1.«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсының пәні, мақсаттары мен міндеттері. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында»



бет1/42
Дата07.02.2022
өлшемі133,42 Kb.
#94181
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
РК ТАРИХ
Акт 1 топ, 601246.pptx, Конфликтология, Конфликтология

1.«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсының пәні, мақсаттары мен
міндеттері. Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты жұмысындағы
ұлтық тарихқа стратегиялық көзқарас.

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат бере отырып, Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне тыңдаушы назарын бағыттайды. Тыңдаушыға тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізіп, тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға тыңдаушыны үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастырады.


Бүгінгі Қазақстан - қалыптасқан мемлекет. Біз мемлекет құрудың жаңа белесіне шықтық. Мемлекет басшысы ұсынған «Қа­зақстан-2050» Стратегиясы қо­ғам дамуының жаңа белесіндегі бас­ты сұрақтарға, атап айтқанда, біз қай­да барамыз және 2050 жылы қай­да болғымыз келеді деген сұрақ­тар­ға жауап береді», - деген Марат Мұ­хам­бетқазыұлы, мәселе ел болашағының дүниетанымдық жаңа моделін жобалау, басты құндылықтар мен бағ­дарларды айқындау туралы болып отыр­ғанына назар аударды.
Ұлт­тық тарихқа стратегиялық тұрғы­­дағы өзінің көзқарасын Мемлекет бас­шысы 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» кітабында баян етіп берді. 2003 жылы, Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н.Ә.Назарбаев бұрын-соңды болып көрмеген «Мәдени мұра» бағдарламасын бастайтынын жариялады. Бағдарлама жүзеге асырылған жеті жылда - 2004-2011 жылдар аралығында Қа­зақ­станның тарихы, археологиясы мен этнографиясы бойынша 26 ар­наулы зерттеу жүргізілді. Дегенмен, мұның бәрі - тарихи жады мен тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жолындағы ауқымды жұмыстың басы ғана.

Қазақстанның қазіргі аумағы негізінен қазақ этносын қалыптастырған тайпалардың таралу аумағына сәйкес келеді. Ол тайпалардың XV ғасырда аяқ астынан қалыптаса қалмағаны айдан анық. Қазақ этносының қалыптасуы талай мыңжылдықтарға созылған үдеріс, өкінішке орай, ол жеткілікті деңгейде зерттелмеген. Ғалымдарымыз әлі күнге дейін көне түркілік Дешті Қыпшақ даласындағы ертедегі мемлекеттік құрылымдардың құрылуы мен ыдырауы, түркі-қыпшақ жұртының таралу аймағы, Еуразия топономикасының тарихы сияқты тағы басқа да аса күрделі әрі ауқымды тақырыптарды жаңа әдіснамалық тұрғыдан қарастырған жоқ.



«Тарих толқынында» еңбегінде Мемлекет басшысының жазғанындай, «Біздің арғы ата-бабаларымыз Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі, Сібірден Үндістанға дейінгі аумақты алып жатқан мемлекеттердің дамуында екі мың жыл бойы елеулі рөл атқарып келді. Орасан зор кең-байтақ аумақта қоныс аударумен болған көшпелілер Еуразияның этностық және мемлекеттік бет-бейнесін бір емес, бірнеше рет өзгертті».




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет