Сабақ Пәні: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Тақырыбы:Қазақстанның дүниежүзі картасындағы геосаяси орны



Дата10.05.2017
өлшемі86,31 Kb.
Н.Мейірманов атындағы негізгі мектеп

АШЫҚ САБАҚ

Пәні: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы.


Тақырыбы:Қазақстанның дүниежүзі картасындағы геосаяси орны.

Халықаралық экономикалық байланыстары-9 сынып.

Өткізген: Атамбаев Н

Амангелді ауданы

2010 ж


Cабақтың тақырыбы: Қазақстанның дүниежүзі картасындағы геосаяси орны.Халықаралық экономикалық байланыстары.

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастықтағы орны туралы білім қалыптастыру.Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастыққа кіру жолдары мен себептері.Халықаралық экономикалық байланыс жасайтын елдері туралы қысқаша мағлұмат беру

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, тіл байлығын арттыру, оқу дағдысын қалыптастыру, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Туған елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбие, ұжымшылдыққа және бір – бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Жабдықталуы: Қазақстанның экономикалық картасы, атлас, проектор, сөзжұмбақ, дүниежүзінің саяси картасы.Сәйкестендіру адасқан объектілерді.

Әдіс – тәсілдері: Аралас сабақ (сұрақ-жауап, әңгімелесу, интерактиті тақтамен жұмыс слайд бойынша баяндау)

Ғылыми байланысы: Биология, әдебиет, тарих, геология.

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды сабаққа даярлау. Сынып журналы бойынша түгендеу. Үй тапсырмасын сұрауға даярлау.

  2. Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасын Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы бойынша сәйкестендіру әдісімен тексеру және тақырып бойынша сөзжұмбақ.Оқушыларды екі топқа бөліп жарыс сабақ ретінде өткіземін.

Сұрақтар:

  1. Сәйкестендіру тапсырмасы.Халқы бойынша


Алматы облысы 625,1 мың


Жамбыл облысы 1620,7 мың

Қызылорда облысы 1009,2 мың
Оңтүстік Қазақстан 2282,5 мың


  1. Сәйкестендіру тапсырмасы.Жер көлемі бойынша

Алматы облысы 226,0 мың км


Жамбыл облысы 224,0 мың км
Қызылорда облысы 117,3 мың км
Оңтүстік Қазақстан 144,3 мың км
Сөзжұмбақ


    1. Алматы облысындағы ең ірі электр стансаларының бірі?(Қапшағай)

    2. Халқы 1009,2 мың адам, Республиканың оңтүстік бөлігінде орналасқан облыс?(Жамбыл)

    3. Шымкент мұнай өңдеу зауыты мұнайды қайдан алады?(Құмкөл)

    4. Экскаватор зауыты қай қалада?(Кентау)

    5. Жамбыл облысының басты өнеркәсіп орындарының бірі?(Қаратау)

    6. Алматы облысының орталығы қай қала?(Талдықорған)





  1. Жаңа сабаққа дайындау. Балалардың кітаптарын жауып алдарына дәптерлері мен атластарын алуын қадағалаймын. Экраннан жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты және жоспар шығады.

  2. Жаңа сабақты баяндау. Жаңа сабақты түсіндірер алдында балаларды сабақтың мақсатымен таныстырамын. Жаңа сабақтың жоспарын дәптерлеріне жаздырамын.

Жоспар:

    1. Қазақстанның дүниежүзі картасындағы геосаяси орны

    2. Халықаралық экономикалық байланысы

1.Қазақстанның дүниежүзі картасындағы геосаяси орны. Қазақстанның Еуропа мен Азияның түйіске жерінде, Еуразия континентінің ортасында орналасуы, аумағының көлемді жерді алып жатуы, күрделі этностық құрамы, табиғат ресурстарының байлығы, республикамыздың геосаяси орнының ерекшелігін айқындайды.Еліміздің геосаяси орны оның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуына қолайлы.

Қазақстан аумағы жөнінен дүниежүзіндегі он елдің қатарына кіреді, яғни Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан және Аргентинадан кейінгі орынды иеленеді.Қазақстанға жақын жатқан көрші елдер қатарына Ресей, Қытай, Түркия, Кавказ маңы елдері, Иран және Ауғанстан кіреді.Бұл көлік-коммуникациялық желілердің кең ауқымды таралуына мүмкіндік береді.Мысалы, Иран арқылы еліміз Парсы шығанағына, Ауғанстан арқылы Үнді мұхитына, Қытай арқылы Оңтүстік Шығыс Азия және Тынық мұхиттық аймақтарға шыға алады.

Еліміздің жер қойнауындағы дүниежүзілік маңызға ие табиғат ресурстары
КӨМІР МҰНАЙ ТАБИҒИ ГАЗ

2.Халықаралық экономикалық байланыстары.

Халықаралық қатынастарға тең құқылы субъект ретінде араласу үшін еліміз Еуроатлантикалық және Азиялық-Тынықмұхиттық аймақтардың саясаты мен экономикалық үлгісін ұстануға бағдарланған.

Мемлекетіміздің дүниежүзілік қаумдастыққа кіру саясаты рыноктық жүйенің басты үш орталығы – АҚШ, Жапония, Батыс Еуропаға сәйкестендіріліп құрылған, себебі бұл үшеуі дүниежүзілік шаруашылықты бір-біріменбайластырушы ұлы күш болып есептеледі.

“Үлкен жетілік елдерімен” елдерімен, әсіресе Ұлыбритания, Франция, Германия елдерімен екі жақты ынтыматастық нығаюда.



Халықаралық экономикалық байланыстары

  • Халықаралық еңбек бөлінісі;

  • Халықаралық сауда;

  • Қаражат пен несие,

  • Шетелдік инвестиция;

  • Ғылыми-техникалық байланыстар;

  • Халықаралық туризм.

Халықаралық еңбек бөлінісі.

Жеке елдердің өнімнің белгілі бір түрлерінен шикізат және даяр бұйымдар өндіруге және оларды айырбастауға мамандануы.

Оның екі түрі бар.Ауданаралық және халықаралық

Қазақстанның ішкі ауданданаралық географиялық еңбек бөлінісі солтүстіктегі астық және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығымен, оңтүстікте бау-бақша егіншілікпен, орталық пен шағыста тау кен өндірісімен сипатталып ішкі аумақтық еңбек бөлінісін құрайды.



Халықаралық сауда.

Негізгі қызметі- экспорттқа тауарларды шығаруды ұйымдастыру, оларды жеткізуің жолдарын қарастыру

Мұнда елдің географиялық орны маңызды рөл атқарады

Қаражат пен несие.

Халықаралық экономикалық байланыстың ең жаңа түрі.Негізгі қызметі несие беру.Ұлттық банк пен коммерциялық банкттер жүйесі құрайды



Шетелдік инвестиция.

Ішкі инновациялық ресурстар өте таршы экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруға реформаларды тереңдету мен құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталған



Ғылыми-техникалық байланыстар.

Халықаралылық экономикалық қатынастардың бір түрі



Ү.Жаңа сабақты бекіту.Класстер әдісі бойынша оқушылардың алғанбілімін тексеру.


ҮІ. Үйге тапсырма.

Қазақстанның дүниежүзі картасындағы геосаяси орнын оқып келу
Каталог: uploads -> doc -> 0f7e
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f7e -> Сабақ Сабақтың мақсаты: Білімділік
0f7e -> Сабақ тақырыбы : Мектеп асханасы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет