1.«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсының пәні, мақсаттары мен міндеттері. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында»


Қазақ жеріне ұйғырлар мен дүнгендердің көшірілуі



бет4/42
Дата07.02.2022
өлшемі133,42 Kb.
#94181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
РК ТАРИХ
Акт 1 топ, 601246.pptx, Конфликтология, Конфликтология
4.Қазақ жеріне ұйғырлар мен дүнгендердің көшірілуі
IX ғасырдың 70—80-жылдары патша үкіметінің бастамасы бойынша ұйғырлар мен дүнгендер Жетісу жеріне қоныс аудара бастады. Бұған дейін олар Қытайдың Іле өлкесінің аумағында тұрып келген еді.

Онда тұрған ұйғырлар мен дүнгендер XVIII ғасырда және XIX ғасырдың бірінші жартысында Қытай үкіметіне қарсы бірнеше рет көтеріліс жасады. Олар өздерінің ұлттық тәуелсіздігі жолында күресті. Алайда Қытай әскерлері ол көтерілістерді аяусыз басып-жаныштады. Ұйғырлар мен дүнгендердің күресі барысында Іле өлкесінде Іле сұлтандығы құрылған болатын. Бұл мемлекеттік бірлестіктің құрылуы ондағы ішкі қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберді. 1871 жылы Ресей әскерлері ол аймақты жаулап алды. Патша үкіметі өлке тұрғындарының отбасылық істеріне және мүліктің қарым-қатынастарына араласпау саясатын ұстанды. Олардың жергілікті өкімет органдары құрылды. Бірақ оларды патша әкімшілігі өз бақылауында ұстады. Жалпы жағдай едәуір тұрақтандырылғандай болды.

Алайда дүние жүзі жұртшылығының қысым жасауымен ол өлкені Қытайға қайтару жөнінде келіссөздер жүргізіле бастады. Міне, осы кезде ұйғырлар мен дүнгендердің бұдан былайғы тағдыры туралы мәселе көтерілді. 1881 жылы екі империя арасында Санкт-Петербург бейбіт келісімшарты жасалды. Ұйғырлар мен дүнгендер бір жылдың ішінде Жетісу облысының аумағына қоныс аударуы жөнінде өздері нақты шешім қабылдауға құқықты болды. Бұл мәселе бойынша жергілікті халықтың арасында пікірі сұрастырылды. Сөйтіп 100 мыңға жуық ұйғыр мен дүнген Қазақстан аумағына өтуге тілек білдірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет