Тақырыбы: Сыныптық ұжымның қалыптасуына сынып жетекшісінің рөлі және оның әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпалы. Мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі101,66 Kb.
#26038

Тақырыбы: Сыныптық ұжымның қалыптасуына сынып жетекшісінің рөлі және оның әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпалы.

Мақсаты:

1. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам;

2. Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге адалдықпен, асқан  жауаптылықпен   атсалысу - ата – аналар  мен  ұстаздардың, әсіресе, сынып жетекшісінің  басты  парызы екенін айту;

3. Сынып жетекшісі өз оқушыларын ұжымдық әрекетте ауызбіршілікте болуға, сыныпта дәріс беретін мұғалімдер мен тіл табыса білуге, оқушылардың ата-аналары мен байланыста бола отырып жұртшылықпен бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіре білетін ұйымдастырушы.

Бала - басты байлығымыз, ал ең асылымыз – оның тәрбиесі
Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізге жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық. Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі. 

Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.

Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі бере бастайды.

Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал сол жастар «рухани» байлықпен қылаптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп атсалысуы қажет.

Бала тәрбиесі – мәңгілік мәселе.

Өнегесі мол отбасы тәрбиесіне ештеңе тең келмейді. Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге адалдықпен, асқан  жауаптылықпен   атсалысу - ата – аналар  мен  ұстаздардың, әсіресе, сынып жетекшісінің  басты  парызы.  Ұстаздардың  өмірі  мектептегі  еңбек  майданында  оқушымен  тығыз  байланыста  болады.Бір  сыныпта  әр  түрлі  бала  болады, яғни, әр түрлі  психология. Ендеше сол оқушылармен тіл  табысып, жұмыс жасай білген ұстаз – психолог. Кейде келіспеушіліктер  де, қиындықтарда  туындап 

жатады. Сол кезде ата – ананың көмегі, ықпалы көп қажет  болады. Мұғалім өзіне  бағынбаған баланың  қылығы  үшін ата – анасын  шақыруға  тура келеді. Сондай  жағдайда кей  ата – ана  мектепке  келуден бас  тартады, ал  кейбірі келіп  алып, мұғалімді  жазғырады.

 Баланың жақсысы — әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы – қайғысы, «азап-соры» деген жастарды тәрбиелеу ісінде табысқа жету үшін әрбір ата-ананың өзі де тәрбиелі болу керек. Қоғамның болашағы мен беделіне айқын жол ашар өскелең ұрпақ. Тал бесіктен басталар тәрбиенің тереңді меңзейтіні осында. Ең алдымен ата-ананың ролі, онан кейін ұлағат сыйлаған ұстаз.



Мектеп-педагогикалық процесті басқарудың негізгі орталығы. Мектеп қоғамның әлеуметтік ұясы. Онда демократияландыру, ізгілендіру негізінде педагогикалық ұжым нығаяды, қалыптасады. Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп өмірінде мұғалім-басты тұлға. Мұғалім арнайы мамандығы бар педагогикалық қызметпен кәсіби денгейінде айналысатын адам. Мұғалім оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушысы, әрі ұстазы, әрі ақыл беріп отыратын кеңесшісі.Сондықтан да ол қиында жауапты іс болып саналынады. Осындай жауапты істерді өзінің педагогикалық қызметінде сынып жетекшісі ретінде қосымша жұмыс түрінде тәрбие жұмысын атқарады. Сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен оқушылар ұжымы үшін өте қажетті іс. Себебі мектеп құрлымындағы ең негізгі буын - сынып болып саналады. Сыныпта оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасып отырады. Сондықтан сыныптағы оқушылардың тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшісіне жүктеледі. Сынып жетекшісі өз оқушыларын ұжымдық әрекетте ауызбіршілікте болуға, сыныпта дәріс беретін мұғалімдер мен тіл табыса білуге, оқушылардың ата-аналары мен байланыста бола отырып жұртшылықпен бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіре білетін ұйымдастырушы ретінде көмектеседі. Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты- мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азамат етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сынып жетекшісі, сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының маңыздылығы мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салаларына: ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық тәрбие және дене тәрбиесі, құқықтық тәрбие, еңбек тәрбиесі т.б. тәрбие міндеттерін мектеппен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру. Сынып жетекшісінің міндеті сан алуан. Сол себепті сынып жетекшісі жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.

Ұлттың болашағы –ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі –ұстаз қолында. Ал, ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Тәрбие беру – өзгермелі өмір талабына жауап беруі тиіс. Бұған қоғамдық өмірге дербес


шешім қабылдап, ойды саналы түрде түсінуге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелемейінше қол жеткізу мүмкін емес. Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты. Үшінші мыңжылдықта жастар қандай болуы керек?– деген жанды сұрақ әрбір саналы адамды ойландыратыны сөзсіз. Сондықтан да Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың алдында: “XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан –жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек”– деп жауапты міндет қойып отыр. Бұл бүкіл адамзатты ойландыратыны анық жағдай.. Адамның адам болып қалыптасуында ата – аналармен қатар сынып жетекшілердің ықпалы зор. Яғни тәрбие жүйесіне жүктелер жүк те жеңіл емес. Қандай істі болсын бастау, оны өмірге ендіру оңай шаруа емес. Ұрпақ тәрбиесі– бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Тәрбие жолы қиын жол. Өмірді өрнектейтін адам ұстаз шәкірт алдындағы парызын ешуақытта ұмытпайды. Мүлт кетсе-үлкен қателік жіберіп алатынын біледі. Ал тәрбиеде кеткен қателікті түзеу оңай іс емес. Сондықтан әр ұстаз жалықпай ізденеді, білім беруді, тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндеті, айбынды мақсаты деп біледі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысының мақсатын саналы түсініп, оны жан-жақты талдап отыруға міндетті. Сынып жетекшінің тәрбие қызметіндегі мақсаты: білім алушы тұлғасының өзін-өзі дамыту мен іс жүзінде көрсетуі үшін жағдай жасау.Балалардың тума нышандары мен қабілеттерін дер кезінде айқындау,қауіпсіздік, эмоциялық жайлылығы үшін психологиялық жағдайлар жасау. Сынып жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшінің рөлі өте жоғары екендігін ескере отырып төмендегі сынып жетекші қызметіне қажетті мақсат−міндет ережелерін ұсынамын.



Сынып жетекшісінің тәрбие қызметіндегі мақсаты
• Білім алушы тұлғасының Өзін- өзі дамытуы мен іс жүзінде көрсетуі үшін жағдай жасау. 
• Балалардың тума нышандары мен қабілеттерін дер кезінде айқындау, қауіпсіздік, эмоциялық жайлылығы үшін психологиялық педагогикалық жағдайлар жасау
• Әр түрлі шығармашылық тұлғадағы қоғамдық іс -әрекетке икемді тұлғаның өзін-өзі анықтауы және өзін іс-жүзінде көрсете білуі 
• Өзара бірлескен қарым -қатынас кезінде тәрбиеленушілердің әлеуметтік құнды қарым-қатынастары мен алаңдадатын мәселелерін сәйкестендіру

Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері :
•Сынып ұжымын қалыптастыру және дамыту 
•Тұлғаны дамытып, әрбір білім алушының өзін танытуы әрі қайталанбас ерекшелігін сақтай отырып психолгиялық педагогикалық жағдай тудыру 
•Оқушылардың шығармашылық іс- әрекетін қалыптастыру 
•Сыныптағы жүйелік жұмысты ұйымдастыру 
•Білім алушылардың бойында адамгершілік құндылықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру 
•Салауатты өмір салтын қалыптастыру •Білім алушылардың құқықтары

менменмүделлерін қорғау 



Сынып жетекшісінің негізгі қызметіне мыналар жатады :
•Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру 
•Сынып ұжымының оқу ісін ұйымдастыру 
•Сыныптың сабақтан тыс уақыттағы өмірін ұйымдастыру 
•Оқушылардың жеке басын зерделей түсіну 
• Оқушыларды әлеуметтік қорғау 
Ата- аналармен жұмыс 
         Сөз жоқ, бала үшін адамгершілік талғамдар мен әдет-дағдылар, яғни жеке бастың қалыптасуының барлық әлеуметтік-психологиялық негіздері отбасында қалыптасады. Демек, отбасылық тәрбиелеу шарттарын, мүмкіндіктерін зерттемей тәрбие үрдісінде оң нәтижелерге жету мүмкін емес. Кей ата-аналардың бала тәрбиесі жайлы көзқарастарында елеулі кемшіліктердің барлығын байқауға болады. «Міндетім киім мен тамақ табу ғана» деген оймен мектепке орынсыз талаптар қояды. өзінің жауапкершілігін сезе білмейді, баласын тәрбиелеуден қол үзеді. Оның зардабы баланың сабақ үлгеріміне, мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады.

         Адамды адамдық қалыпқа келтіретін де, аздырып, тоздыратын да қоғамдағы тәрбие жұмысы. Жүйелі ұлттық адамгершілік тәрбие болмаса, халық бір-бірінен рухани үлгі көрмесе адам баласы бір-біріне ақырзаман әкелуі мүмкін.

         Қазіргі заманда ұлттық мектептің ірге тасы қалана бастаған кезде ата-аналарда мектеппен байланысын нығайта түсуі абзал. Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие процесі өз жемісін нәтижелі бере бастайды.

Балам адам болсын дейтін ата-ана тәрбиені дұрыс беруі керек. Осы ретте Мағжанның мына сөзін айта кеткенді жөн көремін: «Бала тар ойлы, ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі; бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, айыпты емес, тәрбиеші жазалы. Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін» деген нақыл сөзді естен шығармайық!

Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр әл Фараби « Адамға ең бірінші  білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың  қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» - десе, Жан Жак Руссо « Бала туғанда  ақ қағаздай таза болып туады , оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең солай тәрбиеленеді» деген екен. Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең әдемі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана –сезімі, адамгершілігі әсер етеді.

Қорыта келе егеменді еліміздің келешегі мен кемелі білім мен ұлағатты тәрбиеге байланысты. Сондықтан әр ұстаз жалықпай ізденеді, білім беруді, тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндеті, айбынды мақсаты деп біледі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысының мақсатын саналы түсініп, оны жан-жақты талдап отыруға міндетті.




Жеке тұлғаның қалыптасуындағы сынып жетекшінің рөлі


Жарияланды 21-01-2015, 08:42 Категориясы: Ұстаздарға 

Жеке тұлғаның қалыптасуындағы сынып жетекшінің рөлі


Тәрбие – тәртіптің құлы деп Бауыржан Момышұлы айтқандай
Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақталған ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, балалардың қоршаған ортадағы қарым - қатынасын, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Ал тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана - сезімі, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар - ожданы мол, іскер, бойында игі қасиеттер қалыптасқан адам тәрбиелеу. Жалпы оқушылардың өмірінде мектептегі тәрбиенің рөлі зор. Мектептегі басты тұлға ұстаздың міндеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар әрбір оқушының жүрегіне жол тауып, оларды тәлім - тәрбиемен сусындату болып табылады.

Оқушыға әрдайым сын көзбен қарап, пікір айта білсек, талап қойып, болашаққа ұмтылуға сендірсек, келешекте абзал азамат шығары сөзсіз. Сондай - ақ оқушының қоршаған ортасы, дос - жарандары, құрбы құрдастары иманды, адамгершілігі мол, ізгілікті, елжанды болуы керек. Әрбір баланың бойында еліктеушілік басым келеді, сондықтан әрдайым баланың жанында жүрген жеткіншектерге назар аударуымыз керек. Жалпы мәдениетті тұлғаны қалыптастыруда адамгершілік, эстетикалық, патриоттық, экологиялық, саяси бағыттарды ұстанамыз.

Оқушының бойында осындай қасиеттерді қалыптастыруда сынып жетекшісінің рөлі зор. Бүгінгі күні сынып жетекшісі оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы, түрлі іс - шаралар барысында оқушылар арасында ынтымақтастық қарым - қатынасты қалыптастырушы, олардың жеке тұлға ретінде дамуын бақылаушы, оқушының күнделікті өміріне кеңес берер көмекші, сыныпта қолайлы ахуал тудырушы, үйлестіруші.

Қазіргі кезде сынып жетекшісі болу ауыртпашылығы бар, жауапкершілігі мол, қиын да қызықты жұмыс. Оқушылар ұжымын қалыптастыру, оқушының психикалық ахуалын, әлеуметтік тұрмысын жете білу, балаға сенім білдіру және оның көзқарасымен санасу, жаңашыл, ізденімпаз ұстаз - тәрбиеші бола білу сынып жетекшісінің міндеті. Оқушы тәрбиесінде әрбір сынып жетекшісі сыныпта психологиялық - педагогикалық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуі қажет. Ол психологтың көмегімен мониторинг, сауалнама, диагностика, тест түрінде оқушының адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық құзырлылығын, белсенділік деңгейін анықтайды.

Сынып жетекшісі ата - анамен тығыз байланыста болуы керек. Оларды мектепте, сыныпта өткізілетін түрлі іс - шараларға шақырып, жан - жақты әсер етуіміз керек. Жеке, топтық, ұжымдық жұмыстар арқылы бала мен ата - ана арасындағы шынай қасиетті қалыптастыруға болады.
Оқушы - қоғамның белсенді мүшесі, жарқын келешек кепілі. Оқушы мәдениетін қалыптастыру арқылы біз жеке тұлға қалыптастырамыз. Жеке тұлғаның мерейінің асқақтауына отбасы және мектептегі тәрбиенің маңызы ерекше.

Осы қасиеттерді негізге ала отырып ата - аналар, мектеп, ұстаз бірігіп жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін, қоғамдық саяси ой - өрісін байытып, тұлға бойында мәдени құндылықтарды дамытуға тиіспіз. Тәрбие кезеңдеріндегі өзіне тән заңдылықтарын сәтті пайдалану ұрпақ тәрбиесінің жемісті болуының кепілі болмақ.

Қазіргі таңда әрбір баланы ең алдымен, өз ұлтына, мемлекетіне, тіліне деген құрметінің өзі де тәрбиеден басталады. Тәрбие болмаса адам өз келешегіне балта шапқандай. Себебі, сол тәрбие арқылы үлкенді құрметтеуге, кішіге ізет көрсете білу, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажырата аламыз. Тәрбие бірінші отбасынан басталады.

Әкеге қарап ұл өсер,


Шешеге қарап қыз өсер – деп бекер айтылмаса керек.
Осы әке мен шешенің және ұстаздың берген тәрбиесін ой - санасына бағындырған, сол сөздерден нәтиже шығарған бала ерекше болып саналады.
Біз отбасында да, жұмыста да жақсы, қатаң тәртіп болуын тілейміз деп Макаренко айтқандай екі жақтан жақсы тәрбие алса тәртіп болады деп ойлаймын.
Каталог: 0B5D37B2B884247A
0B5D37B2B884247A -> Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ Сабақтың типі: Жаңа білім беру
0B5D37B2B884247A -> «Биофизика» курсы
0B5D37B2B884247A -> Оқу жылындағы гуманитарлық бағыт бойынша әдістемелік бірлестігінің жүргізген I жарты жылдық қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Мазмұны І. Кіріспе бөлім
0B5D37B2B884247A -> Оқу жылындағы гуманитарлық бағыт бойынша әдістемелік бірлестігінің жүргізген жылдық қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2015-2016 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Степной орта мектебі жанындағы «Қызғалдақ» шағын орталығының есебі
0B5D37B2B884247A -> Сабақтың мақсаты: Ақмола бекінісінің салынуының себебін ашу, Ақмола бекінісінің салынып, ондағы жаңалықтарды оқшыға анықтау
0B5D37B2B884247A -> Сабақ тың тақырыбы: «Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы»
0B5D37B2B884247A -> Степной орта мектебі бойынша қазақ мектебіндегі жаратылыстану – математика бірлестігіндегі пәндерінің жүргізілуі туралы жартты жылдық анықтама


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет