1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет2/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

2.Жануарлар фасциолезы
Фасциолез – қой, ешкi, iрi қара мал, үй жануарлары мен жабайы жануарлар ауыратын трематозды ауру. КСРО-да бұл ауруды трематоданың 2 түрi шақырады: Fasciola hepatica мен F.gigantica, Fasciolidae тұқымдасына жатады. Фасциолезбен адамда ауырады. Өсiп-өнген трематодалар бауырдың өт жолдарында тiршiлiк етедi. Ауру созылмалы түрде өтедi. Жiтi түрiнде зат алмасу бұзылып, бауыр зақымдалады. Фасциолезбен ауырған жануарлардың өнiмдiлiгi төмендейдi (сиыр сүттiлiгi 25-40% кемидi), ет пен жүннiң сапасы нашарлайды (қойларда), өлiм байқалады. Ұша ветеринариялық тексеруден өткең кезде ауру жануардың бауыры жарамсыз болады.
Қоздырушылары. F. hepatica - кәдiмгi фасциола. Ұзындығы 2-3 см, енi 1 см дененiң алдынғы бөлiгiнiн кутикуласынын дорсальдi және вентральдi жақтарында шипиктары болады. Дененiн алдынғы бөлiгi iлмек тәрiздi екi сорғыштары бар. Iшегiнде бүйiрлi өсiндiлер болады. Аталық жыныс мүшесi ағаш бұтағына ұқсайды. Дененiң алдынғы жағында аналық орналасқан, оның артында жұмыртқалықтар бар. Паразиттін екi бүйiрi жүзiм тәрiздi сары денелерге толған. F.gigantica – алып фасциола, F. hepatica-дан дене пiшiнiмен, Қоздырғышының даму биологиясымен, патогендiлiгiмен ерекшеленедi. Ұзындығы 7,5 см, денесi ұзынша келген, бүйiр шеттерi параллельдi. Бұл түр КО-ның онтүстiк зоналарында кездеседi. Ол өте патогендi. Кейбiр аудандарда бір жануарда паразиттiң екi түріде кездеседi. Аралық иелеріi. F. hepatica-ға кiшкене прудовик Lymnaea truncatula, ал F.gigantica-ға құлақ тәрiздi прудовик Lymnaea auricularia Қоздырушыларының даму биологиясы: Фасциола – биогельминт,бауырдың өт жолдарында тiршiлiк етедi, көп жұмыртқалар шығарады. Олар өт жолы арқылы 12 елі iшекке түседi, одан кейiн клиникалыққы ортаға шығады. Жұмыртқа одан әрi даму үшiн өттегi, қолайлы температура мен ылғалдылық керек. 20-30°С температурада жұмыртқа тез дамиды. 10-12°С олар баяу дамиды, 40°С-тан жоғары болса жұмыртқалар өледi. Қаранғыда жұмыртқалар тез дамиды, бiрақ ұрық қабыршағын жарып шықпайды. Қолайлы жағдайда екi жетiден кейiн мирацидий дамиды, бұл дернәсіл ұзындығы 0,15 мм, ұзынша пiшiндi. Дененiң алдынғы шетiнде қозғалмалы бұлшықеттi iлмек, өт торшалары орналасқан, олардың секретi аралық иеге мирацидийдiң кiруiне көмектеседi. Мирацидий денесi кiрпiкшелермен қапталған, сол арқылы олар суда еркiн жүзедi. Мирацидийдiң өмiр сүру уақыты бiрнеше сағаттан 2-3 күнге дейiн. Аралық ие денесiне кiргенде мирацидий кiрпiкшелерiн тастап, iшкi мүшелерге, бауырға енедi. Онда ол ұршық тәрiздi болады, бiрнеше сағаттан кейiн аналық спороцистаға айналады. Спороцистада ұрықтық торшалар болғандықтан жыныссыз жолмен ұрпақтын келесi сатысы редия, одан церкарий шығады Церкариларда ауыз және құрсақ сорғыштары, жұтқыншақ, iшектерi жақсы дамыған. Бүйiрлерiнде цистогендi, терiлi бездер орналасқан. Дернәсіл денесiнiң алдыңғы жағынан екi есе ұзын құйрықтары бар. Дене ұзындығы құйрықсыз 0,3 мм. Моллюска денесiнен церкарий клиникалыққы ортаға шығады. Негiзiнен бiр моллюскадан бiрнеше жүз церкарий шығады. Мирацидий моллюскаға кiргеннен церкарий қалыптасқанға дейiн 2-3 ай өтедi. Церкарий моллюскадан шыққаннан кейiн бiрнеше уақыт еркiн жүзiп жүреді. Қатты затқа жабысады немесе жүзiп жүредi, цистогендi бездер ерекше секрет бөледi де қабыршақтанады. Цистамен оралған церкарийді адолескарий деп атайды. Жануалар шөп, өсiмдiк және соны жеу арқылы, фасциолез дернәсілдері бар су қоймаларынан су iшкеңде жұғады. Дефинитивтiк ие iшегiнде адолескарий қабыршағын түсiрiп, құрсақ құысына енедi, бауыр капсуласы мен паренхимасын бұзады, жас фасциолалар өт жолдарына кiредi. Кейде адолескарий iшек кiлегей қабатын бұзады гематогендi жолмен iшек венасы арқылы бауырдың өт жолына өтедi. Адолескаридiң бауырға түскеңнен толық дамыған сатысына дейiн 2,5-4 ай өтедi. Бауырда фасциола бiрнеше жыл өмiр сүредi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет