19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


«Мэйн» крейсерінде болған жарылысты сылтауратып, АҚШ 1898 жылы сәуірде Испанияға қарсы соғыс бастады



бет26/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

2. «Мэйн» крейсерінде болған жарылысты сылтауратып, АҚШ 1898 жылы сәуірде Испанияға қарсы соғыс бастады. Олар тез жеңіске жетіп, испан флотын талқандады, «тәуелсіз» Куба Американың жартылай отарына айналды. АҚШ Филлипины аралдарын басып алды. Осылай испан-американ соғысы халықаралық қатынастар тарихында басталған жаңа кезеңнің белгісі болды: бұл соғыс дүниені қайта бөлу үшін жүргізілген бірінші соғыс болды.

Испанияны жеңген АҚШ-қа Латын Америкасы мен Қиыр шығысты, Оңтүстік-Шығыс Азияны одан әрі экспансиялауға жол ашты.

Дүниені отаршылдық қайта бөлісумен байланысты Англия Африка құрлығының оңтүстігіндегі екі бур республикасына қарсы ашты. Ағылшын-бур соғысы (1899-1902) үлкен соғыс болды. Ұлыбритания бурлардың партизандық отрядтарына қарсы 250 мыңдық армиясын аттандырды. Соғыс кезінде кейіннен дүниежүзінің барлық армиялары үшін үлгі болған кейбір жаңалықтар қолданды: ағылшындар алғаш рет пулемет қолданды, хаки түсті жасырғыш киім киді, ұзақ уақыт пайдаланылатын окоптар қазды. Бурлар жеңіліс тапты. Ағылшындар және жергілікті қара нәсілдер үшін солар сияқты отаршылдар болып табылатын ақ нәсілді бурлар арасындағы келісім 1910 жылы өзін-өзі басқаратын доминион мәртебесін алған Оңтүстік-Африка Одағын құрумен аяқталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   171




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет