1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз


Бұқар жырау толғаулары қандай тақырыптарды қамтиды?



бет38/45
Дата20.12.2023
өлшемі257,63 Kb.
#197850
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
Байланысты:
Жырау сал-сері
Sultaanmuratova presentation 888
89. Бұқар жырау толғаулары қандай тақырыптарды қамтиды?
Бұқар Қалқаманұлы 1668 жылы Баянауылда дүниеге келіп, 1781 жылы Далба тауында дүние салған әйгілі жырау, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында хандық құрған Абылайдың ақылшы, кеңесшісі болған. Сондықтан ол Абылайға батыл тіл қатып, оған «Абылайшам», «Абылайша» деп еркін сөйлеген. Бұқар өзінің «Ей, Абылай» деген толғауында Абылайды он бір жасынан білетінін тілге тиек еткен.
Бұқар жырау замана, өмір жайлы көп толғанған. «Асқар таудың өлгені» толғауында табиғатта бәрі өшіп, өніп, өзгеріп отыратынын айта келіп, «Өлмегенде не өлмейді?» деген сұрақ қойып, оған «Жақсының аты өлмейді, әлімнің хаты өлмейді» – деп жауап беріп, бүкіл саналы ғұмырын адамзаттың жақсылығы үшін жұмсаған адамның өзі де, сөзі де өлмейді деген тұжырым жасаған. Жыраудың «Жиырма деген жасыңыз», «Атам болған жиырма бес», «Сен он бір жасыңда», «Ей, Абылай, Абылай» деген толғаулары адам өмірінің кезең-кезеңіне арналған. Бұқар жырау «Жиырма деген жасыңыз» толғауында адам өмірінің әр кезеңінің ерекшеліктеріне тоқтала келе, жастық шақты «ағып жатқан бұлаққа», «жарға ойнаған лаққа», «ерттеп қойған құр атқа» теңейді. 
Бұқар толғауларының басты тақырыбы – ел бірлігі. Жоңғар шапқыншылығынан кейін тоз-тоз болған елдің басын бір тудың астына жинау мақсатын терең түсінген Бұқар жырау ел-жұртын береке-бірлікке, татулыққа, ұйымшылдыққа шақырған. Бұқар жырау бұл ойын өзінің «Тілек» өлеңінде одан әрі нақтылай түскен.Бұқардың ел бірлігін сақтау мәселесі «Керей, қайда барасың?» толғауында өз жалғасын тапқан.
Бұқар толғауларынан Абылай бейнесі ерекше орын алған. Бұқардың «Ай, Абылай, Абылай», «Абылай ханның қасында», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Құбылып тұрған бәйшешек», «Қалданменен ұрысып», «Қазақтың ханы Абылай», «Ал, тілімді алмасаң» сияқты көптеген толғаулары Абылайға арналған.Жырау толғауларынан мақал-мәтел болып кеткен жолдар да кездеседі. Мысалы, «Шаршы топта сөз бастау қиын», «Ежелгі дұшпан ел болмас», «Әкелі бала жаужүрек», «Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар», «Жақсының аты өлмейді», т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет