1991 жыл — Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялауы



бет1/4
Дата19.09.2023
өлшемі9,05 Mb.
#181475
түріКонкурс
  1   2   3   4
Байланысты:
Хронология ҚР
Тіл мерекесі топперлер, Тілдер мерекесі 2


1991 жыл — Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялауы
Тәуелсіздіктің тұғырын биік ұстаған Қазақстан 31 жыл ішінде өте көптеген жетістіктерге жетті. Дегенмен мемлекет тарихында алтын таңба болып қалатын елеулі оқиғалар легі қандай? 31 жылды артта қалдырған Тәуелсіздік еліміздің басты оқиғаларына көз жүгіртейік.

1992 жылдың 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-ның мүшесі атанды. Сол жылдың басында Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін: әнұран, елтаңба және туды жасауға конкурс жарияланды. 1992 жылдың 4 маусымында ҚР Президенті «ҚР мемлекттік Туы», «ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы», «ҚР Мемлекеттік Әнұраны туралы» заңға қол қойды.

1993 жылдың 28 қаңтарында Жоғары кеңес Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясын қабылдады. Қазақ тілі енді ресми түрде мемлекеттік тіл деп саналады. Сол жылы ұлттық валюта енгізу жөніндегі Мемлекеттік комиссия құру туралы шешім қабылданды. Оның төрағасы болып премьер-министр Сергей Терещенко тағайындалды. Сонымен бір мезгілде Ресеймен ортақ рубль аймағы туралы келісімге қол қойылды. Дербес ақшаның енгізілетіні туралы Қазақстан халқына небары үш күн бұрын ғана хабарланды.

1994 жылы Байқоңыр ғарыш айлағы Ресейге жалға берілді. Келісім бойынша, көршілерге оны пайдалану жылына 115 миллион долларға түспек. Бірақ республика алғашқы нақты ақшаны тек 1999 жылы ғана алуға қол жеткізді. Шілде айында ғарышқа екінші қазақ — Талғат Мұсабаев ұшты, бірақ ол Ресей федерациясының азаматы ретінде ұшқан еді. Ғарышқа екінші рет ұшып барған соң Талғат Мұсабаев Ресей федерациясының батыры және Қазақстанның «Халық қаһарманы» атағына ие болды.



1995 жылдың 30 тамызында қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясы қабылданды. Ол бойынша республика президенттік басқару түріне көшеді, енді заң шығарушы органды тек мемлекет басшысы ғана тарата алады.

1996-ші жылы күзде Қазақстанда ұлттық әуе тасымалдаушы пайда болды. «Эйр Қазақстан» компаниясына азаматтық авиацияны тұрақтандырып, жаңадан ұшақтар алынып, ішкі және халықаралық бағыттарға әуе қатынастары көбейтеді деген үміт артылды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет