«№15 гимназия» кмм сыныптан тыс іс-шара Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ». Өткізген: Анас Б. Ж. Алматы, 2023 Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ»



бет1/3
Дата14.02.2023
өлшемі18,64 Kb.
#168762
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Сыныптан тыс


«№15 гимназия» КММ
Сыныптан тыс іс-шара
Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ».
Өткізген: Анас Б.Ж.

Алматы, 2023
Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ»
Түрі: сайыс сабақ
Мақсаты:
1. Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту;
2. Ата – бабамыздан қалған өшпес мұра, қымбат қазынасы мақал мәтелдер мен жұмбақтарды дәріптеу.
3. Мақал – мәтелдер мен жұмбақтарды үйрете отырып, халық ауыз әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тіл мәдениетіне, достық қарым-қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, тұлғалы азамат болып өсуге, халық мәдениетін жалғастыруға тәрбиелеу.
Жүргізуші: Мақал-мәтелдер – ғасырлар шежіресі, онда халық тарихы, оның тіршілігі, ақыл өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдығымен ерекшеленеді.
Жүргізуші: Жұмбақтар да – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Жалпы алғанда, жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді.
Тілім менің тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өшсе тілім менде бірге өшемін,
Өссе тілім менде бірге өсемін.
(Ә. Тәжібаев)
Барысы:
І кезең - «Тапқырлық».
ІІ кезең - «Мақал – сөздің мәйегі».
ІІІ кезең - «Алғыр болсаң шешіп көр».
ІҮ кезең - «Сандар сыры».
Шаттық шеңбері:
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Жүргізуші: Бүгінгі өтетін сайысымыздың әділ-қазылар алқасы:
І кезең «Тапқырлық»
Жұмбақтың жауабын шешіп, сол сөзге байланысты мақал - мәтел тауып айту
1. Үңгір түбінде жалбырап, 1.Тіл тас жарады,тас жармаса бас жарады.
Өсіп тұр жалғыз жапырақ. (Тіл) 2.Бас кеспек болса да,тіл кеспек жоқ.
2. Бір ғажап бар тілі жоқ, 1.Кітап – білім бұлағы,білім – өмір шырағы.
Сөйлесем десең міні жоқ. (Кітап) 2.Кітап-ғылым,тілсіз мұғалім.
3.Жарқылдаған қос қылыш, 1.Өткір қайшы кесуге жақсы
Қолыңа тисе жоқ тыныш (қайшы) 2.Еңбекқорға дос қайшы,еріншекке қас қайшы
4.Белі бүкір,алысқа түкір (мылтық) 1.Оқсыз мылтық – таяқ.
5. Бірі түкті кілем, бірі түксіз кілем. 1.Таразы туса,таң суиды. Сүмбіле туса су суиды
(Аспан мен жер) 2.Ай жарқырап күн болмас.
6. Аяғы жоқ жүреді 1.Бұлақ көрсең көзін аш.
Сылқ - сылқ күледі. (Бұлақ) 2.Таулы жер бұлақсыз болмас.
7. Бес жанды бір жансызға мінгеседі, 1.Бес саусақ бірдей емес.
Үстінде ақ тақырдың із кеседі. (бес саусақ, қалам) 2.Саусақ бірікпей ине ілікпейді.
8. Мінсең – желдей жүйткиді, 1.Ат-ер қанаты.
Көңілің таудай өседі. 2.Ат адасса жерін,ер адасса елін табар.
«Алып ұшар алысқа 3.Атың барда жер таны.
Ер қанаты» деседі. (Ат)
9. Жаурағанды күлдірер, 1.От - тілсіз жау
Өз еркіне жіберсең, 2.Ойыннан от шығады.
Дүниені бүлдірер. (От) 3.Ойын түбі – от.
10. Кезекті бір жануар, 1.Көрмес түйені де көрмес.
Үстінде екі тауы бар. 2.Түйе – түлік басы.
Мойны ұзын, көзі үлкен. 3.Түйе – көштің көлігі.
Бұл не өзі, тауып ал. (Түйе)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет