1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»



бет3/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау
Икт семинар 8, Омархан Аружан Бж 21-12к, Глагол.Алина,Айганым,Алуа, Документ Microsoft Word (3)
Б)Орта палеолит.Бұл дәуірде (б.з.д. 140-40мың ж.)ежелгі адамдар оңтүстікте Қаратау жотасынан солтүстікте Есіл өзенінің жоғарғы ағысына дейін, батыста Сарысу өзенінің орта ағысынан шығыста Ертіс өзенінің жоғарғы ағысына дейінгі аралықты қамтиды. 1938ж. Өзбекстанның оңтүстігіндегі Тесіктас үңгірінен 8-9 жасар неандерьталдық баланың қаңқасы табылды. (антрополог Герасимов) Мустьер кезеңінің археологиялық ескерткіштері Оңтүстік Қазақстаннан, Батыс және Шығыс Қазақстаннан табылды. Орталық Қазақстаннан табылған ескерткіштердің ең көнесі – Обалысай тұрағы. Орта палеолит дәуірінің ескерткіштері:Оңтүстік Қазақстан:Ш.Уәлиханов,атындағы, Тоқалы, Қызылрыспек, Үшбұлақ;Орталық Қазақстан:Оьалысай, Мұзбел, Өгізтау, Үлкен Ақмая;Батыс Қазақстан:Өніжек, Аққыр, Құмақаж;Шығыс Қазақстан:Бөдене, Қызылсу ;
В)Кейінгі палеолит дәуірі. Бұл кезең уақыты: бұдан бұрынғы 35-30 мың жыл – 12-10мың жылдар аралығы. Бұл – адамзаттың кең тарап қоныстанған және нәсілдік топтардың құрылған кезеңі. Қазақстанда осы кезеңге тән баспаналар табылған жоқ, қазақстандық ежелгі адамдар таулы аймақтардағы үңгірлерді, үңгіме қуыстарды және жартас қалқасын баспана еткен. Үшінші Қарабас тұрағынан 172 порфириттен жасалған заттар, Ертістегі Шүлбі тұрағынан 5000 тас құрал табылды. Негізгі шикізат – халцедон, яшма, шақпақ тас, тау хрусталі.Кейінгі палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан:Ащысай, Үсіктас;Орталық Қазақстан:Батпақ, Қарабас, Агренсор;Батыс Қазақстан:Аққыр, Шақпақта, Өніжек;Шығыс Қазақстан: Свинчатка, Шульбинка, Пещеры, Новоникольский, Қанай;
В) Мезолит дәуірі.Бұл кезең аз зерттелген, сондықтан Қазақстан жерінен табылған ескерткіштер де сирек(20 шақты тұрақтар). .Қазақстанда бұл дәуірдің ескерткіштері негізінен солтүстік және орталық аймақтарда кездеседі. Алғашқы аңшылар солтүстікте Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Орал өзенінің бойына қоныс аударды.Мезолит кезеңінің археологиялық ескерткіштері:Солтүстік Қазақстан: Мичурин, Боголюбово, Явленка, Тельман, Виноградовка, Дачная, Евгеньевка, Дүзбай, Селетин, Ерейментау, Екібастұз;Орталық Қазақстан: Әкімбек, Қарағанды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет