1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз


Марғасқа жыраудың «Хан емессің қасқырсың» -деген жырының көркемдік ерекшелігі



бет37/45
Дата20.12.2023
өлшемі257,63 Kb.
#197850
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
Байланысты:
Жырау сал-сері
Sultaanmuratova presentation 888
88. Марғасқа жыраудың «Хан емессің қасқырсың» -деген жырының көркемдік ерекшелігі.
ХVІІ ғасырда Жиембет жыраумен тұстас өмір сүріп, Есім ханмен етене араласқандығы шығармашылығынан анық танылатын жырау – Марғасқа.Оның Есім хан билігі тұсында өмір сүргендігі жыраудың өз толғауы арқылы белгілі. Мазмұнына Есім ханның ел билеушілік, қолбасылық қасиеттері, ерлік қимылдары арқау болған жеті мың жолдық «Еңсегей бойлы Ер Есім» аталатын тарихи-қаһармандық жырдың авторы болуы ықтимал деп болжанатын Марғасқа жыраудан бүгінге дейін сақталып жеткен жалғыз ғана шағын шығарма бар.
Себебі – бірнеше жылдар бойы оқтын-оқтын шапқыншылық жасап, елдің берекесіналған ойраттарға қарсы қалың ел Есім ханның бастауымен дәл осы жылы шешуші жорыққа аттанған кезде Қазақ хандығына қарасты Ташкент жұртының әміршісі, қатаған руынан шыққан Тұрсын хан ел ішінде ойран жасап, сол кезеңдегі қазақ астанасы – Түркістанды опасыздықпен басып алған болатын және Есім ханның отбасын тұтқындап, Ташкентке жөнелткен еді. Ал ойраттарға күйрете соққы беріп, қайтып оралған Есім хан келесі кезекте Тұрсын хан бастаған бүлікшілерді Сайрам түбінде талқандап, Ташкентті қайта бағындырып, антбұзар Тұрсын ханның басын шапқан болатын.
Марғасқаның опасыз Тұрсын ханға арналған сөзі дәл осы оқиға үстінде, дәлірегі, Тұрсынның Ташкенттегі сарайын Есім хан сарбаздары басып алған сәтте айтылса керек. Осы тұста, жоғарыда сөз болған, ойраттарды талқандай жеңу мен Ташкентке шабуыл аралығында үзіліс болмағанын ескерсек, Марғасқа жыраудың аталған екі оқиғаның да бел ортасында жүргенін түсінеміз. Ал Тұрсын ханның сарайына алдыңғы лекпен кіріп, оған бетпе-бет тіл қатуына қарағанда, оның әрдайым сарбаздардың алдыңғы қатарында жүргенін де пайымдаймыз.
Жоғарыдағы жәйттерден Марғасқа жыраудың Есім хан тұсындағы дүбірлі оқиғалардың қақ ортасында жүріп, жорықтар мен ұрыс-шайқастар кезінде қазақ сарбаздарын өткір жыр-толғауларымен жігерлендірген өр мінезді, өткір тілді жырау болғанын анық сезіледі. Сондай-ақ, Марғасқа жырау толғауына тән батылдық, кесіп айту іспетті сипаттардың кейінгі ақын-жырауларда ауқымдала көрінетінін ескерсек, оның шығармашылық дәстүрі кейінгі жыраулар буыны үшін үлгі болғанын байқаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет