Тақырыбы: Фигуралардың теңдігі Мақсат



Дата06.05.2020
өлшемі102.31 Kb.
түріСабақ

Тақырыбы: Фигуралардың теңдігі

Мақсат:




Жаңа білім

• Фигуралар теңдігімен танысу. Бірлік кесіндімен және кесінділерді өлшеу аксиомаларымен танысу.

Жаңа түсінік

• Жалпы геометриялық фигуралардың қандай жағдайларда тең болатынын түсіну. Кесінділерді өлшеу аксиомаларын түсіну.




Қолданым әрекеті

• Фигуралар теңдігін анықтауды үйреніп түрлі амалдарға қолдану.

Талдау әрекеті

• Геометриялық фигуралардың теңдігін және кесінділерді анықтау аксиомаларын талдау.

Шығармашылық әрекет

• Сызғыш қолдану арқылы сыныптағы ұзындықтары тең заттарды анықтау.




Бағамдау әрекеті

• Фигуралар теңдігін және кесінділерді анықтау аксиомаларын қорытындылау.

Сабақ құрылымы:




І. Ақпарат алмасу (10 мин.).

ІІ.Алғашқы бекіту (5 мин.).

ІІІ.Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV.Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V.Бағамдау-бағалау (5 мин.).

Сабақ типі: • фронтальді, жұптық, топтық.

Оқыту әдісі:репродуктивті, ішінара ізденушілік.

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:




•оқушыларға бағыт-бағдар, қажет болған жағдайда көмек береді

Негізгі ұғымдар мен терминдер:




•фигура, нүкте, кесінді, түзу, сәуле, теңдік, төртбұрыш, ұзындық, аксиома.

Оқушыда дағды қалыптастыру:




• тақырып бойынша әртүрлі танымдық сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу.

Ақпарат көздері:




1. Ж.Қайдасов, Г.Досмағанбетова, А.Абдиев “Геометрия” 7сынып оқулығы. Алматы «Мектеп» 2012.

Оқушы жетістігін бағалау:




• оқушыға сабақ блоктарының деңгейлік тапсырмаларын уақытылы орындауы, топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын орындауына байланысты баға қойылады

Үй тапсырмасы:




• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы:

Бұрыш дегеніміз не? Оны қалай белгілейміз?

Бұрыштың биссектрисcасын түсіндіріп бер.





•Бонус-балл тапсырмасы:

Бұрыш және оның градустық өлшемі жайлы үйде оқып келу.






САБАҚ БЛОКТАРЫ 







і. аҚПАРАТ алмасу




Тақырып жоспары:

Кіріспе:


  1. Тең фигуралар

  2. Тең кесінділер

  3. Бірлік кесінді

  4. Кесінділерді өлшеу аксиомалары

Слайдтар:

1-слайд Фигуралардың теңдігі




2-слайд

  • Бұл тақырып арқылы сендер геометрия ғылымы жайлы білімдеріңді кеңейтесіңдер; фигуралар теңдігі мен кесінділер теңдігін анықтауды үйренесіңдер және де кесінділерге түрлі амалдар қолдануды үйренесіңдер.




3-слайд

  • Екі фигураның тең не тең емес екенін анықтау үшін алдымен оларды беттестіру қажет.




4-слайд

  • Анықтама: Сәйкес нүктелері беттесетін екі фигура тең фигуралар деп аталады.

  • Мысалы, ABCD төртбұрышының A' B'C'D' төртбұрышына тең екенін көрсету үшін ABCD төртбұрышы нүктелері үстіне A' B'C'D' төртбұрышының сәйкес нүктелерін дәл келетіндей беттестіреміз. Егер А нүктесімен А' нүктесі, АВ кесіндісімен А'В' кесіндісі сәйкес келсе, онда берілген екі төртбұрыш тең болып табылады.




5-слайд

  • Анықтама: Беттестіргенде ұштары дәл келетін кесінділер тең кесінділер деп аталады.

  • AB және A'B' кесінділері берілсін. Егер АВ кесіндісін A'B' кесіндісінің үстіне А және А' нүктелері дәл келетін етіп қойғанда В және B' ұштары дәл келсе, АВ және A'B' кесінділері тең болады да АВ= A'B' деп жазылады.






6-слайд

  • Егер АВ кесіндісін А'В' кесіндісінің үстіне А және А' нүктелері сәйкесетін етіп қойғанда В және В' нүктелері дәл келмесе төмендегі екі жағдай болуы мүмкін.






7-слайд



  • Кесіндінің ұзындығын өлшеу үшін бөлік сызықтары бар сызғышты қолданады. АС кесіндісінің ұзындығы 120 мм-ге тең. Мұнда кесіндінің өлшем бірлігі ретінде 1 мм алынған.




8-слайд

  • Ұзындығы таңдап алынған өлшем бірлігіне тең болатын кесінді бірлік кесінді деп аталады.

  • Кесіндінің ұзындығын өлшеу дегеніміз, ол кесіндіде қанша бірлік кесінді бар екенін көрсететін санды табу болып есептеледі.




9-слайд Кесінділерді өлшеу аксиомалары

  • 1. Әрбір кесіндінің нөлден үлкен белгілі бір ұзындығы бар болады.

  • 2. Егер берілген нүкте кесіндінің ұштарының арасында жатса, онда берілген кесіндінің ұзындығы пайда болған кесінділердің ұзындықтарының қосындысына тең болады.




10-слайд

Сонымен, берілген кесіндіні санға көбейткенде шығатын кесіндінің ұзындығын табу үшін берілген кесіндінің ұзындығын сол санға көбейту керек.









іі.алғашқы бекіту




Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Тең фигуралар

Тең кесінділер







Қорытынды:______________________________________________________________________________________________________________________________________




ііі.құзырлылық қалыптастыру





Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. Кез келген кесінді сызыңдар. Циркульдің көмегімен оған тең кесінді өлшеп салыңдар.

2. Қағаздан қиып алынған ABCD шаршысын АС кесіндісі бойымен бөліңдер. Пайда болған үшбұрыштардың теңдігіне көз жеткізіңдер.

3. ABCD квадраты берілген. AB, BC, CD, DA, AC, BD кесінділерінің ішінен; Өзара тең болатын; Ортақ нүктесі болатын; Ортақ нүктелері болмайтын кесінділерді анықтаңдар. Сызбада көрсетіңдер.

4. AB=20м, AC=5м, BD=7,9м кесінділері берілген. Төмендегі жағдайлар үшін

CD кесіндісінің ұзындығын табыңдар:

1.C мен D нүктелері AB кесіндісінде жатады.

2.С мен D нүктелері AB кесіндісіне тиісті емес.

3.C нүктесі ғана AB кесіндісіне тиісті.

4.D нүктесі ғана AB кесіндісіне тиісті.
ІІ деңгей тапсырмалары

1. А, В, С нүктелері бір түзуде жатады, ал А нүктесі В және С нүктелерінің арасында жатады. АВ=x, АC=x+4,3, BC=6,7. AC кесіндісінің ұзындығын табыңдар.

2. Бір түзудің бойынан C, D және М нүктелері алынған. М нүктесі C мен D нүктелерінің арасында жатады. Егер CM=а+1, DM=а+2 болса, онда CD кесіндісінің ұзындығы 3-тен артық бола ма?

ІІІ деңгей тапсырмалары

16 тор көзден тұратын шаршыны өзара тең үш кесінді арқылы екі тең бөліккe бөліңдер.

_________________________________________________________________________





іV.шығармашылық әрекет




Топтық жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлініп келесі тапсырманы орындайды.

І топ


1. АВС және DЕF үшбұрыштары тең: DЕ=3 см, ЕF= 4 см, DF= 5 см.

АВС үшбұрышының қабырғаларын табыңдар.

_________________________________________________________________________

ІІ топ


1. АВС және МDК үшбұрыштары тең. АВ=3 см, ВС= 4 см, АС= 5 см.

МDК үшбұрыштарының қабырғаларын табыңдар.

_________________________________________________________________________






V.бағамдау-бағалау



Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.



_________________________________________________________________________

______________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет