Патшайым Тәжібаеваның өмірбаяны



Дата14.03.2023
өлшемі315,93 Kb.
#172437
түріӨмірбаяны
Байланысты:
Ғалым апа
история моей школы, Оқу сауаттылығы, Балалар әдебиеті мәнерлеп оқу практикумымен (семинар )

Патшайым Тәжібаеваның өмірбаяны

Патшайым Тәжібайқызы Тәжібаева 1920 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби (бұрынғы Ленгер) ауданы, Қазығұрт тауының баурайындағы Қарақия ауылында дүниеге келген. Патшайымның атасы Есенқұл қажы ХХ ғасырдың бас кезінде Меккеге барып, Қағба мешітіне тағзым етіп Қажы атанып алған, шаруашылығы қуатты, елін басқарған адам. Оның Тәжібайдан басқа 8 ұлы, 1 қызы болған. Барлығы ержетіп бала-шағалы, күйлі, еңбек адамдары болған. Балалары Тастанбек, Сыздық болыс болған, ал Әуелбек Бұқара медресесін бітіріп, молда болып мешіт ұстаған.
Патшайымның әкесі Тәжібай заман өзгерістеріне байланысты жастайынан орыс мектебінде оқып, Шымкент уезінде Совет үкіметінің жауапты қызметін атқарған. Атап айтқанда, Патшайымның әкесі Тәжібай оқыған , заманының білімдісі, кезінде алаштың зиялы азаматтарымен тілдесіп те, бірлесіп те елге еңбегі сіңген азамат еді. Бірақ ол 1923-жылы аурудан қайтыс болып, әйелі Ардақ 2 ұл, 2 қызбен жесір қалады. Үлкен перзенті Қанымкүл, одан кейін Лашкар, Патшайым және Шамшит.
Арыдан бастасақ, бұлардың шешесі-Ардақ, шын мәнінде ардагер әйел, ардақты ана болатын. Ол әйгілі Төлебидің ұрпағы, әрі бай, әрі беделді ел ағасы Ордабектің қызы болса, келін болып келген жері атақты Есенқұл қажының әулеті болатын. Бұл әулет дін жағынан да, әкімшілік жағынан да Оңтүстік өлкесінде әйгілі әулет еді. Патшайымның шешесі Ардақ малды болғандықтан, көбінесе таудың тұтас бөлігі Жетім шоқы, Төрткүл төбе, Талпақтөбе секілді шөбі шүйгін жерлерді қоныс еткен. Бұл жерде айта кететін бір жайт Патшайым-қаршадай жас кезінде-ақ кең дала, тау-тас, табиғатты сүйіп, құз, шыңдарды кезумен болатын. Мүмкін оның геология мамандығын таңдап алу себебі де осыдан болар.
Патшайымның тағы бір ерекшелігі-ол жасынан еңбекқор , әуесқой, еркек мінезді және бауырмал еді.
1929-30 жылдары Есенқұл әулеті түгелдей, оның ішінде Тәжібай ұрпағы ерекше қатал қуғын-сүргінге ұшырады. Кеңес Одағының заңы бойынша «шынжыр балақ, шұбар төс, халық жауы» аталған есенқұл балаларының көбісін қамауға алып, түрмеге салады. Балаларының бесеуі Совет түрмелерінде қаза болады, ал қалғандары 1941 жылғы Ұлы Отан соғысына дейін қашу, жасырынумен күнелтеді. Олардың бала-шағаларының үлесіне тиген өмір-аштық, жалаңаш-жоқшылық, детдом болды. Патшайым, оның ағасы Лашкар да детдомда өсіп, сонда сауатын ашады, інісі Шамшит детдомда қайтыс болады.
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталған соң Патшайым тұрмыс құрып, отбасын ұйымдастырды. Оның таңдап қосылған өмірлік жолдасы
Ахмет Аққошқаров еді. Ахметтің негізгі мамандығы дипломаттық болатын. Ол көп жылдар бойы Қазақстанның мемлекеттік бақылау министрлігінде жұмыс істеді. Кейін сауда техникумының диреторы болды. Патшайым мен Ахметтен дүниеге екі перзент келді: Қарлығаш пен Құралай. Бұл екеуінің көзге түсер көрнектісі шешесіне тартқан Құралай болды. Ол жасынан ғылымның жолын қуып, физика-математика ғылымының докторы. Анасынан аумаған Құралайдың отбасы мәселесі де өте орынды, өмірлік жолдасы қазақтың атақты жазушысы Сәбит Досанов.
Институтты бітіргеннен кейін өмірінің соңғы күндеріне дейін Қазақ ССР Ғылым академиясының Геология ғылымдары институтында жұмыс істеді.
Оның есімі геология саласындағы ірі-ірі жаңалықтармен байланысты, ол тұнбалы қабаттарды және онымен байланысты пайдалы қазбаларды зерттеу ісін алғаш қолға алушы болды, республикадағы литологиялық ғылымның негізін қалады және ұйымдастырды. Соңғы жылдары Қазақстандағы мұнай-газ көздерін ашу проблемалары бойынша белсенді де көлемді жұмыстар жүргізді.
П.Т.Тәжібаеваның есімі, оның ғылыми жұмыстары еліміздегі және одан тыс жерлердегі көптеген ғылыми қоғамдарда кеңінен таныс. Ол ведомоствоаралық және халықаралық ғылыми қоғамдар мен ассоциациялардың мүшесі болып бірнеше рет сайланды.
П.Т.Тәжібаева белсенді қоғамдық қызмет атқарды. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты болып сайланды. Жоғарғы Совет Төрағасының орынбасары, Алматы облыстық партия комитетінің мүшесі, Жоғарғы мектеп және ғылыми мекемелер қызметкерлері кәсіподағы республикалық комитетінің төрайымы болды.
П.Т.Тәжібаеваның сіңірген еңбегін Коммунистік партия мен Совет мемлекеті жоғары бағалады. Ол екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, Халықтар Достығы орденімен және бірнеше медальдармен марапатталды. Өмірінің ұзақ жылдарын (елу жылға жақын)өзінің сүйген ғылымы-геологияға оның ішінде литологияға және осымен тығыз байланысты қазба байлықтарды (кеңдерді: темір, мыс, алтын, күміс т.б) зерттеуге арнады . 1991 жылы Қазақстанға еңбек сіңірген ғалым Патшайым дүниеден өтті.
Қазақ халқы, қазақ ғылымы барда Патшайым Тәжібаева да халқымен бірге мәңгі жасай береді.


Орта Азия атты алып кеңістіктегі әйелден шыққан тұңғыш ғалым


Өмірбаяны

Тәжібаева Патшайым 1920 жылы 1-қаңтарда қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Қарақия аулында дүниеге келді.


1922–жылы Патшайымның әкесі қайтыс болғаннан кейін, ағасы Лашкар екеуін анасы Ардақ Ташкенттегі балалар үйіне өткізеді.


1936–жылы Талдықорған облысы, Шұбар аулындағы колхозшы жастар мектебін бітіріп, Алматы қаласындағы мұғалімдер техникумына оқуға түседі.


1938-жылы техникумды үздік бітіріп, Ташкенттегі Орта Азия университетіне оқуға түседі.


1942-жылы университеттегі ОҚҰУ бағдарламасын мерзімінен 1 жыл бұрын бітіріп. 1-дәрежелі дипломды иеленіп, геолог маманы болып шығады.


1943-жылы Мәскеуге топырақтану институтына рентгенография ғылымының аспирантурасына түседі.




1991-жылы Қазақстанға еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Орта Азия атты алып кеңістіктегі әйелден шыққан тұңғыш ғалым Патшайым Тәжібаева дүниеден өтті.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет