1ДӘріс тауартану пәні мен мақсаттары Азық түлік тауарларын жіктеу Тауар сапасы және тауар сапасын анықтаудың әдістері Тауартану


Лекция 7 Тауар сараптамасы ( экспертиза)



бет42/67
Дата22.12.2021
өлшемі451,79 Kb.
#127464
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   67
Байланысты:
тауартану 1-13
кәсіпорын, кәсіпорын, етті консервілеудің жаңа әдістері, Ет консервілері, ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚ.1-14 Дәріс., 8 сем
Лекция 7 Тауар сараптамасы ( экспертиза)

1. Сараптаудың экономикалық маңызы.

2. Сараптау тұрлерi және олардың сипаттамалары.

3. Сараптау құрылысы, мазмұны және қорытындысы.

I Сараптаудың экономикалық маңызы

Сараптаманы қолдану мемлекеттiң құқық тәртiптерi мен заңдылықтарын тереңдету.

Сараптама – дәлелденген қорытындыны қоя отырып, арнайы бiлiмдi талап ететiн зерттеу сұрақтарының шешiмi.

Сараптама жұргiзудi сараптамашы - мамандарға бередi,яғни тауарлардың жарамсыздары және сәйкестiктерi сұрақтарын шешетiн бiлiмдi мамандарға ұсынады.

Сараптама iс-әрекеттiң арнайы тұрi сияқты төмендегi компоненттерден тұрады:

1) Сараптама обьектi. Сараптама обьектiсiне тұтынушының тауарды қолдануы, яғни тауарды тұтыну процессiндегi тұтынушы адам жатады.

2) Критерии (сыншы). Критерии талдау және бағалау кезiнде тұтынушы тауар қасиетi жалпы және нақты болып бөлiнедi:

Жалпы – тауардың тұтынушылық қасиетi туралы, қоғамдағы құнды нормасын сараптамалайды.

Нақты сыншы – тауар сапасына шынайы талап,яғни нормативтi- техникалық құжаттармен тiркелген.

3) Әдiстер. Тұтынатын тауарлардың қасиетiне сараптама жұргiзу әдiстерi тұрлi негiздердiң есебiнен топшаларға бөлiнедi. (жiктеу, тауарларды кодтау).

II Сараптама тұрлерi және олардың сипаттамасы

1. Экологиялық. Тауарлардың экологиялық қасиеттерiнiң сипаттамасы экологиялық көрсеткiштермен , яғни тҰтыну процессiнде және тауарды адам қолданғандағы әсерiмен көрсетiледi.

2. Экономикалық сараптама. Өндiрiстi және еңбектi Ұйымдастыруда экономикалық әдiстермен талдау көмегiмен зерттеулерге негiзделедi. Технологиялық норма мен нормативтердi өндiрiстердiң бастықтарының орналастырумен қолданылуын зерттейдi. Экономикалық сараптама өндiрiстiң экономикалық дамуына нормативтердiң қанша жылға әсер ететiнiне жауап бередi.

3. Тауарлық сараптама.

Тауарлық сараптама обьектiне азық- тұлiк өнiмдерi және азық-тұлiк емес заттар жатады.

Хабарлама көздерiне өндiрiс құжаты, тасымалдау және өнiмдердi тарату жатады.

Тауар сараптамасын сауда палаталары және техникалық сараптама бюросында жұргiзедi:

тауардың нақты аталуына, сортына және бағасына жауап бередi;

тауар тауартанулық белгiлерiнiң кодтарын қалай шешу керек және прейскурантта көрсетiлген сипаттамаларға сай келуiне жауап бередi;

Тауарларды есептен шығару мотивы қаншалықты негiзделгенi және оларды өндеу немесе жоюға негiзделген.

4. Технологиялық сараптама шикiзаттарды, жартылай дұмбiлдер,өнiмдердi өндеудi, технологиялық тәртiптермен нормативтерге сапасы және мөлшерi бойынша сәйкестiгiн зерттейдi.

Сондай-ақ технологиялық сараптама технологиялық процестердiң тiзбектiлiгiн, оларды орындау әдiстерiн, қажетттi құрал- жабдықтардың дҰрыс таңдалуын, өндiрiстiк қуаттың таралуын анықтайды.

5. Құқықтық қорғау. Берiлген сараптама ұш актен тұрады:

1) Тауардың тұтынушылық қасиетiн тәртiп бойынша зерттеу.

2) Жұргiзiлген зерттеу нәтижелерi бойынша есеп беру.

3) Тауардың тұтынушылық қасиетi аймағы бойынша белгiлердiң бұзылуына қорытынды беру.

IV Сараптаманың құрамы, мазмұны және қорытындысы.

Сараптама қорытындысы ұш бөлiктен тұрады:

1. Енгiзу бөлiмi.

2. Зерттеу бөлiмi.

3. Қорытынды.

1. Еңгiзу бөлiмiнде:

а) Сараптама аталуы мен номерi;

б) белгiленген сараптама органының мағлұматы;

в) сараптаманы жұргiзу негiзiнiң қҰқығы;

г) сараптамаға тұскен материалдар кұнi және қорытындыға қол қою кұнi;

д) сараптама мағлұматтары.

2. Зерттеу бөлiмi. Мұнда зерттеу процесстерi,олардың нәтижесi және орнатылған факттың ғылыми негiзi.

3. Сараптама алдындағы сұрақтарға жауап берiп қорытындылайды. Қорытындыда базаланатын принциптер:

1) Маманданған принцип( квалифицированный). Мұнда сараптама құру ұшiн мамандығы жеткiлiктi және арнайы бiлiмдерi бойынша қорытындылар көркемделедi.

2) Анықтау принциптерi. Анықталуы жеткiлiксiз, екi ойлы қорытынды, жiберiлетiн әр тұрлi тұсiктемелердi зерттейдi.

Ескеру керек, көрсеткіштердің сыртқы көрінісінің эстетикалық түрі тауарға ғана емес, сонымен қатар оның сырт көрінісіне байланысты. Қапталған тауардың эстетикалық қабілеттілігі, оның сырт көрінісінің әдемілігімен анықталады, ішіндегі эстетикалық қабілеттілігі жоғары емес тауар болуы мүмкін.

Тауар дизайні, оның сурет салып қарастыруына және функцианалді мен эргономикалық сыртқы көрінісінің көрсеткіштері рационалды қатынасымен белгіленеді. Сонымен, эксплуатация пішінді әдемі және ыңғайлы техниканы, киімді, аяқ киімді және т.б ұқсастармен анықталады.

Стиль- тарихи тұрғыдағы қоғамдық қауымдастықта әлеуметтік- экономикалы шарттарының қатынастарымен дамыған, негізгі сурет салу мәдениетінің көрсеткіштерімен анықталады. Бұл көрсеткіштердің өзгеруі жаңа стильдің дамуына әкеліп соғады. Тауардың сырт көрінісінің әдемілігіне және оның ішіндегісімен қатыстылығын стиль көрсетеді. Стиль құрылуының негізгі шарты- бұл әлемдегі сезу бірлігі және оның айтылу шарттары. Стильді дәуірлі және фирмалық деп бөледі.

Дәуірлі стиль- қоғам өмірінің деңгей ұзақтығының көптеген эстетикалық "стерженьнің" көрсеткіші. Мысалы, романтикалық, готикалық, борокко, рококо,шипер дәуірлерінің қайта жандануы.

Фирмалық стиль- тауар шығаратын фирма имиджін анықтайтын стиль. Оның ең басты бір мақсаты- дизай арқылы фирманың имиджін жаңарту, сонымен қатар сауда орындарында тауар "танымдылығын" жоғарлату. Онымен көптеген шетел фирмаларының өзінің фирмалық стилін көптеген жылдар және ғасырлар бойы ұстап тұру. Әсіресе ол сырт көрінісін сурет салу арқылы әдемілеуді және маркировкада көрсетіледі. Мысалы, "Пепси- Ко" компаниясы көп жылдар бойы көк түсте (таза судың белгісі) қызылмен сусынның атын жазылған өзгеше этикетканы қолданады.

Мода- бұл тауардың сырт көрінісі бойынша, құралған және қосылған қоғамдық ортадағы қолданушылардың әдемілік көрсеткіші.

Моданың стильден айырмашылығы әлемді сезім анықталуын көрсететін пішінді сурет салудың шарттарының жалпы уақаттылығын көрсетеді. Мода көбінесе қозғалу заттарының элементтеріне және адамдар қолдану тауарларының заттарын әдемі қылуға талпынысымен ерекшеленеді. Сонымен қатар моданың тауарға өзгеруін, адамдардың жастары үлкейе бастағаннан байқалады. Бұған куә моданың үлкен және жасы келген адамдар киімі, аяқ киімі, бас киімі, әшекейлер және жастар және кішкентай балалардың киімдерінің пайдда болуы.

Субьективті моданың эстетикалық қатынасы тарихи бір кезеңмен байланысты. Егер ұзын көйлек немесе биік өкше аяқ киім мода болса, онда эстетикалық әрекетінің тұтыну деңгейі жоғарлайды. Мода кетсе, тұтыну тауары қарама- қарсы болуы мүмкін.

Мода әлеуметтік- экономикалық шарттарын байланыста өзгереді, ол стильге қарағанда тез. Мода әсіресе тауарға, аяқ киімге, киімге, бас киімге, әшекейлерге тез өзгереді. "Мода" түсінігі тек қана тауарлардың кейбір түрлерін қаптауға немесе өзгертуге ғана пайдаланады (мысалы, тәтті тағам және кондитер өнімдерін қаптауын модаға байланысты өзгеруі).

Шығарылған өнімнің эстетикалық бағасын зерттеу комиссиясы береді. Эстетикалық бағасының критериясын өнімнің анологиялық тобына және де оның белгіленуіне байланысты қолданылады. Эстетикалық тауардың бағасын тауаршылар береді, олар стильдерді, моданы және модалық тауарды айыра білу керек.

Экологиялық қасиеті- бұл тауарды эксплутациялау немесе тұтыну кезінде қоршаған ортаға зиян келтірмеу.

Қоршаған ортаны ластау адамзатты жаманшылыққа алып келеді. Бұл шарттарда экологиялық деңгей тез өседі. Бұған қарамастан, тауарлардың құжаттарында экологиялық көрсеткіштері жазылмайды, бірақ көптеген тауар тұтынушылары бұндай қасиетке ие.

Машинаның экологиялық қасиеті шығарылатын газ құрамындағы жаман заттар; киімдер және маталар үшін- бұл бояғыштардың қаттылығы; ұнтақ тәріздес тауарлар (ұн, крахмал, бор, цемент, жуу ұнтағы)- көлік құралдарының немесе қаптау қаттылығ, олар шаң түсуден сақтану керек.

Көптеген тамақ өнімдерінде экологиялық қасиеті қалдық утилизациясын, қаптау және тауар, тамақ өнімдерінде қауіптілігінде көрсетіледі. Техниканың экологиялық қасиеті электромагниттік толқындар брйынша көрсетіледі, олар қоршаған ортаның тұрақтылығын бұзады.

Қауіпсіздік- зиян қауіптілігі немесе шығын белгіленген деңгей

жағдайына дейін белгіленген. (Рук. ИСО/МЭК2).

Қауіпсіздік- өндірілген тауар берілген барлық сапа қасиетіне ие болу керек. Басқа өндіру қасиеттерінен ерекшелігі, әлеуметтік белгіленуі немесе функционалды нашарлауы немесе шығындалуына алып келеді. Нашар өнімдер жоюлуға жіберіледі, ал өнім құрамындағы құндылығын жоғалтса немесе дефекттерді құртып құндылығын қайтып қалпына келтірсе.

Табиғатқа қауіпсіздік қатынасына байланысты, келесі түрге бөлінеді(8 сурет).

Химиялық қауіпсіздік- токсикалық зиянды заттар мен адам өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеу.

Тауардың химиялық қауіпсіздігіне әсер ететін заттар келесі топтарға бөлінеді: токсикалық элементтер (ауыр металдардың тұздары); микотосиндер; нитраттар мен нитриттер; пестицидтер; антибиотиктер; гормональді заттар; жоғары спирттер және альдегиттер; ауыр эфирлер; фурфурола және оксиметилфурфурол; зиянды ас қосымшалар; сыртын бояитын бояула және зиянды полимер мен материалдар.

Токсикалық элементтер тауар қауіпсіздігіне зиянды. Негізгі жоғалтуына байланысты келесідей орналастыруға болады: мышьяк, кадмий, свинец, медь, цинк, железо. Бұд элементтердің барлығы барлық қауіпсіздік көрсеткіштеріне сай болса ғана, тамақ өнімдеріне сертификацияланады. Темірдің ғана берілген концентрациясын металл тарыдағы консервілерге, шарап және шарап материалдарына белгілейді.

Тауарлы емес өнімдеріне де токсикалық элементтер регламентирленеді: ыдысаяқ үшін кадмий (барлық топ үшін), свинец (қыш ыдыстар үшін), буып түю үшін- свинец.

Токсикалық элементтерді тамақ арқылы адам жесе, сонымен қатар қорғалмаған дене бөлігіне тисе де өте зиянды. ПДК- сы жоғарласа адам организмі улануы мүмкін, кейбір кезде өлімге алып келеді.

Радиациялық қауіпсіздік- адам өміріне денсаулығына радиациялық элемент шашырауынан қорғау.

Тамақ өнімінің радияциялық қауіпсіздік көрсеткішіне ПДК кобальтқа, цезийға, стронцийға (Co60,Cs90) және радионуклидтерге қойылады.

Тамақ өнімдері еместеең радиационды қауіптілері жөндеу заттары (шифер, асбест, цемент және т.б), минералды тыңайтқыштар, қымбат және қымбат емес әшекей тастар. Тамақ өнімдері емес басқа радияциялы қауіпті заттар туралы мәліметтер жоқ. Тауардың химиялық және радияциялық қауіпсіздігі туралы М.А Николаевтің "Тауар өндіру сертификациясы" (М,1995) кітабында жазылған.

Механикалық қауіпсіздік- адам өміріне, денсаулығына әртүрлі механикалық қауіптіліктерден (деформациялар, үйкелістер, жарылғыштар ұру және т.б) алдын- ала сақтау.

Механикалық қауіпсіздік көрсеткіштері көбіне тауар өнімдері емес көрсеткіштерге белгіленеді:киім, аяқкиім, машина механикалық жағдайлар.

Тамақ өнімдеріне механикалық қауіптілік белгілейді.

Электрлік, магниттік жіне электромагниттік қауіпсіздік- қиың техникалық тауарларды эксплуатацмялау кезінде электрлік, магниттік және электрмагниттік қауіптіліктердің алдын- алу

Бұл қауіпсіздік түрі тек қана электр тауарларын қосқан кезде электрлік, магниттік және электрмагниттік қуат шығаратындарға негізделген. Бұлар өзінің белгіленген деңгейінен асып кетсе адам өміріне өте қауіпті.

Адам өміріне қаншалықті қауіпті екендігі электр тауардың түрі мен маркасына және де жұмыс істеу ұзақтығымен , эксплуатациялық шарттарының қаншалықты сақталғанына байланысты. Электрлік және электрмагниттік қуат шығаратын заттарға СВЧ- пештері және түрлі түсті теледидарды жатқызуға болады.

Термикалық қауіпсіздік- тауарды тұтыну және эксплуатациялау кезінде жоғарғы температураның әсерінен сақтау. Термикалық қауіпсіздікке қыздыру құралдарын жатқызамыз. Сонымен қатар қауіпсіздікті ыстық күйіндегі дайын өнімді шығару және берілу кезінде сақтау керек.

Санитарлы гигиеналық қауіпсіздік- өндіру тауарларында әртүрлі биоқауіпсіздік қаупін төндірмеу үшін керек. Биоқауіпсіздікке микробиологиялық және зоологиялық қауіптер жатады.

Микробиологиялық зақымдар әртүрлі микроорганизмдерден пайда болады. Бактериялық және саңырауқұлақты ауруларға байланысты тамақ өнімдері өздерінің санитарлы- гигиеналық қауіпсіздігін жоғалтады.осыған байланысты тамақ өнімдерінде токсикалық заттар жиналып қалады (шіру кезінде микротоксиндер- көгеру және басқа да улар, ботулинсуа токсиндері, сальмондар, стафилококкалар, т.б), олар әртүрлі деңгейлі уланулар, кейбір кезде олар өлімгеде алып келеді.

Азық- түлік тауарлары емес заттарында микробиологиялық зақымдар көп кездеспейді, олар көбінесе терде, жүндер және содаң жасалынған өнімдерде.

Биозақымдаудың екінші тобын зоологиялық деп аталады, себебі олар жануарлар әлемінде көп кездеседі (құстар, жәндіктер, жыртқыштар). Бұндай биозақымдар нәтижесі- жануарлар тауардың бір бөлігін жеуге байланысты бүтіндігі, қауіпсіздігін жоғалтады, себебі тауар жәндіктер, кеміргіштер экскрементамен кірленеді. Сонымен қатар, патогенді микроорганизмдермен пайда болатын ящурь, сибирдік язва, чума, холера, туберкулез және т.б ауруларға алып келеді.

Жәндіктер көбіне азық- түлік өнімдерін бұзады. Сонда нан қорына көбіне- кеңе, долгоносик, хрущактар, амбарды көбелектер, ұнжегіш жәндіктер жатады; көкөніс тауарларына зиян келтіретіндер- плодожавка, проволочник, щитовка, совка, сәбізді шыбын, кеңе және нематодтар; шоколад өнімдеріне- шоколад шыбындары; ірімшік- ірімшікті шыбындары және т.б.

Азық- түлік емес тауарларға жәндіктер және кеміргіштер зиян көбіне,

жүн және мех өнімдерінде. Сонымен қатар таракандарда зиян келтіреді, олар азық- түлік өнімдерінен басқа, қағаз, мата кожамен қоректенеді.

Зиян келтіргіштерге сонымен қатар тышқан тәріздес кеміргіштер де жатады. Олар өзіне жететін барлық азық- түлік өнімдеріне және полимерлі қабын жейді. Азық- түлік болса кожа, мех, маталарды да жейді.

Құстар көбіне ауыл шаруашылық өнімдерінеөсіру кезінде зиян келтіреді. Саудаға өңделмеген, сортталмаған және құстармен зиян келтірілген азық- түлік өнімдеріне жіберіледі. Сонымен қатар құстар қоймаға және магазиндердің, сауда орындарына ауа тазартқыш, ашық есіктер және т.б арқылы кіруі мүмкін. Олар қағазды, ал кейбір кезде маталы және азық- түлік өнімдерін жейді (көбіне бидайлы, ал кейбір кезде ет және балық тауарлары).

Өрт болмау қауіпсіздігі- тауарды сақтау және эксплутациялау кезінде адам өміріне және денсаулығына қауіптіөрт болып кетпеуінен сақтайды.

Бұл қауіпсіздік түрі азық- түлік емес тауарларға жатады, бірақ өрт болмау қауіпсіздігі сақталмаса барлық тауар түрлері жанып кетуі мүмкін, сонымен қатар азық- түлік өнімдеріде.

Бірақ көбіне этил спирті, мұнай өнімдері, лактар, бояулар, еріткіштер, фото және кино тауарлары жаңғыш болып келеді.

Өрт болмау қауіптілігін электр құралдарын, машиналарды, электр жабдықтарын, теледидарды және т.б эксплуатациялау кезінде сақтау керек.

Жану қабілеті жоғары: ағаштан, полимерден, қағаздан, картоннан жасалынған құрылыс жабдықтары жатады; киім және аяқ киім, ал азық- түлік өнімдеріне өсімдік майы, жануарлар майы. Бидай өнімдері және көкөністер өзгеше ерекшелеу керек, олар демалу кезінде физиологиялық жылу бері арқылы өзінен- өзі жанып кетуі мүмкін.

Өрт болу қауіптілігі жоғары болса да, көп тауарлар алдын- ала сақтандыру жазулары жазылады (мысалы, лак бұйымдарында, пленкаларда, шашқа арналған бояуларда және т.б).

Қазіргі кезде тауардың көп түріне өрт қауіпсіздігін деңгейін анықтауын қамтамасыз ету керек. Бұндай ақпарат тұтынушыларға маркировкалау және құжатты эксплуатациялау, ал жұмыскерлерге басқа нормативті құжаттар арқылы жеткізілуі керек.

Тауар және қызметтi сертификаттау

Сертификаттау жұйесiнiң даму этаптары тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңның шығуы, мемлекеттiк стандартта азаматтардың денсаулығы, олардың өмiрiне қауiпсiздiкпен қамтамасыз ету талаптарын қарастыру мiндеттерi мен байланысты. Сертификат – бҰл шығарылған тауардың немесе қызметтiң сапасымен куәландыратын құжат.

1993 ж 1 қантарынан бастап қызметпен өнiмдерiд сертификаттау заңы iске қосылды. Отандық және шет елдiк тауарлар сертификатталуы керек.

Сертификаттаудың негiзгi мақсаты:

1) Тауарларды тандауға тұтынушылардың әсерi.

2) Жауапсыз өндiрушiлерден тұтынушыларды қорғау.

3) Мәлiмдеме дайындаушының өнiмiнiң мөлшерлiк көрсеткiштерiн бекiту.

Сертификаттауды төмендегiдей принциптармен жұргiзедi:

Тұтынушы мен шығарушыға байланыссыз және бiрiккен;

Сертификация обьектiсi туралы хабарламалармен қамтамасыз ету;

Сертификацияны ашушы және жауаптысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет