2 биосфера. Биосфера түсінігі. Биосфера қҰрылысы. Биогеоценоз 3 ластанған газды ауаны тазалау әдістері мен қондырғылары 4 табиғи ортаны қОРҒауды басқару



бет8/8
Дата21.12.2019
өлшемі0,84 Mb.
#53892
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
bb9f9aef


ЛККi = Хi / ШКМi немесе ЛККiХi / Хɸ
Мұнда, ЛККi – і-ші зат үшін ластану концентрациясының коэффициенті. Хi – і-ші ластағыш заттың құрамы. Хɸ – oсы заттың фондық құрамы.

Жердің басты антропогендік ластаушысы болатын:

- Алудағы, қайта өңдеудегі мен химиялық өндірістегі, жылу энергетикасындағы мен транспорттағы қатты және сұйық қалдықтар;

- Қолданылған қалдықтар, бірінші кезекте үй шаруашылық қатты қалдықтар;

-Ауылшаруашылық қалдықтар және агротехникада қолданылатын улы химикаттар;

- Токсиндік заттардың атмосфералық түсулері;

- Авариялық лақтырулар мен ластағыш заттардың шығарылуы; Табиғат шектен тыс еркіндік пен кездейсоқтықты көтермейді. Қоғам мен табиғатқа, табиғат ресурстарына деген тұтынушылық қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. Осыған байланысты алдыңғы кезекте табиғатты пайдаланудың объективтік –экономикалық механизмін жасау проблемалары туындайды. Өкінішке орай, қазіргі қоғам әлі күнге дейін табиғат байлықтарын үнеммен пайдалануды үйрене қойған жоқ, арға жағында күмәнсіз өзін-өзі біртіндеп жою басталатын белгілі бір шектен шығуға мүмкіндік бермейді, моральдық және материалдық шараларды да қолдана алмай жүр. Адамзаттың балалық шағы бітіп, енді есею кезеңі басталды деген пікірмен келісетін болсақ, қазіргі қолда бар табиғат қоры шеңберінде өмір сүруді үйрену және өндіріс көлемін ұлғайтуды шикізат байлықтары шығынының көлемін өсіру жолымен емес, аз қалдық беретін және қалдықсыз технологияға тезірек көшу, кен орны жынысы құрамындағы барлық компоненттерді кешенді түрде алу мен пайдалану, өндіріс қалдықтарын қайта пайдалану мен тұтыну, табиғи ортаны ластаудың алдын алатын қалдықсыз өндірістер мен технологияны енгізу, энергия мен шикізаттың дәстүрлі түрлерін қазіргі заманғы және таусылмайтын көздермен ауыстыру негізінде жүргізу қажет. Қорыта келгенде, қазіргі экологиялық дағдарыстар мен тоқыраулардың түпкі тамыры – адам баласының табиғаттың қарапайым даму, зат және энергия алмасу заңдарын, оның теориялық негіздерін білмеуі, яғни, экология ғылымының негіздерін оқып үйренбеуі болса керек. Осыған орай ұсынылып отырған еңбекте болашақ ұрпақтар үшін маңызы бар экология ғылымының кейбір көкейтесті мәселелері қысқаша баяндалады.

Бақылау сұрақтары:

1 Қоршаған ортаның ластануына төленетін төлемақы

2 Өте қауіпті ластаушыларға жататындар

3 Нормативтің бұзылу қауіптілігін анықтау формуласы

4 Топырақтың ластану концентрациясының коэффициентін анықтау

5 Табиғи суларының антропогендік ластануы



13 ҚАЛАНЫ ҚОРШАҒАН ОРТА

Қоғам мен табиғаттың ара қатынасында қала ерекше орын алады. Қаладағы ғылыми-техникалық революция дәуірінде қалалық мекендердің қарқынды дамуына байланысты, «халықтың экономикалық, саяси және рухани өмірінің орталығы, әр прогресстің басты қозғаушысы болып саналатындықтан», қоғамдық қатынастың негізгі әлеуметті экономикалық буынына айналады. Алуан түрлі өнеркәсіп салалары, өндіріс күшінің басым бөлігі шоғырланғандықтан, халық көп, әрі тығыз орналасатындықтан қала әлеуметтік-экономикалық және экономикалық қарама –қайшылықтың негізгі буынына айналды: бір жағынан, қалалар-айналадағы табиғат ортасын ластайтын басты көз, екіншіден-ластанудан неғұрлым көп зиян шегетін және ондағы қоршаған ортаны сауықтыруды қажет ететін әлеуметтік-экономикалық объект. Сондықтан қаланың көбею процесінде-қалалар пайда болғанда және дамығанда бірінші кезекте қоршаған орта факторларын реттеуді ескеру қажет. Қазіргі өнеркәсіп қалалары өте күрделі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жүйе болып саналады, оларда өндірістік және өндірістік емес салалардың, транспорттың, тұрмыстың, мәдениеттің тұтас организмі тығыз байланысқан. «Тұтас организм ретінде,-деп жазады В.М. Розин, қала жекелеген жүйе тармақтарының - өндірістік , тұрғын, транспорт, тұрмыс, мәдениет салаларының бірігуі ғана емес, бірыңғай ортасы (адамдардың өмір сүруіне қажетті материалдық, табиғи, әлеуметтік және мәдени жағдайлардың табиғи байланысы), сондай-ақ қаладағы ерекшк өмір қалпы». Қаланы адамдарды қоршаған ортаның басты формасы ретінде қарастыру, әлемдік және аймақтық модельдермен салыстырғанда, қаланың экологиялық блок модельдерінің өзіндік ерекшелігін айқындайды. Қалаларда бірінші кезекте қоғамның, сонымен қоса әлеуметтік және табиғи (биологиялық) ресурстардың басты көзі ретінде тікелей адамдар проблемасы қойылады. Сондықтанда мұнда экологиялық функция ең әуелі әлеуметтік тұрғыда қарастырылып, адамдардың қалыпты тіршілік етуін сақтауға және олардың өмір сүруін қамтамасыз етуге, әрі қала ортасының дамуына орай өркендетуге бағытталады. Қаланың әлеуметтік функциясында тыныс-тіршілігінің әлеуметтік бағытына, әсіресе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысына (уставына) сәйкес адамдардың денсаулығына, оладың рухани өсуіне, мәдениетті демалуна зор көңіл бөлінеді. Ол үшін қаланы қоршаған ортаның тазалығы басты назарда болады. Географтар мен қала салушылардың жұмыстарында қаланы қоршаған орта тұтастай үш негізгі компонент ретінде қарастырылады. Табиғи орта (экожүйе) . Ландшафт; биогендік элементтер: климат, атмосфера ауасы, жер бетіндегі және жер астындағы сулар, геологиялық орта; биогендік элементтер, топырақ, биоценоз (өсімдік және жануарлар әлемі). Антропогендік жасанды орта. Қала атырабын қолдан ұйымдастыру: инженерлік және транспорттық инфрақұрылымдар, салынған құрылыстар, көгалдандыру, энергия мен материалдардың, соның ішінде ластайтын заттар мен қоқыстардың жаңа түрлерінің пайда болуы т.б. Әлеуметтік орта. Халық құрылымы; халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету және денсаулығын қорғау, басқару т.б. 95 Экономикалық тұрғыдан алғанда қаланы қоршаған ортаның қалыптасуы, халық шаруашылығы объектілерінжоспарлау және басқару барысында пайда болатын екі жүйк тармағынан тұрады: жоғарғы (құрылымдық), бұл материалдық өндіріс және қызмет салаларын қамтиды, және төменгі , немесе инфрақұрылымдық, бұған жалпы негіздегі құрылымдар жатады. Соңғы жылдары экономикалық әдебиеттерде өндірістік, әлеуметтік инфрақұрылымдармен қоса, экономикалық сала да бөлек қарастырылады. Экономикалық салаға қоршаған ортаны сақтау және қорғау, яғни өндірістің жалпы дамуына жағдай жасау, әрі қала азаматтарының қолайлы еңбек етуін, өмір сүруін және тынығуын қамтамасыз ету жатады. Қаланы қоршаған ортаның сапасын қарастырған кезде экологиялық- экономикалық жүйе ұғымына тоқталған жөн. Мұның мәнісі-табиғи және өндірістік объектілердің өзара үйлесімділігін сақтау, ал бұлардың тиімді жұмыс істеуі табиғи-ресурстық факторларға негізделген, әрі олар жалпы дамыту бағдарламасының біртұтастығына байланысты. Қоршаған орта сапасы табиғи жағдайдың адамның және басқа да тірі организмдердің қажіттілігіне сәйкес келу дәрежесімен сипатталады. Демек, қоршаған орта жағдайын нашарлату-не ресурс сапасын кемітуге, не оның мөлшерін кемітуге , не аталған екі жағдайға да әсер ету деген сөз. Сандық көрсеткіштің сапалық көрсеткішке және, керісінше, алмасуының алғы шарты табиғи ресурстардың шектеулігі, оның таусылатындығы немесе қалпына келу циклының ұзаққа созылатындығы болып саналады. Біріншіден, табиғи ресурстар мөлшерінің таусылып кемуі өндіріске сапасы нашар ресурстарды негізуге мәжбүр етеді. Екіншіден, ластану салдарынан ресурс сапасының кемуі практикада белгілі бір функцияны атқаруға жарайтын сол ресурс мөлшерінің кемігендігін көрсетеді.

Өзінің тіршілік әрекеті үшін қоршаған ортаның әртүрлі элементтерін пайдалана отырып, адамдар оладың сапасын өзгертеді. Көп жағдайда бұл өзгерістер ластанудың қолайсыз формасына ұшыратады. Антропогендік өзгерістер ауқымы жағынан табиғи өзгерістермен тең түседі, ал кейбір жағдайда одан асып түседі. Сыртқы ортаның өндіріс процестеріне қатысу сипаты мен дәрежесінің және ортаның ластану күйінің аралығында тікелей, сондай-ақ кері байланыс бар. Біріншіден, адамдардың қоршаған ортаны белгілі бір дәрежеде пайдалануы оның қасиетін өзгертіп, көп жағдайда айналаны ластауға ұшыратады.Екіншіден, адамдар тарапынан атқарылған әрбір функция тиісті сапаны қажет етеді, ал ластанудың алун түрлері орта элементтерін өндірісте және басқа да жағдайда пайдалану мүмкіндігіне ықпал етеді. Бұл байланыстарды атмосфера ауасын пайдалану мысалында сипаттауға болады. Адамдарға, өсімдік немесе жануарлар әлеміне әсер ететін антропогендік көздердің бірі-химиялық ластану ерекше назар аударарлық . Қоршаған ортаны ластау ауқымына қарай жергілікті, аймақтық және әлемдік ластану деп бөлінеді. Әдетте, біріншісі жергілікті ластану болып саналады, оның өзі егер табиғи тазару жылдамдығынан ластану процесінің жылдамдығы көп болса, онда аймақтық ластануға ауысып, содан соң сандық өзгерістер көбейгеннен кейін-қоршаған орта сапасында әлемдік өзгерістер пайда болады. Мәселен ауаны өндіріс мақсатында пайдаланғанда, ежелден атмосфераның алғашқы сапасын қалпына келтіретін табиғи қабілеті болады деп есептеп келді.Атап айтқанда, атмосфераға шығатын түтін құрамындағы ұсақ бөлшектер мен улы заттар, сол атмосфераны сұйылту тәсіліне айналды. Тіпті қазірдің өзінде биік және ерекше биік трубалар салған кезде де осы көне тәсіл пайдаланылады. Алайда ауаға тарайтын қоқыс көлемінің күрт артуынан атмосфераның ластану ауқымы шегінен асып, кейде өздігінен қалпына келуі мүмкін болмайтын дәрежеге жетті. Қазір атмосфераның зиянды заттармен ластанғандығы соншалық, сол ластану көзінен ондаған, тіпті жүздеген километрге дейін таралады. Тіпті ластану көзі деген ұғымның мәні біршама өзгерді десе де болады. Егер белгілі бір өнеркәсіп ауданында жекелеген ластану көздерін дербрс алатын болсақ, онда бүкіл аймақ бойынша тұтастай өнеркәсіп аудандарын, мәселен ірі қалаларды жекелей, линиялық (автомагистралдар) және топтық ластану көздері ретінде қарастыруға болады. Оның үстіне, тіпті бүкіл аймақ және тұтастай елдің өзі бірыңғай ластану көзіне айналуы мүмкін.

Кейде бір мемлекет өз жерінен гөрі көрші елді көбірек ластауы мүмкін. Мұндайда «трансшекаралық ауысу» проблемасы туындайды. Қазіргі индустрия өндірісі тұтастай кең байтақ өңірдің табиғатына едәуір әсер етеді. Ластайтын заттар мен жылу энергиясының көпшілік бөлігі шағын ғана алаңға таралғанымен, атмосферадағы алмасу ерекшеліктеріне, әрі су арқылы орын ауыстыруына байланысты ұзақ уақыт сақталатын кейбір заттар жер бетінің едәуір бөлігіне, тіпті кейде бүкіл әлемге таралып, аймақтық және тұтастай жер шарын ластайды. Осы уақытқа дейін табиғи қоршаған ортаның антропогендік әлемдік ластануының кейбір маңызды проблемалары анықталды. Оған жататындар: Атмосфераға техногендік жылудың, көмірқышқыл газының және аэрозольдық қоспалардың түсуіне байланысты климаттың өзгеру мүмкіндігі; Атмосфераға фреодардың, азот тотықтарының жәнебасқа да кейбір қоспалардың түсуінен жердің озон қабатының бұзылу мүмкіндігі; Табиғи орта мен биосфераның радиоактивті заттармен, ауыр металдармен және пестицидтермен әлемдік ластануының экологиялық зардаптары; Теңіздердің атмосфералық жауын-шашынмен, өзен суларымен, жер бетіндегі су көздерімен, теңіз транспорттарымен ластануының жалпы проблемасы; Ластайтын заттардың атмосфера арқылы тым алысқа таралуы және қышқыл қалдықтар проблемасы. Сонымен, қоршаған ортаға антропогендік ықпал ету ауқымына және осыдан туындайтын қауіп-қатер деңгейіне байланысты технологиялық процестерді дамытудың жаңа жолдарын қарастыруға тура келеді, әрі мұның өзі экономикалық тұрғыдан едәуір тиімді, экологиялық тазалығы анағұрлым жоғары болуы тиіс. Дәлірек айтқанда, экономика мен экология арасындағы қарама-қайшылық дегеніміз, «адам-қоғам-өндіріс-табиғат» жүйелерін үйлесімді 97 дамыту қажеттігі мен нақтылы мүмкіндіктің жетіспеушілігі, ал кейде өндіргіш күш пен өндіріс қатынастарының қазіргі даму деңгейіне қарамастан, осындай үйлесімділікті жасауға ықылас білдірмеушілік арасындағы қарама-қайшылық. Сондықтанда әсіресе біздің экономикамызды жаңа жағдайға және шаруашылықты меңгерудің озық тәсіліне көшіріп отырған кезеңде бұл жүйені басқару мәселелері көп айтыс-тартыс туғызатыны сөзсіз. Алайда ерекше атап көрсететін жайт: қоршаған орта-басқару объектісі ретінде өте күрделі, алуан түрлі, әрі сан-салалы. Қоршаған орта әлеуметтік объекті болмағанымен, оны басқару сөзсіз әлеуметтік сипат алады, өйткені оның өзі бүкіл қоғам мүддесін қозғайды.

Қоршаған ортаны қорғау шаралары

Өндірісті экологияландыру. Негізгі мақсаты- өндірістің ластану көзін жою. Міндеттері: ортаны қорғайтын техникалар мен технологияларды дамыту және енгізу; технологияны жетілдіру жөніндегі шаралар, қалдығы шамалы және қалдықсыз технологияны енгізу; өнімнің материал мен энергияны қажетсінуін азайту жөніндегі шаралар; өте зиянды өндірісті қала сыртына шығару жөніндегі шаралар, ретсіз өнеркәсіп үйінділерін жою. Қаланың ауа бассейні. Негізгі мақсаты- санитарлық- гигиеналық нормаларға және жанды әлемнің тіршілік әрекетінің қажетіне сәйкес келетін қаланың ауа ортасының сапасын қамтамасыз ету. Өндірісті экологияландырудағы шаралармен қоса: автотранспорттардың қала ауасын ластауын азайту шаралары; автомобиль двигательдерін жетілдіру және ретке келтіру шаралары; қала ішіндегі транспорт құрылымын өзгерту шаралары; транспорт магистральдарын жетілдіру шаралары; архитектуралық- жоспарлау шаралары; транспорт көп жүретін магистральдарға ағаш отырғызу шаралары; тұрғын үй- коммуналдық құрылыс өндірістерінен шығатын ласты азайту шаралары. Қаланың су бассейні. Негізгі мақсаты- су бассейнін мүмкіндігінше толық тазарту. Шаралары: өнеркәсіп орындарында су тазартатын құрылыстарды салу және жетілдіру шаралары; айналымдағы сумен жабдықтауды енгізу шаралары, өндіріс технологиясын жетілдіру шаралары, өнімнің өлшем бірлігіне су тұтыну үлесін кеміту шаралары, ерекше зиянды өндірістерді қала сыртындағы өнеркәсіп аймағына шығару шаралары; қаладағы канализайия мен тазарту қондырғыларын салу және жетілдіру жөніндегі шаралары; жиналған жаңбыр суларын тазарту шаралары; су айдындарына су транспорттары қоқысының төгілуін болдырмау шаралары; шағын су көздерінің ластануын және қоқыстардың ретсіз төгілуін жою шаралары; су айдындары мен тоспа суларды тазарту шаралары; жер асты суларын қорғау шаралары. Шуылдан, электромагниттен, жылудан, радиациядан ластану. Негізгі мақсаты- қала территориясындағы шуды, дірілді, электромагнитті, жылуды, радиацияны шектеулі деңгейге дейін азайту. Шаралары: Транспорттан шығатын ласты азайту шаралары;шуы көп аймақта ағаштар отырғызу, шуы көп шығатын өндірістерді қала сыртындағы аймаққа шығару шаралары; ауа 98 сүзгілерін, кондиционерлерді, ауа ионизаторларын, шу ұстайтын және электрден қорғайтын жабындарды жұмыс істейтін және тұрғын үйлерге, қоғамдық құрылыс орындарына орнату шаралары. Қатты қалдықтар.

Негізгі мақсаты- территорияның қатты қалдықтармен ластануын барынша азайту, әрі оларды мүмкіндігінше іске жарату.

Шаралары: технологияны және өндіріс мәдениетін жетілдіру арқылы қатты қалдықтар көлемін азайту, мамандандырылған кәсіпорындарда тұрмыстық қалдықтарды жинау және толық өңдеу, өңдеуге келмейтін қатты қалдықтарды, ерекше улы қалдықтарды көму. Жасыл көшеттер және топырақ қорғау. Негізгі мақсаты- қала территолриясында жасыл көшеттерді барынша молайту. Шаралары: қалада жасыл көшеттерді ұлғайту, өсіп тұрған жасыл көшеттерді қорғау және қалпына келтіру, өнеркәсіп, транспорт және құрылыс қалдықтарымен топырақтың ластануына жол бермеу, жасанды жабындардың улылығын азайту, қала территориясындағы және қала сыртындағы аймақтағы қоқыс үйінділерін жою. Қалдықтарды іске жарату. Қазіргі кезде қалдықтарды іске жаратудың маңызы зор. Мұның өзі ірі қалалардағы екінші ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Онда өнеркәсіп пен тұрмыстағы сұйық қалдықтарды, құрылыс қалдықтарын іске жарату шаралары көзделеді. Қала ішіндегі демалыс орындары. Негізгі мақсаты- қала ішіндегі территорияның халық демалатын орындарында ерекше қолайлы экологиялық жағдай туғызу. Мұнда қала ішіндегі демалыс парктерін, бақтарын, гүлзарларын, стадиондарын, спорт алаңдарын, аула территорияларын жоспарлау, көркейту және мүмкіндігінше ұлғайту көзделеді. Санитарлық- гигиеналық шаралар. Негізгі мақсаты- ірі қалалардағы қоршаған ортаның ластануын, тұрғын халықтардың денсаулығына зиян келтірмеуін болдырмау. Мониторинг. Мұнда қоршаған орта сапасын жетілдіру жөнінде шаралар жүргізу көзделеді. Экологиялық білім беру. Мақсаты- кадрлар даярлау, экологиялық білімді насихаттау және дербес экологиялық бағытты насихаттау.

Бақылау сұрақтары:

1 Қаланың қоршаған ортаға әсері

2 Қоршаған ортаны қорғау шаралары

3 Өндірісті экологияландыру деген не

4 Шуылдан, электромагниттен, жылудан, радиациядан ластану

5 Санитарлық- гигиеналық шаралар

6 Мониторинг жүргізу деген не.


14 ТАБИҒИ ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЛЕМДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзде қаншама мазмұн, терең мағына, ұлағаты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр десеңізші. Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Ал адам үшін табиғат ең қажетті де қастерлі ұғым. Өйткені адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы анасы, сондықтан да адамның табиғатты ана деп құрметтеуін де үлкен ұғым жатыр. Табиғат сұлулығын сақтай білу, одан ләззат ала білу әрбір ел азаматының, жас ұрпақтың экологиялық мәдениеттілігінің басты көрсеткіші болуы тиіс. Әрбір адамның табиғатқа деген қарым-қатынасы оның жас кезінен бастап отбасында, балабақшада, мектепте, орта, арнаулы және жоғары оқу орындарында алған тәжірибесіне тікелей байланысты болу керек. Алматы қаласындаға “Акара” қонақ үйінде Біріккен Ұлттар Ұйымы қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы, Азия және тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік компаниясы және Азия Даму Банкінің ұйымдастыруымен “Рио+10” тұрақты даму бойынша Бүкіләлемдік саммитке дайындық және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Орта Азия елдерінің аймақтық кездесуі болып өтті. Оған Орта Азия елдерінің қоршаған ортаны қорғау, қаржы және министрлері, мемлекет, халықаралық, аймақтық (ЮНЕП, ЭСНАТО, ПРООН, МФСА, МКУР), қоғамдық ұйымдар мен БАК өкілдері қатысты. Оның алғашқы күнінде “Абай” залында қоғамдық ұйымдар кездесуі өтіп, оған ҮЕҰ, орталық Азия аймақтық экологиялық ұйымдары және Рио+10 бойынша жұмыс топтары (ЮНЕП, АБР, ЭСНАТО, ПРООН) қатысты. Ал “Абылай хан” залында өткен мемлекетаралық кездесуге барлық министрліктерден шақырылғандар, НИЦ, МКУР және Рио+10 бойынша жұмыс тобы қатысты. Орта Азия елдерінің аймақтық кездесуінде Қазақстан Республикасы Төрағасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Айдар Шоқпытов сөз сөйледі. - Аймақтық кездесудің мақсаты,- деді ол, - Орталық Азиядағы күн тәртібі – 21-дің ілгерлеуін талқылау және “Рио+10” тұрақты даму жөніндегі Бүкіләлемдік саммитке Азия-Тынық мұхит аймағы есебіндегі аймақтық бөлігінің қалыптасуы. Орталық Азиядағы мемлекетаралық тұраты даму жөніндегі комиссияның тапсырысымен Орталық Азия елдері методология жөніндегі министрлігі мен ЮНЕП-тің үйлестіруімен Орта Азиядағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әрекеттердің аймақтық жоспарының ілгерлеуін талқылау.

БҰҰ-ның “Рио+10” бағдарламасынан жақсы таныс, қоршаған ортаны қорғау және 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласын дамыту жөніндегі Бүкіләлемдік конференциясында мынадай негізгі құжаттар қабылданған болатын: 21-ғасырдың күн тәртібі; қоршаған ортаны дамыту туралы Рио Декларациясы; климат және сан алуан тіршілікті өзгерту туралы БҰҰ-ның екі конфенциясы; орман туралы мәлімдеме. Осының ішінде 21-ғасыр күн тәртібі 170-тен астам қатысушы елдердің мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен тұрақты дамуға жету жөніндегі әрекеттің бағдарламасы ретінде қабылданған. Бұл құжатта алғаш рет экологиялық қауіпсіздік пен жер шарындағы біртұтас ғаламдық экологиялық кеңістіктегі өркениеттің тұрақты дамуының жалпы және өзіндік мәселелері айқын көрсетілді. Ал тұрақты дамудың астарында адамзаттың дамуы, яғни оның бүгінгі мұқтаждығын болашақ ұрпаққа залал тигізбей қанағаттандыруды жүзеге асыру секілді түсінік жатыр. Жалпы адамгершілік тұрғысынан алсақ, тұрақты даму үш басты қағидаға негізделеді. Біріншіден игілік мұрагерлігі қағидасына, тіршілік әлемін бүгінгі толқын кейінгі ұрпақ үшін сақтауы тиіс. Екіншіден, қоршаған орта және қоғамды дамыту мәселесін кешенді түрде шешу қағидасы. Үшіншіден тұрақты дамуды қамтамасыз ету мүддесін қорғау үшін ғаламдық серіктесу қажеттігі қағидасы. Күн тәртібі 21 қоршаған орта және оның дамуы туралы Рио-де-Жанейро Декларациясының барлық қағидаларын толық сақтау әртүрлі жағдайдағы елдердің басымдығы мен аймақтардағы мүмкіндігін ескере отырып жүзеге асырылады. 21-ғасырдың күн тәртібі бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне арналған және әлемді 21-ғасырда өзекті мәселелеріне арнаған және шешуге дайындау. Күн тәртібі ғаламдық келісімді және қоршаған орта және оны дамыту мәселелері жөніндегі ынтымақтастық қарым-қатынасындағы саяси міндеттерді ең жоғары деңгейде қамтуы тиіс. Бұл мақсатқа жету үшін ұлттық стратегиялар шешуші роль атқарады. Халықаралық ынтымақтастық мұндай ұлттық қуатқа және оның орындалуына жағдай жасауы қажет. Бұл контексте БҰҰ жүйесі маңызды рөл атқаруға шақырады. Сонымен бірге қоғамның кең қатысуын және жұмысқа үкіметтік емес ұйымдарды, жеке секторлар басқа да топтарды белсенді тарту қажет. Қоршаған ортаның ластануы мәселелері және табиғи қорлардың түзетілуі, мемлекеттер мен әртүрлі ұйымдардың күш біріктіруі, қарапайым адамдардың өндіріс пен тұтынудың ұлттық үлгісін өзгертуі арқылы шешімін табуы қажет. Күн тәртібі 21 тек басты бағыттарға күш біріктірудің нысанасы ретінде қызмет етеді.

Мұндай бағыттардың бірі халықтың қоршаған орта және тұрақты даму мәселелері жөніндегі білімі мен сауатын ашу болып табылады. Халыққа білім беру мен ағарту хабардар ету мәселелері мен кәсіби даярлық 21 ғасыр күн тіртібі шеңберіндегі қызметтің барлық саласымен байланысты. Қазіргі кезде барлық елдер, - деді министр, - сонымен бірге әлем аймағы, оның ішінде Орталық Азия БҰҰ-ның қолдануымен 2002 жылы Йоханнесбург қаласында “Рио+10” тұрақты даму бойынша Бүкіләлемдік самитте талқыланбақ күн тәртібі 21 мақсаттарына жетудің он жылдық ілгерлеуін шолуға даярлық жүргізу туралы саммиті өтілді. 2001 жылдың қыркүйек-қазан айларында Азия- Тынық мұхит аймағында бірнеше аймақтық кездесулер өткізілді. Орталық Азия елдері Алматы қаласында кездесетін болады. Орталық Азия үшін қоршаған ортаны қорғау әрекеті аймақтық аймақтық жоспары бастапқы идеяға сәйкес (Алматы, Орхус 1998), қоршаған орта мәселелерін шешу жөніндегі ұзақ мерзімді және бірлескен әрекеттердің негізін жасауды және нығайтуды, сонымен бірге аймақтық тұрақты дамуы бағдарламасының негізін салуы тиіс. Орталық Азия елдерінің қоршаған ортаны қорғау министрлері министрлердің бірлескен мәлімдемесін (Алматы,1998) және Еуропа және ТМД елдерінің қоршаған орта министрлерінің конференциясында (Орхус,1998), ЕЭК БҰҰ аймағы министрлерінің декларациясын қабылдады. 2000 жылдың мамыр айында ЮНЕП Орталық Азия бойынша жауаптыны тағайындады. Бастапқы миссия 2000 жылдың маусымында ұйымдастырылды. Орталық Азия бес елінің экология министрлері 2000 жылғы маусымдағы кездесуде РПДООС-тың мазмұны мен даярлық барысын өздерінің саяси қолдайтындарын айтты. Тұрақты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссия РПДООС бойынша ұсыныстарды ресми мақұлдады. 2000 жылы Азия Даму банкі мен Қазақстан ПРООН-ы РПДООС-тың мақұлданған бағдарламасын бірлесіп енгізу туралы пікірсайысты бастады. РПДООС дайындығы барысын басқару үшін жоғары дәрежелі үкімет пен серіктес ұйым өкілдерінен тұратын жетекші комитет құрылды. Аймақтық кездесуде Орталық Азия елдері министрлерінің және серіктестердің кездесуінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Аймақтық әрекеттер жоспары ұсынылды. Бұл жоспарға қарағанда барлық бағдарламалар ұзақ мерзімді екенін әртүрлі аймақтық және ұлттыұ агенттіктер мен донорлық топтардың басқаруында тұрғанын ескере отырып, олардың тақырыптық және ұйымдастырушылық егемендігін сақтау ұсынылды.



Қоршаған ортаны қорғау мен қалыпты даму саласындағы аймақтық әрекетті басқаруға қолдау көрсету мен күш салысу ең негізгі бағыт болып бекітілді. Онсыз экспертиза және бағдарламалар мен жобаларды іске асыру сатыларындағы әрекеттің нәтижесі шамалы. Үйлестіру мен аймақтық әрекетті басқару мәселелері негізгі қамқор көрсету бағыттары болып табылады. Бұл оның шешімдерінде ерекше рөл алады. Бұл жерде аймақтық әрекетті басқаруға қолдау және арнайы әрі жалпы ақпаратты тарату мен оған күш салысу қажет. Ұсынылған бағдарламалардың көбі донорлық қолдау аясында іске асатын болады. Аймақтық кездесуде Қоршаған Ортаны Қорғау Жөніндегі Аймақтық Әрекеттер Жоспар жобасын Орталық Азия елдерінің мамандары, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар талқылады. Оған көптеген қосымшалар мен өзгерістер енгізіліп, құжаттың сапасын көтеретін ұсыныстар жасалды. Оны талқылау барысында қолдаушы жалпы жобалардың қажеттілігі анықталды. Олар аймақтық әрекетті қолдау, шешім қабылдау барысына қоғам өкілдерін қатыстыру, арнайы және жалпы ақпараттық жоба, оған қоса алғашқы екі жобаға қатысты бола алады. Кездесуге Арменияның қоршаған ортаны қорғау министрі Давид Аверсиян, Тәжікстанның қоршаған ортаны қорғау министрі Усмонкул Шокиров, Түркіменстанның өсімдік және жануарлар әлемі институты директорының орынбасары Палтамед Эсенов, Өзбекстан табиғат қорғау комитеті төрағасының орынбасары Бори Алиханов, Қарақалпақстан министрлер советі төрағасының бірінші орынбасары Бекберген Бектұрдиев, Орта Азия аймақтық экологиялық орталығының атқарушы директоры Болат Есекин бастаған делегация және Алматы қаласының әкімі Виктор Храпунов, Парламент депудаттары Мырзагелды Кемел, Қаржы министрі Мәжит Есенбаев, 2 Экономика министрінің бірінші орынбасары Александр Андрющенко, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің экология су ресурстары комитеттерінің төрағалары Қайрат Айтекенов, Аманбек Рамазанов және басқалар қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді. Экология жер бетінде барған сайын ауырлап бара жатқаны бұл күндері әркімге-ақ белгілі. Соңғы отыз жыл бойы бұл проблема күн тәртібінен түскен емес. Табиғатты адам баласының жыртқыштықпен пайдалануының соңында қандай қауіп пен қатер тұрғанын адамзат біраз уақытқа дейін білген жоқ. Ал білген кезде ең алдымен экономикасы өркендеген өркениетті елдер дабыл қақты.

Сөйтіп, БҰҰ бастамасымен 1972 жылғы 5 маусымда Стокгольмде Дүниежүзілік мемлекеттер басшылығының конференциясы United Nations Environmet Programme (UNER) атты арнайы ұйым құрылды. Сол жылы БҰҰ бас Ассамблеясы 5 маусымда Бүкілдүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні деп жариялады. Содан бері бұл күн дүниежүзінде экологиялық күнтізбенің басты күні болып атап өтіледі. 5-маусым бүкіл қазақстандықтар үшін табиғатты қорғаудың жарқын мерекесіне айналды. Себебі жыл өткен сайын еліміздің әрбір тұрғыны адам өмірі үшін мөлдір су, көкорай шалғын, жайқалған орман тоғай, таза ауа деген ұғымдардың қаншалықты бағасы зор екенін жақсы сезіне түсінуде. Бұл күндері экологиялық проблемалардың қаншалықты қауіпті екндігін әркім-ақ түсінеді. Экологиялық қолайсыз аудандардан, радиациямен уланған жерлерден немесе шөлейттенген, сапалы ауыз суы жоқ аймақтардан қоршаған орта нашарланып, денсаулықтан айырылу қаупі төнгендіктен адамдар мыңдап көшіп жатыр. Рас, бүгінгі таңда экология, табиғат туралы айтылып та, жазылып та, теледидардан көрсетіліп те жатыр. Экологиялық проблемалар жұрттың өз ұрпағының бүгіні мен ертеңі үшін үрейлерін тудыруда. Бұл мәселеге селқос, немқұрайлы қарайтын адамдар қатары үсті- үстіне азаюда, қайта оны қорғаушылар қатары көбеюде. Бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғау қызметі кәсіпқойлық пен табандылықты талап етеді. Сондықтан да мен барша экологтарға қоршаған ортаны қорғаудың нақты мәселелерін шешу үшін табандылық, қажырлылық және төзімділік тілеймін. Қазіргі таңда бұл істе көптеген қиындықтар да, проблемалар да бар, бірақ, біз бәріміз бірігіп күш салсақ оның бәрін шеше аламыз. Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым – қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық сананың жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде. Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының жақын арадағы таусылу мүмкіндігі, жер бетінен өсімдік және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жоқ болып кетуі және сондай-ақ табиғи ортаның шектен тыс ластануы айырықша белең алып отыр. Кейбір елдерде, әсіресе жоғарғы дамыған елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлығы соншалық, адамдардың денсаулығы бұзыла бастады. Осының бәрі қоғамды қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге , табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналасуға, сондай-ақ оның ресурстарын үнемді пайдалануға итермелейді. Сондықтан жыл сайын жерлерді суландыру, ормандарды қалпына келтіру , өндірістік қалдықтар мен техникалық лас суларды тазарту , топырақтың құнарлығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу төңірегіндегі жұмыстар кең көлемде жүргізілуде. Табиғаттың өзгеруді қаламайтыны белгілі. Ондағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді, өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі қалпына келтіру процестері ұзаққа созылады. Адамның зиянды істер бірден байқалмайды, тек ұзақ жылдардан соң; бір нәрсені өзгерту немесе түзеу өте қымбатқа түскенде әрі кешігіреңкіреген де, кейде тіпті нәтижесіз болған кезде ғана көрінеді. Өткен кезеңдердің барлық тәжірбиесі көрсетіп отырғандай, табиғатқа ұқыптылықпен қарамау, бүгінге пайда үшін атқарған істеріміздің күні ертең орны толмас зиянға ұшыратарын алдын-ала болжап барып әрекет етуіміздің қажет екенін естен шығармаған жөн. Табиғатқа ұқыптылықпен қарамаудың ащы мысалдары өтек көп және олардың зиянды жақтары баршаға белгілі. Мәселен, ХХ ғасырдың ортасында Қара-Бұғаз-Гол Каспий теңізінен топырақ қамалы арқылы бөлінген болатын. Осындай жолмен теңіз деңгейінің төмендеуіне тосқауыл қою көзделген еді. Алайда құрғап қалған щығанақтың қоршаған ортаға , жалпы халық шаруашылығына, теңіз акваториясының уақытша азаюына көбірек зиян келтіретіні ескерілмейді. Кейінен 25-30 жыл өткен соң Каспий деңгейінің төмендеуінің шығанақпен байланысты еместігі, оның жердің эволюциялық даму заңына бағынышты екендігі айқын болды. Ғасырлық геологиялық айналымы сәйкес әр 60-80 жыл сайын теңіз деңгейінің көтерілуі немесе төмендеуі жүзеге асады. Құрғап қалған шығанақ түбінен атмосфераға жыл сайын 120-140 млн. тонна натрии сульфаты мен тозаң көтеріліп, тек қана Түркместан мен Қазақстьанның ғана емес, сондай-ақ Ресейдің, Кавказ тауының, Орта Азияның, Түркияның, Иранның, Қытайдың, Монғолияның, Украинаның, Белоруссияның және басқалардың аймақтарын ластауда, оның зияны мындаған шақырымдарға жел арқылы тароалып отыр. Шығанақты теңізден бөлудегі ағат шешім зор экономикалық зиян келтірді. Нәтижесінде егістердің және мал шаруашылығының өнімділігі азайып, халық арасында өлім мен ауру көбейіп кетті. Одан әрі кезекті геологиялық айналым келіп, Каспий деңгейі көтеріліп, жағаларды су баса бастады. Енді топырақ қамалды алып тастап, теңіз суын қайтадан шығанаққа жіберу туралы шешім қабылдады. Алғаш топырақ қамалды соғуға, содан соң оны жоюға кеткен үлкен материалдық қаражать, еңбек күші шығындары пайдасыз артық рәсуә болып шықты.

Табиғат дамуының заңдылықтарын білмеу, кейде оларды есепке алмау бос шығындарға, адамдардың өмір сүру жағдайларының, табиғи орта кейпінің нашарлауына алып келді. Осы шешім табуға тиісті мәселелер Арал теңізіне де тән нәрсе. “Мақта тәуелсіздігі” желеуімен мақта егістері кеңейтілді, көптеген терең емес су қоймалары мен суару каналдары салынады, соларды толтыру Аралға келіп құйылатын өзендердің су көлемінің шұғыл қысқаруына және түптеп келгенде оның жойылуына алып келеді. Қазір теңіз деңгеиі мүлде құрғауға айналды, өсімдік пен жануарлар дүниелері құрып, жүздеген мың адам жұмыссыз және күн көріссіз қалды, Арал теңізі апат туралы, теңізді құтқарудың жолдары айтыла бастады, теңізді құтқарып қалудың пәрменсіз шаралары қарастырылуда. Мақта егістерін қысқартуға, суда көп буландыруға жағдай жасайтын ұсақ таяз сулы орындарды жою, осы шаралар арқылы Арал теңізіне өзендер суын көбірек жіберу көзделуде. Бұл жерде Әмудария мен Сырдария өзендері суларын байыппен пайдалану арқылы теңіздің құрғап қалуын болдырмауға болмас па еді, деген сұрақ туады. Әрине, мұндай мүмкіндіктер болған, алайда ол кезде теңіздің болашағы, қоршаған ортаға келтіретін зияны, осы аймақта тұрып жатқан халықтың тағдыры туралы ойланғылары келмеді. Енді дабыл қағылуда, бірақ уақыт өтіп кетті. Аралды қалпына келтіру үшін көп миллиард қаржы салу керек, алайда ол не Қазақстанда, не Өзбекстанда жоқ. Ал осында өсірілген мақтаны ақысыз- пұлсыз алып кеткен кешегі одақ өзін Аралды құтқаруға міндетті деп санамайды. Арал апаты планеталық сипат алды. Оның зиянды әсерін, қазірдің өзінде көптеген мемлекеттер басынан кешіруде. Міне , сондықтан Германия, АҚШ, Жапония және басқалары. Аралды құтқаруға байланысты шараларға қатысуы келісімін берді. Арал мен Каспий тағдыры біздің бәріміз үшін табиғатқа жай қарауға болмайтынын, қоршаған ортамен қарым- қатынас орнатқан кездеи күні ертең іс- әрекетіміздің қандай нәтижеге жеткізетінін алдын- ала ойлауға итермелейді. Дүние жүзінде адам үшін қолайсыз экологиялық жағдай қалыптасқаны, экологиялық дағдарыстың келгені жайлы жиі әңгімелер айтылуда. Алайда бұндай жағдай бірден, бір жылда, тіпті он жылдың ішінде емес, бірте-бірте қалыптасты. Адам баласы әр уақытта табиғатқа белгілі бір деңгейде әсер етіп келген. Жабайы жидектер мен жемістер тергенде немесе жабайы аңдарды аулағанда, немесе егін үшін алаңдар тазартқанда, осының бәрінде табиғатқа зиян келтірілген. Әрине, бұл зиян мөлшері өте аз, түкке тұрмайтын еді.

Өйткені, табиғи орта өзін-өзі қалпына келтіріп және зиянды істердің ізін жойып үлгеріп отырды. Яғни, табиғи жаратылыс тепе-теңдік толық сақталынды немесе ол өте аз бұзылды. Мал мен егін шаруашылықтарының пайда болуынан бастап жағдай өзгерді. Үй жануарларын ұстау және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін дала алқаптары жыртылады, ормандар қырқылып өртелінді, каналдар мен жолдар солынды, зиянкес жәндіктер мен жыртқыш аңдарды жою кең етек алды. ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында жаңа сападағы жағдай қалыптасты. Материалдық өндірістің көлемі көп еселеп өсті, барған сайын айналымға шикізаттың өсуі, дүние жүзілік мұхит пен жер қойнауы жеделдетіліп игерілді. Ғылыми – техникалық прогресс нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер етудің ұлан-ғайыр мүмкіндіктері мен құралдары және адам баласының өсіп отырған қажеттіліктері табиғат ресурстарын, олардың планетадағы жалпы қорымен бара-бар мөлшерде пайдалануға алып келді, ол жер бетінің өзгеру масштабы, дауылдар, су тасқындары, вулкандар атқылаулары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстардың нәтижелерімен тепе- тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдай келді. Бұл табиғи ортаға деген зиянды әсерді күшейтіп, биосферадағы табиғи түрдегі энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс- қимылдары планетадағы өмір үшін қауіп тудыратын тоқтаусыз өзгерістерді өмірге алып келетін деңгейге жақындады. Дүние жүзіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе өткен ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі объективтік жағдайлар да осыған себепкер болды. Біріншіден, екінші дүние жүзілік соғысқа дейін тек 10-15 өнеркәсібі дамыған мемлекеттер болды. Соғыс аяқталған соң және отаршылдық жүйенің жойылуынан кейін көптеген елдер тәуелсіздік алып, индустриалды даму жолына түсті. Осы мақсатта олар өздерінің табиғи ресурстарын игеріп, зауыттар мен фабрикалар, кең таралған жолдар жүйесін сала бастады. Өнеркәсіптің жаппай дамуы табиғатқа тиетін әсер ауқымын кеңейтіп, пайдалы қазбаларды пайдалануды ұлғайтты және қоршаған ортаның ластануын күшейтті. Екіншіден, дүние жүзіндегі демографиялық жағдай күрт өзгерді. Жер шары халқының саны тез өсіп кетті. 1700 жылы планетада 620 млн. адам болса, 1850 жылы оның саны 1200 миллионға жетті, яғни екі есеге көбею үшін 150 жыл қажет болды. 1950 жылы Әлем халқының саны 2500 миллионға жетті немесе кезекті еселенуге 100 жыл уақыт кетті. 1986 жылы орта шенінде жер бетінде 5 млрд.

Адам өмір сүріп жатты немесе еселену небәрі 35 жыл ішінде жүріп өтті. БҰҰ-ның болжамы бойынша 2050 жылға қарай планета халқының саны 11,9 млрд. Болады немесе жаңа еселену үшін тағы да сол уақыт мөлшері қажет. Халық санының жылдам өсуі табиғатқа деген “тұтыну қысымының” өсуіне алып келеді, қазірдің өзінде табиғат рессурстары олардың өзін-өзі қалпына келтіре алмайтындай дәрежеде пайдаланылуда. Одан әрі жоспарсыз пайдалануды көбейту бірден табиғаттың тозып, бүлінуін (деградация) жылдамдатуы әбден мүмкін. Үшіншіден, қалалар мен оларда тұратын тұрғындар саны тез өсуде. Егер 1990 жылы қалаларда 300 миллион адам тұрса, 1950 жылы олардың саны 700 миллионға жетті. 1980 жылы қалаларда 1800 миллион адам тұрса, халықтың жалпы санының қалаларға тиесілі бөлігі 20- дан 51,5%-ке өсті.Осынша көп адамның салыстырмалы түрдегі шағын аймақтарда жиналуы сол өңірлерге түсірілетін күшті ұлғайтып, қала және оған жақын жерлер орталарының қатты ластануын тудырады. Әрине, ешкімді де ресурстарды пайдаланудан бас тарту керек деп есептемейді де, ойламайды да, өйткені адамзаттың алға жылжуы табиғат пен қоғам арасында болатын “зат алмасусыз” мүмкін емес. Алайда, бұл алмасу қоршаған ортаға зиянсыз болуы керек. Адамзат әр уақытта табиғатқа бағынышты болды, оның ресурстарын өз қажеттіліктеріне жұмсады. Алайда, өкінішке орай, адамдарда “бәрін де жеңемге” саясатын табиғатқа қожайындық ету, оны “бағындыру “ үстемдігіне жету қиялы пайда болады. Осыған байланысты Ф.Энгельс “Табиғат диалектикасы” еңбегінде: “Бірақ біз өзіміздің табиғатты игерудегі жеңістерімізбен көп мақтанып кетпейіек. Әрбір осындай жеңіс үшін ол бізден өшін алады. Әрбір мұндай жеңіс, шынын айтқанда , алдан біз күткен нәтижелерге ие болады, алайда екінші және үшінші кезекте мүлде басқа біз күтпеген, алғашқылардың маңызын өте жиі жоққа шығаратын нәтижелер туындайды” – деп тұжырымдаған болатын. Адамзат табиғатқа тек оның жағдайын нашарлату арқылы әсер етпеуі керек. Табиғи ортаға деген тұтынудан туындайтын қатынас қазіргі және болашақ ұқрпақтар имүдделері үшін тиімділікті, байыптылықты және саналылықты қажет ететін қатынаспен ауысуы қажет. Табиғат ресурстарына баю мен пайда табу көзі ретінде қарамау керек, шамалы табысқа бола оларды жыртқыштықпен жұмсауға, қоршаған ортаны адамдар мен барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайды. Ғылыми-техникалық прогресті қазіргі экологиялық дағдарыстың себепшісі деп есептейтін көзқарасты жақтайтындар да кездеседі.

Ғылыми – техникалық прогресс адамдарды табиғи ортаға әсер етудің кең ауқымды мүмкіндіктері және құралдарымен жарақтандырып қана қоймай, сонымен бірге бұл ортаны сақтау мен қалпына келтірудің тәсілдері мен жолдарын көрсетіп берді. Ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі деңгейлі, қуатты компьютерлер, таодаудың жүйелілік әдістерін іске асыруға бағытталған кең көлемді жұмыстар мен жобалар табиғат кейпін елестетуге мүмкіндік береді. Оларды іс- жүзіне асырмас бұрын табиғат үшін теріс нәтижелер беретін тек талдау ғана емес, бұл нәтижелердің алдын алудың ең тиімді жолдарын таңдап алу немесе олардың теріс әсерін едәуір азайту жолдарын қарастыру қажет. Қазіргі ғылым мен техниканың жетістіктері адам баласына табиғи ортаны сақтау мен оның ластануына жол бермеуге, қамқорлық танытуға мүмкіндік берелі. Мұндай мүмкіндіктердің бірнешеуі төмендегідей:

- табиғи ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін, аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны жаппай өндіріске ендіру және ортаның ластануын барынша азайту;

- су шығынын едәуір қысқартуға мүмкіндік беретін өндірісті сумен жабдықтаудың қайтымдық және тұйық айналымдарын кең қолдану;

- топырақтағы ылғалдың жиналуын және атмосфералық ауадағы газдардың тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік беретін орман алқаптарының сақталуы және қалпына келтірілуі;

- жылу мен энергияның дәстурлі көздерінің атмосферадағы көмір қышқыл газының жиналуы мен климаттық өзгеруінің алдын алуға мүмкіндік беретін табиғи көздерімен алмастырылуы болып табылады.

Ғылым мен техниканың бүгінгі таңдағы даму барысын негізге алғанымызбен, жер шарының көркі мен байлығын сақтауға мүмкіндіктің бар екенін мойындауымыз керек. Сондықтан ғылыми – техникалық прогресті кіналаудың орнына, оның жетістіктері мен кеңестерін, жаңа технологияны, техника мен тексеру, бақылау құралдарын жердегі тірлік пенг қоршаған ортаға пайдасы тиетіндей етіп паидалануды үйренуіміз керек. Табиғат шектен тыс еркіндік пен кездейсоқтықты көтермейді. Оғам мен табиғатқа, табиғат ресурстарына деген тұтынушылық қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. Қоғамдық қажеттілікті жалғыз объективті фактор, ал техникалық-эканомикалық есепті жалғыз дұрыс негіздеме деп тану, табиғат дамуының объективтік заңдары, экологиялық фактор ұмыт қалған жағдайда оның табиғатқа тигізген әсерін табиғатқа деген көзқарас ретінде қарастыруға болмайды. Экологиялық сауатсыздық, табиғатта жүріп жатқан заңдылықтарды білмеу және оларды ескермеу, табиғат ресурстарына деген бейқам көзқарас- қоршаған ортаның қазіргі қиын халінің негізгі себептері. Міне, осылар қалыптасқан экологиялықжағдай адамдарды қиындықтар мен дағдарыс туралы сөз қылуды қойып, өздерінің ұлғайған тәбеттерін тежей отырып және табиғат ананың мүмкіндіктерімен есептесе отырып нақты істерге көшуге итермелеуі тиіс.



Осыған байланысты алдыңғы кезекте табиғатты пайдалану, экологиялық сараптау мен жобалауды кең қолдану, сондай-ақ табиғатты пайдаланудың объективтік-экономикалық миханизмін жасау проблемалары туындайды. Мұндай механизмге қойылатын негізгі талап – табиғат ресурстарын өндірістік (қоғамдық) және жеке тұтыну үшін пайдалануды белгілі бір мөлшерде тежеу. Өкінішке орай , қазіргі қоғам, мейлі ол капиталистік немесе дамушы немесе қазіргі нарықтық болсын әлі күнге дейін табиғат байлықтарын үнеммен пайдалануды үйрене алған жоқ, арғы жағында күмәнсіз өзін-өзі біртіндеп жою басталатын белгілі бір шектен шығуға мүмкіндік бермейтін моральдіқ және материалдық шараларды да қолдана алмай жүр. Табиғатты пайдаланудың экономикалық проблемалары,сөз жоқ өте күрделі және жеткілікті түрде айқындалмаған. Адмдар барлық уақытта табиғат ресурстарының бағасы белгіленбеген, олар үшін ештеме төленбейді, кім көбірек алып қалса сол ұтады сияқты теріс пікір танытып келді.Енді қоғам алдында турған мақсат- адамдардың бұған дейін қалыптасып қалған қапмсыздану мен дүние жинау, байлық пен кең көсілу, адамзат құндылықтары туралы түсініктері мен ұғым мәнерлерін өзгерту. Басты бағыт осындай күмәнді және жалған қажеттіліктерден бас тартуға арнаулы тиіс. Табиғаттың аса құнды байлықтарын соғыс пен жаппай қыру құралдарын жасауға, есірткілер жасау мақсатына пайдалануға болмайды, қуатты ішімдіктер, асып-тасудың қымбат бұйымдарын, әр түрлі ұсақ-түйектер мен жарнамалық өнімдер шығаруға байыптылыққа сай келмейді. Адамдар “Табиғат- олардың өз үйі” дегенді қайталаудан жалықпайды. Өкінішке орай, бұған сену қиын. Құстардың өз ұясын бұзбайтындары сияқты адамдар да өз ошағын қамқорлық жасауы керек шығар. Іс жүзінде бәрі керісінше болуда. Табиғатқа деген көз-қарас, оның байлығын шашып және айналадағының барлығының барлығын қиратып, бағындырған елін тентіреткен жаулап алушыдан кем емес.Табиғат деген тұтынушылық көзқарас тұтқынында отырып орнына ештеме бермей, бәрін алуға тырысамыз.Табиғат бізсіз өмір сүре алады, ал біз одан тыс өмір сүре алмаймыз, осы қарапайым шындықты түсінетін уақыт әлдеқашан жетті. Қоғамда қалыптасқан козқарстарға сүйенсек, табиғатты қорғау мәселесі әлі күнге дейін тек айып салу мен оны күзету деңгейінен аса алмай келеді. лайда мұндай іс жүргізудің тиімсіздігі бұрыннан және бәріне аян. Бүл шара арқылы біреулерді үрейлендіру мен азын-аулақ ақша өндіріп алудан басқа ешқандай табиғатты қорғай алу әдісіне қол жеткізе алмаймыз. Адамзаттың балалық шағы бітіп, енді есею кезеңі басталды деген пікірмен келісетін болсақ, қазіргі қолда бар қоры шеңберінде өмір сүрүді үйрене және өндіріс көлемін ұлғайтуды шикізат байлықтары шығынының көлемін өсіру жолымен емес, аз қалдық беретін және қалдықсыз технологияға тезірек көшу, кен орны жынысы құрамындағы барлық компоненттерді кешенді түрде алу мен пайдалану, өндіріс қалдықтарын қайта пайдалану мен тұтыну, табиғи ортаны ластаудың алдын алатын қалдықсыз өндірістер мен технологияны енгізу, энергия мен шикізаттың дәстүрлі турлерін қазіргі заманғы және таусылмайтын көздермен ауыстыру негізінде жүргізу қажет. Адамдар барлық уақытта да қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау пікірімен келісіп келеді. Алайда бұл дұрыс экологиялық көзқарас материалдық игілікті өндіру және қажетке жарату туралы сөз болғанда ұмытылып кетеді. Осы қарама-қайшылықтардан шығатын дұрыс жол таба алмаған қоғам мен адамдар табиғат мудделерін аяққа басып, оны құрбангдық қылды, өйткені ол қорғана алмайды. Гүлдеп жатқан алаңқайдың – сасық қоқысқа, әдемі көлдің – шіріп бара жатқан батпаққа , шұрайлы шалғындар мен жайылымдардың – суылдақ құмға айналуының жеке адам немесе адамдар тобының әрекеті екені түсінікті. Дүниені жақсартқысы келетін адам басқалардың осыны тілейтінін күтпей, өзінен бастау керек.Егер адам ағашты шауып, ал ол өзінің үйіне құлайтын болса, сонда ол бір нәрсені дұрыс істелмегенін түсінеді. Бірақ зауытта немесе фабрикада басқалармен бірге су орындары ауаны ластап жатса , бұған көп аландамайды. Осылайша қат-қабат мораль көрініс тауып, “ортақ өгізден жеке бұзау артық” қағидасы орнығады. Біздің ойымызша техниканың өркениетті бағыт алуын көбірек көңіл бөліп, адамзат болмысының маңыздылығы бұдан да кем емес басқа жақтарын ұмытып кеттік. Табиғаттың үйлесімді жаратылған дүние екендігін және онда жүріп жатқан процестерге араласуға болмайтындығ,ын жете түсінген жөн. Адамзаттың санасы – табиғат дамуының шарықтар шыңы болуы керек, оның үстіне адам болған соң сол табиғатпен ажыраспай қарым- қатынас орнатқан жөн. Қорыта келгенде, қазіргі экологиялық дағдарыстар мен тоқыраулардың түпкі тамыры – адам баласының табиғаттың қарапайым даму, зат және энергия алмасу заңдарын, оның теориялық негіздерін оқып – үйренбеуі болса керек. Осыған орай ұсынылып отырған еңбекте болашақ ұрпақтар үшін маңызы бар экология ғылымының кейбір көкейкесті мәселелері қысқаша айтылды.

Бақылау сұрақтары:

1 Табиғи ортаны қорғаудың халықаралық әлемдік мәселелері

2 Аймақтық әрекеттер жоспары қайда ұсынылды

3 Тұрақты даму басты қағидалары



15 СУ ҚОРҒАУ БЕЛДЕМІ

Қазақстанның су қорғау кодексі бойынша су объектілерін экологиялық талаптарға сәйкестендіріп ұстау үшін, жер бетіндегі суларды ластанудан, былғанудан және азаюдан сақтап қалу мақсатында, сонымен қатар жануарлар мен өсімдіктер әлемінің тіршілік ететін ортасын сақтау үшін су қорғау белдемі белгіленеді. Су қорғау белдемі деп арнайы пайдалану мен табиғи ресурстарды қорғау және басқа да шаруашылық іс- әрекеттерді жүргізу тәртібі белгіленген акваторияға жанасқан жерді жатқызады.

Көл, өзен, бұлақтардың айналасында белгіленген қорғаныс алқабына тыйым салынады:

-жерді жыртуға;

авиациялық- химиялық жұмыстарды жүргізуге;

-пестицидтерді, дефолианттарды, басқа да улы химиялық заттектерді қолдануға;

-тыңайтқыш ретінде мал шаруашылығы кегендерінің сұйық ағындысын пайдалануға;

-мал шаруашылығының тұрақты және жазғы фермаларын құруға; -орманды кесу мен ағаштарды тамырымен жоюға;

-Улы химиялық заттектердің, минералды тыңайтқыштардың, жанар май, әртүрлі өндірістердің қалдықтарын сақтайтын қоймаларды орналастыруға.

Суды пайдалануға лицензиялары болған жағдайда су қорғау белдемінің жаға жиегі алқабында дем алатын орындарды, сумен қамтамасыз ететін объектілерді, балық және аңшылық шаруашылықтарын, сонымен қатар су алатын, порт және гидротехникалық ғимараттарын орналастыруға болады. Су қорғау белдемінің шекарасы мен қолдану тәртіптері үкімет тарапынан белгіленеді. Өзендердің су қорғау белдемі аумағының шамасы оның қайнар көзінен басталатын жазғы кездегі ұзындығына байланысты келеді: Өзен ұзындығы, км дейін 10 50 100 200 500 более 500 Белдемнің ені, м 15 100 200 300 400 500 Көлдердің акваториясына қарай белгіленетін аумақтың көлемі: 2 км2 – 300м, одан жоғарыларға 500м.

Экологиялық белдемнің ең негізгілері: жағалық белдем (литораль), ашық теңіздік белдем (пелагиаль, батиаль) және тереңсулық белдем (абиссаль). Литораль дегеніміз ені 1-км-ге, кейде 10-15 км-ге жететін, түрлі су өсімдіктері өсетін, мұхиттардағы толысу кезінде су басатын және судың қайтуы кезінде құрғап қалатын жағалау бөлігі.

Пелагиаль – мұхиттың бір қатар тік байланыссыз гидробионттардың тіршілік ететін аймағы. Абиссаль - әлемдік мұхит түбінің 75 пайыздан астам ауданын қамтитын тіршілік таралуының экологиялық белдемі.



15.1 Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері Ақаба (ластанған) су деп бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай- ақ қандай да бір лас аймақ, оның ішінде елді мекен (өнеркәсіптік, ауылшаруашылықтық, коммуналдық- 114 тұрмыстық, нөсер, жаңбыр т№б ағындылар) арқылы өткен су. Былайша айтқанда адамның тұрмыста және өндірістік іс -әрекетінде пайдаланылғаннан кейін шыққан су. Ақаба су гетерогенді күрделі жүйе болып саналады, оның құрамында болатын органикалық және минералды қоспалар ерімейтін, коллоидты және еритін түрде кездеседі. Құрамы мен пайда болған түріне байланысты ақаба сулар үш негізгі категорияға: шаруашылық- тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді. Табиғатты, қоршаған ортаны ластанудан қорғау мен табиғи ресурс ретінде тиімді пайдалану мақсатында қайтарылып қолдану үшін ақаба су құрамындағы ластағыш заттардың түрі мен мөлшеріне қарай әртүрлі әдіспен тазаланылады. Бұларға механикалық (тұндыру, сүзу, флотация), физикалық- химиялық, химиялық, биологиялық және түйдектелген әдістер жатады. Механикалық әдісте ақаба судағы ірі және ұсақ түйірлі тез тұнатын бөлшектерді өздігімен тұндырып немесе оларды және қалқып шығатын заттектерді тұндырғыш, сүзгіш, құмұстағыш арқылы өткізіп, немесе әртүрлі конструкциялық техника құралдарын (торларды, електерді, гидроциклондарды және т.б) қолданып, ал беттік ластағыштарды – мұнайұстағыш, май мен смолааулағыш жабдықтар мен материалдарды пайдалану арқылы жояды. Соңғы кезде ақаба суды май тәрізді заттардан тазалауға жиі пайдаланып жүрген материалға май сіңіргіштік қабілеті жоғары пенополиуретан жатады. Ақаба судың улылығын азайтуға кеңінен тұндырғыштар немесе тұндырғыш шұңқырлар (алап немесе құйғын) пайдаланылады. Тұндырғыш ғимараттарында ақаба сулардан түпке тұнатын не қалқыма салынды және майлы заттектер гравитациялық жіктеу негізінде бөлінеді. Арналу мақсатына қарай тұндырғыштар бірінші реттік және екінші реттік болып бөлінеді. Бірінші реттік тұндырғыштар ақаба суларды биологиялық тазарту ғимараттарына дейін, екінші реттіктері одан кейін орнатылады. Құрылымына байланысты олар горизонталдық, вертикалдық, радикалдық және диагоналдық болып сараланады.

Вертикалдық және диагоналдық тұндырғыштар тәулікте өнімділігі 10-15 мың текше метрге дейіегі, ал горизонталдық 10-15 мың текше метр, радиалдық тұндырғыштар тәуліктік өнімділігі 20мың текше метрден астам тазарту станцияларында қолданылады. Ақаба суды 0,08-0,3 м/с жылжу жылдамдықпен құмұстағыш арқылы өткізіп, оның құрамындағы ерімейтін құм, қақ тәрізді ауыр қоспалардан ажыратуға болады. Кейбір құмұстағыштарда құм 80 пайызға дейін ұсталып қалады. Құмұстағыштардың құм ұстағыш тиімділігін арттыру мақсатында оның құм құйылатын қорабына гидроциклонды қабыстырады. Гидроциклонды пайдаланып, сыртқа тепкіш күш көмегімен ақаба суларды өте ірі дисперсиялық қоспалардан тазалауға болады. Химиялық әдісте ластағыштардың физикалық- химиялық қасиеттерін ескере отырып, оларды химиялық агенттерді қолдану арқылы жояды. Химиялық тазалауда қолданылатын негізгі әдістерге: нейтралдау, тотықтыру, тотықсыздандыру жолдары жатады. Нейтралдау процесін құрамында қышқылы немесе сілтісі бар ақаба суының рН мағынасын 6,5 - 8,5 аралыққа келтіру мақсатында қолданады. Нейтралдау үшін қышқылды ақаба суымен сілтілі ақаба суын араластыруға, реагенттер қосуға, ақаба суын нейтралдау қасиеті бар сүзгіш материалдар арқылы жіберуге болады. Сүзгіш материал ретінде әк, мрамор және доломит қолданылады. Тотықтандыру процесі ақаба суындағы улы қоспаларды (цианидтерді, мышьяктің еритін қосылыстарын) басқа жолмен шығару қолайсыз немесе мүмкін емес болғанда ғана қолданылады. Ақаба суды тазалау үшін тотықтырғыш ретінде газ тәрізді немесе сұйылтылған хлор, ауа оттегі, озон, гипохлорит, сутек тотығы, калий перманганаты және басқа реагенттер пайдаланылады. Озондау ақаба суын мұнай өнімдерінен, фенолдан, күкіртті сутектен, цианидтерден және басқа да қоспалардан тазалауға қолданылады. Күшті тотықтырғыш болғандықтан озонның сулы ерітінділердегі органикалық заттектерді және басқа қоспаларды ыдырататын қабілеті өте жоғары. Сонымен бірге суды озондағанда оның жағымсыз иісі, дәмі, бояуы жойылып, залалсызданады. Хлорлау әдісімен салыстырғанда озондау әдісінің артықшылығы бар, біріншіден, озонды тікелей су тазалайтын жерде озонаторларды орнатып, ауа оттегінен электр тогын ажырату процесін пайдалану арқылы алуға болады. Екіншіден, хлорлау бірқатар жағдайларда ауыз суда зиянды заттектердің, соның ішінде мутагендер мен канцерогендер түзілуіне апарып соғуы мүмкін, сондықтан оның орнына озондау әдәсінің қолданылғаны қолайлы.

Ағынды судағы ластағыштардан құтылу үшін іс-жүзінде пайдаланылатын физикалық –химиялық әдістерге - коагуляция, флотация, электрлік ірілендіру, су буымен айдау, сорбция, экстракция, гиперфильтрация, эвапорация, десорбция, дезодорация, дегазация, электрохимиялық әдістер (электролиз, электрокоагуляция, электрофлотация), ультрадыбыспен суды өңдеу , т.б жатады. Бұл әдістер қатарымен жүретін физикалық және химиялық процестерге негізделген. Механикалық және физикалық – химиялық әдістер ақаба суларын тазалаудың алғашқы кезеңі, осыдан кейін олар биологиялық тазалауға жөнелтіледі. Биологиялық жолмен ақаба суын тазалау үшін ластағыштарды ыдырататын, өздерінің қоректенуіне, өсуіне және көбеюіне пайдаланатын микроорганизмдер немесе оларды өз бойына сіңіретін өсімдіктер (биосүзбелер ретінде қалың өскен қамыс, қоға т.б) қолданылады. Биологиялық тазалауға қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялар, балдырлар, саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар және басқалар жатады. Микроорганизмдердің қатысуымен екі процесс – тотығу (аэробты) және тотықсыздану (анаэробты) жүреді. Аэробты процестерге активті лайда немесе биопленкада өсетін микроорганизмдер суда еріген оттекті пайдаланады. Олардың тіршілігіне оттектің тұрақты құйылуы мен 20 – 30 градус шамасындағы температура қажет. Анаэробты тазалау процесі оттектің кіруінсіз өтеді, бұл жерде жүретін негізгі процесс – лайдың ащуы. Осы әдістер ақаба суларда көп мөлшерде органикалық заттектер болғанда және тұнбаларды залалсыздандыруға қолданылады. Ақаба судың биологиялық тазалануын табиғи жағдайда (суландырылатын жерде, биологиялық тоғандарда) және әртүрлі конструкциялық жасанды құрылыстарда – биосүзгіштерде, аэротенкалар мен окситенкаларда жүргізуге болады. Тазартылған суларды қайтадан технологиялық қажеттерге пайдалануға болады. Су ресурстарын қорғаудағы және оны ұтымды пайдаланудағы бас бағыттың бірі айналмалы сумен қамтамасыз ететін жүйені өндірістерге кеңінен енгізу. Бұл айналадағы ортаның ластануын азайтумен қатар, экономикалық тұрғыдан да тиімді, себебі ол тұщы судың шығынын төмендетуге және тоғандардың ластануын болдырмауға мүмкіндік туғызады. Айналмалы сумен қамтамасыз ету деп техникалық айналымда пайдаланылған немесе тұрмыстық су құбыры торабы суының тазартылғаннан кейін қайтадан айналымға түсуін айтады. Бұл жағдайда өнеркәсіп салаларында пайдаланған судың тек 1- 3 пайызы ғана су объектілеріне тасталуға тиіс.

Ластану дәрежесіне және жылулығына қарай өндірістегі айналма сумен қамту жүйесінің 3 үлгісін ерекше айтуға болады:

a. Су ластанбайды, тек ысыйды. Мұндай жағдайда қолданылған суды салқындатады да (тоғандарда, сепкілейтін шашырамалы әуіттерде немесе сусалқындатқыштарда) өндіріске қайтарады.

b. Су ысымай тек ластанады. Ластанған суды өндіріске қайтару үшін әртүрлі әдістерді (тұндырғыштарды, тоғандарды, сүзгіштерді) пайдалану арқылы тазалайды.

c. Су әрі ысыйды, әрі ластанады. Ондай жағдайда суды жүйелі түрде тазалайды да, салқындатады да өндіріске қайта жібереді.

Бақылау сұрақтары:

1 Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері

2 Механикалық тазалау әдісі

3 Химиялық тазалау әдісі

4 Биологиялық тазалау әдісі

5 Нейтралдау, тотықтандыру, озондау тазалау әдістері



6 Аэробты, анаэробты тазалау процестері.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Омаров А.Д., Целиков В.В., Зальцман М.Д., Каспакбаев К.С., Кажигулов А.К., Цыганков С.Г. Экологическая безопасность на транспорте : Учебник для вузов. – Алматы.: 1999. 2. Павлова Е.И., Буралев Ю.В. Экология транспорта: Учебник для вузов. – М.: Транспорт, 1998. 3. Экология и природоохранная деятельность на транспорте. Тематический сборник нормативно-справочных материалов. М.: Министерство транспорта РФ, 1993. 4. Санитарные нормы проектирования производственных объектов: № 1.01.001-94. 5. Проект нормативов предельно допустимых выбросов вредных веществ в атмосферу и инвентаризация источников выбросов для Ремонтного Локомотивного депо ст. Защита, г. Усть-Каменогорск, 2002. 6. Карелин Я.А., Попова И.А., Евсеева Л.А. Очистка сточных вод нефтеперерабатывающих заводов.-М.: Стройиздат, 1982. 7. Роев Г.А., Юфин В.А. Очистка сточных вод и вторичное использование нефтепродуктов.-М.: Недра, 1987. 8. Стахов Е.А. Очистка нефтесодержащих сточных вод предприятий хранения и транспорта нефтепродуктов.-Л.: Недра, 1983. 9. СНиП 2.01.00-82*. Строительная климатология и геофизика. – М.: Стройиздат, 1983. 10. Суворов С.В., Штеренгарц Р.Я. Вредные вещества на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1986. 118 11. Тищенко Н.Ф. Охрана атмосферного воздуха. Расчет содержания вредных веществ и их распределение в воздухе. М.: Химия, 1991. 12. ОНД – 86. Методика расчета концентраций в атмосферном воздухе вредных веществ, содержащихся в выбросах предприятий. – Л.: Гидрометеоиздат, 1987. 13. Правила приема сточных вод в системы канализации населенных пунктов. Алматы, 1999 (РДС РК В 2.5-11-99). 14. Предельное содержание токсичных соединений в промышленных отходах, обуславливающих их отнесение к категории токсичности, АН СССР, Минздрав СССР, М.: 1984. 15. Правила пользования коммунальным водопроводом и канализацией в городах и районных центрах Республики Казахстан, 1998. 16. Правила приема (сброса) производственных сточных вод в коммунальную систему канализации г. Усть-Каменогорска, 1999. 17. Очистные сооружения локомотивного депо станции Защита./Техническое описание и инструкция по эксплуатации. МИЦ Восток- Аква.-Усть-Каменогорск, Алматы, 1999-2000. 18. Инструктивные указания по организации и методике лабоаторно- производственного контроля за сточными водами в локомотивных депо РГП «Қазақстан темір жолы». -Астана.:2000.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет