2 Ағылшын тілдік бейнесіндегі дос пен қас концептілері


«Дос» сөзі ағылшын тіліне «friend»



бет3/3
Дата19.02.2020
өлшемі130,09 Kb.
#58393
1   2   3
Байланысты:
Diplom Аiton


«Дос» сөзі ағылшын тіліне «friend»  деп, ал «қас» сөзі «enemy» деп аударылады. Бұл сөздердің де қазақ тілінде сияқты, қолданыс аясы кең. Яғни бұл сөз тура және кері мағынада да  қолдана береді:

«Friend» сөзінің қолдану аясы:

1) Тура дос деген мағынасында, мысалы: This is my friend Tom – Бұл менің досым Том.

Қорытынды

Концепт ұғымына берілген түрлі тілші ғалымдардың анықтамаларын егжей-тегжейлі қарастыра келе, оның ұғымнан аясы әлдеқайда кең екенін, сәйкесінше дүниенің тілдік бейнесіне қарағанда концептуалдық бейненің анағұрлым маңызды екені байқалды. Сонымен қатар кез-келген сөз белгілі бір ұғымға ие болғанмен, концепт бола алмайды. Концепті ұғымнан айыратын басты белгі-оған ядро мен периферия тән. Белгілі бір лингвомәдени қауымдастық мүшелеріне тән ұлттық мәдени ерекшеліктер перифериядан көрінеді. Периферияда тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер, символдар мен эталондар, салт- дәстүр мен наным-сенімдер орналасады. Осы аталған құрылымдар беретін ақпараттар, мағлұматтар негізінде концептің лингвомәдени сипаты айқындалады деп тұжырым жасадық.

Концептің түрлері мен құрылымын, оның тілдік репрезенттеріне назар аудардық. Концептің адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін ұғым деген қорытындыға келеміз.

Концепт белгілі бір этнос мәдениетінің элементі, адамның ментальды әлемінің басты ұяшығы. Концептің басты белгілерінің бірі әрі маңыздысы –оның мәдени реңкке ие болуы.Ұлттық ерекше дүниетанымды түсінуде басты компонент болып саналатын концепт - этномәдени санада сақталған, белгілі бір ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа мәдени код ретінде берілетін ықшам да терең мағыналы шындық болмыс пен ұлттық мәдени құндылықтары туралы сан ғасырлық білім жиынтығын құрайтын құрылым.

Қандай да бір тілдік бірліктердің тарихи негіздері халықтың болмысымен тікелей байланысты түрлі «мәдени кодтарды» жеткізуші, ұлттық сана-сезімді өз бойына сақтаушы тілдік таңба болып табылады. Әр ұлттың концептілер жүйесін дүниетаным құндылықтары құрайды. Адам өзінің көріп-білгенін, естігенін тілдік бірліктер арқылы түйіндейді, яғни концептерге бөледі. Ол концептер адам миында белгілі бір логикалық жүйелілікпен орналасып, қажет жерінде тіл арқылы көрініс табады.

Дипломдық жұмыс барысында концептің дүние құндылықтарын танытатын, санадағы ұғымды бейнелейтін, тіл арқылы объективтенетін қатпарлы құрылым екенін аңғардық. Сондай-ақ тұлғаның білім деңгейін танытады, ұлттың мәдени болмысы мен менталитетін көрсетеді. Концептінің тілдік көрінісі сөз, тіркестер, фразеологизм, метафора, сөйлем, мәтін болып табылады. Концептердің құрылымы мен түрлері, олардың бір-бірінен айырмашылықтары, көркем шығармада, мақал-мәтелдерде, фразеологиялық тіркестерде аталмыш концептің көрініс табуы қарастырылды. Ағылшын тіліндегі фразеологиялық бірліктерде махаббат мағынасын беретін тіркестер жан-тән, көңіл, өзек, жүрек, іш лексемаларымен келетінін айқындадық. Бұның да өзіндік мәні бар. Махаббат та басқа эмоцияны білдіретін сезім-күй секілді адам жанында, жүрегінде ұялайтын ұғым екендігінде жатыр. Оның жағымды –жағымсыз көрініс табуы осындай бейтарап сөздердің көмегімен берілетінін де зерттеу барысында көріп байқадық. Қарастырылып отырған концептің отпен астарласатынын тіркестерді саралау нәтижесінде көрдік. Оның мәнісі дүниеде отты киелі санамайтын, отқа табынбайтын халық кемде-кем екенінде жатыр.

1. Концептілік талдау арқылы нақты бір социумның лингвомәдениеттанымдық жүйесінде жинақталған дүниенің ұлттық сипат, ұлттық ерекшелік иеленген бейнесімен «жүздесуге» мүмкіндік аламыз.

2. Көркем мәтіндегі концептіні айқындау үшін концептуалдық талдау жүргізу керек. Ол үшін, біріншіден, мәтіндегі тірек сөздердің тізбегін қалыптастыру керек. Екіншіден, олардың концептілік кеңістікті бейнелеу дәрежесін анықтау керек. Үшіншіден, осы кеңістіктің базалық концептілерін анықтау керек» дейді.

Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдерді логемаларға бөліп қарастыруда белгілі бір топқа кірмейтін санаулы мақал-мәтелдердің де бар екенін нақтыладық.

Бұндай мақал-мәтелдер қатарына махаббаттың комплиментті көбірек керек ететінін, алғашқы салқындық кейін сезімді күшейтетінін, картада жолы болған адамның махаббатта жолы болмайтынын көрсететін, сүйікті болғаннан сүйген артық, қатты жақсы көрген адам ешкімді де, ешнәрсені де тыңдамайды мағыналарындағы мақал-мәтелдердерді жатқызуға болады.

«Дос/friend» «қас/enemy» бинарлы концептілері ағылшын тіліндегі фразеологизмдер, паремиологиялық қор, көркем шығарма мәтіндері негізінде қарастырылды. Зерттеу нәтижелеріне қарай ағылшын лингвомәдениетіне ортақ мынадай концептілік модельдер анықталды:

Махаббат ұғымының өзі жалпы адамзат баласына ортақ, тірек ұғым болғандықтан, кейбір айырмашылық тұстар фразеологизмдер мен мақал- мәтелдер қорынан байқалады. Олар:

1.Ағылшын тілінде махаббат мағынасындағы фразеологизмдер «дос/friend» «қас/enemy» сөздерімен көп кездеседі.

2.Сырт келбет, сұлулықтың, материалдық жағдайдың орны ерекше.

Махаббат кең мағыналы ұғым. Эмоциональдық күйді білдіретін мәдени тірек концептер қатарына жататындығына көз жеткіздік. Ол сезім, көңіл-күй, уайым, ойланбай басқан қадам адам әрекетінің нақты фактілерінің жиынтығы. Дипломдық жұмысымызда аталмыш концепт образдық аспектіде және құндылықтар жүйесінде сараланды. Қарастырылып отырған концепті талдау барысында жүрек пен жан эмоцияның мекені, көз эмоция түйіні екенін байқадық. Көркем шығарма мысалдарына сүйене отырып концепт мағынасын тануда ағылшын лингвомәдениетінде салт-дәстүрлердің де өзіндік алар орнын жоққа шығара алмаймыз. Heart/жүрек лексемасымен келетін тұрақты тіркестер ағылшын тілінде көп кездесетіні анықталды. Концепт ағылшын және қазақ тілдеріндегі қолданысы салыстырмалы талдау әдісі арқылы талданды.

«Дос/friend» «қас/enemy» ұғымдары жалпы түсінікте ағылшын паремиологиясында келесідей тұжырымдарға келеді:

Зерттеу нәтижелері бойынша мынандай қорытындылар жасалынды:

1.Концепт этномәдени санада сақталған, дәуірден- дәуірге беріліп келе жатқан, мағынасы терең, ұлттың шынайы болмысын паш ететін, дүниені тану тәсілі.

2. Концепт тілдік ұжымның ментальдық ерекшеліктерін жеткізетін, көзге байқала бермейтін күрделі тілдік қонструкт.

3. Концепт- күнделікті қарапайым тіршілік-тынысымыздың жемісі.

4. Достық пен қастық концептілері бүкіл адамзат баласына ортақ, мәдени реңкті, эмоциональды тірек концепті.

5.Лингвомәдениеттанымдық көзқарас деңгейінен жасалған талдау нәтижелеріне қарағанда, достық пен қастық концептілерінің мазмұнында әмбебеп ақпараттармен қатар, ұлттық-мәдени ерекшеліктердің де бар және олар концепт мағынасының мағыналық шеңберіне кіретін тұрақты тіркестерде көрініс табады.

6. Фразеологизмдер қатысқан суреттеулер арқылы айтылар ой бейнелі шығады. Олардың стильдік бояуы сөзбен салыстырғанда әлдеқайда күшті, экспрессивті мүмкіншіліктері анағұрлым мол.

7. Концепт мағынасын ашуда танымдық және аялық ақпараттардың маңызы зор.

8.Ағылшын тілінің паремиологиялық қорында махаббатты білдіретін лексикалар көбіне – көп абстрактылы ұғымдармен берілетіні айқындалды.

Қорыта келе,  ағылшын тіліндегі жүрек концептісінің вербалдану ерекшеліктері айқындалды. Сонымен қатар зерттеудің міндетіне орай шетелдік, ресейлік, отандық ғалымдардың тәжірибелерін жалпылай отырып, концептің дүниенің тілдік бейнесінде алатын орнын айқындау және мәдени концептердің бір түрі ретінде «эмоционалдық концепт ұғымына» анықтама берілді. Сонымен қатар ағылшын және қазақ тілдеріндегі жүрек/heart концептісіне лингвомәдени талдау жүргізіліп, зерттеліп отырған концепттің қос тілдің лингвомәдениетіндегі жалпы және ерекше сипаттағы қолданысы ашып көрсетілді.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1 Оразалиева Э.Н. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. Ғылыми монография. – Алматы: Ан Арыс, 2007. – 312 б.

2 Гумбольдт В.фон. Язык и философия культуры.-М., 1985-254с.

3 Манкеева Ж.А. Абайдың шығармалары тілін «тілдік тұлға» тұрғысынан зерттеу мәселелері // Қазақ филологиясы: егіз негіз (ғылыми мақалалар жинағы). – Алматы: Арыс, 2010. – 352 б.

4 Кубрякова Е.С. Краткий словарь когнитивных терминов. – М.: Изд-во: Филол. ф-т МГУ им. М. В. Ломоносова, 1997. – 245 с.

5 Cambridge International Dictionary of English. – Cambridge:Cambridge

University Press, 1995. – 1775 p. (CIDE).

6 Молчанова Г.Г. Английский как неродной: текст, стиль, культура, коммуникация. – М. :Олма Медиа Групп, 2007. – 381 с.

7 Джусупов Н. Проблема концепта в современной лингвистике.// Преподавание языка и литературы. Научно-методический журнал, 2004. №4. –С. 12-17.

8 Арутюнова Н. Д. Язык и мир человека. М.: Языки русской культуры, 1999. 896 с.

9 Колесов В.В. Ментальная характеристика слова в лексикологических трудах В.В. Виноградова // Вестн. Моск. ун-та. М., 1995. Сер.9. №3.

10 Елемесова, Ш.М. көркем мәтіндегі ұлттық мәдениеттің тілдік релеванттары (Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы бойынша): филол. Ғыл.канд. дис...: 10.02.02 [Мәтін]/ Ш.М. Елемесова-Алматы,2003.-128б.

11 Маслова В.А. Когнитивная лингвистика: Учебное пособие/ В.А. Маслова. Минск: Тетра Системс, 2004. – 256 с.

12 Степанов Ю.С. Константы. Словарь русской культуры. Опыт исследования. – М.: Шк. «Языки русской культуры», 1997. – С.49.

13 Демьянков В.З. Понятие и концепт в художественной литературе и в научном языке. // Вопросы филологии. – М.: 2001. - №1. –С. 35-47.

14 Воркачев С.Г. Концепт как «зонтиковый термин» // Язык, сознание, коммуникация. – М., 2003. Вып. 24. –С. 5-12.

15 Павилёнис Р.И. Язык, смысл, понимание / Р.И. Павилёнис // Язык. Наука. Философия: Логико-методологический и семиотический анализ. – Вильнюс, 1986. – С. 212-289.

16 Сепир Э. Язык. Введение в изучение речи. – М.: Изд – во Директ – Медиа, 2007. – 447 с.

17 Бабушкин А. П. Типы концептов в лексико-фразеологической семантике языка. Воронеж, 1996. 104 с.

18 Маслова В.А. Homolingualis в культуре: Монография. – М.: Гнозис, 2007. – 320 с.

19 Карасик В. И. Языковой круг: личность, концепты, дискурс. М.: Гнозис, 2004. 390 с.

20 Попова З.Д., Стернин И.А. Очерки по когнитивной лингвистике. Воронеж, 2002.

21 Тілеубердиев Б.М. Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері. – Алматы: Арыс, 2007. – 280 б

22 Ислам А. ҚР ҰҒА –ның хабаршысы.Тіл әдебиет сериясы. «Өмір»

концептісінің тілдегі көрінісіне лингвомәдени сараптама, 2003.-№ 4.

23 Маслова В.А. Когнитивная лингвистика. – Минск: ТетраСистемс, 2004. – 256с.

24 Д. Әбілев. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.- Алматы: 1986. – 679б.

25 Салқынбай А.Б., Абақан Е.М. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. –А., Сөздік, 1998

26 Уәлиев Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері: филол. ғыл. д-р. дисс... – Алматы, 2007.– 336 б.

27 Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдер.-Алматы: Сөздік-Словарь, 2001.

28 Жапақов С. Эпикалық фразеологизмдердің когнитивтік негіздері: Фил.ғ.к...дис. Алматы, 2003. - 117 б.

29 С. А. Жиренов. Тілдегі афоризмдердің концептуалды сипаты [Текст] / Известия НАН РК:Сер.Филологическая. - 2010. - № 5. - С. 13-16 б.

30 Фрумкина Е. Введение в психолингвистику .- М., 2000. - 215 c.

31 Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

32 Современный русский язык. Анализ языковых единиц [Текст] : учеб. пособие для стедентов филол. фак. пед. ун-тов и ин-тов. В 3-х ч. / Е.И.Диброва, Л.Л.Касаткин, И.И.Щеболева; Под ред. Е.И.Дибровой. - М. : Просвещение: Владос, 1995

33 Никитин М.В. Основания когнитивной семантики. С.-Пб., Изд-во РГПУ им. Герцена, 2003.

34 Стиль салаларының кейбір белгілері [Text] : әдеби тіл / Жұмағұлова А // Хабаршы Вестник Филология сериясы. - 2008. - 3.-б.176-178. - С. 2008

35 Аскольдов-Алексеев С. А. Концепт и слово // Русская речь. Новая се¬рия. 1928. Вып. 2. Л.: Academia. С. 28—44.

36 Кубрякова E.С. Человеческий фактор в языке. Язык и порождение речи.-М.: «Наука», 1991.-240с.

37 Попова З.Д. Когнитивная лингвистика / З.Д. Попова, И.А. Стернин. – М.: АСТ: Восток – Запад, 2007. – 314 с.

38 Б. А. Серебренников. ЯЗЫК КАК ОБЩЕСТВЕННОЕ ЯВЛЕНИЕ. (Общее

языкознание. Формы существования, функции, история языка. - М., 1970.

39 Султангубиева А.А. Тілдік бейнедегі жүрек концептінің көрінісі (қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша). Филол. ғыл. кан. ... автореф.- Алматы, 2009.-24б.

40 English proverbs and sayings with their Russian equivalents / сост. МодестовВ. – М.: Худож. лит., 2000.

41 Англо-русский фразеологический словарь / сост. Кунин А.В. – М.: Государственное издательство иностранных и национальных словарей.

42 Жампейсова Ж.М. «Ақ» пен «қара» концептілері туралы мақала. “Филологические науки”/ 9. 2011
. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. - М.: Советская энциклопедия, 1966.

2. Арутюнова С.А., Багдасаров С.А. Язык – культура – этнос. – М.: Наука, 1994.

3. Бенвенист Э. Общая лингвистика. – М.: Эдиториал. УРСС, 2002.  

4.  Ислам А. Ұлттық мәдениет контекстіндегі дүниенің тілдік суреті: филол.ғыл. докт. дисс. – Алматы, 2004. – 229 б.

5. Лотман Ю.М. Культура и взрыв. – М.: Гнозис, 1992.



6. Смағұлова Г.Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. -Алматы, 1998.

7. Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. – Алматы: Санат, 1997.

8. Тхорик В.И. Языковая личность (лингвокультурологический аспект): дисс. докт. филол. наук. – Краснодар: Куб.ГУ, 2000.



  1. Д. Әбілев. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.- Алматы: 1986. – 679б.

  2. Демьянков В.З. Понятие и концепт в художественной литературе и в научном языке. // Вопросы филологии. – М.: 2001. - №1. –С. 35-47.

  3. Оразалиева Э.Н. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. Ғылыми монография. – Алматы: Ан Арыс, 2007. – 312 б.

  4. K. Sarekenova, The style comparison of Phraseology: Dissertation work, Almaty, 2001

  5. International scientific journal `Science` -2014 №1-108p.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет