1.Ұрықтану. Ұрықтану еркектің (сперматозоид) және әйелдің (аналық) жетілген жыныс клеткаларының қосылу құбылысы. Фолликулалардың толық пісіп жетілуі еттеккірдің 13-14-күніне сәйкес келеді



бет8/10
Дата21.01.2022
өлшемі17,3 Kb.
#112571
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жүктілік физиологиясы

8.Жамбас өлшемдерін өлшеу. Жамбас өлшемдерін анықтау үшін жүкті әйелді қатты тақты үстіне екі аяғын созып, шалқасынан жатады.

Үлкен жамбас қуысының төрт өлшемі бар:



үш көлденең және бір тік өлшем:

1. Distantia sрinarum - мықын сүйектерінің алдыңғы-жоғарғы қатты өсінділерінің аралығы. Бұл өлшеу үшін жамбас өлшегішінің түймелерін аралығы. Бұны өлшеу үшін жамбас өлшегішінің түймелерін осы өсінділердің сыртқы бетіне тірейді. Қалыпты жағдайда бұл аралық 25-26см.

2.Distantia crіstarum – мықын сүйегі қырларының нүктелік аралығы (28-29cm). Ол үшін өлшегіштің түймелерін мықын сүйегі қырының сыртқы бетімен жылжытып, оның ең алшақ нүктелерінің арасын өлшейді.

3. Distantia trochanterica – ұршық аралығы. Ортан жіліктің жамбас ойысында орналасқан ұршықтардың арасы. Ол шамамен 30-31cm.

4.Conjugata externa – сыртқы конъюгата немесе жамбастың сыртқы тік өлшемі. Бұл өлшемді анықтау үшін, әйел қырынан жатып, астыңғы аяғын бүгіп, үстіңгі аяғын созуы керек. Өлшегіштің бір түймесін шаттың сыртқы жоғарғы қырының ортасына, екінші ұшын сегізкөз үсті ойығына орналастырады. Сыртқы конъюгата қалыпты жағдайда 20-21cm
Кіші жамбас қуысы-айналасы сүйектермен, үсті-кіреберіс, асты-шыға беріс жазықтықтарымен қоршалған кеңістік. Бұл төрт жазықтыққа бөлінеді.

1. Жамбасқа кіреберіс жазықтық.

2. Жамбас қуысының кең бөлігінің жазықтығы.

3.Жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығы.

4.Жамбас қуысының шығаберіс жазықтығы.

1. Жамбасқа қуысына кіреберіс жазықтығында 3 өлшем бар: тік көлденең және екі қиғаш өлшемдері.

Тік өлшемі-акушерлік конъюгата, 11см-ге тең,

Көлденең өлшемі шамамен 13-13,5см.

Оң және сол қиғаш өлшемдері 12-12,5см.

2. Жамбас қуысының кең бөлігі. Жамбастың бұл бөлігінің тік және көлденең өлшемдері бар.

Тік өлшемі- 12,5см.

Көлденең өлшемі –12,5см-ге тең.

3.Жамбас қуысының тар бөлігі. Жамбастың бұл бөлігінің тік және көлденең өлшемдері бар.

Тік өлшемі - 11-11,5см-ге тең.

Көлденең өлшемі -10,5см.

4. Жамбас қуысының шығаберіс жазықтығы.Бұл жерлерде де тік және көлденең өлшемдер бар.

Тік өлшемі –9,5см-ге тең.

Көлденең өлшемі-11см.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет