1билет Рефлексия


$$ билет 1)  Ықшам сабақ өткізу



бет5/19
Дата15.12.2021
өлшемі181,9 Kb.
#101536
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
жанартылган 11-15
0003a94d-97a4a911 (1), Презентация география
$$$12 билет

1)  Ықшам сабақ өткізу

Ықшамсабақ мұғалімдер үшін бихевиоризм қағидаттарына негізделген іскерлік психологиялық тренинг болып табылады. Мұғалімдерді психологиялық дайындау әдісі ретінде ықшамсабақ АҚШ-та алпысыншы жылдардың басында қалыптаса бастаған. Ықшамсабақта басты назар нені оқытуға емес, қалай оқытылатынына бағытталады деуге болады. Ықшамсабақ барысы бейнежазбаға түсіріледі және сабақты жетекші (бақылаушы) бақылайды. Сабаққа арнайы дайындалған оқушылар (әдетте 4-8 оқушы) қатысады, олар ықшамсабақтан кейін мұғалімге ауызша немесе жазбаша кері байланыс береді – өздерінің ойынша нақты бір дағдыны мұғалімнің қалай іске асырғанын бағалайды. Одан кейін мұғалім жетекшімен бірге ықшамсабақтың бейнежазбасын қарап, оқушылардың бағалауын талдайды және сынама жасап жаттыққан дағдыны жетілдіру мүмкіндіктерін талқылайды. Орта есеппен жарты сағаттай уақытқа созылатын талқылаудан кейін, мұғалім ықшам сабақты қайталайды, бірақ бұл жолы сабақты басқа оқушылармен өткізеді.

Т.Грегоридің ықшамсабақ бағдарламасы: 1-тапсырма. Кіріспе сабақ. Мақсаты: өзін мұғалім қызметіне дайындау. 2-тапсырма. Мақсаты: проблемалық жағдаят тудыру. 3-тапсырма. Мақсаты: проблемалық жағдаяттарды шешу тәсілдерін игеру. 4-тапсырма. Мақсаты: проблемаларды шешу кезінде ойлау үдерісінің рефлексиясы. 5-тапсырма. Мақсаты: эмпатия көрсету. 6-тапсырма. Мақсаты: сыйластық көрсету, құрметпен қарау. 7тапсырма. Мақсаты: шынайылық таныту. 8-тапсырма. Мақсаты: қарым-қатынаста нақтылыққа қол жеткізу. 9-тапсырма. Қорытынды сабақ.Мақсаты: өзінің мұғалім ретіндегі жаңа түсінігін қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет