1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері



бет31/94
Дата15.06.2020
өлшемі218,7 Kb.
#73471
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   94
Байланысты:
Тарих 90сурак сессия
Тарих жауаптары устный, negizgi quram
Созақ көтерілісі. Келесі 1930 жылдың көктемінде Қазақстандағы көтерілісшілер қозғалысы күшейе түсті. Қазақстанның оңтустігіндегі Созақ ауданында ірі бой көрсету болып өтті. Оның басталуына ауданда мал-мүлкінен айырылған кулактар мен олардың туыстары үшін бірнеше тұтқындар лагерінің ашылуы мен мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Ораза айында діни әдет-ғүрыптарды орындағандарға өкімет орындарының айып салуы сылтау болды. Бұл 30-жылдардың басындағы неғұрлым ірі көтерілістердің бірі. Көтеріліске 5 мыңдай адам қатынасты.

Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтеріндегі көтерілістер. Неғұрлым табанды әрі ұзаққа созылған көтеріліс АқтөбеҚостанай және Қызылорда округтарының көлемді аумағын қамтыды. Қысқа мерзім ішінде хан болып сайланған А. ҚанаевЖ. БәйімбетовМ. СаматовИ. Сатыбалдин т. б. басқарған 6 көтерілісшілер отряды құрылды. Кетерілісшілердің негізгі күштері Қостанай округінің Жетіғара ауданының оңтүстігінде орналасты. Көтеріліс басталғаннан партизан соғысының сипатын алып, жазалаушылардың шешуші соққы жасауына мүмкіндік бермеді. Халық қозғалысын басу үшін бұл аймаққа 8-атты әскер дивизиясының бөлімдері, ОПТУ отрядтары, милиция, коммунистік отрядтар жіберілді. Кетерілісші сарбаздар барлық жерде ауылдық кеңестерді талқандап, құжаттарды жойды, астық дайындауға бөгет жасады, колхоздарды таратты. Әр түрлі аудандардың көтерілісшілері біртіндеп Ырғыз кентінің жанына шоғырлана бастады. Жазалаушылар оларды тоқтатпақ болғанымен, айтарлықтай табысқа жете алмады. Ірі шайқастар 14 және 15 наурыз күндері етіп, кетерілісшілер ыдырады. Алайда куғыннан қашып құтылып, қайтадан күш жинап біріге алды.

1931 - 1932 жылдары аштықтан аман қалған халықтың жартысы, яғни 1 млн 30 мың адам көшіп кетті. Олардың тек 414 мыңы ғана қайтып оралды, 616 мыңы қайтқан жоқ, 200 мыңы ҚытайМоңғолияАуғанстанИран мен Түркияға кетті.



ОГПУ-дің деректері бойынша 1929 жылы Қазақстанда жалпы саны 350 адам болған 31 көтерілісшілер отряды, 1930 - 1932 жылдары көтерілісшілер 2 мыңга, 1932 - 1933 жылдары - 3,2 мың адамға жеткен. Сонымен қатар бұл кезеңде селолар мен ауылдарда жалпы саны 10 мың адам болған 2 мың «дұшпан топтар» анықталып, 10,4 мың «зиянкестер» тұтқындалды.

Голощекиннің Сталинге 1931 жылы желтоқсанда жазған хатында Қазақстан аумағындағы 15 ең ірі көтеріліс туралы айтылды.

Республикада осы уақыт ішінде кейбір жерлерде карулы көтерілістер сипатына ие болған, 80 мыңдай адам катынасқан шаруа- лардың 400-дей бой көрсетулері болып өтті. Осы толкулардың нәтижесінде 1931 жылдың езінде ғана Қазакстанды 281 мыңнан ас- там шаруа шаруашылыктары тастап кетіп, 5 мыңнан астам көтерілісшілер Кеңес өкіметіне карсы шыкканы үшін сотталыпГУЛАГ лагерьлерінде болды, олардың 883-і атылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   94




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет