1.«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсының пәні, мақсаттары мен міндеттері. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында»


Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл қызметкерлерінің көрсеткен



бет36/42
Дата07.02.2022
өлшемі133,42 Kb.
#94181
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42
Байланысты:
РК ТАРИХ
Акт 1 топ, 601246.pptx, Конфликтология, Конфликтология
34.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл қызметкерлерінің көрсеткен
ерліктері.
Майдан даласындағы әскери құрамаларға демеу болған күш -тылдағы ерен еңбек үлгісін көрсеткен жандар болып табылады. Сол жылдары барлық қазақстандықтарға -кәріге де, жасқа да, еркек болсын, әйел болсын, барлығына қажырлы еңбек ете отырып, ұйымшылдық, тәртіптілік пен қырағы болу талаптары қойылды.

Соғыстың басталуымен батыстағы өнеркәсіп ошақтары көшіріліп, майдан даласына жақын жерге орналасқан мүліктер мен тұрғындар Қазақстанға әкеліне бастады. Бүгінде мұражайдың қорында сұрапыл соғыс жылдарында Ақтөбе жеріне кәсіпорындарды орналастыру мен эвакуацияланған тұрғындарды қоныстандыру жұмыстарының жүргізілгендігі жөнінде деректер сақтаулы. Онда атқарылып жатқан жұмыстар Ақтөбе облыстық партия комитеті мен жергілікті атқару билігінің тікелей назарында болып, шұғыл шешімдері шығып жатқан жұмыстардың орындалу барысымен оқып танысуға болады.
Сарғайған құжаттарда сұрапыл соғыс жылдары ерлердің орындарын басқан ақтөбелік әйелдер туралы қызықты мәліметтер кездеседі. Қиыншылықтарға қарамай ерлердің орнын басқан әйелдер түрлі мамандықтарды меңгеріп шықты. Мысалға, қолда бар деректерге сүйенсек 1943 жылға қарай облыс бойынша екі мыңға жуық қыз-келіншектер мамандану курстарынан өтіп, тылдағы қызу еңбекке араласқан. Қаһарлы соғыс жылдарында өнеркәсіп орындары, мекемелер, колхоздар, МТС мен ұйымдарға әйелдер қызметке көптеп тартыла бастады. Жетіспей жатқан басқарудағы кадр мәселесін шешуде Қазақстан Ком. партиясы Орталық комитетінің жанынан құрылған әйелдер жұмыстары жөніндегі бөлім ерекше қолдау көрсете білген. Әр жылдары облыстағы іргелі кәсіпорындар мен шаруашылықтарда қызмет еткен Т. Мұхаметдинова, Ч. Кудлинская, С. Бижанова, В. Дурова, З. Сейтқұлова, К. Ирманова, Е. Смелик, Низимбетова, Сулейменова, Ишмухамедова және басқалары білікті басқарушылар есебінде танылды.
1943 жылғы дерек бойынша облыста 297 әйел мал фермаларының меңгерушілері, 280 әйел басқарма басшылары, 201 әйел звено басшылары, 63 әйел дала бригадаларының бригадирлері, 77 әйел шаруашылық бойынша колхоз төрағаларының орынбасарлары болып жұмыс жасаған.
Соғыс жылдарында мемлекет үшін маңызды өндіріс ошақтарында да әйелдер абыройлы еңбек етіп, майдандағы армияны үздіксіз қажетті өнімдермен қамтамасыз етіп келді. Тылдағы кәсіпорындардың майдан үшін толассыз қызмет көрсетуі маман кадрларды дайындау жұмыстарына тікелей байланысты болатын. Ақтөбелік әйелдер де мамандықтарын жетілдіре, үйрене жүріп, цехтардағы станоктарда, лабогрейкаларда, домна пештерінің бойында жүріп, тәжірибе жинақтай бастады. Мысалы, С. М. Киров атындағы Ақтөбе химия комбинатында ерлерден кем түспеген 22 әйел өндірістік үрдістерге тікелей араласып, негізгі өндірістік цехтардағы Вера Лысенко, Клавдия Жирякова, Рубцова, Сташинина сияқты комсомол жастар комбинат мақтанышына айналады. Ал Ақтөбе қаласына қарасты темір жол торабы бойынша 80 үй шаруасындағы әйелдер жол бойындағы қызметтерге тартылды. Аруларға қатысты бұндай деректер жетерлік. Осындай табысты еңбек еткен жандардың қатарында Т.Қарасаева, Қ. Жаулешова, Т. Волкова, М. Лопатина, А. Кравченко, К. Дорофеева, Н. Коваленко, Р. Исмагилова, Р. Близнюк және басқалары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамоталарымен марапатталған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет