1Алғашқы қауым адамзат тарихындағы алғашқы



Дата08.02.2022
өлшемі20,03 Kb.
#121007
Байланысты:
2 срс руханият


1Алғашқы қауым — адамзат тарихындағы алғашқы қоғамдық-экономикалық бірлестіктердің әлеуметтік ғылымдағы атауы. Алғашқы қауымды жер шарын мекендеген барлық халықтар өз дамуының бастау сатысында басынан кешкен. Алғашқы қауымда еңбек қатынастары құрал-жабдықтарға қоғамдық меншікке негізделді. Шаруашылық ұжымды түрде және қарапайым еңбек құралдарының көмегімен жүргізілді. Ол адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан кезеңінен мемлекеттің пайда болу кезеңіне дейінгі аралықты қамтиды. Алғашқы қауым даму кезеңінің басты мақсаты — қауымның және оның мүшесі болып табылатын әрбір адамның өмір сүруінің негізгі шарты болып табылатын қажетті өнімді өндіру және тұтыну болды. Өндіргіш күштердің нашар дамуы жағдайында бұл мақсатқа жетудің жолы ұжымдық (қауым шеңберіндегі) еңбек еді. Алғашқы қауымдық қоғам өндірістің материалдық жағдайларының теңдігімен, еңбектің жалпыға бірдей міндеттілігімен, қоғам және қауым мүшелері мүдделерінің бірлігімен және негізгі құрал-жабдықтарға қауымдық меншіктің болуымен сипатталады. Қауым барлық ұжым мүддесіне сәйкес оның мүшелерінің өнімді тұтынуын реттеп отырды. Өнімді қауым мүшелері арасында тең бөлу, теңдестіру бұл қоғамда алғашқы қауымдық адамның барынша қиын өмір сүруінің салдары болды. Олардың ешқайсысы жалғыз-жарым жүріп күн көре алмады.
2Феодалдык кауым. Егер ХV-ХVІІІ ғғ. Қазакстанның қоғамдык кұрылымын тұтастай әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде карастыратын болсак, онда оның өндірістік-шаруашылык негізі — қазак қауымының патриархалды-феодалдык өмірі мен тұрмысының жанжакты көрінісі болып табылады.Қоғамдык өндірістің аса басым болған түрі — әкстенсивті мал шаруашылығы еді. Бірлескен казақ кауымында дуализм құбылысы орын алған, яғни коғамдық өндіріс бір жағынан, жайылым жерлерін ортақ иеленумен, екіншіден, малға отбасылардың жеке меншігімен сипатталды. Қазақстандағы меншік түрлерінің негізі мен маңызы даулы мәселе болып табылады. Тарихшылардың бір бөлігі — егіншілер немесе көшпенділер туралы сөз бола ма, оган байланыссыз, өндірістің феодалдық тәсіліне ірі жер меншігі тән және бұл экономикалық негізсіз, көшпенділер қоғамында феодализмнің орнау барысын шамалау да мүмкін емес деп санайды
3Индустриалдық қоғам- «дәстүрлі», «аграрлық» және т.б. аз дамыған қоғамдармен салыстырғанда қазіргі «дамыған» қоғамдардың тенденциялары мен ерекшеліктерін білдіретін ұғым. Бұл терминді француз философы, ойшылы А.Сен-Симонға телиді (жатқызады). Әрі қарай осы концепция әлеуметтанудың О.Конт, А.Токвиль, К.Маркс, Э.Дюркгейм және басқа классиктарының идеяларымен байытылды. Индустриалдық қоғам концепциясы өте жоғары көркеюі мен ресми академиялық теория деуге болатындай дәрежесіне ХХғ. 50-60ж.ж. батыстық әлеуметтануда жетті (Ж.Фурастье, Р.Арон, Р.Дарендорф, У.Ростоу, Дж.Гэлбрейт және т.б.). Сол кезде индустриалдық қоғам жалпы, жалпылық (общее) ретінде «капитализм-социализм» ұғымдарын қарсы қоймау үшін маркстік капиталистік қоғам түсінігімен бәсекеге түсті, сөйтіп дамыған өнімді күштері және қоғамдық байлықтың жинағы бар капитализм мен социализмді бір типтегі индустриалдық қоғамның әр түрлері ретінде қарастырды.
4Постиндустриалды қоғам — қоғамның даму сатысы. Постиндустриалды қоғам теориясының негізін қалаған Д.БеллД.РисманА.ТоффлерЗ.БжезинскийДж.Гэлбрейт, т.б. Постиндустриалды қоғам термині АҚШ-та 20 ғ-дың 50 — 60-жылдары ғылыми айналымға еніп, 60-жылдардың аяғынан теориясы ғылыми негізделген, жаңа мазмұнға ие болды. Оның айрықша белгілері: шығармашылық, интеллектуалдық еңбектің жаппай таралуы, ғылыми білім мен ақпарат көлемінің сапалы түрде артуы, байланыс құралдарының, ғылым, білім беру, мәдениет салаларының дамуы, т.б. 70 — 80-жылдары постиндустриалды қоғам тұжырымдамасы қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың әлеуметке (социумға) ықпалын сипаттауға тиіс футурологиялық және социологиялық теория ретінде дамыды. Америкалық социолог Д.Белл постиндустриалды қоғамды анықтайтын келесі факторларды атап көрсетті: 1) өндірістегі өзгерістің негізіне айналатын теориялық білімнің орталықтандырылуы; 2) экономиялық, инженерлік, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жаңа интеллектуалдық технологияның пайда болуы; 3) білім, ақпарат таратушы әлеуметтік топтың қалыптасуы; 4) билік қатынастарының өзгеруі: индустриалдыққа дейінгі қоғамда — аристократия, индустриалдық қоғамда — демократия, постиндустриалды қоғамда — меритократия. Постиндустриалды қоғам қала тұрғындары 70 — 85%-ға жеткенде басталады. Онда аграрлық және индустриалдық тіршілік екінші кезекке өтеді. Ескі индустриализмнің орнына үстеме, еселі индустриализмнің келуі жаңа жаппай тұтыну мәдениетін өмірге әкеледі. Постиндустриалды қоғамның негізгі жетістігі — демократиялық процестердің, азаматтық қоғам құндылықтары рөлінің артуы, жұртшылықтың әлеуметтік-экономиялық жағдайының жақсарып, тұрмыс деңгейінің өсуі. Алайда постиндустриалды қоғамда ұлт тілін, төл мәдениет пен өнерді сақтау аса қиын болмақ. Бұл қоғамда барлық тауқыметтер өзінен-өзі шешіледі деген болжам негізсіз. Белл постиндустриалды қоғамның қалыптасуын компьютер негізгі рөл атқаратын ақпарат пен білім саласындағы революциямен байланыстырады. Оның пікірінше, компьютер технологиялық революцияның символы әрі материалдық тасымалдаушысы, компьютер қоғамды түбегейлі өзгеріске әкеледі. Сөйтіп, жаңа қоғамда ақпарат және оны пайдалану мен тарату үшін техникалық базаны қамтамасыз ететін электронды құралдар негізгі рөл атқармақаласы Осыған орай постиндустриалды қоғам ұғымымен үндес “ақпараттық қоғам” термині кеңінен қолданыс тапты. [1]

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет