1.Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы Қасым хан кім билікке қалай келді?



бет6/7
Дата29.04.2020
өлшемі165,94 Kb.
#65160
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
7 кл касым хан
Документ, Документ, Документ, Судорожный синдром (ДБ), 10
Ұлы даналар сөзі

Тарихтағы көптеген адамдарды олар жайлы айтылған ой-пікірлерден оқып білеміз. Сол сияқты Қазақ хандарын тек қана қазақтар ғана емес, сонымен қатар басқа да адамдар жоғары бағалап, олар жайлы бірауыз пікір қалдырған. Ұлы даналардың ұлы сөздеріне тоқталар болсақ:

Захир ад-дин Бабыр:

Жұрттың айтуына қарағанда, қазақ хандары мен сұлтандарының бірде-бірі бұл халықты дәл осы Қасым хан сияқты бағындыра алмаса керек. Оның әскерінде 300 мың адам болған.



Мұхаммед Хайдар Дулати:

Ол Дешті Қыпшаққа толық билігін таратты, оның халқы миллионнан асты. Жошы ханнан кейін бұл жұртта дәл мұндай күшті хан болған жоқ.



Қадырғали Жалайыр:

Жәнібек хан ұлдары ішінде аса белгілі болғаны Қасым хан еді. Ұзақ уақыт атасының ұлысына патшалық етті. Төңірегіндегі уәлаяттарды өзіне қаратты.



Махмуд ибн Уәли:

Қасым хан Дешті Қыпшақ аймақтарында өз билігін күшейткені соншалық, оның әскерінде 200 мыңнан аса адам болды.



Хайдар Рази:

1515-16 жылдары Қасым хан Жошы ұлысын тәртіпке келтіргендігі сондай, бұдан артықты көз алдыңызға елестету мүмкін емес, оның халқының саны миллионға дейін жетті.



Гафари:

Қасым хан Дештінің ханы болған. Шайбани хан екеуінің арасында кикілжіңдер болып, 1509-10 жылы Шайбани хан оған қарсы аттанды, бірақ жеңіліс тапты.

Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы жайындағы хабарлар Еуропа елдеріне де жеткен.

Сөз түйін. XVI ғасырдың бірінші ширегінде қазақ атын жер жүзіне жеткізген Қасым хан есімі қазақ халқының тарихи санасында мәңгі орын алып, жарты мың жылдан аса сақталып келе жатыр. Қасым ханның қазақ билеушілерінің болашақ өкілдеріне қалдырған өнеге жолы – елдің саяси бірлігін сақтауымен мемлекеттіліктің ең басты көрсеткіші хандық билікті нығайтуы, оны мойындатуы. Тарихтың төрінен, қазақтың жүрегінен орын алған Қасым ханның қайсар мінезі ұлт санасында ешқашанда өшпейтініне сенімдіміз. Қасым ханның өмірі мен қазақ тарихының сахнасында алатын орны міне, осындай

Пәні

Қазақстан тарихы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет