1991 жыл — Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялауы


жыл. Осы жылы теңгенің жаңа үлгілері айналымға шығарылды және «Самұрық» мемлекттік қоры құрылды



бет3/4
Дата19.09.2023
өлшемі9,05 Mb.
#181475
түріКонкурс
1   2   3   4
Байланысты:
Хронология ҚР
Тіл мерекесі топперлер, Тілдер мерекесі 2
2006 жыл. Осы жылы теңгенің жаңа үлгілері айналымға шығарылды және «Самұрық» мемлекттік қоры құрылды. Кейін «Қазына» қорымен бірігіп, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ болды.

2007 жыл. Бұл жыл еліміз үшін ғана емес бүкіл әлем үшін тарихтағы ең ірі қаржылық дағдарыспен есте қалды. Экономикалық дағдарыс Қазақстанды да шарпып өтті.

2008 жыл. Осы жылы 13 қазанда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамға айналды.

2009 жыл. Қаңтар айында Ұлттық банк басшысы болып Григорий Марченко қайта келді. Осы кезде доллар бағамы 150 теңге деңгейіне жетті.

2010 жыл. Қазақстан Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтвмақтастық Ұйымына төрағалық етіп, желтоқсан айында елімізде саммит өткізілді.



2011 жыл. Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары өті. Қазақстандық спортшылар 70 медаль иеленді. Оның ішінде 32 алтын, 21 күміс және 18 қола алды.



2012 жыл. Осы жылдың 22 қарашасында 2017 жылғы Әлемдік көрмеге елімізде өткізу құқығына ие болғаны туралы белгілі болды. Халықаралық көрме бюросының мүшелерінің қатысуымен Астана 103 дауыс жинады.

2013 жыл. 24 тамыз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының XX мерейтойлық сессиясы болып өтті.

2014 жылдың тамыз айында Үкіметте қайта құрылымдау болды. 17 министрлік пен 9 агенттіктің орнына елде 12 министрлік және шамамен 30 комитет құрылды. Қаржы полициясы жабылды, оның қызметін мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес істері жөніндегі агенттік алды. ТЖМ қызметі Ішкі істер министрлігіне берілді. Сонымен қатар, Энергетика министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігі құрылды.

2015 жыл. Аталған жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет