1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет16/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

3. Жылқы Су-ауру жылқы мен түйенің трансмиссивті протозоидтық ауруы. Трипаносомозбен ауырған малдың дене қызуы көтеріліп, денесінің әр жерінен ісіктер пайда болады, сөл бездері ісінеді, қатты арықтайды. Суаурудың жіті және созылмалы түрлері болады. Қоздырғышы. T. evansі –морфологиялық белгілері жағынан басқа трипанозомаларға ұқсас ( 6 – сурет). Бұл паразитті әр елде әртүрлі атайды, жалпы оның 15 шақты атауы бар (T. сameli, T. soudanense, T. ninaekohlijakimovae, T. equinum және т.б. ). Паразитті алғаш 1880 жылы Индияда жылқы, қашыр, түйе қанынан тапқан ағылшын ғалымы Эванс. Ауруды Индияда сурра деп, атайды. Паразиттің дене тұрқы 2,8-32 х 1,4-28 мкм. Мекеңі- қан плазмасы. Олар қан ішінде жылдам қозғалады. Трипаносомалар қарапайым жолмен 2-4, ал кейде көп бөлшекке бөлініп, көбейеді. Ауру малдан сау малға қоздырғышты қансорғыш жәндіктер-соналар тасымалдайды. Эпизоотологиялық деректері. Бұл ауруға жылқы, түйе, есек, қашыр бейім. Сондай-ақ ит, үй қояндары, теңіз шошқасы және ақ тышқандар сияқты зертханалық жануарлар да ауырадыСу-ауру Орта Азия республикалары мен Қазақстанда кездеседі. Әсіресе Шымкеңт, Қызылорда, Атырау облыстарында, Орал және Сырдария өзендері алқаптарында жиірек тіркеледі. Ауру қоздырғышын соналармен қатар шақпа шыбындар да тасымалдайды. Су-ауру шыбын-шіркей көп батпақты, шалшық сулы, ағынсыз, қара сулары мол жайылымдарда жиірек кездеседі. Жаз бойы су-ауру трансмиссивті жолмен таралып, күзге таман ауру малдың саны көбейе түседі. Мұндайда су-аурудың жасырын түрімен ауырған жылқы мен түйе инвазияның негізгі көзі болып табылады. Су аурудан арылмаған және мал дәрігерлік-санитариялық шаралар дұрыс жолға қойылмаған шаруашылықта су ауруға түйе көп шалдығады. Ауру малға дер кезінде ем және жақсы күтім жасау керек, себебі бұл инвазияға шалдыққан мал өздігінен сауықпайды. Клиникалық белгілері. Жылқы су-ауруының жасырын кезеңі 2-3 апта. Алғашқыда байқаусыз дене қызбасы болады. Ауру малдың денесі босаңсиды, тәбеті қашады. Денесінің әр жерінде ісік пайда болады. Ісіктер жыныс мүшелері мен аяқтарында да болуы мүмкін. Дене ыстығы көтерілуімен қатар тыныс алуы және тамыр соғуы жиілейді. Ауруға жүйке жүйесі шалдыққан жылқы қозып алға ұмтылады немесе сіресіп тұрып алады. Қан құрамын зерттегенде эритроциттердің саны 2-3 млн-ға дейін азайғаны байқалады. Қанда анизоцитоз, пойкилоцитоз, эоозинофилдер мен лимфоциттердің көбеюі байқалады. Қызуы көтеріліп, денесі дірілдеп терлейді, кейде жылқы жатып алады. Көбінесе су-аурумен жылқы созылмалы түрде ауырады. Дене қызуы қанда паразит көбейгенде байқалады. Мал тәбеті қашпай және азығы тәуір болса да жүдейді, көзінде ирит және кератит белгілері пайда болады. Кілегей қабықтары бозарыңқы сарғыш тартқан. Кейде су-ауруға жүйке жүйесі де шалдығады. Жүрісі сенімсіз, жүргенде мал аяқтарын жоғары көтереді, сүріншек келеді. Тәбеті сақталғанмен, кейінірек жылқының бөксе жағы салданып жатып қалады. Түйе су ауруының жасырын кезеңі 2-3 апта. Оның жіті және созылмалы түрлері бар. Су-аурудың жіті түрінде ауық-ауық түйенің дене қызбасы 400С дейін көтеріледі. Түйе тершең болып, жүргенде тез шаршайды да, көп жата береді. Сөл бездері ұлғаяды, оларды қолмен ұстағанда мал ауырсынады. Танаудан су, көзден жас ағады. Соңынан ауру созылмалы түрге айналады. Аурудың созылмалы түрінде түйенің жүні үрпиіп, үйісіп қалады. Мезгіл-мезгіл жүйке жүйесі қозып, түйе айнала береді, аяқтары ісінеді, арықтап, құр сүлдері қалады. Су - аурудың созылмалы түрі бір жылдай байқалады. Ауру түйе көп жатып, суды көп ішеді. Кейінірек түйенің арт жығы салданып, титықтап барып өледі. Аурудың бұл түрімен түйенің кәрісі де, жасы да ауырады. Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Су-аурудан өлген жылқының кілегей қабықтары бозарыңқы, денесінің әр жерінде ісіктер бар. Ішкі мүшелері қанталаған. Жүрек еті босаңсыған, оның іші - клиникалықы қанталаған. Ішектің ішкі қабаты ісінген, қанталаған, ішінде көп шырыны бар. Су-аурудан өлген түйе өлексесіндегі өзгерістері бұл ауруға тән емес. Өлексе арық, кілегей және сірі қабықтары бозарыңқы. Лимфа бездері мен талағы ұлғайған. Жүрек еті азғындаған, ішіндегі қаны сұйық, нашар ұйыған. Емі. Су-ауруды емдеу үшін азидин дәрісін 3,5 мг/кг мөлшерінде 7 % 138 ерітінді түрінде бұлшық етке, арасына 24 сағат салып 2 рет егеді. Ескеретін нәрсе, азидинді буаз түйелерге егуге болмайды, өйткеңі олар дәрінің әсерінен іш тастайды. Түйенің су-ауруына қарсы жақсы нәтиже беретін дәрі – наганин мен азидин қоспасы. Алдымен 1,0 г нагининді және 3,5 г азидинді қайнатылған суға 10 – концентрацияда жеке-жеке ерітіп алып, араластырады. Қоспаны ауру малға әр 100 кг тірі салмағына 3,5 мл есебімен тері астына немесе қалың етке егеді. Шет елдерде түйенің сурра (су-ауру) ауруын емдеу үшін цимеларзан дәрісін 0,25 мг/кг тірі салмағына есептеп бұлшық етке егеді. Айырықша дәрілерден басқа аурудың белгілеріне қарай малға симптоматикалық ем шаралары қолданылады. Ауру малдың азығы мен күтімін жақсарту шарт. Малды емдегеннен кейін 6 ай оқшау ұстап, оларды клиниклық, микроскопиялық және серологиялық зерттеулерден өткізу керек. Аурудан жазылмаған малды қайта емдемейді, етке жіберген жөн



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет