426,88 Kb.
#139850
Байланысты:
Қанат Айханым жоба жұмысы
ару, Срайлова Айжан 2 сро, раушан макала, Ертасқызы Айзат, 169-182 фил, 9сынып тест, Анель (Презентация)))

«С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯ» КММ



ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: «Өз Отанын жан-тәнімен сүю – адамшылықтың асқар шыңы»
Орындаған: 8 «А» сынып оқушысы
Қанат Айханым
Жоба жетекшісі: Усейнова Фариза Гиниятовна
Мазмұны



I.

Кіріспе

3

II.

Негізгі бөлім

4




Отанға деген сыйластық

4




Ел – елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы

6

III.

Қорытынды

9

IV.

Әдебиеттер тізімі

10











Кіріспе
Шығармашылық жобамен жұмыс жасау Отан тұжырымдамасының, атап айтқанда туып өскен, кіндік қаны тамған жерге деген махаббат ұғымдарының теориялық аспектілерін қарастыруды көздеді.
Жобаның өзектілігі бүгінгі көпшілік үшін «Отанды сүю» ұғымы ұсақталып барады. Қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда туған жерге деген сүйіспеншілікті қоғамға насихаттау – баса назар аударарлық мәселе.
Жобаның жаңалығы:
«Отанды сүю» ұғымының ерекшеліктеріне шығармашылық, концептуалдық талдау жасау.
Жоба мақсаты: «Отан» құндылығының маңыздылығын талдау, саралау және оны түсіндіру.
Негізгі міндеттері:

  • Отанын, туған жерін сүю,келекшекке сеніммен қарау;

  • Қазақ халқының тарихын,ұлттық мәдени мұрасын құрметтеу;

  • Тілімізбен тарихымызға құрметпен қарау;

  • Еліміздің байлығын қорғауға, өркендетуге үлесін қосуға бейімдеу.

Мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келесі зерттеу әдістері қолданылды:
Жалпылама теориялық талдау жинақтау және зерттеу жұмысының мазмұнына сәйкес теориялық зерделеу.
Жоба жұмысының құрылымы кіріспеден, «Отанға деген сыйластық» және «Ел – елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы» деп аталатын екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Отанға деген сыйластық
Отан…
Бұл сөз — әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Осы сөздің астарында қанша мағына жатыр десеңізші! Отан – бұл біз тұрып жатқан жер. Отан - бұл біздің ата-әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз. Әрбір жанға өзінің отбасы, туған-туыстары, жолдастары ыстық болса, «Отан» да адам баласына солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, оның алар орны тым ерекше болады.
«Отан» ұғымы –адам жанына жылылық ұялататын өте ыстық ұғым.Қай кезеңде болмасын алыста жүрсе елін, туған жерін сағынбаған жан болмаған. Туған жерге деген сүйіспеншілігін музыканттар көркем музыкамен,суретшілер әсем бояумен, ал ақындар жыр жолдарымен, өлеңмен өрнектеген.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет