1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет4/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

Клиникалық белгілері. Ауру белгiлерi әртүрлi болады, ол паразиттiн интенсивтiлiгiне, түрiне, жануардың жасына, азықтандыру жағдайына байланысты. Қой мен ешкiде фасциолез жiтi және созылмалы өтедi. Жас малда ересек малға қарағанда ауыр өтедi. Фасциолездiң жiтi өтуi адолескаридың көп саны организмге кiруiне байланысты, жiтi гепатит дамиды. Клиникалық белгiлер анық көрiнедi. Инвазиялық қойлардың конъюнктивасы бозарады, кейде сарғаюы да байқалады. Дене температурасы 41,2-41,6°С. Тәбеті төмен, қан аралас iш өту болады, iш қату мен тимпания болуы мүмкiн. Аурудың созылмалы түрiнде бастапқыда клиникалық белгiлер байқалмайды. 1-2 айдан кейiн қойлар әлсiрейді, отардан қалып қояды, жата бередi, арықтайды. Жүнi кеуiп, тез сынып түседi. Кеудеде, жақ асты аумақтарында, қабақ үстiнде iсiк байқалады. Гемоглобин процентi мен эритроцит саны азаяды. Бауыр аумағы ауырсынады, шекарасы iсiнген. Кейде ауру өте ауыр өтiп, бiрнеше айларға созылады.Iрi қара малда фасциолез созылмалы түрде өтедi, көбiнесе 2 жастағы жас мал аурады. Қойларға қарағанда ауру белгiлерi дұрыс көрiнбейдi, өлуі өте болмайды, iсiктер байқалмайды. Жануардың қондылығы мен сүттiлiгi төмендейдi. Сауатын сиырларда іш тастау байқалады.
Патологиялық -анатомиялық өзгерiстері. Жануарлар өлiгi арықтаған, құрсақ құысында түссiз сұйықтық бар. Бауыр мен лимфа түйiндерi ұлғайған. Өт жолдары үлкейген кiр-қоңыр түстi, өт сұйықтығымен толған. Фасциоланың көп санын көруге болады. Өт жолдарының қатары, интерстициальдi гепатит, бауыр
циррозы байқалады. Егер фасциоланың саны аз болса, онда мекеңдеген жерлерде ғана өзгерiстер байқалады. Талақта, қарын асты безде, өкпеде капсуламен қапталған фасциолалар кездеседi. Фасциолез жiтi өткеңде бауыр үлкейiп, үстiңгi жағында қанға толған ұсақ қанталаулар, сары-қоныр түстi кiшкене ошақтар кездеседi. Дұрыстап зерттегенде ұзындығы 0,3-1,2 см жас фасциолаларды табуға болады.
Балау. Балауды ауру белгiлерiне, Эпизоотологиялық деректерге, гельминтоовоскопия нәтижесiне, патологонатомиялық союға қарайды. Ауру белгiлерi тек осы ауруға тән болмағандықтан фасциолезге тек күдектенуiмiз мүмкiн. Тiрi кезiнде балауды гельминтоовоскопия әдiсi бойынша қоямыз. Ол үшiн күндiктi жануарлардың нәжiсiн жуу арқылы анықтаймыз. Демидов пен Вишняускас әдiстерiн кең қолданамыз. Фасциола жұмыртқасы сопақша пiшiнде, ашық-сары, сары-қоныр түстi. Клиникалықы тегiс. Жұмыртқаның бiр жақ шетiнде тегiс қақпағы бар, ал келесi жағында өте көзге көрiнбейтін төмпешiк бар. Жұмыртқа iшiнде сары клеткалары мен қоршаған сұйық массасы болып. Жұмыртқа ұзындығы 0,13-0,14 мм, енi 0,07-0,09 мм. Гигианты фасциоланын жұмыртқасы үлкең, ұзындығы 0,125-0,157 мм, енi 0,06-0,10 мм. мөлшерi бойынша парамфистомата жұмыртқасынан ұсақ, олар мес қарында\ тiршiлiк етедi, олар ақшыл – сұр түстi, сары клеткалар жұмыртқасың жартысындағана болады. Фасциола жұмыртқаларын басқа жұмыртқалардан көлемi, түсi, iшкi құрылысы бойынша ажыратады. Жiтi өтетiн фасциолез ауруда жас фасциолаларды қарапайым әдiспен анықтауға келмейдi, гельминтологиялық ашып-қарау әдiсiмен балау қояды. Ашып қарағанда жiтi гепатит байқалады. Жас фасциолаларда бөлiп алу үшiн бауырды К. И. Скрябин әдiсiмен зерттейдi.
Емі. Дегельминтизация жасау үшiн гексахлорпараксилол, тортхлорлы көмiртегi, гексахлорэтан, филиксан, битионол, ацемидофен және басқа шетел препараттарын қолданамыз. Гексахлорпараксилолды қойларға 1 рет дозасы 0,4 г/кг 0,5-1 кг комбикормен қосып бередi. Дегельминтизацияны таңертең, азықтандырғанға дейiн өткізеді. 2 күн бұрын рационнан тез ашитын азықтарды алып тастайды. Бұл дәрiге керi әсер туғанда екiқышқылды сода немесе сүт бередi. Гексихол – гексахлорпараксилолдын жаңа түрi, ол өте эффекттi және токсикалық әсерi аз. Бұл препаратты iрi қара малға 0,3 г/кг, қойға 0,2 г/кг мөлшерiнде бередi. Төртхлорлы көмiртегiн iрi қара малға бұлшықет iшiне 2-3 әсерге сауыр аумағында 50 ертiндiде, медициналық вазелин шайында дозасы 10 мл 100 кг-ға,




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет