«№15 гимназия» кмм сыныптан тыс іс-шара Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ». Өткізген: Анас Б. Ж. Алматы, 2023 Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ»


ІІ кезең. «Мақал – сөздің мәйегі»



бет2/3
Дата14.02.2023
өлшемі18,64 Kb.
#168762
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Сыныптан тыс

ІІ кезең. «Мақал – сөздің мәйегі».
Мақал - мәтелдің жалғасын табу.
1. Жылай - жылай құдық қазсаң,... (Күле - күле су ішерсің)
2. Жолдасы жақсы жолды болар,... (Жолдасы жаман қолды болар)
3. Сабырлы жетер мұратқа,... (Асыққан қалар ұятқа)
4. Ағасы бардың жағасы бар,... (Інісі бардың тынысы бар)
5. Жаздың бір күні... (қыстың мың күнін асырар)
6. Туған жердей жер болмас...(туған елдей ел болмас)
7. Туған жердің күні де...(түні де ыстық)
8. Білетінің бір тоғыз...(білмейтінің тоқсан тоғыз)
9. Күш білімде,....(білім кітапта)
10. Қына тасқа бітеді...(білім басқа бітеді)
11… – адамның бауыр еті. ( бала)
12. … оттан да ыстық. (Отан)
13. Астың дәмін — …(тұз келтірер)

14. Ине көзінен сынады,.....


(шешен сөзінен сынады)

15. Тіл қылыштан......(өткір)

16. Тіл тас жарады,
Тас жармаса......(бас жарады)

17. Шешеннің тілі –.........


(Шебердің бізі)

18. Қызыл тіл жанның мияты,....


(Аброй – ердің қуаты.)

19. Жақсының сөзі ақыл шақырады,....


(Жаманның сөзі ашу шақырады).

20. Айта білмесең мақалдың мәні болмайды,......


(Жасай білмесең астың дәмі болмайды)

21. Сөйлей – сөйлей шешен боласың,...


(Көре - көре көсем боласың)

22. Аузы жаман елді былғар,...


(Аяғы жаман төрді былғар)

23. Мақал атасы сөз,...


(Мата атасы бөз)

24. Батыр туса ел ырысы,...


(Жаңбыр жауса жер ырысы)

25. Жақсыдан үйрен,....


(Жаманнан жирен).


ІІІ кезең. «Алғыр болсаң шешіп көр»
Жасырынған сөздерді табу
І-топқа: ІІ-топқа:
1. Күлме кімге? 1.Талаптыға не жауар?
2. Қайда түкірме? 2. Тіл неден өткір?
3. Әдепті бала қандай бала? 3. Білім басы не?
4. Ұят неден күшті? 4. Неге бал?
5. Тіл не жарады? 5. Ат шаппайды не шабады?
6. Қына қайда бітеді? 6. Қандай үй базар?

ІІІ-топқа: ІҮ-топқа:


1. Нені атпа? 1.Отан неден басталады?
2. Неше теңгең болғанша? 2.Білім бұлағы не?
3. Ердің атын не шығарады? 3.Кімнен үйрен, кімнен жирен?
4. Қыздың неше жаны бар? 4 .Сөйлей-сөйлей кім боласың?
5. Оттан ыстық не? 5. Ер қанаты не?
6. Жігітке неше өнер де аз? 6. Нөсер алдында не ойнайды?

Қосымша.
1. Қар жана ма? (Қалауын тапса қар жанар).
2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Оқу инемен құдық қазғандай).
3. Аппақ қарға бола ма? ( Қарға баласын «аппағым» дейді).
4. Не қорқақ не батыр? ( Көз – қорқақ, қол – батыр).
5. Ең тәтті не? (Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті).
6. Тауық түс көре ме? ( Тауықтың түсіне тары кіреді).
7. Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман).
8. Ол не қабымен? (Тең-теңімен, тезек қабымен).
9. Білмеген не ішеді? (Білмеген у да ішеді, су да ішеді).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет