2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері



бет7/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)
1867
АК-ның Жалпы бөлімі 1995 ж. 1 наурыздан, ал Ерекше бөлімі -1999 ж. 1 шілдеден қолданысқа енгізілді. 1124 баптан тұратын Азаматтық кодекс коғамдық қатынастардың барлық салаларындағы маңызды барлық азаматтық-құқықтық нормаларды қамтып, жүйелеп отырады. Нақ осы әрекет азаматтық құқықты біртұтас, іштей үйлестірілген құқық саласы ретінде дамытуға мүмкіндік береді. Ал бұл, өз кезегінде, Азаматтық кодекстен басқа заң актілерінде қамтылған азаматтық-құқықтық нормалардың оған кайшы келмеуін талап етеді, АК-ның 3-бабының 2-тармағында бұл жөнінде тікелей айтылған. АК-ның өзінде көрсетілген қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттеу ерекшеліктерін актілердің үйлесімсіздігінен айыра білу керек. Мәселен, АК-ның 1-бабының 3-тармағы және 3-бабының 2-тармағы мынаны көздейді: азаматтық, отбасылық және еңбек қатынастарын, сондай-ақ табиғат ресурстарын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды кұқықтық реттеу ерекшеліктері тиісінше отбасылық еңбек және т.с.с. заңдарда баянды етіледі, олар бұл тұрғыдан алғанда, АК-ның нормаларынан басымдылыққа ие болады.
Азаматтық және банк қызметі туралы заңдарының арақатынасы белгілі бір өзгерістерге ұшырады. ҚР Президентінің 1995 ж. 31 тамыздағы заң күші бар жарлығымен АК З-б. 3-тармақтарына өзгеріс енгізілді, ол бойынша азаматтық және банк қызметі туралы зандары арасында туатын қарама-қайшылықтарда банк заңдарына басымдылық беріледі. АК-ның былайша өзгеруі азаматтық және құқықтың өзге де салалары арасындағы межелену принципін айқын бұзып тұрды. Сондықтан 1998 ж. 2 наурыздағы Заң арқылы АК-ның 3-бабының 3-тармағының қазіргі қолданыстағы редакциясы қабылданып, бұл принциптерді қалпына келтірді. Қолданыстағы редакцияға сәйкес, жария құқық қамтитын вертикальдық банк қатынастарын банк қызметі туралы заңдары реттеп отырады, ал банктердің өз клиенттерімен горизонтальдық қатынастарын, сондай-ақ банк клиенттері арасындағы банк арқылы қатынастарды - азаматтық заңдар реттейді.
АК-ның 3-бабы азаматтық қатынастарды әдеттер арқылы реттеуге жол береді, мұнда әдеттер ретінде осы жерде, халықтың осы этникалык (әлеуметтік) тобында қалыптасқан, азаматтық-құқықтық реттеумен қамтылған мінез-құлық ережелерін түсіну керек болар. АК "әдеттер" ұғымынан іскерлік айналым әдеттерін, яғни кәсіпкерлік кызметті жүзеге асыру барысында қалыптасқан ережелерді (мысалы, сатып алынған тауарларды жеткізу шығындарын әр түрлі мемлекеттерде тұратын сатушы мен сатып алушы арасында бөлу туралы) бөліп көрсетеді.
Іскерлік айналымның барынша маңызды және кең таралған әдеттері көбіне қағазға түсіріліп, жүйеленеді, жарияланады және қолдану үшін ұсынылады. Мысалы, Халықаралық сауда палатасы жасап шығарған Сауда терминдерін түсіндірудің халықаралық ережелері - "Инкотермс" ережелері тауарларды халықаралық жеткізіп беру саласында кеңінен белгілі. Бұл, шын мәнінде, тауарларды жеткізіп беруші мен сатып алушы арасында тауарларды жеткізу жөніндегі міндеттерді бөлетін іскерлік айналым әдеттері. Тауарларды тасымалдауға, олардың шекаралардан, кедендік ресімдеуден өтуіне, сақтандыруға және т.с.с. байланысты шығындарды бөлу де осында баяндалады. Мұндай әдеттер тұтас жинақтар түрінде жарияланып, қайта қаралады және нақтыланады. беделді органдардың қолдануы үшін ұсынылады. Мысалы, FOB (FREE ON BOARD) терминіне сәйкес, шығындар мен тәуекелдің тауарларды жеткізіп берушіден сатып алушыға өтуі тауарларды портта осы тауарларды тасымадауға тиісті кемеге тиеуден басталады. СIF (COST, INSURANCE, FREIGHT) термині сатып алынған тауарларды жеткізу жөніндегі барлық шығындарды жеткізіп берушіге жүктейді және т.с.с. сатып алу-сату шартын жасаса отырып. тараптар өзара келісім бойынша осы терминдердің (СIF, FOB, DAFEX" және басқалары) біреуін таңдай алады. Шартты орындауда көрсетілген термин ережелері тараптар үшін міндетті болады.
Әдеттер (іскерлік айналым әдеттері) заңға немесе шартқа қайшы келмейтін жағдайда АК-ның 3-бабы оларды қолдануға жол береді. Сонымен, әдеттер заңға бағындырылған және диспозитивтік сипатта болады.
ҚР-сы мойындаған әрі өзі қатысушысы болып табылатын халықаралық құқық нормалары бойынша барлық халықаралық шарттар (конвенциялар) Қазақстан зандары алдында басымдылықа ие болады. Бұл халықаралық шарт пен Қазақстанның заң актілері арасында карама-кайшылықтар туатын жағдайда халықаралық шарттың нормалары қолданылуы тиіс дегенді білдіреді. Мұнда ҚР-сы бекіткен мемлекеттер арасындағы шартты халықаралық шарт деп түсіну керек (Конституцияның 4-б. 3-т.). Кейде ҚР Үкіметінің әр түрлі шетелдік корпорациялармен жасасатын түрлі үкімет аралық немесе ведомство аралық келісімдері бұған жатпайды. Бұл секілді келісімдер АК-ның 3-бабының 7-тармағына сәйкес келетін халықаралық шарттар болып табылмайды, сондықтан қазақстандық азаматтық зандардың императивтік нормаларына бағынуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   90




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет