15 «Әсел» мектеп- бақшасы дидактикалық ойындар Құрастырған: Абылгазинова Г. З



бет2/20
Дата11.01.2017
өлшемі10,43 Mb.
#7322
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Ойыншық өзі туралы не айтады?

Дидактикалық міндет. Балаларды заттардың өзіне тән өзгеше ерекшеліктерін сипаттауға үйрету; сөйлеу, тыңдау қабілетін дамыту.

Ойын ережесі. Қораптан бір-бір ойыншықтан шығарып отыру; көріп трған және білетін барлық ойыншықтар туралы айту (басқа балалар толықтырады).

Ойын әрекеті. Сипатталған ойыншықпен бірдей ойыншықты іздеу. Кім бірінші тапса, сол сипаттау үшін келесі ойыншықты алады.

Ойын барысы. Бұл ойын үшін тәрбиеші жиынтық ойыншықты дайындайды (әр ойыншық жұбымен болады). Бір жиынтықты қорапқа салады, ал келесі жиынтықты іздеп табу үшін басқа бөлмеге апарып қояды (бұны баллар ойнауға отырғанға дейін істейді).

Ойынның басында тәрбиеші үстел үстіне қорапты әкеліп қояды. Балалар қорапта не бар екенін білмейді, бірақ қорапқа қарап, әрі тәрбиешінің түріне қарап ойынға деген қызығушылықтары арта түседі. Тәрбиеші қорапта не бар екенін табыңдар деген кезде балалардың қызығушылығы тіптен артады.

Тәрбиеші бірнеше балаға қораптағы барлық ойыншықтарды шығаруды ұсынады. Балалар үстелге қойылған ойыншықтарды қарастырып, ұнағандарын қолына алады.

Балалардың ойыншықтарға деген қызығушылығы басылған соң тәрбиеші ойын ережесін түсіндіре бастайды:

- Балалар, біз дүкен, «сиқырлы қапшық» ойындарын ойнаған едік, ал қазір «Ойыншық өзі туралы не айтады?» ойының ойнаймыз. Бұл қиын ойын болғанымен де, сендердің қолдарыңнан келетініне сенемін. Міне, қараңдаршы, мынау не? (Балаларға таныс көк шарды көрсетеді де, кейін шарды домалатып жібереді, ал шар үстелдің үстімен домалап кетеді).

Балалар хормен:



  • Шар, көк шар. Ол домалап жатыр.

  • Ал сендер қалай білдіңдер? – дейді тәрбиеші.

  • Бірден көрініп тұр ғой, - дейді көңілденген балалар.

  • Дұрыс, шар өзінің көк, домалақ екенін, домалайтынын өз айтып тұр, - тәптіштейді тәрбиеші. – Міне, біз ойыншықтарға қарап отырамыз, тіпті тарсылдатып та көреміз, қолымызға алып салыстырып көреміз де ойыншықтардың өзі жайлы айтқанын естиміз. Біреуің айтып, ал қалғандарың тыңдап отырып, бәрі айтылма, соны қадағалайсыңдар. Сосын біз бөлмеден дәл осындай ойыншықты іздейміз. Кім бірінші тапса, ол қораптан тағы бір ойыншықты алып, сол жайында айтады.

Тәрбиеші тек бірдей ойыншықты бөлмеден іздеп тауып әкелуі керек екенін нақтылайды. Кім бірінші болып көрсе, сол үстелге жүгіріп барып үстіне қояды, ал қалғаны өз орындарына отырады.

- Жарайсың, Әсет, сен өте байқағыш болдың. Енді өзің бір ойыншықты таңдап ал да, жайында айта ғой, - дейді оқытушы.

Ойын басында тәрбиеші әдейі кей белгілерін тастап кетіп бір ойыншықты сипаттаудың үлгісін айтады да, балаларға толықтыруға мүмкіндік береді. Ойыншықтарды сипаттау кезінде балалар қтналса, тәрбиеші көмектеседі:


  • Жандос, бір қолыңа допты, бір қолыңа шарды ал. Енді тағы шар туралы не айтар едің?

  • Шар допқа қарағанда жеңіл, - дейді бала.

Ойын барлық ойыншықтар «өзі туралы айтып біткенше» және жұбы табылғанша жалғасады.

Ойын кезіндегі қозғалыс белсенділігі балалардың көңіл-күйіне әсер ете отырып, олардың тез йлау, байқау, сөйлеу қабілеттерін дамытады.



Кім тез жинайды?

Дидактикалық міндет. Балалардың жеміс пен көкөністерді тез топтастыруға үйрету, тәрбиешінің сөзіне жылдам әрекет етуге, төзімділікке және тәтіптілікке тәрбиелеу.

Ойын ережесі. Жемістер мен көкөністерді тек себеттегі белгімен сәйкес жинау қажет (біреуінде алманың, біреуінде қиярдың сурет белгілері бар). Қай команда себетке барлық заттарды жылдам жинап салса, сол топ жеңіске жетеді.

Ойын әрекеттері. Заттарды іздеу, командалардың жарысы.

Ойын барысы. Тәрбиеші балаларға олардың көптеген жемістер мен көкөністерді білетіндерін естеріне салады:

- Ал енді біз жарысамыз – кімнің тобы ең бірінші болып жеміс пен көкөністі жинайды екен. Мына себетке («алма» суреті бар себетті нұсқайды) жемістерді жинаймыз, ал мынаған («қияр» суреті бар себетті нұсқап) – көкөністерді. Кім бірінші болып жинадым деп есептесе, сол себетті былай көтереді. Ал біз кейін олар ештеңе ұмытпады ма екен, текереміз.

Көкөністер мен жемістерді тәрбиеші балалармен бірге жерге қояды. Екі топты таңдайды: көкөніс өсірушілер және жеміс өсірушілер (2-3 баладан). Тәрбиешінің белгісімен (қол шапалақтау) балалар көкөністер мен жемістерді сәйкес себеттерге жинайды. Қай топ бірінші себетті көтерсе, сол топ жеңеді (алдымен ойыншылар қателеспегенін тексеріп алған жөн). Жеңімпаз кманданы марапаттайды. Кейін басқа командаларды таңдайды және ойын жалғасады. Соңында жеңімпаз командалардың арасында сайыс өткізуге болады және ең жылдам, тапқыр балаларды анықтап сый-сияпат береді.

«Ыстық-суық»

Дидактикалық міндет. Балалардың топтың бөлмесіндегі өсімдіктер жайлы білімдерін тереңдету; әуестік, тапқырлықты тәрбиелеу; сөйлеу қабілетін дамыту.

Ойын ережесі. Матрешка жасырынған өсімдікті дұрыс атағаннан кейін ғана оны алуға болады.

Ойын әрекеттері. Матрешканы іздеу, өсімдікті атау; матрешкаға жақындаса «жылы, жылы!» дейді, ал алыстаса, «суық, суық!» дейді, ал тіпті жақындағанда «ыстық!» дейді бәрі хормен.

Ойын барысы. Бөлме ішіндегі өсімдіктерді тәрбиеші балаларға жақсы көрінуі үшін және жақындауға ыңғайлы болуы үшін орындарын ауыстырып қояды. Содан кейін:

- Балалар, біз бүгін жаңа ойын ойнаймыз. Ол «Ыстық - суық» деп аталады. Қателеспес үшін ережені білуіміз қажет. Сендердің біреуің іздеуші (оны санамақпен таңдаймыз) боласыңдар. Ол есіктен шығады, ал біз матрешканы кез келген бір өсімдіктің астына тығып қоямыз. Біз «Кір!» деген кезде санамақшы матрешканы іздей бастайды. Егер ол көріп қалса, қай өсімдіктің астында тығылып тұрғанын айтуы қажет; содан кейін ғана ол матрешканы қолына алады. Біз санамақшыға көмектесіп отырамыз: егер ол матрешкадан алыс кетсе, «Суық, суық!» дейміз, ал жақындаса, «Жылы, жылы!» дейміз, тіпті жақындаған жағдайда «Ыстық, ыстық!» дейміз. Ал енді ережені қайталайық. (Балалармен бірге ережені қайталайды).

Тәрбиеші іздеушіге балалардың айтқан сөздеріне мән беруін ескертеді. Ойын басталады.

Санамақпен іздеушіні таңдайды, ол матрешканың тығылған жерін көрмес үшін есіктен шығады немесе теріс қарап тұрады. Матрешканы тығу балалардың ойынға деген қызығуылығын тіптен арттырады.

Ойын үшін бастапқыда 4-5, кейін 8 өсімдік таңдап алынады. Ол өсімдіктер орта буынның балалары білетін өсімдіктер олуы шарт. Мәселен, алоэ, раушан, шырмауық, қазоты, қыныгүл т.б.

Матрешканы тапқан бала «Мен матрешканы қазотының астынан таптым» немесе «Матрешка аспарагустың астында жасырыныпты» деуі керек. Бұдан соң ол матрешканы тәрбиешіге береді. Балалар тапсырманы қателеспей орындаған балаға қол шапалақтайды. Тәрбиеші балалардың дұрыс сөйлеуін қадағалайды, мысалы, аспарагустың жанында, қыныгүлдің артында, шырмауықтың астында.

Бұл ойын балалар бөлмедегі өсімдіктер жайлы білімдерін тереңдеткенше жалғасады.

Ағашқа жүгір

Дидактикалық міндет. Балалардың балабақшаның аумағында өсетін ағаштар туралы білімдерін қорыту; керек ағашты тез табуға үйрету.

Ойын ережесі. Тәрбиешінің белісінен кейін ағашқа қарай жүгіру: «Бір, екі, үші, ағашқа жүгір!». Қателескен немесе басқа ағашқа жүгірген балалар ойын соңында жеңіп алуға тиісті болған фанттарын тәрбиешіге береді.

Ойын әрекеттері. Қажет ағашты іздеу, фант ұтып алу.

Ойын барысы. Аулаға серуендеуге шыққан тәрбиеші балаларға есік алдындағы көптеген ағаштарды көрсетеді. Содан кейін:

- Балалар, біздің аулада өсіп тұрған мына ағаштар қалай аталатынын және бір-бірінен айырмашылықтарын білесіңдер ме? Біз бұл жайлы «Ағашқа жүгір!» ойынын ойнаған соң білетін боламыз. Егер кім де кім қателесіп басқа ағашқа жүгірсе, ол қолындағы фантты береді, ал оны ойын соңында қайтадан ұтып алуы қажет болады. Бұны қалай істейтініміз естеріңде ме: біз ойлап тапқан тапсырманы орындау керек болатын. Сол себепті мұқият болыңдар!

Біздің аулада әсем ағаш бар. Ол қысы-жазы бір түсті, бүршігі бар. жаңа жылда балаларға қонаққа келеді...

Осылайша тәрбиеші ағашты қалай сипаттау керектігін балаларға үлгі етеді.



  • Бір, екі, үш! Мына ағашқа жүгір!

Балалар шыршаға қарай жүгіреді.

  • Шырша, бұл біздің шырша! – дейді қуанышты балалар өздерінің талай ойнаған, мереке өткізген ағаштарын танып жатып.

  • Ал енді Гүлім бізге кез келген бір ағаш туралы айтып береді. Гүлім, сен қандай ағашты білесің? Оған қарамай сипаттап бер, ол қандай: биік әлде аласа ма, діңгегі қандай, жапырақтары ше? – дейді тәрбиеші.

Гүлімнің сипаттау әңгімесінен кейін тәрбиеші балаларға «Бір, екі, үш! Мына ағашқа жүгір!». Бұл ойында балалар жиі қателесуі мүмкін: басқа ағашқа жүгіру, қате атау. Тәрбиеші ойыншы өз қатесін түсінуі үшін ағашқа мұқият қарауын айтады. «Қателестің бе – фант төле!» - дейді тәрбиеші. (Фант ретінде кез келген затты бере алады: орамал, төсбелгі, лента т.б.) Осылайша ойын алаңда өскен барлық ағаш аталғанға дейін жалғаса береді (10 ағашқа дейін). Ойын фанттардың ұтылуымен аяқталады. Егер қызықты тапсырмалар берілсе, ойын әрі жанды, әрі көңілді өтеді.

- Мына себетте барлық қателескен балалардың фанттары жиналған. Оларды ұтып алғыларың келеді ғой? Олай болса, мұқият тыңдаңдар және жылдам біз айтқан тапсырмаларды орындаңдар.

Балалардың ішінен көңілді әрі ширақ біреуін таңдап алады да, оны теріс қаратады. Себеттен Жанардың лентасын алып шығып теріс қарап тұрған баладан сұрайды:


  • Жандос, мына фант не істесін, айта қойшы?

  • Бақа секілді секірсін.

Жанар бақа сияқты секіреді және бақылдайды.

  • Жақсы. Өзіңнің лентаңды ал.

  • Ал мына фант не істесін?- деп сұрайды қолына Арайдың төсбелгісін алған тәрбиеші.

Іздеуші бұл фанттың да иесін білмейді. Ол теріс қарап тұр.

  • Ол еденге қолның көмегінсіз отырып-тұрсын.

Арай отырып-тұрмақшы болып еді, қолынан келмейді. Балалар мәз-мейрам. Арай ақыры өз дегенін істейді.

  • Төсбелгіңді ала ғой! Жарайсың, Арай!

Осылай фанттар өз иелеріне қайтарылып беріледі және ойын жақсы көңіл-күймен аяқталады.

Үстелдік баспа ойындары

Жұп суреттер

Дидактикалық міндет. Балалардың байқампаз қабілетін дамыту; заттардың, суреттердің ұқсастық пен айырмашылықтарын табуға үйрету; балалардың сөйлеу қабілетін арттырып, ұқсас, әр түрлі, бірдей сөздерін үйрету.

Ойын ережесі. Тек бірдей суреттерді таңдап алу. Кім қателеспесе, сол жеңіске жетеді.

Ойын әрекеттері. Бірдей суреттерді іздеу.

Ойын барысы. Суреттер қойылған үстелді жағалай балалар отыр. Суреттер көп (10-12) және бәрі әр түрлі, бірақ ішінде бірдей екі сурет бар. тәрбиеші балалардың ішіен біреуіне бірдей суреттерді тауып және балаларға көрсетуді өтінеді. Жұп суреттерді шетке қояды. Содан кейін балалар барлық суреттерді араластырады да (олар теріс қарап жатуы тиіс), байқатпастан тағы бір жұп суретті ішіне қосады. Олардың бетін бері қаратып жатқызады датағы да бірдей сіреттерді табуды өтінеді. Ойынның күрделенуі мынада: суреттердің арасында бірдей және ұқсас суреттер болады, мысалы, кеселердің көлемі, түсі бірдей болуы мүмкін, бірақ біреуінің тұтқасы болса, екіншісінде жоқ; екі бірдей алма, бірақ біреуінің сабағы бар, біреуінде жоқ. Яғни суреттердің айырмашылықтары балаларды шатастыру үшін әлсіз болады.

Ойын балалардың барлығы көзге жақсы көрінуі үшін үстелдің бір шетінде отырады және балалар саны аз болуы шарт. Балалар затар туралы айта отырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырады.



Кім не істейді?

Дидактикалық міндет. Балалардың ауыл шаруашылығы жайлы білімдерін тереңдету; ойлау, сергектік пен ептілікке тәрбиелеу, құрбыларымен ойнауға деген қызығушылығын арттыру.

Ойын ережесі. Бөлшектелген суреттерден ауыл шаруашылық еңбекке байланысты тұтас бір суреті құрастыру: мәселен, тракторшы жер жыртып жатыр, комбайнер бидай жинауда, сауыншы сиыр сауып жатыр, бақташы жануарларды бағып жүр, құс бағушы тауықтарды тамақтандыруда, колхозшылар егін жыртуда т.б.

Ойын әрекеттері. Суреттің қажет бөлшектерін іздеу; тұтас суретте көрсетілген еңбек туралы әңгімелеу. Кім бірінші суретті құрастырады деп жарысу.

Ойын барысы. Ойын ауыл шаруашылығының еңбегі жайлы шағын әңгімелесуден басталады. Сол арқылы балалар әр түрлі мамандықтар, ауыл шаруашылығына көмектесетін машиналар жайлы еске түсіреді. Содан кейін тәрбиеші ойын ережесімен таныстырады. Ойын бөлшек суреттердің санын 10-12-ге дейін көбейту арқылы күрделенеді. Бұл ойында өте байқампаз, тапқыр болу қажет. Кім бірінші суретті құрастырса, сол жеңімпаз атанады. Ол жеңімпаздың төсбелгісімен марапатталады, мәселен жұлдызшаға ие болады.

Қателесіп қалма!

Дидактикалық міндет. Балалардың әр түрлі спорт ойындары жайлы білімдерін нақтылау; спортпен шұғылдануға деген қызығушылықтарын ояту, тапқырлық, ептілік, байқампаздық қабілеттерін дамыту.

Ойын ережесі. Спорттың бір түрі бейнеленген суретті (6 бөлшектен құралған) кім бірінші құрастырса, сол жеңіске жетеді.

Ойын әрекеттері. Суреттің қажетті бөлшектерін іздеу, құрастыру; жарысу.

Ойын барысы. Тәрбиешінің қолында әр түрлі спорт ойынының түрі – футбол, волейбол, гимнастика – бейнеленген суреттер бар. Ойын бөлшектелген суреттермен ойналады. Бір ерекшелігі – спортсмен бейнеленген сурет бөлшегі ортасына қойылады да, оан қажетті басқа суреттер таңдалынып алынады. Кім бірінші болып құрастырса, сол жеңеді.

Осы ереже арқылы әр түрлі мамандықтың құралдарын құрастыратын ойынды ұйымдастыруға болады. Мысалы, құрылысшы: оған қажетті барлық құрал-саймандарды іріктеу, - күрек, қалақ, бояу жаққыш, шелек; құрылыстың жұмысын жеңілдететін – көтергіш кран, экскаватор, жүк түсіргіш т.б.

Суреттерде балалар жыл бойы танысатын мамандықтар бейнеленеді: аспаз, аула тазалаушы, пошташы, сатушы, дәрігер, мұғалім, құрылысшы, тракторшы т.б. Олардың жұмысына қажетті құрал-саймандар бөлшек суреттерден таңдалынады: кішкентай ұсақ суреттерден үлкен, тұтас сурет құрастырылуы тиіс.

Домино

Дидактикалық міндет. Балалардың қоғамдық тасымалдаушы көліктер жайлы білімдерін дамыту: автокөлік, позд, ұшақ, кеме, қайық, олардың ерекшеліктерін анықтау; балалардың бірге ойнау, ережеге бағыну қабілеттерін тиянақтау.

Ойын ережесі. Сруттерді таңдап алып, ережеге сай еш қателеспей – ұшақты ұшаққа, автокөлікті автокөлікке, қайықты қайыққа – кім бірінші қойса, сол жеңеді; ол қызыл түсті фишкаға ие болады.

Ойын әрекеттері. Қажетті суреттерді іздеу, кезекті сақтау.

Ойын барысы. Бұл ойынға «Домино» ойыны сияқты кеспе қағаздарды алдын ала дайындап қою керек. Кеспе қағазы екі бөлшекке бөлінген: әрқайсысында қоғамдық көліктің бір түрі суреттелген. Ойын 4-6 ойыншыға есептелінген. Кеспе қағаздарының саны 24 болуға тиіс. Егер 4 адам ойнаса, 6 кеспе қағазы үлестіріледі. Ойын «Домино» ойынының ережесі бойынша ойнатылады. Кім соңғы кеспе қағазын қойып, ал басқаларда әлі қағаздары болса, сол ойыншы жеңімпаз атанады да фишкаға ие болады. ойын қайталанған кезде кеспе қағаздары алмастырылады. Балалар қарамастан, 4-6 кеспе қағазын бөліп алады. Ойын жалғастырылады.

Лото

Дидактикалық міндет. Балалардың мектеп, үй жануарлары, отбасы туралы жекелеген білімдерін жүйеге келтіру; сөйлеу қабілетін дамыту, заттарды дұрыс атауға үйрету, жалпылама сөздерді қолдану: көлік, үй жануарлары, мектеп, отбасы.

Ойын ережесі. Қаланың көшесі, отбасы, мектеп бейнеленген үлкен, тұтас картаның заттар бейнеленген ұсақ суреттермен бетін жабу.

Ойын барысы. Картаны балалар өздері алады. Жүргізушіні таңдап алады да, оның белгісімен барлығы кішкентай карталарды іздеп табады да, соларды үлкен картаның бетіне қоя бастайды. Кім бірінші болып барлық торларды жапса, сол жеңіске етіп, фишкаға ие болады.

Ойын бірнеше рет қайталанады және карталар да ауыстырылып отырады. Ойын соңында балалардың жинаған фишкаларын санап, кімде көп болса, ол жеңімпаз атанады.



Аңшы мен бақташы

Дидактикалық міндет. Балаларды жабайы аңдар мен үй жануарларын топтастыруға үйрету; жабайы аңдар, үй жануарлары тәрізді жалпылама ұғым беретін сөздерді қолдануды түсіндіру; байқампаздық, жылдамдық қабілетерін дамыту.

Ойын ережесі. Фланелегравқа тек аңшы мен бақташыға қажет суреттерді қояды. Кім бірінші болып барлық суреттерді қойса, сол жеңеді.

  • Қоян, түлкі, қасқыр, аю, тиін, барыс, - дейді балалар.

  • Неге оларды жабайы дейміз? – деп тәрбиеші балалардан сұрайды. – Дұрыс. Өйткені олар адамдардан қашықта, орманда өмір сүреді. Ал кім жабайы аңдарды аулайды?

  • Аңшы – дейді балалар хормен.

  • Ал бақташы деген кім? – тағы да тәрбиеші сұрақ қояды. – Қандай жануарларды бағады?

Балалар жауап береді. Тәрбиеші балаларға хормен үй жануарлары мен жабайы аңдар деген сөздерді айтуды тапсырады.

- Сонымен, бақташы үй жануарларын бағады, ал аңшы жабайы аңдарды аулайды. Міне, қазір біз ойынға бақташы мен аңшыны таңдап аламыз. Кімнің аңшы болғысы келеді? Ал бақташы кім болады? (алғашқыда өте белсенді балаларды іріктеледі) Сапар бақташы, ал Серік аңшы. Жақсы. Енді ойынның ережесін тыңдаңдар: фланелеграфтың мына жақ жартысында, яғни оң жағында – үй жануарлары жайылатын жасыл шөптесін алаңқай, ал сол жағында – жабайы аңдар жүретін орман.

«Іздеңдер!» деген белгі берілгенде, Сапар мен Серік фланелегравқа жануарлар бейнеленген суреттерді қоя бастайды. Ал, сендер, балалар, олар қателеспеді ме, соны қадағалайсыңдар. Егер, біреуі қателессе, ол тәжірибесіз аңшы немесе бақташы деген сөз.

Аңшы мен бақташы үстелге жақындайды. «Іздеңдер!» - деп тәрбиеші белгі береді. Алғашқы ойындарда бірнеше ғана жануарлардың түрін қояды (4-5), келесі жолы тапсырманы күрделендіру үшін тағы 2-3 түрін қосады.

Ойын соңында қанша жабайы аңдар мен үй жануарлары жиналғанын санап шығу керек. Жабайы аңдар мен үй жануарларының саны бірдей болған жөн.

Не артық?

Дидактикалық міндет. Балаларды заттарды қолдану барысында кеткен қателіктерді байқауға үйрету; байқағыштық, қалжыңдау, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге тәрбиелеу; еңбек құралдарын есте сақтауын дамыту.

Ойын ережесі. Қатырма қағазбен артық тұрған суретті ғана жабу керек. Кім ең бірінші болып қажетсіз затты байап қалса, сол жеңіске жетеді.

Ойын әрекетері. Керек емес заттарды тауып, жабу.

Ойын барысы. Үлкен карталарда әр түрлі маман иелері суреттелсе, кішкентай тор көздерінде олардың еңбегіне қажетті құрал-саймандар бейнеленген. Олардың ішінде бұл мамандықтарға қажет емес, артық заттар да бар. Мысалы, ортасында науқасты емдеуші медбике бейнеленген сурет тұр, ал тор көздерде оның мамандығына қажетті құралдар, бірақ ішінде гантель бар.

Ойыншы балалар артық затты бірден байқап, оны таза тор көзбен жабуы керек. Бұл йында суреттегі маман иелері балаарға бұрыннан таныс болғаны дұрыс, мәселен, аспаз, аула тазалаушы, шофер, комбайншы, құрылысшы, мұғалім, сатушы т.б. Балалр карталарды ауыстырады да, ойын жалғаса береді.



Бұл қай кезде болады?

Дидактикалық міндет. Балалардың тәулік мезгілдері туралы білімдерін нығайту; оларға тәуліктің таңертең, күндіз, кеш, түн тәрізді мезгілдерінің суреті бейнеленген кепе қағазын көрсету арқылы үйрету.

Ойын ережесі. Тәрбиешінің айтқан сөзіне негіздей қолындағы суретті көтеріп, не үшін көтергенін түсіндіру.

Ойын әрекеттері. Қажет суретті іздеу.

Ойын барысы. Ойыншылардың үстелінің үстінде балалардың балабақшадағы күнделікті іс-әрекетерін бейнелеген суреттер жатады: таңғы жаттығулар, таңғы ас, сабақ оқу, аулада ойнау, ұйқы, бөлмені жинау, шанамен сырғанау, ата-аналардың келуі т.б. Тәуліктің әр мезгіліне бірнеше сюжетті сурет болуға тиіс. Балалар қолдарына таңдап алған суреттерін мұқият қарайды. Таңертең деген сөзге олар суреттерді жоғары көтереді де, неге осы суретте таңғы мезгіл суреттеліп тұр дегенді ойлайтынын түсіндіреді. Мәселен, балалар балабақшаға келе жатыр, оларды тәрбиеші күтіп тұр, олар таңғы жаттығуларын жасап жатыр, тіз тазалауда, таңғы ас ішуде, т.б. Содан кейін тәрбиеші күндіз дейді. Қодарындағы суреттерде күндіз болатын іс-әрекеттер бейнеленген балалар суреттерді жоғары көтереді. Мысалы: серуендеу, аулада жұмыс істеуде, түскі ас, ұйықтап жатыр т.б. «Кешке» дегенде балалар сәйкес келетін суреттерін көтереді.

  • Сен неге дәл осы суретті көтердің? – деп сұрайды тәрбиеші.

  • Себебі балаларға ата-аналары келіп тұр, дала қараңғы, - дейді суретті көтерген бала.

Тәрбиеші «түн» деген кезде балалар қолдарындағы балалар ұйықтап жатқан суреттерді көтереді.

Осылайша балалардың тәулік мезгілдері жайлы білімдері нақтыланады. Әрбір дұрыс жауапқа фишка беріліп отырады: күлгін түсті фишка – таңертең, көгілдір – күндіз, сұрғылт – кеш, қара – түн.

Содан кейін барлық карталар араластырылып, ойын тәулік мезгілі керісінше айтылып ойнатлады, мысалы, кеш, сосын таңертең, яғни сөз арқылы берілген белгілерге балалардың назарын аударту.

Мұны қайдан сатып алуға болады?

Дидактикалық міндет. Балалардың әр түрлі дүкендерде сатылатын алуан түрлі тауарлар жайынды білімдерін нығайту, мәселен, азық-түлік, тұрмыстық, кітап дүкендері (әр түрлі азық-түлік дүкендері болады: «Көкөніс-жеміс», «Нан», «Сүт тағамдары»; «Аяқ киім», «Киім», «Маталар», «Балалар әлем», «Спорт киімдері»); дүкендерді ажырата білуге, ата-аналарымен бірге сауда жасауға тәрбиелеу.

Ойын ережесі. Кішкентай кеспе қағаздарды дүкеннің аты жазылған үлкен қағазға сәйкестендіріп қою. Ойын «Лото» түрінде өтеді. Кім бірінші болып қателеспей барлық тор көздерді суреттермен жауып бітірсе, сол жеңіске жетеді.

Ойын әрекеттері. Суреттерді іздеу, табу, тор көздерді жабу. Жарысу.

Ойын барысы. Ойын басталардан бұрін мұғалім балалардан аналарының қайда сауда жасайтынын, үйлерінің жанындағы дүкендер қалай аталатынын, олар өз ата-аналарымен бірге нан, сүт сатып алуға көмектеседі ме – осылар жайлы сұрайды. Әңгімеден кейін тәрбиеші балаларға әр түрлі дүкедердің суреті бар үлкен карталарды көрсетеді. Балалар суреттердегі дүкен сөрелерін көріп, не сатылатынын біледі (кей балалар на, сүт деген сөздерді оқи біледі).

- Ал енді, балалар, біз ойын ойнаймыз. Мен бірінші сендерге кішкентай кеспе қағаздарын таратып беремін, ал сендер суреттегі заттарды қай дүкеннен алуға болатынын қадағалап, мына үлкен картаға қоясыңдар. Асықпаңдар, суретке анықтап қараңдар!

Кеспе қағаздарды таратып бергеннен кейін тәрбиеші «Ойынды бастаңдар!» деп белгі береді. Балалар үстелге жақындап келіп өздерінің кішкентай суреттерін үлкен картаның тор көздеріне қояды. «Сүт тағамдары» деген дүкенге бөтелкелердің, сүт пакеттерінің, ірімшік, май, қаймақтардың суретін қояды. Тәрбиеші балалар әрекетінің дұрыстығын қадағалайды.

Ойын арқылы балалардың дүкендер жайлы, әр түрлі дүкендерден түрлі-түрлі тауарлар алуға болатынын біледі. Ата-аналарына жеңіл сауда-саттық кезінде көмектесуі үшін үйдің жанында қандай дүкен бар екенін білуі тиіс.



Ауызша ойындар

Қайда барғынымызды айтпаймыз, не істегенімізді көрсетеміз

(Орыс халқының ойыны)

Дидактикалық міндет. Әрекетті сөзбен айтуға үйрету; етістік тұлғалы сөздерді дұрыс қолдану (шақ, жақ); шығармашылық қиялын, тапқырлығын дамыту.

Ойын ережесі. Барлық балалар іс-әрекетті сөзбен атауға болатындай дұрыс көрсетеді.

Ойын әрекеттері. Қимылдар көрсету, атау; жүргізушіні таңдау.

Ойын барысы. Тәрбиеші балаларға:

  • Біз бүгін былай ойнаймыз. Біз таңдаған жүргізуші бала бөлмеден шығып кетеді, ал біз не істейтінімізді ақылдасамыз. Ол қайтып келіп: «Қайда бардыңдар? Не істедіңдер?» - деп сұрағанда, біз: «Қайда барғынымызды айтпаймыз, не істегенімізді көрсетеміз» дейміз.

Жүргізуші баланы таңдайды, ол сыртқа шығады.

Тәрбиеші арамен отын кесіп жатқандай қимыл көрсетеді де, балалардан:



  • Мен не істеп жатырмын? –деп сұрайды.

  • Отын аралап жатырсыз.

  • Ендеші қазір бәріміз отын арлайық.

Жүргізушінің шақырады.

  • Қайда бардыңдар? Не істедіңдер? – деп сұрайды ол.

Балалар хормен:

  • Қайда барғанымызды айтпаймыз, не істегенімізді көрсетеміз. – дейді.

Тәрбиеші мен балалар отын араау қимылын көрсеткеннен кейін, жүргізуші:

  • Сендер отын аралап жатырсыңдар, - дейді.

Ойын жалғасқанда басқа жүргізуші таңдалады.

Жаңа жүргізуші бөлмеден шыққан кезде тәрбиеші балалардың өздеріне көрсететін қимылдарын дайындауды тапсырады: жуыну, билеу, сурет салу, отын жару, пианинода ойнау т.б.

Тәрбиеші балалардың етістікті дұрыс қолдануын қадағалайды. Егер балалар етістіктерді қолдануда қателік жіберсе, тәрбиеші оларды дұрыстап отырады.

Тышқандар

Дидактикалық міндет. Балалардың сөйлеу және қимылда белсенділігін арттыру; сөзбен берілген белгі бойынша әрекет жасау.

Ойын ережесі. Хлоп сөзінен кейін қақпан жабылады да барлық тышқандар қоршауда қалады, содан соң қайтадан ортақ шеңберге кіреді.

Ойын әрекеттері. Тышқан болып шеңбер бойымен жүгіру; белгі бойынша.

Ойын барысы. Тәрбиеші балалармен бірге шеңбер бойымен тұрып ойын ережесін түсіндіреді:

- Біз қазір «Тышқан» ойынын ойнаймыз. Бірнеше тышқанды таңдап аламыз (4-5 бала), олар шеңберді айналып жүгіреді, шеңберден шығып жүгіріп, қайтадан кіретін болады. Ал біз қақпан боламыз.

Балалар мен тәрбиеші шеңберді айналып жүріп тақпақ айтады:

Ай, тышқандар-ай!

Қайдан пайда болдыңдар-ай!

Бәрін жалап, жеп жүрсіңдер,

Әттең, қолға түссеңдер,

Қақпанға ұсталсаңдар,

Аман құтылмайсыңдар!

Балалар мен тәрбиеші қол ұстасып жүреді де, қолдарын көтеріп қалып тышқандарды шығарып жібереді.

Тәрбиеші хлоп деген кезде балалар қолдарын төмен түсіріп, тышқандарды жібермей қояды. Кім шеңбердің ішінде қалса, сол ұсталады.

Торғайлар мен автокөлік

Дидактикалық міндет. Балаларды дұрыс дыбыстауға үйрету; ауызша берілген белгіге әрекет ету.

Ойын ережесі. Торғайлар тек «секір, секір, секір» деген сөздерден кейін ғана секіреді; автокөліктің дабылынан кейін ғана ұшады.

Ойын әрекеттері. Ұшқан құсатардың қимылын келтіру.

Ойын барысы. Балалар торғайлар ұшатын алаңнан қашықтау жерде орындықта отырады. Тәрбиеш қолына рульді алып:

- Балалар, мынау – руль. Мен автокөлік боламын. Автокөлік «У-у-у» деп жүреді. Ал машина қалай дабыл қағады?

- У-у-у, - дейді балалар.

- Қазір бі былай ойнаймыз, - дейді тәрбиеші. – Мен – автокөлікпін, ал сендер торғайсыңдар. Мен торғайлар туралы өлең айтып берейін, ал сендер тыңдаңдар:

Торғай, торғай, торғайлар,

Жол үстіне секір!

Секіруді қоймаңдар,

Чирик-чирик-чирик!

Мен «секір» деген кезде, сендер орындықтан түсіп жол үстінде секіресіңер (балалар секіретін жерді көрсетесіңдер). Менімен бірге: «Секір-секір-секір» дейсіңдер. Мен «чирик-чирик-чирик» дегенде, сендер қанаттарыңды қағып, шиқылдап қалаған жақтарыңа ұшасыңдар. Ал автокөліктің дабылын естігінде ұяларыңа ұшасыңдар.

Ойын ережесін түсіндіргеннен кейін балалармен бірге қимылдарды қайталайды, бірақ бірінші болып жасамау керек. Себебі балалар өздері «секір», «чирик-чирик» дегенді естіп, сәйкес қимылдар жасауы керек.

Ойын 2-3 рет қайталанады. Балалар өлеңді жаттағаннан кейін өздері ойнай алады.

Осылай бола ма?

Дидактикалық міндет. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, айнымалы пікірді байқауға тәрбиелеу.

Ойын ережесі. Кім өтірік әңгімені байқаса, сол неге бұлай болмайтынын дәлелдеуі керек.

Ойын әрекеттері. Өтірік әңгімені байқау.

Ойын барысы. Тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді:

- Қазір мен сендерге әңгіме айтып беремін. Менің әңгімемнен мүмкін емес, өтірікті байқап қалуларың керек. Кім байқаса, сол неге бұлай болмайтынын дәлелдейді.



Мысалы:

«Жазда, күн жарқырап тұрғанда, біз алалармен бірге серуенге шықтық. Содан соң қардан сырғанақ жасап, шанамен сырғанадық».

«Көктем келді. Барлық құстар ұшып кетті. Балалардың жабырқап қалды. «Құстарға арнап үйшік жасайық!» - деп ұсыныс жасады Бақытжан. Құстардың үйшігін ағашқа ілгеннен кейін, құстар қайтадан ұшып келіп, ұяларына кірді. Балалар тағы да көңілденді».

Ескерту: Бастапқыда әңгіменің арасына бір ғана өтірік кіргізіп, кейін өтріктің санын көбейтуге болады.



Айна

(орыс халқының ұлттық ойын)

Диактикалық міндет. Балалардың сөйлеу және қимылдау белсенділігін дамыту.

Ойын ережесі. Қимылдарды жүргізуі қалай көрсетсе, дәл солай қайталауға тырысу.

Ойын әрекетері. Құрбыларының қимылына еліктеу. Әр түрлі қимылдарды ойлап табу.

Ойын барысы. Балалар шеңбер бойымен дөңгеленіп тұрады. Санамақпен таңдалған бала шеңбердің ортасында тұрады. Басқалары:

Дөңгеленіп тұрыңдар,

Бәрің бері қараңдар,

Қазір Самат (Асқар, Гүлнәр т.б.) не көрсетсе,

Соны бірге жасаңдар.

Шеңбер ортасындағы бала әр алуан қимылдар жасайды, ал қалғандары қайталайды.



Күлше нан (каравай)

(орыс халқының ұлттық ойыны)

Дидактикалық міндет. Мәтіннің мазмұнымен сәйкестендіріп қимыл жасауға үйрету; Заттардың түрлі көлемі жайлы түсініктерін нығайту; сөйлеу және қимыл белсендігін дамыту.

Ойын ережесі. Қимылдар мәтінмен сәйкестенуі керек. Жүргізушіні кім шеңберде тұрса, сол таңдайды.

Ойын әрекеттері. Балалар мен тәрбиеші шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші:

- Балалар, біз қазір «Күлше нан» ойынын ойнаймыз. Бүгін Қайраттың туған күні. Біз оған арнап тақпақ айтамыз, ал ол шеңбердің ішінде тұрып біздің қатты, дұрыс айтуымызды қадағалап тұрады.

Өлең сөздері: Қимылдар

Қайратың туған күнінде, Шыр айналып жүреді, содан кейін

Біз пісірдік күлше нан. тоқтайды да, үлкен шеңбер жасайды

Жоқ мұндай... шеңбер тарылады,

Жоқ мұндай... бәрі отырады,

Жоқ мұндай... қолдарын жоғары көтереді,

Жоқ мұндай... қолдарын шапалақтайды.

Каравай, каравай!

Өзің таңда, балақай!

Қайрат Гүлімге жақындайды, оны шеңбердің ортасына кіргізеді. Балалар қолдарын шапалақтайды, ән айтып, билейді. Барлық балалар билейді.

Бұл ойынды балалардың туған күндерінде жасаған дұрыс, не болмаса жуырда туған күндері болған балаларды ең бірінші болып ортаға алған дұрыс.

Кезқұйрық

Дидактикалық міндет. Балаларды диалог арқылы сөйлесугежаттықтыру; ауызша белгіге жылдам әрекет етуге үйрету.

Ойын ережесі. Кезқұйрықтан тек «Сенің балаларыңды шоқу үшін» деген сөзден кейін ғана қашу керек.

Ойын әрекеттері. Кезқұйрықты санамақпен таңдайды. Балапандар өздерін ұстап алғысы келген кезқұйрықтан қашады.

Ойын барысы. Тәрбиеші балаларға кезқұйрық туралы, оның кейде балапандарға шабуыл жасап, алып кететіні жайлы айтып береді.

- Біз бүгін балапандардың кезқұйрықтан қашатын йынын ойнаймыз. Қазір мекиен тауық пен кезқұйрықтың арасындағы диалогты тыңдаңдар, - дейді тәрбиеші.

- Кезқұйрық, кезқұйрық, не істеп жатырсың? – деп сұрайды мекиен тауық.

- Шұңқыр қазып жатырмын, - дейді кезқұйрық.

- Одан не іздеп жатырсың?

- Тастарды.

- Саған тастар неге керек?

- Тұмсығымды егеу үшін.

- Тұмсығыңды неге егейсің?

- Сенің балаларыңды шоқу үшін!

Қазір біз санамақпен кезқұйрық пен мекиен тауықты таңдап аламыз, ал қалғанымыз балапандар боламыз, - деп жалғастырады тәрбиеші. – Сендер «Сенің балаларыңды шоқу үшін» деген сөзді естіген кезде мына жердегі жердегі ұяларыңа жүгіріп келіп тығыласыңдар (бормен дөңгелене сызылған немесе орындықтармен қоршалған жерді көрсетеді). Мекиен тауық өзінің балапандарын қорғап, кезқұйрықты «Кет, кет, кезқұйрық» деп қуады. Кезқұйрықтың тырнағына ілінбеуге тырысыңдар.

Мекиен тауықтың ролін алғашқы ойында тәрбиеші өзі ойнайды. Ойын қайталанғанда кезқұйрықты, мекиен тауықты ойынға қатысушылардың арасынан таңдайды.



Әткеншек

Дидактикалық міндет. Балаларды жылдам әрі асықпай сөйлеуге, өлең жолдарының мазмұнына сәйкестендіріп қимылдар жасауға, ауызша белгіге әрекет етуге үйрету.

Ойын ережесі. Жүгірістің жылдамдығы өлең жолдарының мазмұнымен сәйкес келуі қажет. Әткеншекке барып қайты тек тәрбиешінің белгісінен кейін ғана жүзеге асырылады.

Ойын әрекеттері. Әткеншек жасау, әр түрлі жылдамдықпен жүгіру.

Ойын барысы. Тәрбиеші балаларды ойын ережесімен таныстырмас бұрын арқанды шеңбер түрінде қояды да:

- Біз бүгін «Әткеншек» ойынын ойнаймыз. Мына арқанның бойына шеңбер жасап тұрамыз, сосын оң қолымызға ұстап бір-біріміздің артымыздан жүріп отырып былай дейміз:

Бастапқыда ақырын,

Айналады әткеншек,

Содан кейін тездетті,

Жылдам, жылдам, жылдамдат.

Бастапқыда ақырын жүреміз, кейін «жылдам» деген сөзден соң айналып жүгіреміз. Бұдан кейін мен «Бұрыл» дегенде арқанды сол қолымызға ұстап кері жаққа жүреміз де былай дейміз:

Асықпаңдар, ақырын,

Әткеншек те тоқтады.

Бір, екі, бір, екі,

Ойынымыз аяқталды.

Әткеншек алғашқыда ақырын айналып бастайды да, соңында тоқтайды. Әткеншек тоқтаған соң сендер түсесіңдер (арқанды жерге қоясыңдар), алаңқайда жүгіресіңдер, ал белгі берілгенде (қоңырау, дабыл) қайтадан әткеншекке отырасыңдар.

Ойын қайталанғанда тәрбиеші шеңберге тұрмай-ақ тек бақылап, балалар сөзін ұмытқанда еске түсіріп тұрады.

Көжек

Дидактикалық міндет. Өлең сөзі мен қимылды сәйкестендіруге, ауызша белгіге әрекет етуге үйрету.

Ойын ережесі. Көжектер тек «көжегім менің қаша ғой» деген кезде ғана қашады.

Ойын әрекеттері. Қоянға тән қимылдар жасау.

Ойын барысы. Алаңнан шеткерірек көжектердің орнын сайлайды, балалардың барлығы өз орындарына тұрады. Тәрбиешінің «Шеңберге жиналыңдар!» деген кезде барлық балалар шеңберге жиналады, ал алдын ала санамақпен таңдалған көжектердің біреуі шеңбердің ортасына тұрады. Балалардың барлығы тәрбиешімен бірге мына өлең жолдарын айтады:

Тақпақ Қимылдар

Аппақ менің көжегім, Балалар шеңбер бойымен тұрады.

Неткен ұзын құлағың, Қолдарын жоғары көтеріп,

Құлағын қимылдатады, құлақтың қозғалысын көрсетеді.

Осылай, осылай.

Көжегім, жағдайың қалай?

Тоңды ма, қол-аяғың?

Қолыңды жылытшы, «Былай» деген сөзден бастап,

Былай, былай. Қолдарын шапалақтайды

Секір, секір, көжегім, «Осылай» деген сөзден бастап,

Осылай, осылай. орындарынан секіреді.

Қорқытса біреу өзіңді, Тәрбиеші қолын шапалақтағанда

Көжегім менің қаша ғой. Балалар өз орындарына қашады.



Бақшада не өседі?

Дидактикалық міндет. Заттарды өзіндік белгілеріне сәйкес топтастыруды үйрету (өсіп жетілуіне қарай, қолданылуына қарай), ойлау, есту қабілеттерін дамыту.

Ойын ережесі. Жүргізушінің сұрақтарына «иә» немесе «жоқ» деп ана жауап беріледі.

Ойын әрекеттері. Кім қателеседі, сол фант төлейді, кейін оны ұтып алуы қажет.

Ойын барысы. Тәрбиеші балаларға:

- Балалар, сендер бақшада не өсетінін білесіңдер ме? Біз мынадай ойын ойнайық: мен әр түрлі заттардың атауларын айтамын, ал сендер мұқият тыңдаңдар. Егер мен бақшада өсетін өсімдіктерді атасам, сендер «иә» дейсіңдер, ал егер бақшада өспесе, «жоқ» дейсіңдер. Кім қателессе, сол жеңіледі, - дейді.

Тәрбиеші бастайды:

- Сәбіз.


- Иә!

- Қияр.


- Иә!

- Қызылша.

- Иә!

- Өрік.


- Жоқ!

Егер біреу жанталасып, қате жауап беріп қалса, тәрбиеші: «Асыққан шайтанның ісі. Мұқият бол!» Бұл ойынды басқаша да өткізуге болады: «Қонақтарға үстел жасайық» (үстелге арналған ыдыстарды атау), «Бау-бақша отырғызайық», «Жиһаз», «Киім-кешек» т.б.



Қай жыл мезгілі?

Дидактикалық міндет. Балаларды табиғатты өлең жолымен немесе қара сөз түрінде сипатауға үйрету; есту, йлау қабілеттерін дамыту.

Ойын ережесі. Кеспе қағазды балалар жыл мезгілін дұрыс атағаннан кейін ғана көрсету.

Ойын әрекеттері. Өлең жолдары арқылы жыл мезгілін табу.

Ойын барысы. Тәрбиешінің қолындағы қағазда әр жыл мезгілі туралы жазылған жұмбақтар бар. Жұмбақтар араластырып беріледі. Тәрбиеші «Бұл қашан болады?» деп сұрайды да, қағазды ашып оқиды. Балалар табуы керек.

Жұмбақтар:

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

(Қыс)

Жер бетін жылытады күннің көзі,



Құлпырған, гүлге толған жердің жүзі.

Суға түсіп, шомылып қуанамыз,

Айтшы, қашан болады бұндай кезді.

(Жаз)


Қар еріп, гүл өседі,

Құстар ұшып келеді,

Қайың-ағаш жайнайды,

Бұл кез қашан болады?

(Көктем)

Егіндерді жинайды,

Жапырақтар сарғайды,

Құстар ұшып кетіпті,

Бұл қай мезгіл жетіпті?

(Күз)


Сипаттаудан тап

Дидактикалық міндет. Балаларды заттарды қарастыруға, көрмей тұрған заттарды еске түсіріп, сипаттауға үйрету.

Ойын ережесі. Жүргізуші кімді нұсқаса, сол шешімін айтады.

Ойын әрекеттері. Ойын барысында әр түрлі заттарды сыйлық ретінде алу, жұмбақтау, шешімін табу. Стрелкашы кімді көрсетсе, сол жауап береді.

Ойын барысы. Тәрбиеші әңгімелейді.

- Айнұрға әжесі сыйлық беріп жібереді. Айнұр қараса, себетте бір домалақ, тегіс, жасыл, бір жақ жаны қызыл, тістеп көрсең, тәтті, шырынды нәрсе жатыр. Ағашта өседі. «Қалай аталатынын ұмытып тұрмын», - деп ойлады Айнұр. Балалар, кім оған әжесінің жіберген сыйлығының атауын айтып береді? (Жүргізуші кім жауап беретінін нұсайды.)

Тәрбиеші:

- Бірде балабақшаға қонақ келді. Ол әдемі тон, малақай, пима киген. Оның сақалы ұзын, ақ, мұрт мен қасы да аппақ. Көздері мейірімге толы. Қолына қапшық ұстаған. Қалай ойлайсыңдар, кім бізге қонақ болып еді? Қонақтың қапшыында не бар? Біздің балабақшада қандай мереке болды?

Мұндай жұмбақ-ойындарда тәрбиеші әр түрлі заттар мен құбылыстар жайлы әңгіме айтады.

Сөз қос

Дидактикалық міндет. Заттардың орнын дұрыс атау; кеңістіктегі бағдарды дамыту.

Ойын ережесі. Тәрбиеші кімге доп лақтырса, сол жауап береді.

Ойын әрекеттері. Балалар заттың кеңістіктегі орнын дұрыс анықтайтын сөздерді іздейді. Кім допты қағып алса, сол сөйлемді қажет сөздермен жылдам толықтыруы керек.

Ойын барысы. Тәрбиеші:

- Кәнеки, оң қолымыз қайсысы, еске түсірейікші. Кәне, көтеріңдер. Сендердің оң қолдарың жақта тұрған заттардың барлығы оң жақта тұр. Ал, кім сол қолың жағында тұрған заттардың қай жақта екенін біледі? Сендер алдыңғы жақ пен артқы жақ дегенді білесіңдер ме? (бұл түсініктерді де анықтайды.) Ал енді ойнаймыз. (Балалар үстелге отырады.) Мен бөлмедегі заттарды атап, сөйлемді бастаймын, ал сендер сол заттардың жат жеріне байланысты оң жақта, сол жақта, арт жақта, алдыңғы жақта деген сөздермен аяқтап отырасыңдар.

Тәрбиеші бастайды:

- Үстел... (бір ойыншыға допты лақтырады).

- Арт жақта.

- Гүлдер ілініп тұрған сөре... (басқа балаға допты лақтырады).

- Есік...

- Сол жақта.

Егер бала қателессе, тәрбиеші оны орнынан тұрғызыпқоын көтеріп аталған затты нсқауды сұрайды.

- Сенің қай қолың терезеге жақын

- Оң қолым.

- Демек, терезе сенің қай жағыңда тұр?

- Оң жақта.

Бұл ойынды былай ұйымдастыруға болады. Тәрбиеші сол жақ, оң жақ, алдыңғы жақ, артқы жақ деген сөздерді айтады, ал балалар аталған жақта қандай заттар орналасқанын атайды.

Бұл ойынды өткізгенде балаларды шеңер бойымен емес, оларға заттар бірдей көріну үшін үстелдің бір жағына отырғызу керек. Жоғарғы топтың балаларын дөңгелетіп отырғызуға болады. Бұл – ойын тапсырмасын күрделендіреді, бірақ балалар кеңістікті жақсы меңгергендіктен, тапсырмаларды дұрыс орындайтын болады.

Сосын не болды?

Дидактикалық міндет. Балалардың тәуліктің бөлшектері жайлы, тәуліктің әр уақытында болатын амал-әрекеттер туралы білімдерін бекіту.

Ойын ережесі. Балалардың күндіз балабақшадағы іс-әрекеттерін рет-ретімен атау.

Ойын әрекеттері. Кім қателессе, сол ең соңғы орындыққа барып отырады («Сынған телефон» ойынындағыдай); жауап беретін балаға тасты беру.

Ойын барысы. Балалар жарты шеңбер бойымен отырады. Тәрбиеші ережені түсіндіреді:

- Естеріңде ме, біз сабақта балабақшада күні бойы не істейтінімізді айтып едік қой? Ал, қазір біз бәрің естеріңде сақтадыңдар ма, соны білу үшін ойын ойнаймыз. Рет-ретімен таңертеңнен бастап балабақшада не істейтінімізді айтамыз. Кім қателессе, сол ең соңғы орындыққа отырады, ал қалғандары алға жылжиды.

Бұл ойынды осылай да жүргізуге болады: тәрбиеші «Тастарым, тастарым, Кімге берсем екен? Кімге берсем, сол жауап береді».

Тәрбиеші бастайды: «Біз балабақшаға келдік. Алаңда ойнадық. Сосын не болды?» Тасты ойыншылардың біріне береді. Ол: «Жаттығу жасадық». – «Сосын не болды?» (Тәрбиеші тасты басқа біреуіне береді.) Осылай жалғасады.

Балалар ең соңғысы – үйге кетеміз дегенше ойын жалғаса береді.

Ескерту: Тас немесе басқа заттарды мақсатты түрде қолданан жөн, яғни кім қаласа, сол жауап бермейді, кімге тас берілсе, сол жауап береді. Бұл барлық балалардың байқампаздығын, жауап беруге дайындығын арттырады.

Ойын жыл соңында ұйымдастырылады.

Бұл қашан болады?

Дидактикалық міндет. Балалардың жыл мезгілдері жайындағы білімдерін нығайту.

Ойын ережесі. Тәрбиешінің белгісі бойынша жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін жылдам атау.

Ойын әрекеттері. Жауап беретін ойыншыға тас беру.

Ойын барысы. Тәрбиеші балалардан қашан көкөніс, жеміс жиайтынын, жапырақтар сарғаятынын т.б. сұрайды. Балалардың жауаптары арқылы олардың жыл мезгілдері, адам еңбектері туралы білімдерін аңғартады.

- Ал енді мен жыл мезгілдерін атаймын, ал сендер бұл мезгілде е болатынын, адамдар не істейтінін айтасыңдар. Мысалы, мен «Көктем» деймін де қоымдағы тасты Асқарға беремін. Асқар есіне түсіріп алып, көктемде не болатынын айтады. Мәселен, «Көктемде қар ериді» - дейді. Сосын ол жанындағы балаға тасты береді, ол да көктем жайлы өзінің білетіндерін есіне түсіріп айтады.

Барлық балалар ережені түсінген соң ойынды бастауға болады. Егер біреу жауап бере алмай қиналса, тәрбиеші оған қол ұшін беріп, көмектеседі.

Ұқсай ма, ұқсамай ма

Дидактикалық міндет. Балаларды заттарды салыстыруға, түс, түр, көлем, материалының ұқсастығын атауға үйрету; байқампаздық, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Ойын ережесі. Ұқсас екі затты тауып, олардың ұқсастықтарын дәлелдеу. Кімді бағыттаушы нұсқаса, сол жауап береді.

Ойын әрекеттері. Ұқсас заттарды іздеу.

Ойын барысы. Әр түрлі заттарды алдын ала тауып, бөлмеге қояды.

Тәрбиеші бөлме ішінде көп заттар, ұқсас, ұқсамайтыны бар екенін айтады.

- Біз бүгін бір-біріне ұқсайтын заттарды іздейміз. Олардың түсі, түрі, көлемі, материалы ұқсас болуы мүмкін. Енді ережеге құлақ түріңдер. Бөлмені аралап ұқсас екі затты тауып орныңа келіп жайғасуларың керек. Кімге бағыттаушы нұсқаса, сол бізге неге бұл заттарды таңдағанын, қандай ұқсастықтары бар екенін айтып береді.

Көп жағдайда балалар түсі, көлемі ұқсайтын заттарды таңдайды. Жасырын ерекшеліктерін байқау қиынға түседі. Бұл ойын балаларға көп көмектеседі. Мысалы, қасық пен кран машинаны алған бала олардың темірден жасалған ұқсастықтары бар екенін айтады. Бастапқыда бұндай түсініктеме басқа балалардың күлкісін келтіреді.

- Кран машина мен қасықтың қандай ұқсастықтары бар? – деп күледі түк түсінбеген балалар. - Әрине, олар ұқсамайды.

Бірақ оларды ұқсас деген бала өз пікірін дәлелдеп шығады.

Ойын барысында балалар айырмашылықтарын тапқаннан гөрі күрделі болып саналатын ұқсастықтарын табуды үйренеді.

Сен білесің бе?

Дидактикалық міндет. Балалардың спорт түрі жайлы білімін, спортқа деген қызығушылығын дамыту; спортшыларға деген қызығушылық, олардың жеңісімен мақтануға үйрету.

Ойын ережесі. Белгілі бір спорт түріне қажет заттарды таңдау кезінде спорт түрі мен затты дұрыс атау.

Ойын әрекеттері. Әр алуан спорт түрі бар бейнеленен суреттерді іріктеу.

Ойын барысы. Тәрбиеші балалармен бірге спорттық мазмұны бар суреттерді қарастырады: футбол ойыны, хоккей, волейбол, көркем гимнастика, ескек есу т.б.; балалармен бірге бұл жайлы әңгімелесу арқылы олардың білетіндерін тексереді. Балаларға суреттер таратып берген соң оқытушы әр спортшыға қажет заттарды іздеуді тапсырады. Ол кілемде жатқан спорт бұйымдарына балалардың назарын аудартады: құрсау, лента, футбол добы, шайба т.б. Балалар оларды атайды.

- Ал енді ойын ережесін тыңдаңдар.Белгі бойынша (ысқырық) сендер үлкен суреттегі спортшыға қажет заттарды мына суретке әкеліп үстіне қоясыңдар. Мұқият болыңдар!

Белгі беріледі. Барлық заттар сәйкес келетін үлкен суреттерге қойылған соң, олардың қателеспегендігі тексеріледі.

Ойын барысында балалардың спорт түрлері жайлы білімдері нығайып, спортқа деген қызығушылығы артады. Ойынды отандық спорт чемпиондары жайлы әңгімемен аяқтауға болады.

Кейін ойында қолданылған заттарды далаға алып шығып ойнауға болады.

Қонақ қай мемлекеттен?

Дидактикалық міндет. Әр түрлі мемлекеттің халқы жайлы балалардың білімдерін бекіту; басқа ұлттың адамдарына деген қызығушылық, сыйластық сезімдерін, олардың салт-дәстүрі жайлы көбірек білуге деген талпынысын ояту.

Ойын ережесі. Суретке қарап отырып қуыршаққа басқа елден келген «қонақтың» ұлттық киімін таңдау керек (тәрбиешінің қалауы бойынша); кім әрі жылдам, әрі дұрыс ұлттық киімді киіндірсе, сол жеңіске жетеді.

Ойын әрекеттері. Қуыршақты киіндіру; ұлттық би емесе ән орындау.

Ойын барысы. Ойын үшін қуыршаққа ұлттық киім дайындайды (4-5 ұлттың). Балалармен бірге тәрбиеші әр түрлі мемлекеттердің ұлттық киімдерінің суретін қарастырады. Содан кейін ойын ережесін түсіндіреді:

- Бүгін бізге қонақтар келді (шетте отырған қуыршақтарды көрсетеді). Олар бізге концерт көрсетпекші. Бірақ олар ұлттық киімдерін киюі қажет. (Балалардың әрқайсысына бір-бірден суреттер таратып береді.) Олардың киімдері мына үстелдің үстінде жатыр. Қонаққа қажет киімді тауып, оны киіндіру керек.

Тәрбиешінің «Киіндіруді бастаңдар!» деген белгісінен кейін балалар ойынға кіріседі. Кім бірінші болып, әрі дұрыс киіндірсе, сол жеңіске жетеді.

Ойын концертпен аяқталады. Қонақтар өздерінің ұлттық әндерін айтып, би билейді.

Бұл ойын үшін алдын ала берілген халықаралық достастық жайлы мағлұматтар көп кмегін тигізеді: тәрбиеші біздің көпұлты мемлекетіміз жайлы айта отырып, көптеген елдердің туымен, елтаңбасымен таныстырады. Балалар көптеген ұлттық би, ән, ертегілерді білетін болады. ойын барысында осы білімдері есепке алынады.

Кімнің киімі?

Дидактикалық міндет. Балалардың әр түрлі мамандық иелеріне деген қызығушылығын ояту; жұмыс киімдері жайлы білімдерін бекіту; жұмыс киімдеріне қарап мамандықты (пошташы, шахтер, құрылысшы, дәрігер, ұшқыш т.б.) ажырата білуге үйрету.

Ойын ережесі. Жұмыс киімдеріне қарап мамандықты ажырату, қажет суреттерді туып балаларға көрсету. Әрбір дұрыс жауапқа фишка беріледі.

Ойын әрекеттері. Қуыршақты жұмыс киімімен киіндіру.

Ойын барысы. Ойын басталмас бұрын тәрбиеші балалардың жұмыс киімдері жайлы білімдерін тексереді, мәселен, олар бұрын ерекше киім киіп жұмыс істеп жүрген адамдарды байқады ма және киімдеріне қарап, қай маман иесі екенін ажырата ала ма т.б. Суреттерді көрсетіп тұрып:

- Балалар, қараңдаршы (суретте ұшқыш бейнеленген), киіміне қарап суретте кім бейнеленгенін табуға бола ма? Иә. Бұл – ұшқыш. Қалай білдіңдер?

Балалар бас киім, костюм, погон жайлы айтады. Кейін тәрбиеші әр мамандыққа арналған өлеңдер оқиды.

Тәрбиеші балаларға әр мамандық иесінің киім үлгілері көрсетілен суеттерді көрсетеді, ал балалар пошташы, шахтер, құрылысшы, дәрігер, ұшқыш т.б. маман иелерін таниды.

Содан кейін тәрбиеші қуыршаққа алдын ала тігіліп, дайындалған жұмыс киімдерін киіндіруді ұсынады. Барлық қуыршақтар кейін шығармашылық ойындарда қолданылады. Тәрбиеші балаларға қуыршақтармен қалай ойнауға болатынын түсіндіреді.

Түбірі мен үсті

Дидактикалық міндет. Көкөністердің кейбіреуінің тамыры – түбірі, кейбіреуінің үстін - жемісі жейтінін, ал кейбіреуінің тамыры да, үсті де желінетіні жайлы балалардың білімдерін нығайту; тұтас өсімдіктің құрамын үйрету.

Ойын ережесі. Тек белгі бойынша ғана өзіне қажет түбір мен үстін іздейді. Бір баламен ылғи жұп болуға болмайды, басқа жұп іздеп отыру керек.

Ойын әрекеттері. Жұп іздеу; тұтас өсімдікті құрастыру.

Ойын барысы. І нұсқа. Балабақшаның бақшасының көкөністері жиналғаннан кейін тәрбиеші барлық балаларды жинап алып, оларға көкөністерді көрсетіп, балалардың жаз бойғы еңбектерін мақтайды. Содан кейін кей өсімдіктердің тамыры, кейбіреуінің жемісі желінетінін түсіндіреді. Тәрбиеші ойынның ережесін түсіндіреді:

- Біз бүгін «Түбірі мен үсті» деп аталатын ойын ойнаймыз. Үстеліміздің үстінде өсімдіктер – көкөністердің тамыры мен жемісі жатыр. Біз оларды қазір екі топқа бөлеміз: бір топ үсті деп, ал екіншісі түбірі деп аталады. (балалар екі топқа бөлінеді)

Үстелдің үстінде көкөністер жатыр: бірінші топтың балалары көкөністің үстін, ал екінші топтың балалары тамырын қолдарыңа аласыңдар. Бәрің алдыңдар ма? Енді белгі берілген кезде (қол шапалақтау) бәрің жан-жаққа қашасыңдар. «Бір, екі, үш, өз жұбыңды тап!» деген белгі берілген кезде сендер өз жұптарыңды табасыңдар, үсті тамырын, тамыры үстін іздейді.

Ойын қайталанады, бірақ енді басқа тамыр, немесе үстін іздеу керек. Бір адаммен қайта-қайта жұптасуға болмайды.



ІІ нұсқа. Үсті мен тамыры өз орындарында тұрады. Алаңда тек бір топшаның балалары жүгіреді. Тәрбиеші: «Тамырлар, өз үстілеріңі табыңдар!» деген белгі береді. Балалар тамыры мен жемісі біртұтас болатындай бірге тұра қалуы керек.

Тапсырманың қатесіз орындалғанын балалардың бәрі өтетін «сиқырлы қақпа» (тәрбиеш немесе балалардың біреуі) анықтай алады. Ойынға деген қызығушылық бәсеңдемеу үшін тамыры мен үстін айырбастау керек. Жоғары топтың балалары үшін айырмашылықтары көзге түсе бермейтін ккөністерді қолданған жөн, мысалы, петрушка мен сәбіз, шалқан мен шомырды қолдануға болады. Тіпті, жасыл шөпті (укроп) салып қоюға болады, балалар тамырын іздеп әуре болады, егер тамыры табылмаса, яғни оны жемейтіні болғаны, демек, жұпсыз қалады.



Үстелдік-баспа ойындары

Мына үйді кім салды?

Дидактикалық міндет. Балалардың үйді қалай тұрғызатыны, үй құрылысының реті, құрылысшыларға қажет құрал-саймандар және машиналар туралы білімдерін жүйелеу; Құрылысшы мамандығына деген құрметке, шығармашылық ойында құрылысшы болуға деге ниетін қалыптастыру, тәрбиелеу.

Ойын ережесі. Үлкен картадағы суретке сәйкес кішкентай кеспе қағаздарын іріктеу. Кім бірінші болып барлық тор көздерді жапса, сол жеңіске жетіп, фишка ұтып алады. Карталармен ауысу. Кім көбірек фишка ұтса, сол жеңімпаз болып жарияланады.

Ойын әрекеттері. Кеспе қағаздарын іздеу. Жарысу.

Ойын барысы. Тәрбиеші балалармен бірге архитектор, құрылысшылар бейнеленген үлкен қағаздағы суреттерді қарастырады. Суреттің мазмұнына сәйкес үй құрылысы, құрылысшылар, машиалар, құрылысқа қажет құрал-саймандар туралы балалармен әңгімелеседі. Тәрбиеші үлкен картаның бөлшектері суреттелген кішкентай кеспе қағаздарын да көрсетеді. Сосын балаларға бір-бір үлкен картадан таратады да, белгі бойынша қажет машиналарды таңдап алыпкартаның тор көздерін жабуды тапсырады. Кім бірінші болып қажет кеспе қағаздарын тауып және барлық механизмдерді дұрыс атаса, сол жеңеді.

Балалар карталарын айырбастап немесе ойыншылар құрамы ауыстырылады да ойын жалғаса береді.

Балалардың өз үйлерін, үй маңайындағы отырғызылған өсімдіктерге т.б. яғни адам қолымен жасалғанның барлығына күтіп қарауы жайлы әңгімемен ойынды аяқтауға болады.

Осы негізбен «Транспорт» ойыны да ұйымдастырылады. Бұл ойында адамдардың қандай көліктер арқылы жерде, суда, ауада қозағалатыны жайлы балалардың білімдері жүйеленеді.

Ойын үшін жердің, аспан, теңіздің суреттері бар үлкен карталар қолданылады. Оларға транспорттың суреті бар кішкентай кеспе қағаздарын таңдап қояды: мәселен, жердің суреті бар үлкен картаға автобус, траллейбус, велосипед, трамвай, метро т.б. суреттерді таңдайды.

Алғашқы ойындағыдай мұнда да суреттердің саны бірдей болуы тиіс. Кім бірінші болып үлкен картадағы барлық бос тор көздерді жапса, сол жеңеді.



Астананың қонақтары

Дидактикалық міндет. Балалардың біздің елімізідң астанасы – Астана қаласы жайлы білімдерін нығайту, еліміздің бас қаласына деген сүйіспеншілікті ояту, Ақорда жайлы білуге деген ынталарын тәбиелеу.

Ойын ережесі. Астана суреттелген карталарды сипаттау, қаланың аудандарын атау, бірдей суреттерді табу.

Ойын әрекеттері. Туристерге жол көрсетушіні таңдау, машинамен Астананы аралап жүрген туристердің қимылдарын көрсету.

Ойын барысы. Тәрбиеші балаларға әсем қаа Астананы көру шет елерден көптеген қонақтар – туристердің келетіні жайлы әңгіме айтады. Барлығы біздің ару қаланы, оның көрнекті орындарын көргісі келеді.

- Біз бүгін турситерге жол көрсетуші ойынын ойнаймыз. Гид дегеніміз – шет елден келген қонақтарды ертіп жүріп, оларға қаланы көрсете жүріп, көргендері жайлы қызықты әңгіме айтып отыратын адам. Менің қолымда машина (ойыншық машина). Осы машина арқылы сендер қонақтарды тасисыңдар. Әр гид тек бір жерді ғана көрсетіп, әңгілемелеп бере алады, ал басқа жерге келесі гид апарады. Менің қолымдағы текшеге назар аударыңдар. Онда 1, 2, 3, 4, 5, 6 деген цифрлар бар. ойын алаңындағы суреттердің де өзіндік нөмірлері бар. Егер текше 3 деген сан көрініп жерге түссе, онда қонақтарды 3 саны бар суреттегі орынға апару қажет. Қала көшелерінде тек бағыт сызықтарының бойымен жүріп отыру шарт. Тоқтаған кезде қонақтарға бұл Астананың қай жері екенін әңгімелеу керек. Ал қалғандары мұқият тыңдайды. Кімде-кім бұл жердің атын тапса, сол үстелдің үстінен дәл осындай суретті тауып алып келеді де, бізге көрсетеді. Егер жауап дұрыс болса, ол гид болады. Ешбір қателеспей, өз суреттерін жылдам қойған топ жеңіске жетеді. Кей суреттерді айырбастап ойынды жалғастыра беруге болады.



Бұл қайда өседі?

Дидактикалық міндет. Балалардың өсімдіктер жайлы білімдерін нығайту; заттардың арасындағы кеңістікті қатынасты анықтау; өсу орындарына байлынысты өсімдіктерді топтау; белсенділік, ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойын ережесі. Кім бірінші болып орман, дала, бақша, бау суреттелген үлкен картаның бос тор көздерін өсімдіктер бейнеленген кішкентай суреттермен жапса, сол жеңіске жетеді.

Ойын әрекеттері. Балалар жарыс барысында суреттерді таңдап алып бос орындарды жабады.

Ойын барысы. Ойыншылар әр түрлі табиғат суреттері бар үлкен карталарды алады; кішкентай суреттер қорапта жатыр. Жүргізушінің белгісі бойынша балалр кішкентай суреттерді іріктеп алып үлкен суретке сәйкестендіріп қояды. Кім бірінші болып үлкен суреттерге қойса, әрі өсімдікті дұрыс атаса, сол жеңіске жетеді.

Бұл ойында өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың аттары қиындық тудармас үшін алдын ала саяхат сабақтарында аталмыш өсімдіктермен балаларды таныстырып алған жөн. Балалар карталарын айырбастайды, кішкентай суреттерді араластырады да, ойын жалғасады.

Ойынға деген қызығушылық бәсеңдемес үшін жаңа өсімдіктердің суреттерін әкеліп қосады.

Ауызша ойындар

Ойлан, тап!

Дидактикалық міндет. Балаларды затты көрмей тұрып сипаттауға үйрету; сипаттау бойынша затты табу.

Ойын ережесі. Заттарды сипаттағанда балалар бірден сезіктенбеуі тиіс, сол үшін оған қарамай қажет. Тек бөлмеде бар заттар туралы ғана айтқан жөн.

Ойын әрекеттері. Тасты беру. Ойыншы не жайлы айтса, соны табу.

Ойын барысы. Тәрбиеші сабақ үстінде өздеріне таныс заттар жайлы әңгімелескендерін балалардың естеріне түсіреді.

- Балалар, кәнеки, ойнайық. Бөлмедегі заттар өздері жайлы айтсын, ал біз сипаттауы бойынша қай зат екенін табамыз. Әркім бір затты таңдап алып, сол зат болып сөйлеңдер. Басты ережені ескерейік: затты сипаттап тұрып, біз тез түсініп қоймас үшін сол затқа қарамауға тырысыңдар.

Тәрбиеші балалардың біреуін тасты береді, бала орнынан тұрып бір затты сипаттайды да, қолындағы тасты жұмбақты шешуге тиіс балаға береді. Жасырылған затты тапқан бала енді өзі бір затты сипаттайды да шешімін айту үшін тасты басқа балаға береді.

Балалар өздерінің жасырған заттарын сипаттап біткенше ойын жалғаса береді. Егер ойын сабақ уақытында болып, топтың барлық балалары қатысады деп есептесек, ойын 20-25 минут уақытқа жалғасады.

Ойын барысында тәрбиеші балалардың затты сипаттауда оның қасиеттерін дұрыс айтуын қадағалайды. Ол: «Бұл зат қай жерде жатыр?» немесе «Бұл зат не үшін қажет?» деген сұрақтар қоюы мүмкін. Бірақ мұндай сұрақтар қоюға асықпау керек. Себебі бала өзі ойланып затты, оның басты қасиеттерін есіне түсіргені жөн.

Бала мынаай сипаттама береді: «Ағаштан жасалған, жылтыраған, алдыңғы жағында әйнек, қызық нәрселерді айтады» (теледидар), «темірден жасалған, шыбықтары бар, терезенің алдында тұр, одан құстардың дауысы естіледі» (құсқа арналған тор).



Ойыншықтар дүкені

Дидактикалық міндет. Балаларды заттарды сипаттауға үйрету, олардың басты қасиеттерін табу; сипаттама бойынша заттарды тану

Ойын ережесі. Егер сатып алушы ойыншық жайлы жақсы сипаттаса ғана сатушы оған оны сатады.

Ойын әрекеттері. Санамақпен сатушыны таңдайды. Сатып алынған ойыншықтармен ойнау.

Ойын барысы. Балалар жарты шеңбер бойымен сөрелері, ойыншықтары бар үстелдің алдында отырады. Тәрбиеші оларға:

- Бізде жаңадан дүкен ашылды. Онда қаншама әдемі ойыншықтар бар, қараңдаршы! Сендер оларды сатып ала аласыңдар. Бірақ ол үшін бір шартты орындау керек: сатып алғың келетін ойыншықты атамай, оған қарамай тұрып сипаттау. Сендердің сипаттамаларың бойынша сатуша ойыншықты таниды және сендерге сатады.

Асанамақпен сатушының таңдайды. Балаларға ойын ережесін түсіндіру үшін бірінші болып ойыншықты тәрбиеші өзі сатып алады:

- Сатушы, мен ойыншық сатып алайын деп едім. Ол домалақ, резеңкеден жасалған, секіретін, онымен барлық балалар ойнағанды жақсы көреді.

Сатушы тәрбиешіге допты береді.

- Рахмет, қандай әдемі доп! – дейді тәрбиеші добымен орындыққа отырып.

Тәрбиеші ойыншылардың біреуінің атын атайды. Ол сатып алғысы келетін ойыншықты сипаттайды:

- Ал маған мынадай ойыншықты беріңізші: ол мамық жүнді, қызғылт, ұзын, әдемі құйрығы бар, тұмсығы ұзын және көзі алдап тұрады, өтінемін.

Сатушы түлкі ойыншықты береді. Сатып алушы ахметін айтып, орнына отырады.

Барлық бала өздеріне ойыншық сатып алғанша ойын жалғасады.

Сатушының рөлін бірнеше бала кезекпенен ойнайды.

Ойыншықтарды «сатып алған» балалар енді олармен бөлмеде немесе алаңда ойнай алады.

Дүкен ойынын балалардың ұйқысынан кейін олар шығармашылық ойынға кетерде ұйымдастыруға болады.

Тәрбиеші дүкенге балалар көптен бері ойнамай кеткен ойыншықтарды қайтадан қызығушылықтарын ояту мақсатында алып келеді.

Ескерту: Осы ойынның негізімен «Гүлдер дүкені» ойынын да өткізуге болады. Бұл ойында балалар бөлменің гүлдерін, жапырақтарын, өсімдіктерді сипаттайды.

Радио

Дидактикалық міндет. Байқампаз болуға тәрбиелеу, балалардың сөйлеу қабілетін белсенді ету.

Ойын ережесі. Топтағы балалардың біреуінің киімін, тәртібінің басты ерекшеліктерін айту. Егер де дикторлардың біреуі топтағы баланы дұрыс сипаттамай, ешкім оны танымаса айыппұл ретінде фант төлейді де, ойын соңында қайтадан ұтып алады.

Ойын әрекеттері. Санамақпен диктордың роліне бір баланы таңдайды. Фантпен ойнау. Сипаттау бойынша құрбыларын табу.

Ойын барысы. Тәрбиеші балаларға:

- Біз бүгін «Радио» деп аталатын жаңа ойын ойнаймыз. Сендер радиода сөйлейтін адамды білесіңдер ме? Дұрыс, оның аты диктор. Бүгін радиодан диктор біздің топтағы бір балаға іздеу салады. Ол біреуіңді сипаттайды, ал біз кім жоғаланын табуымыз керек. Алдымен мен диктор боламын, тыңдаңдар. Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Бір кішкентай қыз жоғалды. Оның үстінде қызыл күртеше, тор фартук, бұрымына ақ бантик байлаған. Ол әнді жақсы айтады, Гүлнұрмен құрбы болып жүреді. Кім бұл қызды таниды?

Осылайша тәрбиеші балаларға үлгі көрсете отырып ойынды бастайды. Балалар топтағы қызды атайды. «Ал енді арамыздан кім диктор болады?», - дейді тәрбиеші. Саанамақпен жаңа дикторды таңдайды.

Тәрбиеші балалардың өз достарының басты қасиеттерін атауын қадағалайды: олардың қалай киінгендерін, немен шұғылданғанды жақсы көретіндігін, досатырмен қандай қарым-қатынаста.

Егер диктор балалар тани алмайтын сипаттама берсе, балалар хормен: «Мұндай қыз (ұл) біздің арамызда жоқ!» дейді. Сонда диктор ойын соңында қайтадан ойнатылып алынатын айыппұл – фант төлейді.

Самат қайда болды?

Дидактикалық міндет. Балалардың ойлау, еске сақтау, байқампаздық, сөйлеу қабілеттерін дамыту; еңбек адамдарына деген сыйластыққа тәрбиелеу.

Ойын ережесі. Ереже бойынша тек мекеменің ішіндегі, балабақшаның ауласындағы жағдайларды ғана айту керек.

Ойын әрекеттері. Ойлап табу. Әңгіменің сюжетіне қарай суреттеме-әңгіме құру.

Ойын барысы. Тәрбиеші балаларға балабақшада күнде көріп жүргендерін еске түсіретін ойын ойнайтынын айтады, мәселен, қандай бөлмелер бар, оларда не бар, әр бөлмеде не орналасқан т.б.

Тәрбиеші:

- Былай елестетейікші, біздің бала бақшаға жаңадан Самат деген бала келеді. Ол тәрбиешімен бірге бала бақшаны аралауға кетті. Ал қайда кіріп, онда не көргенін Саматтың өзі бізге айтып береді. Саматтың атынан бәрің кезекпенен сөйлейсіңдер. Бөлменің атымен атамаңдар. Біз сендердің суреттемелерің бойынша бөлмені табамыз.

Егер балалар «Ойлан тап», «Дүкен», «Радио» ойындарымен бұрыннан таныс болса, олар бөлмелерді, бала бақшадағы үлкен адамардың еңбектерін тәрбиешінің көмегінсіз-ақ суреттеп береді.

Мынадай мысал келтіруге болады: «Самат сөрелерде көптеген төсек-орындары жиналған бөлмеге енді. Айгүл тәте оларды үтіктеп жатыр, ал кір машинада кір жуылып жатыр». (Кір жуу бөлмесі.) «Самат балалар ән айтып, билеп, біреу пианинода ойнап жатқан үлкен, жарық бөлмеге кірді». (Салтанат залы.)

Тәрбиеші балаларға тек бала бақшаның ішіндегі немесе маңайындағы Самат көргендерді сипаттауды тапсырады. Егер бала бақшаның сыртындағыны айтса, ол жеңілген болып саналады.



Тамыры мен жемісі

Дидактикалық міндет. Балаларға көкөністерді топтауды үйрету (мына негізде: олардың желінетіні – тамыры ма, жемісі ме).

Ойын ережесі. Екі сөзбен ғана жауап беруге болады: тамыры немесе жемісі. Кім қателессе, сол фант төлейді.

Ойын әрекеттері. Фанттармен ойнау.

Ойын барысы. Тәрбиеші балаларға нені тамыры деп, ал нені жемісі деп атайтындығын түсіндіреді: «Көкөністің жеуге болатын тамырларын түбірі, ал үстіндегі жеуге болатын жемісін – үсті». Тәрбиеші бір көкөністі атайды, ал балалар жылдам оның түбірі мен үстінің қайсысы жеуге болатынын айтады. Тәрбиеші балаларға мұқият болуды ескертеді, себебі кей көкөністердің тамыры да, жемісі де жеуге жарамды. Тәрбиеші: «Сәбіз!» десе, балалар: «Түбірі» деп жауап береді, «Қызанақ!» - «Үсті». «Пияз!» - «Түбірі және үсті». Кім қателессе, сол ойын соңында қайта ойнап ұтатын фант төлейді.

Тәрбиеші басқа да нұсқасын ұсынады; ол «Үсті» дегенде, балалар жемістері үстінде болатын көкөністерді атайды. Бұл ойынды көкөністер, бақша туралы әңгімеден кейін ойнаған дұрыс.



Заттарды кім көп атайды?

Дидактикалық міндет. Балаларға заттарды өндіріс орнына қарай топтастыруды үйрету.

Ойын ережесі. Допты қағып алғаннан кейін ғана жауап беруге болады. затты атаған соң допты басқа балаға лақтырады.

Ойын әрекеттері. Допты лақтыру, қағып алу. Кім жауап бере алмаса, сол допты еденге лақтырып, қайтадан ұстап, сосын жүргізушіге лақтырады.

Ойын барысы. Бізді қоршаған заттардың фабрикада, зауыттарда жасалғаны немесе бау-бақшада өсірілгені жайлы балалармен болған шағын әңгімеден кейін тәрбиеші «Заттарды кім көп атайды?» ойынын ойнауды ұсынады.

«Зауытта (фабрикада) не жасалады?» - деп сұрайды да тәрбиеші допты ойыншылардың біреуіне лақтырады. «Машиналар», - деп жауап берген бала допты келесі балаға лақтырады. Балалар жауаптардың дұрыстығын және қайталанбауын қадағалап отырады.

«Бау-бақшада не өсіріледі?» - деп сұрайды тәрбиеші. Балалар: зығыр, картоп, бидай, қара бидай деп жауап береді.

Бұл ойында балалардың білімдері сарапталады. Мәселен, балалар бидайды диқаншылар бидайды өсірсе, ал нанды наубайшылар пісіреді.

Әр заттың пайда болуына адам еңбегінің үлкен роль атқаратыны, олардың барлық заттарға ерекше күтіммен қарауына септігін тигізеді.

Табиғат пен адам

Дидактикалық міндет. Адам қолымен жасалған және табиғаттың адамға берген сыйы жайлы білімдерін жүйелеу, бекіту.

Ойын ережесі. Допты қағып алғаннан кейін ғана жауап беруге болады. затты атаған соң допты басқа балаға лақтырады.

Ойын әрекеттері. Допты лақтыру, қағып алу. Кім жауап бере алмаса, сол допты еденге лақтырып, қайтадан ұстап, сосын жүргізушіге лақтырады.

Ойын барысы. Тәрбиеші балалармен әңгімелесу барысында бізді қоршаған заттар не адам қолымен жасалады, не табиғатта бұрыннан бар және адамдар оларды қолданатыны жайлы балалардың білімдерін тексереді. Мысалы, орман, көмір, мұнай, газ табиғаттың берген сыйы, ал үйлер, зауыттар, көліктерді адамдар жасайды.

«Адам нені жасады?» - деп сұраған тәрбиеші ойыншылардың біреуіне доп лақтырады. Бірнеше жауаптардан кейін ол жаңа сұрақ қояды: «Табиғат нені жасады?»

Ойын барысында тәрбиеші балалармен адам табиғатты өмірге пайдалы болуы үшін қоланады және табиғатты аса құрметпен қорғап сақтайтыны (орманды өртен сақтау, өзен, көл, бөгеттерді тазарту, жануарлар мен құстарды қорғау) туралы әңгімелеседі.

Ал егер...

Дидактикалық міндет. Байқампаздық, тапқырлыққа тәрбиелеу, білімдерін жағдайға байланысты қолдану.

Ойын ережесі. Қолына тас алған соң ғана көліктің бір түрін атауға болады. Айтылғанды қайталауға болмайды.

Ойын әрекеттері. Кім қателессе, сол ойын соңында ойыншылардың тапсырмасы бойынша әр түрлі әрекеттерді орындайды.

Ойын барысы. Тәрбиеші ойынды былай бастайды:

- Бірде бала бақшаның бір топ балалары туған жерін аралап саяхатқа шыады. Барлығы саяхаттағысы келеді, бірақ олардың ойлағаны болмады, себебі әрқайсысы әр түрлі саяхаттағысы келеді. Қалай ойлайсыңдар, сол бала бақшаның балалары не ұсынды? Қайда және немен барғысы келді? Әрқайсысы тек бір бағыт пен бір көліктің түрін ғана ұсына алады, қайталауға болмайды.

Балалар шеңбер бойымен отырады. Тәрбиеші ойыншылардың біреуіне бір зат береді (до, тас, текше). Оны алған бала қайда және қандай көлікпен баруға болатынын айтады да, затты келесі балаға береді. Осылайша зат бір қолдан екінші қолға барлық қозғалыс көліктері аталып біткенше көшеді. Балалар барлық көліктерді атайды: қайық, сал, жегілген бұғылар т.б.

Сынған телефон

Дидактикалық міндет. Балалардың есту қабілеттерін дамыту.

Ойын ережесі. Сөзді жанында отырған балалар естімейтіндей ақырын айту керек. Кім сөзді дұрыс айтпаса, яғни телефонды сындырса, сол соңғы орындыққа отырады.

Ойын әрекеттері. Сөзді сыбырлап жанында отырған баланың құлағына айтады.

Ойын барысы. Балалар жүргізушіні санамақпен таңдайды. Барлығы қатарынан тізілген орындықтарға жайғасады. Жүргізуші ақырын (құлағына) бір сөзді жанында отырған балаға айтады, ол келесі отырғанға т.с.с. Сөз ең соңғы отырған балаға жетуі керек. Жүргізуші ең соңғы баладан: «Сен қандай сөз естідің?» деп сұрайды. Егер ол жүргізушінің айтқан сөзі еш өзгеріссіз жетсе, телефон жөнді істеп тұр деген сөз. Ал жүргізуші айтқан сөз өзгертіліп жеткен болса, жүргізуші барлығынан кезекпенен (соңғыдан бастап) қандай сөз естігенін сұрап шығады. Осылайша кімнің телефонды «сындырғанын» біледі. Кінәлі бала ең соңғы орындыққа отырады.

Ойын сабақтан тыс кезде, бос уақытта өткізіледі. Ол балаларды қимыл-қозғалысы көп ойындардан дейін тыныштандырады.



Ұшты-ұшты

(Орыс халқының ұлттық ойыны)

Дидактикалық міндет. Балалардың есту қабілетін дамыту, төзімділікке тәрбиелеу.

Ойын ережесі. Егер ұшатын зат аталса ғана қолын көтереді.

Ойын әрекеттері. Тізені шапалақтау, қол көтеру, фант ұтып алу.

Ойын барысы. Балалар қолдарын тізелеріне қойып, жарты шеңбер бойымен отырады. Тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді:

- Мен заттарды атап және сұраймын: «Ұшты-ұшты» деймін, мысалы, «Ұшты-ұшты көгершін ұшты. Ұшты-ұшты ұшақ ұшты» т.с.с. Егер мен шын мәнінде ұшатын заттарды атасам, сендер қолдарыңды көтересіңдер. Егер мен ұшпайтын заттарды айтсам, қолдарыңды көтермейсіңдер. Сендер мұқият болыңдар, себебі мен заттар ұшатын болса да, болмаса да қолымды көтеріп отырамын. Кім қателессе, фант төлейді.

Тізелерін шапалақтаған тәрбиеші мен балалар: «Кеттік-кеттік», дейді, сосын тәрбиеші ойынды бастайды: «Ұшты-ұшты ұзақ ұшты» дейді де қолын көтереді. Балалар да: «Ұшты-ұшты» деп қолдарын көтереді. «Ұшты-ұшты үй ұшты» дейді тәрбиеші және қолын көтереді. Балалар үндемейді.

Ойын басында көптеген балалардың қолдары байқаусызда көтеріледі. Ойынның маңызы да осында, яғни уақыт өте олар ұшпайтын заттар аталғанда өздерін ұстап, қолдарын көтермейтін болады. Кім қателессе, айыппұл ретінде фант төлейді.



Бояулар

(Орыс халқының ұлттық ойыны)

Дидактикалық міндет. Балалардың есту, жылдам ойлау қабілетін дамыту.

Ойын ережесі. Бояулардың түстерін ойыншылар өздері таңдайды. Кім бояу түсін таңдаудан қиналса, оған қожасы көмектеседі. Бірдей түсті бояуды таңдауға болмайды. Егер жүргізуші ойыншылардың арасындағы дәл осындай түсті атаса, ол оны үйіне алып кетеді.

Ойын әрекеттері. Жүргізуші мен қожайынның арасындағы диалог; егер мұндай бояу болмаса, «бір аяқпен жолда секіреді».

Ойын барысы. Бұл ойын үшін бояулардың қожайынын және тапқыш Қожанасырды таңдап алу керек. Басқалардың барлығы бояулар болады.

Қожанасыр шетке тұрады, ал қожайын мен бояулар өзара сыбырласып кім қандай түсті бояу екенін келісіп алады. Бояуларға түсті не қожайын өзі, не бояулардың өздері таңдап алады. Бірдей түстер болмауы керек. Қожайын бояулардың түстерін есіне сақтауы тиіс. Барлық түстер анықталған соң бояулар мен қожайыны ұйықтап жатқан кейіппен отырады. Осы кезде Қожанасыр келеді. Ол есікті бірнеше рет қағады да:



  • Тук, тук!

Қожайын оянып, тұрады да сұрайды:

  • Бұл кім?

  • Қожанасыр!

  • Неге келдің?

  • Бояу үшін!

  • Қандай бояу?

  • Көк түсті!

Егер мұндай түсті бояу болмаса, қожайын:

  • Бұндай бояу жоқ! – дейді.

Барлық бояулар қолдарын шапалақтап, әндетеді:

Көк жолақты жолмен жүр,

Көк етікті тапсаң ки,

Киіп, киіп, тоздырсаң,

Бізге де әкел!

Қожанасыр шет жаққа кетеді, сосын қайтадан келеді де қожайынмен жаңағыдай сөйлеседі.

Егер Қожанасыр сұраған бояу бар болса, ол оны үйге алып кетеді де, қожайынға қайтадан басқа бояу үшін келеді. Қожанасыр барлық бояуларды әкеткеннен кейін ойын аяқталады.

Керісінше

Дидактикалық міндет. Балалардың зеректік, жылдам ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойын ережесі. Сөздерді мағынасы жағынан керісінше айту.

Ойын әрекеттері. Допты лақтырып, қағып алу.

Ойын барысы. Тәрбиеші мен балалар шеңбер бойымен қойылған орындықтарға отырады. Тәрбиеші бір сөзді айтады да допты ойыншылардың біреуіне лақтырады; бала допты қағып алуы керек те, сөзді керісінше мағынада айтып, допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады. Тәрбиеші: «Алға» - дегенде, бала: «Артқа» (оңға – солға, жоғары – төмен, іші – сырты). Тек үстеулерді ғана емес, сын есімдерді де, етістіктерді атау керек: алыс – жақын, түю – шешу т.б. Егер допты қағып алған бала жауап беруден қиналса, балалар тәрбиешінің ұсынысы бойынша хормен жауап береді.

Сөйлемді толықтыру

Дидактикалық міндет. Балалардың сөйлеу, ойлау қабілетін дамыту.

Ойын ережесі. Аяқталған сөйлем құралуы үшін қажет сөздерді тауып айту керек. Тек бір сөзді ғана қосу шарт.

Ойын әрекеттері алдыңғы ойындағыдай.

Ойын барысы. Тәрбиеші сөйлемнің бірнеше сөйлемін айтады, ал балалар оны сөздермен толықтыруы қажет. Мысалы: «Апам дүкеннен...» - «кітаптар, дәптер, портфель сатып алды», - деп жалғастырады балалар.

Берілген дыбыспен сөз құра

Дидактикалық міндет. Балалардың фонематикалық есту қабілеттерін, логикалық ойлауларын дамыту.

Ойын ережесі. Кім берілген дыбысқа сөз құрай алмаса, сол допты еденге лақтырып, фант төлейді.

Ойын әрекеттері. Дұрыс жауап берген ойыншы допты келесі ойыншыға лақтырады.

Ойын барысы. Тәрбиеші:


  • А дыбысына сөз құраңдар (допты кез келген бір ойыншыға лақтырады).

Бала:

  • Балға, - дейді де допты басқа балаға береді т.с.с.

Оқытушы басқа дыбысты айтады, ал балар сол дыбыс кездесетін сөздерді айтады. Кім тез әрі дұрыс жауап бере алмаса фант төлейді.

Бұл ойындар тіл дамыту сабағының бір бөлігі іспеттес.



Кім білсе, сол ары қарай санасын

Дидактикалық міндет. Балаларды сандардың ретін дұрыс сақтап, әрі кері ретпенен, кез келген саннан бастап 10-ға дейін санауға үйрету; жылам ойлау, есту қабілеттерін дамыту.

Ойын ережесі. Айтылған саннан кейін ары қарай тек допты ұстағаннан кейін ғана санауға болады.

Ойын әрекеттері. Допты лақтыру және қағып алу.

Ойын барысы. Балалар шеңбер бойымен тұрады. Тәрбиешінің қолында доп. Ол:

  • Балалар, біз қазір «Кім білсе, сол ары қарай санасын» ойынын ойнаймыз. Мен бір санды айтамын, ал сендер жалғастырып санайсыңдар. Мысалы, мен «бес» деймін де допты Жанарға лақтырамын. Жанар қалай санайды?

  • Алты, жеті, сегіз, тоғыз, он.

  • Дұрыс, - дейді де тәрбиеші бопты бір ойыншыға лақтырады да, кез келген бір санды айтады.

Ойынды былай күрделендіруге болады: тәрбиеші балаларға ескертеді:

  • Балалар, мұқият болыңдар! Мен сендер 10-ғадейін санап біткенше, басқа ойыншыға лақтырамын да оған: «Ары қарай сана» деймін. Сендер досыңның қай жерге дейін санағанын есте сақтап, санауды ары қарай жалғастыруларың қажет. Мысалы, мен «Төрт», - деймін де допты Әсетке лақтырамын. Ол сегізге дейін санағанда мен одан допты алып Болатқа лақтырып, «Ары қарай сана», - деймін. Болат: «тоғыз, он», - деп санай жөнеледі.

Бұл ойынға «Дейін, кейін» ойынын тағы бір нұсқа ретінде ұсынуға болады. Тәрбиеші допты лақтырғанда «Беске дейін», - дейді. Бала беске дейінгі санарды санайды. Егер тәрбиеші «Бестен кейін» десе, балалар алты, жеті, сегіз, тоғыз, он деп санауы керек.

Ойын жылдамдықпенен ойнатылады.



Болды – болады

Дидактикалық міндет. Балалардың өткен, осы, келер шақ жайындағы түсініктерін бекіту.

Ойын ережесі. Өлең жолдарының сұрақтарына тек «бар», «болды», «болады» деген сөздермен ғана жауап беруге болады.

Ойын әрекеттері. Допты лақтыру және қағып алу.

Ойын барысы. Тәрбиеші қысқаша өлең жолдарын тыңдап, онда айтылған дағдаяттар бар ма, болды ма, болады ма, соны айтуды ұсынады.

Бір бұзау көпір үстінде,

Келе жатыр ойнақтап.

- Ойбай, қазір құлаймын, - деп,

Мөңіре ді қорқақтап.

Балалар: «Келе жатыр» - дәл қазір, ал «құлаймын» - енді болады, ал «мөңіреді» - болды - деп жауап береді.

Бұдан кейін тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді:

- Балалар, мен белгілі бір сөздерді айтамын, ал сендер маған тек «бар», «болады», «болды» деген үш сөзбен ғана жауап бересіңдер. Тәрбиеші осы, өткен, келер шақтағы етістіктерді айтады.

Бұл ойынды былай күрделенділуге болады: тәрбиеші «бар», «болады», «болды» деген сөздерді айтады, ал балалар оларға сәйкес келетін сөздермен сөйлем құрастырады.


  • «Болады», - дейді тәрбиеші. – Бұл сөзге қандай сөйлем құрастыруға болады?

  • Мен оқитын боламын.

  • Мен озат оқушы боламын.

  • Біз әжеме барамыз, - дейді балалар.

  • Дұрыс. Бұның барлығы келешекте болады. Ал енді ойын ойнайық. Мен сөз айтқаннан кейін тек допты лақтырған бала ғана жауап береді.

  • «Бар», - деп тәрбиеші сәл үзілістен кейін ойынды бастап.

  • Мен отырмын.

  • Мен оқып отырмын.

  • Біз сурет салып отырмыз.

Бұл ойын арқылы балалардың етістіктің шақ категориясы жайлы білімдері дамып, жылдам ойлау, зеректік қабілеттері артады.

Сөйлемді аяқта

Дидактикалық міндет. Балаларды құбылыстардың себепті байланыстарын түсінуге үйрету; сөздерді дұрыс таңдап қолдануға үйрету.

Ойын ережесі. Кімге бағыттаушы нұсқаса, сол сөйлемді аяқтайды.

Ойын әрекеттері. Бағыттаушыны айналдыру.

Ойын барысы. Тәрбиеші сөйлемді бастайды, мысалы, «Мен жылыну үшін...» дейді де балаларға аяқтауды тапсырады. Балалар: «...тон кидім, ...жүгірдім, үйге кірдім...» т.б. Бағыттаушы кімді көрсетсе, сол жауап береді.

Тәрбиеші сөйлемдерді алдын ала дайындайды, мәселен, «Біз жарық болу үшін...», «Балалар күн ыстықта...» т.б.

Келесі жолы аяқталмаған сөйлемдерді балалардың өздеріне дайындатады.

Кім көп біледі?

Дидактикалық міндет. Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту; олардың заттар жайлы білімін кеңейту; тапқырлық, зеректік қабілеттерін тәрбиелеу.

Ойын ережесі. Бір заттың бірнеше рет қалай қолданылатынын еске түсіріп, атау.

Ойын әрекеттері. Жарысу, яғни кім заттардың қолдынысын көп атайды.

Ойын барысы. балалар тәрбиешімен бірге шеңбер бойымен орындықтарға отырады. Тәрбиеші:

- Менің қолымда стақан. Оны қалай және не үшін қолданатынымызды кім айтады? – дейді.

Балалар:


  • Шай ішу, гүл суару, жарманы өлшеу, көшеттерді жабу үшін, қарындаштарды салу үшін қолданылады, - деп жауап береді.

  • Дұрыс, - дейді тәрбиеші балалардың кей жауаптарын толықырғаннан соң. – Ал енді біз ойнаймыз. Мен әр түрлі заттарды атаймын, ал сендер естеріңе түсіріп оларды не үшін қолданатынымызды айтасыңдар. Көбірек айтуға тырысыңдар.

Тәрбиеші балаларға ойын балысында ұсынатын сөздерді алдын ала дайындап қояды.

Ұйқасты тап

Дидактикалық міндет. Балаларды ұйқас сөздерді таңдап қолдануға үйрету.

Ойын ережесі. Ұйқас сөдерді таңдау, қалауы бойынша жауап беру.

Ойын әрекеттері. Ұйқас сөздерді қайталау; сөзбен ойнау.

Ойын барысы. Тәрбиеші балаларға өлең жолдарын тыңдап, ішіндегі ұйқас сөздерді байқауды тапсырады:

Оқыранып, кісінеп,

Тұяғымен жер тарпып.

Жазық қырда көсіліп,

Желмен ойнап жүр шалқып.

«Кісінеп», «тарпып», «көсіліп», «шалқып» сөздерін ерекше екпінмен айтылады.

Балалар «Кісінеп», «көсіліп», «тарпып», «шалқып» сөздерін атайды.

- Дұрыс, балалар, бұл сөздер ұқсас айтылады, яғни олар ұйқас сөздер, - дейді тәрбиеші. – Ал енді «Ұйқасты тап» атты ойын ойнайық. Мен бір сөзді айтсам, сендер оған ұйқас сөзді табасыңдар.

Тәрбиеші ұйқас сөздерді алдын ала дайындап қояды. Егер бала ұйқаспайтын сөз айтса, тәрбиеші екі сөді де айтып, оған тыңдауды ұсынады. Сосын басқа сөзді ұсынуын тапсырады.

Балалар ұйқас сөздерді айтқанды жақсы көреді. Бұл ойыннан кейін олардың өлең шығаруға еген қызығушылықтары артады.



Бұлай бола ма?

Дидактикалық міндет. Логикалық ойлау, мазмұндағы өтірікті байқап қалу қабілетін дамыту.

Ойын ережесі. Кім өтірікті байқаса, сол неге олай болмайтынын дәлелдеуі керек.

Ойын әрекеттері. Өтірікті әңгімеі байқау.

Ойын барысы. Балаларға тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді: «Мен қазір сендерге әңгіме айтамын. Менің әңгімемнен сендер болмайтын нәрсені байқап қалуларың қажет. Кім байқаса, сол мен әңгімемді аяқтағаннан кейін неге оның өтірік екенін дәлелдейді».

Мысалы: «Кешке қарай мен бала бақшаға асығып бара жатқанда маған екі қыз кездесті. Біреуі аппақ мамық итті, ал енді біреуі қарғаны жеткетеп алыпты. Қайта-қайта жұлқынған қарға бір кезде «Ку-ка-ре-ку!» деп айғайлады».

«Жазда мен ағаммен бірге қайықпен жүзіп жүрдім. Ағам шұғыл еңкейіп қалғанда қайық аударылып қалды. Біз суға түсіп кеттік. Жүзіп келе жатсақ – алдымыздан түйе шықты. Біз оның өркешінен ұстап алып ыстық елдерге қарай жүзіп кеттік».

«Бірде мен Жаңа жыл мерекесіне бала бақшаға келдім. Залдың ортасында әдемі, сәнді қайың тұрды. Оны қоршаған балалар спорт киімдерін киіп, жаттығу жасап жатты».



6 - 7 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР

Балалардың жеті жастан кейінгі ақыл-есінің даму ерекшелігі ретінде олардың терең талдаулар мен синтездеу қабілеттерінің артуы болып саналады, яғни заттар мен құбылыстардың жалпы, жеке ерекшелігін анықтай білу, басқа да қасиеттерімен салыстыру, қорыту, байымдау, ой тұжырымын жасау. Алты жасар балалардың білімге, мектепте оқуға деген ынтасын артады.

Оқу кезінде де алты жастағы балаларды ойын әдісімен тәрбиелеу үлкен мәнге ие. Бұл жайында Ш.А.Амонашвилидің «Сәлем, балақайлар!» атты қызықты кітабында сипатталған алты жасар балалармен жұмыс жасаудағы көп жылғы өтілі және осы саладағы көптеген ғылыми ізденістер дәлелдейді.

Алты жастағы балалардың дидактикалық ойындарын жүргізе отырып тәрбиеші олардың жас ерекшеліктерін қанаттандырады. Көп жағдайда балалар өз ойларын жүйелі түрде, мәнерлеп жеткізуге, математикалық түсініктерді, ауызша айтылғандарды естуі бойынша талдауға, тапқырлық, төзімділік, еркіндікке тәрбиелейтін ойындар таңдалып алынады.

6-7 жастағы балалармен ойында жүргізуші болуды көп жағдайда ойыншылардың біріне жүктейді, себебі бұл жаста олар дидатикалық ойындарды таңдауда, ойын жағдайын ұйымдастыруда, ойын кезіндегі серіктесін таңдауда едәуір тәуелсіз, еркін. Тәрбиеші ойыншыларды сыртынан бақылап отырады, қажет кезде ақылшы немесе әділ төреші ретінде балалардың шығармашылық ойынына араласады.

Дидактикалық ойындар ойын әдісі тәрізді барлық уақытта ақыл-ой әрекеттерін, жүйелеуді, балалардың білімдерін анықтаудың белгілі бір амалдарын меңгеру үшін қолданылған. Ойынды таңдау және ойынды жүргізуге ынталандыруды тәрбиеші өз мойынына алады. Ойындардың ережесі мен мазмұны осы және басқа да сабақ түрінің нақты бағдарламалық талаптарымен ұсынылған тәрбие-біліктілікке бағынады. Бұл ойындар белгілі бір жұмыс бөлігі ретінде әр түрлі әдістемелік көмекші құралдарда берілген.

Сабақтан тыс ойындардың ұйымдастырылуы мен басқарылуына тоқталамыз. Алты жасар балалар бос уақыттарында, сабақтан тыс кезде бар ынтасымен ойнайды. Бірақ тәрбиеші балаларға тек олардың ойын үшін шешім қабылдаулары қажет болғанда ғана жаңа ойын ұсына алады. Мысалы, балаларға «Жерде, аспанда және теңізде» деген ойын қатты ойын ойнайды. Бірақ бұл ойынды ойнау үшін балалардың жаяу әскер, ұшқыш, теңізші, тағы басқаларының киімдері жайлы түсініктері болуы керек.

Осылайша ойынды таңдаудың негізі тұрақты болады: ереже, материалдың қолжетерлігі, тапсырманы түрлендіру мүмкіндігі, балалардың сезіміне әсер ету.

Ойынды талдау барысында тәрбиеші көп жағдайда балалардың жағымды әрекеттерін атайды: қол ұшын беруге қабілеттілік, өз жетістіктеріне мақтанбау, төзімді болу, ойын жинақтағанша күту. Осының барлығы балалардың мектепте оқу кезінде өздерін дұрыс ұстап жүруін қалыптастыру үшін маңызды.

Аталған жинақта сипатталған мектептегі дайындық топтарында ұйымдастырылатын көптеген ойындарды тәрбиеші балалармен бірге дайындайды. Бұл жұмыстар нәтижелі болуы үшін тәрбиешіге қандай суретті материал қажет ененін және оларды біртіндеп таңдауды білген жөн; қандай заттарды өздері жасауы мүмкін (қораптар, кеспе қағаздары, фишкалар т.б.). Бұл жұмыстың маңыздысы мынада: балалардың бойында еңбекке деген ынтасы тәрбиеленеді, қол еңбегіне дағдылану дамиды, ең бастысы, зіне жүктелген іске жауапкершілік сезімі артады.

Бұл жерде тәрбиешінің рөлі, оның дидактикалық ойындарды басқаруы, ойынға тәрбиелеудің құралы ретінде қарауы және жеті жасар баланы оқыту маңызды. Бәрінен де тәрбиешінің өзі балалармен ойнауға талпынуы керек. Бұл туралы Ш.А.Амонашвили былай жазады: «Мен мақсатты түрде мәтінді қате оқысам, олар менің «қатемді» тауып күледі. Ал мен өзімді өте салмақты ұстап, олар өз пікірлерін дәлелдегенше, өзімдікін дұрыс деймін. Мен оларға өз нұсқасын айтуды ұсынғанда және әдейі теріс десем де олар күлгендерін қоймайды. Менің «қатемді» тапқан олар неге қате екенін күле дәлелдейді... Балалар менімен пікірталастыру негізінде өздерінің интеллектуалды жеңістеріне, ақиқаттың мақұлданып жарияланғанына қуанады.» (Ш.А.Амонашвили «Сәлем, балақайлар!» М., 1988 ж. 61 б.)

Тәжірибенің дәлелдегеніндей, дәл осындай «пікірталас» негізінде көп жағдайда балалар қуанышты терең сезінеді; осы негізде олардың бойында болашақ оқушыға, жеке адамға тән қасиеттер қалыптасады; өздерінің шешімдерін, пікірлерін дәлелдеуге үйренеді.

Дидактикалық ойындар арқылы ойын ережелерін меңгерту арқылы тәрбиеші балаларды ереже-талаптарға және басқа әрекеттердің түрлеріне салмақты қатынас жасауға үйретеді: шығармашылық ойындарда, еңбекте, оқуда. Талапты орындамауға болмайды – бұны балалар балалық шағында сезінеді. Мұны меңгеруде дидактикалық ойындарының атқаратын қызметі зор. Кішкентай балалардың өзі мынадай реніш айтады: «Мен онымен ойнамаймын, себебі ол ереже бойынша ойнамайды!» Сол себепті тәрбиешінің әрқашан әділ, объективті түрде бағалауы маңызды.

Мектепалды даярлық тобында да тәрбиеші дидактикалық ойындарды басқа да балалардың әрекеттерімен, мәселен, шығармашылық ойынмен, еңбекпен, көркемдік әрекеттерімен байланыстырады. Тәжірибе дәлеліне сүйенсек, дидактикалық ойындар шығармашылық ойынның ойындық пікірін қалыптастыруына негіз болады. Дидактикалық ойындарда балалар танысқан заттар, нышандар, эмблемалар кейін өздерінің шығармашылық ойындарында пайдаланылады. Бұл – балалардың кей іс-әрекеттерге қызығушылығын арттырады.

Білім саласындағы еңбегінде тәрбиеші балаларды бригада, бөлімше қылып топтап жұмысты қорытындылауда жарыстыру элементтерін қолдану үшін дидактикалық ойындарға көп сүйенеді. Балалар еңбегін (бақшада жұмыс істеу, топ бөлмесін жинастыру, ойыншықтарды жасау т.б.) ұйымдастыруда ойын түрін қолдану еңбекті едәуір қызықты, еліктіргіш қылады.

Жоғары топтың балалары өтірік ойындарды жақсы көреді. Бұл ойындар барысында байланыс, образды сөйлесім, қалжың, әзілдесу шеберлігі дамиды және балалардың жаңа білімге деген қызыушылығын арттырады.

Аталмыш ойындарды ұйымдастырудан бұрын тәрбиеші балалардың өтірік әңгіме туралы не білетінін, қайдан естігенін сұрайды. Балалар өтірік әңгіменің ойдан шығарылатынын, оның көбінесе ертегіде кездесетінін айтады. Егер олар жауап бере алмаса, тәрбиеші бұл жайлы өзі айтады.

Ол балалардан өтірік әңгіме араласқан бір ертегіні айтуды тапсырады. Балалар: «Қызыл телпектің қасқырдың ішінен шығуы мүмкін емес», «Қаздар қанаттарына Иванды отырғызып көтере алмайды», «Алтын балық болмайтынды жасамайды», «Аңдар сөйлемейді» т.б.

Балалар шындықтан өтірік әңгімені ажырата алатын дәрежеге еткенде тәрбиеші оларға өтірік әңгіме араласқан шығарманы оқып береді. Кейде балалар тәрбиеші бірден жауап бере алмайтын сұрақтарды да қоюы мүмкін, мысалы, пілдер жүзе ме, тікұшаққа жанармай құя ма т.б. Мұндай жағдайда тәрбиеші жауабын ертең айтамын деп, келесі күні іздеп тапқан ақпаратын міндетті түрде балаларға айтады. Өйткені балалардың мұндай ойындарға қызығушылығы бәсңдейді.

Ойынды ұйымдастырғанда тұтас шығарманы емес, үзіндісін ғана қолданған жөн. Алғашқыда үзіндіде 2-3 өтірік әңгіме кездесуі мүмкін, кейін олардың саны арта түседі. Тәжірибе барысында балалардың үзіндідегі 6-7 өтірік әңгімені есте сақтайтыны байқалды. Осыдан барып тәрбиеші балалардың мазмұнды шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Осылайша мектепалды даярлық топтарында да тәрбиеші дидактикалық ойындарды белсенді түрде басшылыққа алады. Бұнда ойын балалардың сөйлесу құралын қалыптастыру, ойында ғана емес, ойыннан тыс жерде де тәртіп сақтаудың нормасы мен ережесін бекіту, қоршаған ортаның құбылыстарына қызығушылығын ояту үшін де пайдаланылады.

Заттармен ойын

Бірінші сынып оқушысы

Дидактикалық міндет. Бірінші сынып оқушысына оқу үшін не керек екені жайлы балалардың білімін нығайту; мектепте оқуға деген қызығушылығын, жинақылық, ұыптылығын тәрбиелеу.

Ойын ережесі. Белгі бойынша заттарды жинау.

Ойын әрекеттері. Жарысу – кім бірінші болып портфельге мектепке керек заттарды салады.

Ойын барысы. Тәрбиешінің үстелінің үстінде екі портфель жатыр. Келесі үстелде оқу құралдары жатыр: дәптер, кітап, қаламсауыт, қалам, түрлі-түсті қарындаштар және т.б.

Мектепалды даярлық топтарының жуырда мектепке баратынын және олардың оқу құралдарын сумкаларына өздері салып жинастыратыны жайлы шағын әңгімеден кейін ойынды бастайды: үстелге екі ойыншы жақындайды; жүргізушінің белгісі бойынша оқуға қажет құралдарды аса ұқыптылықпен портфельге салып оны жабуы керек. Кім бірінші болып тапсырманы орындаса, сол жеңеді. Ойын жалғасуы үшін тапсырманы орындаған балалар өз орындарына басқа балаларды таңдайды. Қалғандары жанкүйер болып әрі жеңімпазды оъективті түрде сайлайды. Ойын барысында барлық заттардың атаулары мен мағынасы жайлы білімдері бекітіледі. Тәрбиеші заттарды тек жылдам ғана емес, сонымен бірге ұқыпты салуы керек екенін ескертеді; ойын ережесін жауапты түрде орындаған баланы атайды.



Не өзгерді?

Дидактикалық міндет. Балалардың бойына байқағыштық қабілетін тәрбиелеу, заттармен болған көзге аса қатты байқалмайтын, сәл өзгерістерді байқауды үйрету: қуыршақтың бұрымының бантигін ауыстырды, туфлиін өзгерді, түймесін шешті, оң (сол) қолын көтерді; өзгерісті қисынды әңгімелеу.

Ойын ережесі. Кімге доп лақтырса, сол өзгерісті байқап айтады. Егер дұрыс айтса, жүргізуші болады.

Ойын әрекеттері. Жүргізуші шымылдықтың артында тұрып, заттарға өзгерістер жасайды; жауап беруге тиіс балаға допты лақтырады.

Ойын барысы. Тәрбиеші балаларға: «Ойын бізге бұрыннан таныс. Бірақ бұл ойына, - деп ескертеді тәрбиеші, - өте мұқият болыңдар: өзгерістер байқалмайтындай жасалады, сендер дегенмен оны байқауға тырысыңдар. Алғашқы жүргізушіні біз санамақпен таңдап аламыз, ал кейін кім дұрыс жауап берсе, сол жүргізуші болады. Кімге жүргізуші доп лақтырса, сол жауап береді. Сол себепті бәрің жылдам және дұрыс жауап беріңдер».

Санамақпен таңдалған жүргізуші мұқият болуы үшін үстел үстіндегі заттарға қарап, есте сақтауларын өтінеді. Сосын шымылдықтың сыртына заттарды қояды (немесе барлық балаларға көздерін жабуды ұсынады), киімдерін немесе дене мүшесін өзгертеді (қуыршақтың қолын көтеру, басын қозғалту т.б.). Сосын шымылдықты жинап балаларға заттарды анықтап қарауды тапсырады. «Бәрің дайынсыңдар ма?» - деп сұрайды ол балалардан. Сосын допты бір ойыншыға лақтырады. Ол қағып алады да жауап беерді. Егер жауап бұрыс болса, ол жүргізуші болады.

Ойын динамикалық қозғалыста өтіп, балалар белсенді ойнауы үшін бір өзгерістер ғана жасауы қажет. Егер допты ұстап алған бала жауап бере алмаса, ол фант төлейді. Ал фантты ойын соңында немесе серуенде ұтып алады.

Бұл зат не үшін керек?

Дидактикалық міндет. Балалардың байқампаздығын, белсенділігін, өз бетімен ойлауын дамыту; құрал-саймандар, еңбек саймандары жайлы білімдерін бекіту; оларға деген ұқыпты қатынасты қалыптастыру.

Ойын ережесі. Балаларға бір заттың бірнеше жағдайларда қолданылатынын әңгімелейді. Кім бір заттың бірнеше жерде қолданылатыны жайында көбірек еске түсірсе, сол жеңеді. Ол фишка ұтып алады.

Ойын әрекеттері. Заттарды іздеу, жарысу.

Ойын барысы. Тәрбиеші ойынды шағын кіріспе әңгімеден бастайды, яғни заттарды адамдар қалай қолданады, олар өмірде қалай қолданылады, қалай ұқыпты қатынас жасайды.

- Қазір біз мынадай ойын ойнаймыз. Сендер бөлмеден заттарды тауып, бұл заттың не үшін керек екенін және оны қандай жағдайларда қолдануға болатынын айтуларың керек. (Заттар, құрал-саймандар, еңбек құралдары – ойыншықтар - әр түрлі жерлерге жақсы көрініп тұратындай қойлады.)



Ойыншылардың әрқайсысы заттарды қолдарына алып өз орындарына отырады. Тәрбиешінің шақыруымен ойыншы затты атайды да, оның қалай қолданылатынын, оның көмегімен тағы не істеуге болатынын айтады. Барлық балалар тыңдайды да толықтырады. Мысалы, бала қолына шелек алады. Ол былай дейді: «Бұл – шелек. Ол су тасу, бақшаны суару, құм тасу үшін, ал сауыншыларға сүт тасу үшін керек». Немесе: «Бұл – шланг. Онымен гүлдерді, бақша, жолдарды суарады. Шлангының бойымен арқан тәрізді секіруге болады». Немесе: «Бұл – арқан. Ол байлау үшін, әткеншек, жуылған кірді ілу үшін қажет». Әрине, заттардың қолдану мүмкіндігін балалардың барлығы еске түсіре алмауы мүмкін. Бірақ осы ойын арқылы балалар өткендерін еске түсіріп, жылдам ойнауға бейім болады.

15 «ӘСЕЛ» МЕКТЕП- БАҚШАСЫ





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет