14 Дәріс Тақырыбы: абылай хандығы мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі18,19 Kb.
#83312
Байланысты:
вюалл


14 Дәріс
Тақырыбы: АБЫЛАЙ ХАНДЫҒЫ
Мақсаты:
Абылай ханның қолбасшылық, саяси қайраткерлігі, қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күресі және тарихта алатын орны туралы түсінік қалыптастыру арқылы толық мәлімет беру.


Дәріс тезисі:
Абылай (Әбілмансұр) хан — (1733—1737) билік құрған. Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.
Абылай билігінің күшейе түсуінің жаңа кезеңі 1744ж. Ол 1745 ж. Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған казақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті.
Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі.
1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды.
Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді. Абылай сұлтан өзінің ақылды, сабырлы мінезі мен адамгершілігінің арқасында тек бір орда емес, үш орданың сыйлы ханы атанды. Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы.
Абылайдың хандық құрған дәуірін Шоқан Уәлиханов «Абылай дәуірі - қазақтың қаһармандық дәуірі,» - десе, академик В.В. Бартолье «ХVІІІ ғ. Орта жүз хандарының ішіндегі ең айбындысы Абылай хан» деді.
«Қазақтың дербес ел болуына, әрі-беріден соң қазақтың қазақ болуына, басы қосылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас”. Мұхтар Әуезов.

ТАҚЫРЫПТЫ ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ТІРЕК-СЫЗБА



Абылай хан





Өмір сүрген жылдары
1711-1781 жж.


Хандық құрған жылдары
1771-1781 жж.




Зерделі саясаткер, дарынды қолбасшы, білімді дипломат, реформатор, халқының мәдениетінің жанашыры, дарынды күйші







Ішкі саясаты –шапқыншыларға қарсы
Қазақ батырларының басын біріктіру, біріккен өкімет құру, өз елінің шаруашылығына, қоғамына өзгерістер енгізу


Сыртқы саясаты-
Қытай, Ресей, Орта Азия елдерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты




Абылайдың көрші елдермен қарым-қатынасы

Ресеймен

Жоңғарлармен

Тату-тәтті көршілік саясатын ұстануға тырысты Ресей мемлекетімен дипломатиялық, сауда байланыстарын орнатты. Ол өз қол астындағы халықты Ресей әскери қызметкерлерінің орынсыз талаптары мен әрекетінен қорғай білді. Ресейдің қол астына өтуді қабыл алғанына қарамастан, іс жүзінде Ресейге мүлде тәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізді. 1759 ж патша үкіметнің ұснысын қабыл алмады, 1778 ж патша үкімет Абылайды Орта жүздің ханы деп таныды. Ант қабылдау рәсіміне барудан бас тартты. Абылай хан былай деп санады: мені билеуші хан етіп халық сайлайды, олай болса орыс патшасының тағына тағзым етіп, ант беруге тіпті де міндетті емеспін деп білді. Патша үкіметі өзнің ханға ықпалын жойып алудан қауіптеніп ханға жылына 300 сом мөлшерде жалақы тағайындап, 200 пұт ұн беріп тұруға уәде етті. Бірақ бұл кезде Абылай іс жүзінде Ресей империясымен қарым-қатынасты үзген еді.

Абылай өзінің күш жүгерін жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге бағыттады. Жоңғарлар Цинь империясымен бейбіт келісім жасағаннан кейін барлық күшін батысқа қарай бұрды. 1741 ж жоңғарлар қазақтарға тағы бір ірі жорыққа шықты. Тұтқиылдан баса көктеп келген жоңғарлар Абылайды тұтқынға түсірді. Бейбіт келісім жасалғаннан кейін ғана босатудың сәті түсті. Қалдан-Церенның қайтыс болуы қазақ жерлерін жоңғарлардан қайтарып алуына мүмкіндік туғызды. Абылай жоңғарлардың тақтан үміткер мұрагерлеріне кезек- кезек қолдау көрсетті. 1755 ж Цинь императоры жоңғарияға елеулі әскер күшін кіргізді. 1758 ж Қытай армиясы Жоңғарияны бағындырып алды. Жоңғарлардың тірі қалған аз ғана тобы елдің төменгі сағасындағы туыстас торғауыт қалмақтарға қарай қашты. Жоңғарлар бұл жолы да қазақтардың шабуылына тап болды.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет