2 Аманқарағай орта мектебінің 1 сынып «Ритмика» үйірмесінің» 2014-2015 оқу жылындағы жоспары



бет1/3
Дата28.01.2018
өлшемі0,8 Mb.
#34444
түріСабақ
  1   2   3
2 Аманқарағай орта мектебінің

1 сынып «Ритмика» үйірмесінің»

2014-2015 оқу жылындағы жоспары Мұғалім: Аяпбергенова А.Б.
Түсінік хат
Барлық бастауыш сынып мұғалімдері мен педагогтарына баланың қозғалыс-қимылының, ағзасының дамуы үшін дене тәрбиесі пәнінің рөлінің ерекше орын алатыны белгілі. Олай болса біздің мектебімізде дене тәрбиесі сабағынан басқа – ырғақ жаттығулары үйірмесі қосымша жүргізіледі.
Ырғақ – балалардың қабылдауын қозғалыс-қимыл арқылы белсендіретін сазды-педагогикалық тәртіп.
Төменгі мектеп жасындағы балалар үшін жүгіру, билеу, секіру, жалпы ойын түрлері маңызды орын алады. Сондықтан балалар бұл сабаққа қызыға қатысады. Ол үшін әр сабақты түрлендіріп өткізу мұғалімнен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді.
Сабақ саны – 34. Ол үш бөлімнен тұрады: аэробика (10-15 минутке есептеледі), хореографиялық бөлім және еркін қимыл қозғалыстары, ол қазіргі әуендермен орындалады.
Аэробика – арнайы әуен ырғағымен орындалатын жаттығу түрлері.
Сабақтың негізгі бөлігі – хореография, мұнда балалар халық билерінде кездесетін негізгі қимыл-әрекеттерді үйреніп қана қоймай, пластикалық қозғалыстарға жаттығады.
Сабақтың соңында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында әр түрлі әуендерге 10 минут еркін ырғақта билейді.
Ырғақты жаттығулардың мақсаты - әуен ырғағына ере отырып, өз денелерін еркін қозғалысқа енгізе отрып, жеңіл және күрделі қимылдарды өздегінен орындай алуға машықтандыру.

Бұл мақсатқа жету үшін төмендегі жаттығуларды қолдану қажет:


  • Есте сақтау,ұқыптылық және қоғамдық ортадағы дамуына;

  • Қимыл-әрекетінің шапшаңдығына;

  • Негізгі іс-әрекетті игеруіне: жүру,жүгіру, секіру, жүрудің әр түрлеріне;

  • Дене ағзасын еркін ұстауына т.б.


Сонымен қатар бұл сабақтың балалар үшін маңыздылығы сол, баланың танымдық әрекетінің, сұлулық пен көркемдікті сүюіне өз ықпалын тигізеді.
Оқыту материалының тақырыптық жоспары



Сабақтың тақырыбы

мақсаты

1.

Кіріспе

  1. курстың міндетін ашу

  2. балалардың хореографиялық қабілеттерін анықтау.

2.

Би арқылы берілетін қарым-қатынас мәдениеті

1.музыка арқылы спорттық қозғалыстарды дұрыс орындауға баулу;

2.жұптасып орындалатын қарапайым би элементтерімен таныстыру.

3.

Би арқылы берілетін қарым-қатынас мәдениеті(жалғасы)

1.музыка арқылы спорттық қозғалыстарды дұрыс орындауға баулу

4.

Би арқылы берілетін қарым-қатынас мәдениеті(жалғасы

1.әр түрлі әуен ырғақтарына қозғалыстар жасауға баулу

5.

Жұптасып билейтін халық билері қозғалысы

1. халық билерінің адымдарын үйрету.

6-7.

Халық билерінің әсемдігі

  1. Әуен ырғағымен дамыту жаттығуларын жүргізу;

  2. қазақ халқының билерінің қол, аяқ қозғалыстарын үйрету.

8-9.

Халық билерінің әсемдігі

1.Әуен ырғағымен дамыту жаттығуларын жүргізу;

2.қазақ халқының билерінің қол, аяқ қозғалыстарын үйрету.

10-11.

Би – халықтың этникалық мәдениетінің көрінісі

1. Әуен ырғағымен дамыту жаттығуларын жүргізу;


12-13.

Би – халықтың этникалық мәдениетінің көрінісі

1. топтасып билейтін би қозғалыстарын үйрету

14.

Жетістіктер демонстрациясы

1.Хореографиялық қойылым көрсету:қазақ халқының биі

15-16.

Сазды ұлттық ойындар өткізу

1.Қазақстанда тұратын халықтардың ойындарын үйрету.

17-19.

Спорт және музыка

1.хореографиялық спорттық билер қойылымына үйрету.

20-21.

Спорт және музыка

1. топпен хореографиялық спорттық билер қойылымына үйрету

22.

Жалпы мектепішілік жарыстарда спорттық билер демонстрациясын көрсету

1. Әр түрлі би қойылымдарын көрсету.

23-25.

Аяулы аналар, Сіздер үшін!

1.барлық үйретілген қозғалыстарды айқындайтын қойылым көрсету.

26.

Аяулы аналар, Сіздер үшін

1. барлық үйретілген қозғалыстарды айқындайтын қойылым көрсету.

27-28.

Музыкалық ойындар өткізу




29-30.

Би – пляска – орыс халқының ұлттық көрінісі

1.Әуен ырғағымен дамыту жаттығуларын жүргізу;


31-33.

Би – пляска – орыс халқының ұлттық көрінісі

1. Жұптасып билеу қлзғалыстарын үйрету.

34.

Мектеп іс-шарасында өнер көрсету. Қорытынды сабақ.










«Ұлттық би өнері» үйірмесі

3сынып 2014-2015 оқу жылы


Түсінік хат


Каталог: uploads -> doc -> 09c5
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09c5 -> Сабақ63 Сабақтың такырыбы Нәсілдер Сілтеме
09c5 -> Тақырыбы: Ұшқыр ой мен шешен тіл Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет