1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет11/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

3.Жылқы киеңкі ауруы
Киеңкі немесе қарақаптал жылқы мен есектің және қашырдың Trypanosoma equіperdum деп, аталынатын қарапайым паразит қоздыратын, тек жыныстық қатынас арқылы жұғатын созылмалы ауруы. Ауруға шалдыққан малдың жыныс мүшелері, терісі және жүйке жүйесі зақымдалады. Қоздырғышы. Киеңкінің қоздырғышы - Trypanosoma equіperdum, Tryposomatidae тұқымдасына, Zoomastigophora классына жатады. Денесі бұрғы тәрізді, ұзындығы 22-28 мкм, ені 1,4-2,6 мкм. Денесінің орта тұсында ядросы, ал оның арт жағында тағы бір кішірек ядросы (кинетопласт) орналасқан. Осы кішірек ядродан трипаносоманың бишігі басталып, ол паразиттің бір жақ шетіндегі жұқа жарғақты көмкеріп, торшаның бас жағында созылып жатады. Киеңкінің трипанозомасы жыныс мүшелерінің кілегей қабығын және осы қабықтың қыл тамырларын мекеңдейді. Трипанозоманың бұл түріне тек қана тақ тұяқтылар бейім. Зертханалық ұсақ жануарларға бұл қоздырғыш жұқпайды. Сондай-ақ, жасанды қоректерде де өсіп, өнбейді. Жыныс мүшелерінде паразит ұзынынан екіге бөліну арқылы көбейеді. Паразит денесінен трипанотоксин деген уытты заттар бөлініп шығады. Трипанотоксин қанға тарап, бүкіл денеге зиянды әсерін тигізеді. Клиникалық белгілері. Киеңкінің жасырын кезеңі 2-3 ай. Аурудың алғашқы кезеңінде айғырдың жыныс мүшелері- ұмасы, қасасы, күпегі ісінеді. Ал биенің желіні, клиникалыққы жыныс мүшелері және құрсағының төменгі жағы ісінеді. Ісіктерді сипап көргенде салқын, жұмсақтығы қамыр тәрізді және мал ауырсынбайды. Жыныс мүшелерінің терісінде алғашқыды кішкентай түйіндер пайда болып, олар кейіннен ашық жараға айналып жазылып кетеді де, орнында ақшыл дақтар (пигментсіз) қалады. Қынаптан сарғылт түсті қан аралас жалқаяқ ағады. Аурудың бұл кезеңінде ісіктер басым болғандықтан, оны ісіктер кезеңі деп атайды. Аурудың бұл кезеңінде жылқының жалпы күйі өзгере қоймайды, тәбеті қашпайды. Осы кезеңнің аяғында малдың жыныстық қабілеті күшейгендей Кдиникалық белгілері байқалады. Аурудың екінші кезеңіне жылқы терісінің зақымдануы тән. Ауру жылқының терісінде ауық-ауық есек жем тәрізді бөртпелер пайда болады. Сауырында, кеуденің екі жағында және қарын жағында дөңгелек, диаметрі 4- 20 см-дей шығырық тәрізді ісіктер пайда болып, бірнеше сағаттан кейін бұл ісіктер өздігінен жойылып, аздан соң қайта шығуы мүмкін. Әдетте буаз бие осы кезеңде іш тастайды. Ауру бұдан әрі асқына түссе, киеңкінің үшінші кезеңі басталады. Аурудың үшінші кезеңінде жүйке жүйесі жартылай (парезге) немесе толық салдануға шалдығады. Әдетте бір жақтағы жүйке парезге шалдыққан жылқының бір құлағы салбырайды, бір жақ қабығы түседі, ернінің бір жағы қисаяды. Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Малдың өлексесі өте арық. Кілегей қабықтары бозарыңқы. Жыныс мүшелерінің маңында ісік уытты жаралар, ақшыл дақтар болуы мүмкін. Бөксе жағы мен артқы бұлшық еттері семгендіктен, жіліктері сойдиып қаңқаға ұқсаған. Сөл бездері ұлғайған. Емі. Жалпы киеңкіге шалдыққан жылқыны емдемей, етке жібереді. Бұрын ауру жылқыны күре тамырына 0,015 г/кг мөлшерінде физиологиялық ерітіндіге езілген 10 % наганин құйып емдеген. 15-20 күннен соң, наганинді осы әдіспен қайта қолданған. Дәрінің уытын қайтару үшін емдеген соң, жылқыны жеңіл тер шыққанша күніне 3-4 рет желдіртіп отырған. Киеңкіні емдеу үшін азидин,неоазидин, батризин, беренил дәрілері де қолданылады. Ол үшін азидинді 3-5 мг/кг мөлшерінде 7 % ерітінді түрінде бұлшық етке егеді. Емді 24 сағаттан соң, осы дозада қайталайды. Емдеуден кейін 5-6 айдан соң, жылқыны барлық анықтау тәсілдерімен зерттейді. Теріс реакция берген жылқыны сау деп есептейді. Ауру қайталанса, жылқыны етке жібереді.
4 – билет Паразитология

  1. Сурак. Паразитизм – бұл бiрiншi (паразит) екiншiнi (иенi) мекең ететін орта және қоректену көзi түрінде пайдаланатын, әрi екеуде бiр-бiрiмен антагонистiк қатысу орынында тұратын генетикалық әр тектi организмдердiң тарихи жиналған ассоциациясы.

Жануарға қатысты болған паразиттердi зоопаразиттер деп атайды, ал тудыратын ауруларын – инвазиялық, немесе паразитарлық, ал өсiмдiк паразиттермен – фитопаразиттермен туындаған ауруларды жұқпалы, немесе инфекциялық деп айтады. Мысалы, сiбiр жарасының қоздырушысы – сiбiр таяқшасы (B. anthracis) өсiмдiктер кұрамында болғандығынан инфекциялық ауруларға жатқызылады, ал кокцидиоз – инвазия, себебі кокцидийлар қарапайым түрiне жатады, сондықтан инвазиялық ауруларға жатады. Осылай, ауруларды жұқпалы және инвазиялық жiктелуi негiзiнен қоздырушысының қандай жануар немесе өсімдік патшалығына тән болуына байланысты.
Паразитология ғылымы ауруды қоздыратын қоздырғышына қарай: жалпы паразитология, гельминтология, протозоология, арахнология және энтомология деген үлкең бөлiмдерге бөлінедi.
Гельминтология – паразиттiк құрттарды және солармен тудыратын ауруларды зерттейдi.
Протозоология ғылымы болса қарапайым, бiр торшалы жәндiктердiң тiршiлiк ететiн ортасын, малға келтiретiн алуан түрлi зиянын, балауын, емдеу және күресу шараларын зерттейдi.
Ал арахно-энтомология кене мен жәндiктердiн мал шаруашылығына, адамға тигiзетiн көптеген залалын зерттейдi.
Қоздырушылардың тiршiлiк ететiн объектiсіне медициналық және Жалпы паразитология Гельминтология Протозоология Арахнология Энтомология байланысты агрономиялық паразитологияны бөлiмдерге бөледi.
Ветеринариялық паразитология зоопаразитологияға жатады; биологиялық пән сияқты ол зоологиямен тығыз байланысты. Инвазиялық ауруларға дұрыс балау қою үшiн паразиттердiң морфологиясы мен жiктелуiн бiлу керек, ал биология және экология бойынша зерттеулер алдын-алу шараларын өткiзу үшiн негiз болып саналады. Одан басқа, паразитология, биохимия, физиология, фармакология, иммунология, патологиялық анатомия, эпизоотология, жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының жеке патологиясы, ветеринариялық- санитарлық сараптау, малдәрiгерлiк iс ұйымдастыруы мен экономикасымен, тағы да басқа клиникалық, зоотехникалық және агрономиялық пәндермен өте тығыз қатысады.
Уақытына қарай тоғышар тiршiлiк ететін паразиттердi уақытша және стационарлық паразиттерге бөледi.
Уақытша паразиттер клиникалыққы ортада өнiп-өседi және өмiр сүредi, ал жануарларға коректену үшiн ғана жабысады (соналар, сар масалар және т.б.). Стационарлық паразиттер ие организмнiң iшiнде, немесе клиникалықында көп уақыт (кейбiр кезде өмiр бойы) тiршiлiк етедi. Бұларға гельминттердiң көп түрлерiн, соналарды, биттердi, қышыма кенелерді және т.б.
жатқызуға болады.
Стационарлық паразиттердi тағыда екi топқа бөледi – тұрақты және. кезеңдiк.
Тұрақты паразиттер бүкiл өмiр сатысын, туғаннан өлгенге дейiн ие организмiнде өткiзеді (биттер, жүн жегiштер, қышыма кенелер және т.б.). Кезендi паразиттер көп уақыт ие денесiнiң iшiнде өмiр сүредi (толық жыныс сатысында немесе дернәсіл сатысында). Мысалы, жануар денесiнде соналар дернәсіл сатысында тiршiлiк етедi, ал гельминттердiң көбiсi – толық жыныс сатысында.
Паразиттердi локализация байланысына қарай эндопаразит және
эктопаразитке бөледi.
Эндопаразиттер, немесе iшкi паразиттер, олар иенiң iшкi мүшелерiнде және ұлпаларында мекеңдейдi (гельминттердiң көбiсi эндопаразитке жатады). Эктопаразиттер, немесе клиникалыққы паразиттер, олар ие дененiң клиникалықында уақытша немесе тұрақты омiр сүредi (сар масалар, соналар, биттер, қышыма кенелер).





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет