1.«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсының пәні, мақсаттары мен міндеттері. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында»


Қазақстан тарихының кезеңделуі. ежелгі және ортағасырлар, жаңа дәуір



бет2/42
Дата07.02.2022
өлшемі133,42 Kb.
#94181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
РК ТАРИХ
Акт 1 топ, 601246.pptx, Конфликтология, Конфликтология
2.Қазақстан тарихының кезеңделуі. ежелгі және ортағасырлар, жаңа дәуір,
қазіргі заман.
. Алдыңғы ортағасырлық кезең үшін бірқатар түрік тайпаларының (қыпшақтардың, қарлұктардың, қаңлылардың, ұйғырлардың), оғыз тайпасының негізін қалаушы Оғыз ханның тарихымен тікелей байланысты аталуының маңызы зор. Хиуа ханы Әбілғазы (XVII ғ.) тарихи екі шығарма: «Түріктер шежіресі» және «Түрікмендер шежіресі» жазған, олардың беттерінде оғыздардың, кьшшактардың, қаңлылардың алдыңғы және кейінгі орта ғасырларға кдтысты тарихына едәуір көңіл бөлініп, түрік этнонимдерінің этимологиясы келтіріледі, сондай-ақ Казақстанның тарихи географиясы жөніндегі мәселе козғалады.

Нақ сол ғасырда түрік тарихшысы Мунеджджим-башы өзінің елеулі шығармасында УІІІ-ХІІІ ғасырларда Қазақстан жерінде мекендеген көпте-ген түрік тайпаларының тарихы мен этнографиясына ден қояды. Орталық Азияның мемлекеттері мен әулеттері, атап айтқанда, қарахандар, салжұқтар, хорезмшахтар және басқалар туралы маңызды мәліметтер келтіріледі. Мунеджджим-башы өзінің алдындағы мұсылман шежірешілерінің көптеген шығармаларын пайдаланған.

50-жылдардын басында ежелгі парсы жазбаларының мейлінше толық басылымы жүзеге асырылды (Р. Кент). Ескерткіштерді деректеметану-текстологиялық жағынан зерттеу ісі кенейтілді; Орта Азия халықтарының тарихындағы тұңғыш рет дәл белгіленген мерзім - массагеттердің Кир әскерін талкандауы (б. з. б. 530 ж.) анықталып; ежелгі парсы жазбаларын антик авторларының деректерімен теңеп салғастыру жұмысы жүргізілді. Алайда ежелгі парсы және антик деректемелердегі тайпаларды Қазақстан мен Орта Азияның казіргі картасына орналастыруы туралы мәселе шешіл-меді. Сақ-скиф тайпаларының орналасу географиясы жөнінде әр түрлі кезкарас айтылды (К. В. Тревер, В. В. Струве, В. И. Абаев, С. И. Руденко, М. А. Дандамаев, С. С. Черников, И. В. Пьянков, Б. А. Литвинский, К. А. Акышев, М. Қ. Қадырбаев және баскалар).

Қазақстанның ортағасырлық, тарихы мәселелерін қамтитын алғашқы жарияланымдар XVII ғасырдың аяғында пайда болады. Ориенталист д'Эрбело мұсылман тобының оғыздар мен кимектер туралы бірқатар жазбаша ескерткіштерінің мәліметтерін тарихи айналымға енгізген. XVII ғасырда қытай жылнамалары мен арабтардың құрастырған азын-аулақ шығармалары негізінде Ж. Дегинь түрік және монғол тайпаларының тарихына жалпы шолу жасауға тұңғыш рет әрекет етті. Шығыстың нарративтік деректемелері бойынша монғолдар тарихын жазған арабист д'Оссон ән-Нувайри (XIV ғ.) бойынша кыпшақ тайпаларының тізбесін біразын берік сактап калып отыр. Онын екі бөлімнен тұратын, авторға лайыкты дүниежүзілік даңқ әперген «Түркістан монғол шапкыншылығы дәуірінде» деген іргелі еңбегі «Очерктермен» тығыз байланысты.

XX ғасырдың бірінші ширегіндегі көрнекті шығыстанушы И. Маркварт танымының кең және жан-жакты болуымен ерекшеленеді, жиналған мәліметтерінің байлығы және алуан түрлілігі жөнінен ол мамандардың толық көңіл бәлуіне лайык. И. Маркварт Шығыс Европа елдерікде мүсылман мәліметтерін және олардың ортағасырлық байланыстарын талдауға әрекет жасалуына байланысты түрік тайпалары тарихының сюжеттеріне бірінші болып жүгінеді. Проблеманы жол-жөнекей зерттеумен шектелмей, ғалымның пікірінше, өте ерекше этнос кыпшактарға (командарға) арнаулы монография арнап, онда сюжеті жөнінен әр алуан сипатты және тілі жөнінен алуан түрлі жазбаша деректемелер негізінде Евразияның далалық өңірінің халықтары мен тайпаларының тарихы жөніндегі мәселелерді кең көлемде козғады.
Қазақстанның ортағасырлық, тарихы саласында В. В. Бартольдтің ісін тікелей жалғастырушылардын бірі, кең аукымдағы зерттеуші, күрделі теориялық проблемалардың шешімін карастырған А. Н. Бернштам болды. Оның археолог, этнограф және тарихшы ретінде жан-жақты кызметінің қазақ, халқы тарихының алдынғы кезенін, соның ішінде үсундер, ғұндар тарихының көптеген белімдерін зерттеудегі маңызы зор. Жазбаша (көне түрік және қытай) деректемелеріне жүгіне отырып, А. Н. Бернштам ежелгі түрік мемлекетінің әлеуметтік құрылымын зерттеп, әскери-демократиялық қоғамның ерте феодалдық катынастар жүйесіне ұласуын айқындады. Ол сондай-ақ V-VIIғасырлардағы соғды коныстанушылығынын рөлі мен маңызын және оның Түрік кағанатымен өзара катынасын аныктады, Жетісудағы карлұк кезеңі туралы мәселені нақтылады. А. Н. Бернштам соғыска дейінгі ке-зенде Жетісу мен Тянь-Шанның ертедегі және орта ғасырлардағы тарихы дамуының негізгі нобайларын белгіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет