2 – курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН


-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 06.02. – 11.02.2023ж



бет5/14
Дата03.04.2023
өлшемі84,02 Kb.
#173573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Жулдыз Алина 1-2-3-4-5-6-7-8-9-10
01794504 I Stravinskiiy - Petrushka
3-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 06.02. – 11.02.2023ж.
1.Танымдық процестерге сипаттама беру (зейін, ес, қабылдау, түйсік, ойлау, қиял, елестету). Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор.Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т. б. қасиеттері түтас күйінде бейнеленеді.Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерiнiң сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етуiнен пайда болған мидағы бейнелердi түйсiк деп атайды,Ес - адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады.
Қиял - сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс.Сөйлеу - адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді.


2. Психологиядағы негізгі зерттеу әдістері. Эксперимент әдісі — себеп-салдар байланыстарын қарастыру мақсатындағы зерттеу әрекеті. Оның мәні мынада:
зерттеуші зерттелетін құбылысты ӛзі тудырады және оған белсенді ықпал етеді;
эксперимент жасаушы құбылыс жағдайларын ӛзгерте алады;
эксперимент нәтижелерді бірнеше рет шығаруға мүмкіндік болады; — эксперимент математикалық формулалар арқылы белгіленетін санды заңдылықтарды орнатады.
Байқау әдісі сияқты эксперименттік әдістің де дұрыс жағдайлары мен бірге бірнеше кемшіліктері де бар. Бұл әдістің жасанды жағдайда жүргізіліп, яғни зерттелетін адамдар, арнайы ұйымдастырылған лабораториялық қабинеттер де зерттелетіндіктен, ол адам ӛзін табиғи жағдайда ұстамайды. Жаңа жағдайдың әсерінен зерттелуші адам біраз қысылып, оның психикалық әрекеттерінде кейбір ӛзгешеліктер пайда болады.


3. Бақылау әдісі, оның негізгі түрлері. Бақылау әдісі
Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Бақылау әдәсәне қойылатын екінші талап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.


4. Сауалнама әдісі, оның түрлері мен сипаттамасы.
Сауалнама - нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық зерттеуін әлеуметтанулық өлшеу тәсілі.Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық санадағы құбылыстар немесе қарапайым фактілер, оқиғалар туралы ақпарат алу. Сауалнама ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс экономикалық тұрғыдан да тиімді, яғни оған шығын, уақыт және құрал аз жұмсалады. Сауалнаманың әртүрлі жолдары бар: қалыпқа түспеген (еркін сұхбат, т.б.) және қалыпты (алдын ала дайындалған сұрақтар көмегімен). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет