2 биосфера. Биосфера түсінігі. Биосфера қҰрылысы. Биогеоценоз 3 ластанған газды ауаны тазалау әдістері мен қондырғылары 4 табиғи ортаны қОРҒауды басқару


Ауадағы, судағы, топырақтағы, өсімдіктердегі зиянды заттектерді нормалау



бет4/8
Дата21.12.2019
өлшемі0,84 Mb.
#53892
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
bb9f9aef


4.2 Ауадағы, судағы, топырақтағы, өсімдіктердегі зиянды заттектерді нормалау

Атмосфералық ауа:

ШРКжз –жұмыс зонасының ауасындағы зиянды заттектердің шекті рауалы концентрациясы, мг/м3. Ол сегіз сағаттық жұмыс күндік немесе ұзақтығы басқа мерзім ішінде (демалыс күндерісіз), яғни аптасына 40 сағаттан аспайтынувқыт аралығында, қызмет істеген барлық жылдар бойы қазіргі және кейінгі буындардың денсаулығын бұзбайтын концентрация мөлшері. Жұмыс зонасы деп қызметшінің тұрақты немесе уақытша еденнен немесе жерден биіктігі 2 м- ге дейінгі кеңістікте болатын орнын айтады. Ластағыш заттектердің класын осы көрсеткішке сүйеніп анықтайды. Қауіптілік класы ШРКжз мағынасына қарай 4 топқа бөлінеді:

1 класс (ШРКжз‹ 0,1 мг/м) – айрықша қауіпті ,

2 класс (ШРКжз ═0-1 мг/м )- жоғары қауіпті ,

3 класс (ШРК ═ 1- 10 мг/м) – орташа қауіпті;

4 класс (ШРКжз ═› 10 мг/м3 ) –болымсыз қауіпті. -ШРКм.б –елді мекеннің ауасындағы заттектердің шекті рауалы максималды бір жолдық концентрациясы, мг/м3. Бұл концентрация ауаны 20 минуттай жұтқанда адам организмінде рефлекторлық реакцияны туғызбауы қажет. - ШРКо.т - елді мекеннің ауасындағы улы заттектердің шекті рауалы орташа тәуліктік концентрациясы, мг/м3 . Зиянды агенттің адам организміне өткенде (демалу, тамақпен бірге және т.б) оларға әлі құртатындай ықпал жасамайтынең көп мөлшері.

Топырақ:

Топырақтағы ластағыш заттектер үш бағытта нормаланады:

1) ауыл шаруашылығында пайдаланатын жердің егістік қабатындағы улы химикаттардың мөлшері;

2) кәсіпорынның территориясындағы улы заттектердің жинақталуы;

3) елді мекендердің, көбінесе тұрмыстық қалдықтар сақтайтын жер топырағының ластануы. Егістік қабаттағы улы химикаттарды нормалауға екі көрсеткіш қолданылады . шекті рауалы концентрация (ШРК1) және уақытша рауалы концентрация (УРК1). - ШРК – топырақтың егістік қабатындағы заттектердің шекті рауалы концентрациясы, мг/кг. Бұл концентрация адамның денсаулығына және 3 топырақтың өздігінен тазалану қабілетіне тікелей немесе жанама түрде қолайсыз әсер тигізбеуі қажет. - ШРК, (РҚМ) – азық – түлік өнімдеріндегі заттектердің шекті рауалы концентрациясы (рауалы қалған мөлшері), мг/кг. ШРК белгілеу үшін қарастырылып отырған заттектің фондық концентрациясы, оның физикалық – химиялық қасиеті, тұрақтылығы, улылығы туралы мәліметтер қолданылады.

Сонымен тәжірибе арқылы келесі мәліметтер анықталады:

- топырақтағы заттектің шектік рауалы концентрациясы, бұл мөлшер деңгейінде оның тағамдық және жемдік өсімдіктерге өтетін көлемі кейбір рауалы қалдықтық мөлшерден аспауы қажет, басқаша айтқанда, тамақ өнімдеріндегі ШРК-дан,

- заттек топырақтан ауаға ұшқанда олардың мөлшері ауа үшін белгіленген ШРК-дан аспайтын рауалы концентрация (ұшатын заттектер үшін);

- микроорганизмдерге және топырақтың өздігімен тазалану процесіне әсер етпейтін рауалы концентрация. Қарастырылған көрсеткіштердің ішіндегі ең қатаң шартты түрде қабылданатын ШРК1, топырақтарды зияндық сапаларына қарай салыстырғанда негізгі болып қолданылатын да тек осы көрсеткіштің өзі ғана.

Өсімдіктерді зиянкештерден, аурудан, арам шөптерден қорғау үшін қолданылатын кейбір улы химикаттарға белгіленген ШРК бар, олар мына кестеде көрсетілген:

Пестицидтердің топырақтағы шекті рауалы концентрациялары,мг/кг



Пестицид

ШРК

Пестицид

ШРК

Прометрин (арборицид)

0,5

Хлорамп (арборицид)

0,05

Хлорофос (инсектицид)

0,5

Дихлордифенилтрихлорэтан

0,1

Севин (инсектицид)

0,05

Гексахлоран

1,0

Гексахлоранның гамма- изомері

1,0

Полихлорпинен

0,5

Полихлоркамфен

0,5

Карбофос

2,0

Егерде әртүрлі орталар үшін ШРК шамасы белгіленбеген болса, онда уақытша гигиеналық норматив – заттектердің уақытша рауалы концентрациясы УРК тағайындалады. Уақытша норматив белгілі мерзімге (2-3 жылға) белгіленеді. Оны есептеу арқылы анықтайды.

Сулы орта:

- ШРК – шаруашылық ауыз су мен мәдени – тұрмыстық жағдайға қолданатын су қоймаларындағы заттектердің шекті рауалы концентрациясы, мг/л. Бұл концентрация адамныңбүкіл ғұмыры ішінде оның мүшелеріне тікелей немесе жанама әсерін тигізбеуі, сонымен қатар келесі ұрпақтардың денсаулығына да және қолданатын судың гигиеналық жағдайын да төмендетпеуі қажет;

- ШРК балық суларында – балық шаруашылығында қолданылатын суаттардың суындағы заттектердің шекті рауалы концентрациясы да белгіленеді.

-Судың интегралдық көрсеткіштері:

ОБҚ – оттекке биологиялық қажеттілік – сынау инкубациясының белгілі уақыт ішінде (2, 5, 20, 120 тәулік) органикалық заттектердің (нитрификация процесін кіргізбегенде) биохимиялық тотығу (ыдырау) процестеріне пайдаланылған оттектің мөлшері, мг О2/л суға (ОБК5 -5 тәулік, ОБҚ20 тәулік ішінде);

ОХҚ – оттекке химиялық қажеттілік – судағы барлық тотықсыздандырғыштарды тотықтыруға қажетті, яғни тотықтырғыштың жұмсалатын мөлшеріне эквивалентті, оттектің мөлшері (бихроматты әдіспен анықталады), мг О2/л суға.

ОБҚ/ОХҚ қатынастарына қарап отырып, заттектердің биохимиялық тотығуының тиімділігін айтады.

Су объектілеріндегі судың құрамы мен қасиеті өзен жармасындағы немесе ақпайтын су қоймаларындағы су алатын нүктеден радиусы 1 км – дей жердегі нормативтерге сәйкес болуы керек Заттектердің шектік рауалы концентрациясының шамасы әртүрлі болады, ол суды қолдану категориясының түріне байланысты келеді.

Мысалы, шаруашылық- ауыз су және мәдени- тұрмыстық жағдайға қолданылатын су объектілерінің суында хлорорганикалық қосылыстың – гексахлоранның мөлшері 0,1 мг/л шамасында болуға рұқсат беріледі, ал балық шаруашылығына пайдаланатын су қоймаларының суларында бұл заттек мүлде болмауы қажет. Бұл заттектер организмнің ішіне түскенде ғана қолайсыз әсер тигізсе, екіншілері сырттай ұштастырылғанның өзінде зиянды әсерін тигізеді, осыған байланысты іс-жүзінде әртүрлі шектеулер қолданылады. Мысалы, санитарлық шектеулерге сәйкес бір заттектердің суда болуы шомылу мен жуынуды шектейді, ал санитарлық-гигиеналық шектеу басқа заттектердің болуына қарай оны ішуге және тамақ пісіруге лимиттейді. Сондықтан, ШРК-мен қатар су объектілеріне басқа шектеу нормативі – зияндылықты лимиттеу көрсеткіші (ЗЛК) қолданылады. Ол суды сандық жағынан емес, тек судың сапасына қойылатын талаптарды сипаттайды. ЗЛК үш түрге бөлінеді:

- санитарлық- токсикологиялық (заттектердің адам организмін және су жануарларын уландыруын сипаттайды);

- жалпы санитарлық (заттектің су объектісінің жалпы санитарлық жағдайына, сондай –ақ өздігімен жүретін процестердің жылдамдығына тигізетін әсерін сипаттайды);

- органолептикалық (заттектің судың органолептикалық қасиетін – иісін, дәмін, түсін, көбіктенуін өзгерту қабілетін сипаттайды, яғни адамның сезім мүшелерімен бағаланатын қасиеттер).

Ауыз суға және шипалылығын пайдалануға бағытталған сулар негізгі 11 көрсеткіштермен нормаланады. Қазіргі кезде 1200- дей улы заттектерге ШРК белгіленген. Адамның денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы 40 бойынша, денсаулық дегеніміз – бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық. Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50-52%-ы - өмір сүру салтына, 20-25%-ы – тұқым қуалау факторларына, 18-20%-ы – қоршаған ортаға, ал 7-12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылған. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаған жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксенобиотиктер, яғни адам мен басқа тірі ағзалар үшін бөтен заттар. Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформациялармен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б. яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико – химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік – экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік – экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді.

Әр түрлі аурулардың әсерінен халықтың өлімінің себептері



Аурулар

Оның ішінде өлімнің себебі




Өмір сүру салты

Қоршаған орта

Тұқым қуалаушылық

Денсаулық сақтау

Жүрек аурулары

54

9

25

19

Қатерлі ісік

37

34

29

10

Жол-транспорттық

68

18

1

12

Атеросклероз

49

8

25

18

Диабет

26

0

68

18

Бауыр циррозы

70

9

18

3

Өзін-өзі өлтіру

60

35

2

3

Барлық күтпеген қолайсыз жағдайлар

51

31

4

14

Орташа алғанда

48

16

25

11

Ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам цестидцидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте «үшінші әлем» 41 елдерінде жиі кездеседі.

АҚШ-пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық. Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23%- ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25%-ға дейін артқан. Аурулар индустриалды және ластанған аудандарда жиі кездеседі.

Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады. Ғалымдардың мәліметтері бойынша СО-ның молшері 6,5-тен 12 ПДК-ға көтерілуі балалардың ауруларының 2 есе, ал акустикалыққолайсыздықтың 8-ден 20%-ға артуы – 14 есеге артуына әкеледі. Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы Өзбекстанда балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға 87-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7-8, Жапонияда – 5.



4.3 Аурулар туғызатын заттар мен факторлар

Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетүге болады: 1) канцерогендер – қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі.Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензопирен және басқа да полициклді ароматты көмірсулар, ультракүлгінсәулелер, радиоактивті изотоптар, эпоксидті смолалар, нитриттер, нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады.

2) мутагендер – хромосомалар саны мен құрылымының өзгерүіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензопирен, колхицин, кейбір вирустар т.б. жатады.

3) Тератогендер – жеке дамуда кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, цестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады. Сонымен қатар, эмбриогендерді де бөліп көрсетүге болады. Эмбриогендер – эмбрионалдық даму кезңнде зақымдануға әкелетін заттар. Адам қызметінің нәтижесінде жаңа,бұрын болмаған аурулар пайда болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады. Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар. Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады.

Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді. Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар қауіпті. Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдары хлор, бром, йод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең тараған. Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар оларды жеңіл сіңіреді және жекелеген мүшелер мен ұлпаларда жиналуға қабілетті. ПВХ мен винилхлорид бауырдың қатерлі ісігін, тері, сүйек иен аяқ- қолдың зақымдануынан көрінетін винилхлоридтік ауруды туғызады. Узақ уақыт бойы винилхлорид қауіпсіз деп есептеліп келді. Оны аэрозоль балондарында газ тасымалдаушы және медициналықнаркоз ретінде қолданып келген. Тек 70-жылдары ғана оның улы қасиеттері анықталды. Белгілі ДДТ (дихлордифенилдихлроэтан) да хлорлы көмірсуларға жатады. 1939 жылы Моллер бұл заттың инсектицидтік қасиеттерін анықтады. Бұл препарадтың 15 млн. тоннасы жер шарының барлық дерлік аймақтарында қолданған. Кейіннен ДДТ май ұлпалары мен ана сүтінде жиналатыны белгілі болды. 70-жылдардан бастап бұл инсектицилді қолдануға тыйым салынды. Бірақ жоғары дәрежеде тұрақтылығына байланысты ло қоректік тізбектерде әлі де интенсивті түрде айналымда болып келеді. Деоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ішіндегі ең күштілерінің бірі. Деоксиннің канцерогенді , мутагенді, тератогенді әсері анықталған. Ол әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді. Деоксиннің көп бөлігі қоршаған ортаға американдықтардың Вьетнамда қолданған дефолианттары түрінде шығарылды. Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды. Ағзаның тұқым қуалау қасиетіне де әсері анықталған. Сонымен қатар канцерогенді және тератогенді әсер етеді. Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті. Түсі мен иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын улы зат. 30-100 мл мөлшері адамның өліміне әкеліп соқтырады. Нитраттар мен азықтық қоспалар туғызатын аурулар. Нитраттардың негізгі көзі - NО3 ионы бар минералдық тыңайтқыштар. Нитраттар әсіресе теплицаларда өсірілген дақылдарда көп болады. Нитраттардың улылығы жоғары емес, бірақ адам ағзасында бактериалардың әсерінен жеңіл нитриттерге өтеді. Нитриттер асқазан сөліндегі аминдермен әрекеттесіп, нитрозаминдер түзеді. Нитрозаминдер қазіргі кездегі белгілі канцерогендердің ең күштілерінің бірі. Нитриттер сонымен қатар қанның гемоглобинімен әрекеттесіп, екі валентті темірден, үш валентті темір түзеді.

Мұндай гемоглобинді метгемоглобин депатайды. Ол оттегін тасымалдауға қабілетсіз, ұлпалар тұншығып, циноз ауруын туғызады. Азықтық қоспалар мал шаруашылық өнімдерін консервілеу кезінде кеңінен қолданады. Оларға дәрілік заттар, әр түрлі консерванттар, бояулар, өнімдердің сыртқы түрін жақсартатын органикалық және минералдық заттар жатады. Ет пен балықты тұздағанда Нитриттер қолданылады. Олар еттің табиғи тусін сақтайды және бактериалды улардың енуіне кедергі келтіреді. Қазіргі кезде жүздеген азықтың қоспалары қолданылады. Олардың көпшілігі адам денсаулығы үшін зиянды. Мысалы, азоттық бояулар тәттілерге, кремдерге қосылады. Олар адамда астма ауруын туғызады. Қала және адамның денсаулығы. Қазіргі кездегіадамның экологиялық ортасы – қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады. Дүние жүзінің қалаларында қазір ғаламшарымызды мекендейтін халықтың шамамен жартысы шоғырланған. Урбанизация процесі тек қала халқының немесе қалалардың мөлшері мен санының артуымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, бұл процесс қоғам өміріндегі қалалардың ролінің артуынан, көптеген адамдардың өмір сүру салтының өзгеруінен де көрінеді. Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе – бұл табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс-әрекеттілігінің нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі. Қазіргі кездегі қала – күрделі әлеуметтік – экономикалық ағза. Ол демографиялық, экономико-географиялық, инженерлік-құрылыс, сәулеттік факторлардың әсерінен, қоршаған экономикалық кеңістік пен табиғи ортаның алуан түрлі өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасады.Көбінесе, қалалармен қоғамдық процестің көптеген белгілерін байланыстырады. Бірақ қала өркениеті – қолайлы жағдайлар, тұрмыстың жеңілдеуіне әкелгенмен, коммуникация тығыздығы, әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері – тек барлық жағынан қолайлы орта емес. Қаланың ортасы адамның басты сапасы – оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транспорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химиялануы, шектен тыс көп ақпараттардың ағымы, уақыттың жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы – осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады. Қала халқының басым бөлігі демалысын қаладан тыс, табиғи жағдайда өткізүге тырысады. Бірақ мұндай жерлерде мүмкін болатын рекреациялық қысым артады да, олар қаланың жалғасына айналады.



4.4 Антропогендік физикалық әсерлер және оларды нормалау

Радиациялық әсердің шекті рауалы деңгейі -ШРД. Қоршаған табиғи ортаның сапа нормативтерінің ішінде ерекше орын алатын радиоактивті әсердің ШРД. Бұл нормативті белгілейтін санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау қызметтері белгілігенде негізге алатын шамасы адам денсаулығына, оның генетикалық фондына қауіптілік тигізбеуі қажет. Радиациялық әсер деп радиоактивті заттектерден шығатын иондаушы сәулеленуді айтады. Кейбір химиялық элементтердің және олардың изотоптарының атом ядролары өздігінен иондаушы сәуле шығарып, ыдырайды. Иондаушы сәулеленудің үш түрі бар:

1) көп электр зарядын алып жүретін гелий ядросының альфа- бөлшектер ағыны;

2) электрондар мен позитрондардың бета- бөлшектер ағыны;

3) қысқа толқынды электр магниттік гамма – сәулелері. Альфа бөлшектер ауада небәрі бірнеше сантиметр ғана ұшып, қағаз бетімен де ұсталуы мүмкін. Олар адамның киімі арқылы да, тері эпителиі арқылы да өтпейді. Бұлар адам организміне тыныс алғанда немесе тамақпен бірге түскен жағдайда ғана зиянын тигізе алады, клеткалар радиациялық зақымдануға ұшырайды. Себебі оның салдарынан организмде жүретін биохимиялық процесстер өзгеріп, физикалық, химиялық және физиологиялық патология орын алып, әр түрлі аурулар, соның ішінде сәулелену ауруы пайда болуы мүмкін. Альфа- бөлшектермен салыстырғанда бета- бөлшектердің ену қабілеттілігі жоғары, организм ұлпасына 1-2 см тереңдікте ене алады. Денеге ену салдарында бұл бөлшектер денені күйдіреді, пигментация немесе денеде жара пайда болады. Рентгендік және гамма- сәулелері ең төмен иондау тығыздығы болғанымен ену қабілеті өте жоғары, оларды тек қалың қорғасын қабатымен немесе бетон плиталарымен ұстауға болады. Бірақ та осы үш сәуле түрінің бірдей дозаларын қарастыратын болсақ ең қауіпті болып альфа- сәулелер саналады, оның қауіптілігі басқа сәулелерден 20 еседей артық.

Адамды және қоршаған ортаны сақтау мақсатында ең негізгі назар аударатын объектілер болып шекті рауалы деңгейден жоғары сәулелену дозасын беретін радиациялық көздер саналады. Оларға ядролық сынақтар, атом реакторлары, кәсіпорындарда, мекемелерде т.б. жерлерде қолданылатын радиактивті материалдар, аспаптар жатады. Электр магниттік сәуле – энергия бөле отырып, заттектер арқылы оңай өтетін және ауада ұзақ қашықтыққа дейін тарайтын иондалған гамма – сәулесі және оған жақын рентгендік сәуле. Гамма – сәулелері тірі организмнің клеткалық тобына оңай енеді, олар организм арқылы ешқандай әсерін тигізбей де өтуі мүмкін, немесе өткен жолында иондануды қоздыруы мүмкін. Иондайтын және кейбір иондамайтын электр магниттік (инфрақызыл, ультракүлгін т.б) сәулелердің әсерінен адамның белгілі бір органдары мен ұлпалары зақымдалады.

Мысалы, альфа- сәулелену беретін көздер- радий, уран, плутоний, Бэта – сәулелену көздері – стронций және иттрий, гамма – сәулелену көзі – цирконий сүйектерде жинақталады. Иондайтын сәуле мөлшеріне қарай адамды сәулелік аурудың жедел немесе созылмалы түрлеріне шалдықтырады. Организм арқылы өткен сәуле мөлшері 100 рентгеннен аспаса ауру жеңіл түрде байқалмай өтуі мүмкін, ал 100 рентгеннен жоғары мөлшерлер аурудың белгілерін айқын көрсетеді. Ауруға шалдыққан адамның сүйек кемігінің қызметі бұзылады, қан азаяды, тіршілік әрекеті және иммунитеттік қабілеті төмендейді. Тірі организмдердің әр түрлі органдарының өздеріне ғана тән сәулелену сезімталдықтары бар. Бүкіл денені өлтіретін сәулелену дозасы келесі шамалар деңгейінде: бас арқылы енсе – 2000 радиан, іштің төменгі бөлігі арқылы өтсе – 5000 радиан, көкірек қуысы – 10000рад, аяқ- қол – 20000 рад. Электр магниттік сәулеленуден қорғану үшін құрылыс практикасында олардан қорғайтын материалдарды кеңінен қолдану қажет. Интернационалдық жүйе (ИЖ) өлшем бірлігінде сәулелену дозасы зивертпен (Зв) өлшенеді ( 1Зв -100бэр, 1 зиверт 100 бэрге тең). Ішкі және сыртқы сәулелену нәтижесінде адам бір жыл ішінде орта есеппен 0,001 Зв доза алады. Адам өміріне қауіп- қатерсіз 0,35 Зв немесе 35 бэр радиация дозасын қабылдауы мүмкін. Шу, діріл (вибрация), магнит өрістері әсерлеріне және басқа да зиянды физикалық әсерлерге қатысты шекті рауалы деңгейлердің нормативтері. Шу, діріл, магнит өрістері және басқа физикалық әсерлер шартты түрде адамды қоршаған ортаның акустикалық ластануына жатады.

Бірінші кезекте акустикалық ластанудың әсер тигізетін объектісі болып адам және оның денсаулығы саналады. Адам құлағы қабылдайтын сыртқы ортаның механикалық теңселуін дыбыс деп атайды. Естілетін дыбыс 16 Гц- 20Гц, инфрадыбыс – 16 Гц-тен төмен, ультрадыбыс – 21кГц – 1ГгЦ. Инфрадыбыс пен ультрадыбыс адам құлағы қабылдамайтын дыбыстарға жатады. Ультрадыбыстың жиілік диапазоны - төменгі жиілікті (20-100кГц) және жоғары жиілікті (100кГц-1000МГц) болып бөлінеді. Қатты үздіксіз дыбыстарды шу дейді. Деңгейіне қарай шу адамға қолайлы және қолайсыз әсер тигізеді. Шу деңгейі дыбыстық қысыммен өлшенеді, өлшем бірлігі децибел (дБ). Шу әсерінің шекті рауалы деңгейі децибелмен белгіленеді. Шудың мөлшері 20-30 дБ-ге дейін болса ол адам организміне зиянын тигізбейді. 130дБ шамасындағы шу адамға қолайсыз әсер етеді. 150 дБ асса, оны организм көтере алмайды. Шудың шектік деңгейі 80дБ. Айналадағы ортаның (биосфераның) табиғи ерекшеліктері жөнінен Республика аумағының жартысынан астамы шөл және шөлейт аймақтарға жатады, ал табиғи-тарихы жағдайлары және табиғатты пайдаланудың қалыптасып отырған негізінен алғанда ресурстық-шикізаттық жүйесі жөнінен өндіруші және құсатушы кәсіпорындардың, халық шаруашылығы кешені өнеркәсіп аймақтарының, әскери объектілердің экологиялық тұрғыдан шетін табиғат жүйелеріне (биогеоценоздар) және оларда тұратын халыққа түсіретін техногендік салмағы төтенше ауыр болып отыр. Соның салдарынан елімізде қолайсыз, ал бірқатар аймақтарда дағдарысты экологиялық ахуал қалыптасып отыр. Қазақстан географиялық тұрғыдан Евразия алып құрлығының кіндігінде орналасқан. Еліміздің жер биосферасы жүйесінің ауқымды тұтас секторында 46 жатқан негізгі аумағын ауа-райы климаттық сипаттамасы әсіресе, құрлықтық болып келетін далалы, көл және шөлейт жерлер құрайды. Биосферадағы тірі заттардың салмағы жер қабығы салмағының 1/10 000 бөлігін құрайды. Жыл сайын 0,1 масса өндіріп және сондай мөлшерде бұзылып отырады. Зерттеу көрсеткендей, 10 млн. жылда жер қабығы салмағына тең заттар тірі организм арқылы өтеді. Экологиялық білім мен тәрбие берудің қазіргі жағдайы. Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым – қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсіруде.


Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының жақын арадағы таусылу мүмкіндігі, жер бетінен өсімдік және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жоқ болып кетуі және сондай – ақ табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алып отыр. Әсіресе жоғары дамыған елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық, адамдардың денсаулығы бұзыла бастады. Осының барлығы қоғамды қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге, табиғатты сақтау және қалпына келтіруге жақсырақ айналасуға, сондай- ақ оның ресурстарын үнемді пайдалануға итермелейді. Табиғаттың өзгеруді қаламайтыны белгілі. Экология биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Алғашқыда тек тірі организмдерге қатысты бағыт алған экология ғылымы қазір өзінің зерттеу аумағын дамыта отырып адамзат, қоғам, табиғат ортасындағы қарым- қатынастарды және биосфера шегіндегі ғаламдық өзгерістерді адамның іс - әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін кешенді ғылымға айналды. Экология ғылымдардың ғылыми деңгейіне көтерілді. Экология организмдердің арасында болатын қарым – қатынастарды айнала табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеумен қатар табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуды адамның іс - әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін кешенді ғылымдар жиынтығы. Экология ғылымының зерттеу нысаны – биологиялық және географиялық микро- және макро- экожүйелер кеңістікке қатысты тіршілік ырғағы. Қазақстан Республикасы географиялық жағынан Еуразия құрлығының орталық кіндігінде орналасқан. Еліміздің құрлық жүйесінің ауқымды көлемін орманды – далалы, шөл және шөлейтті жерлер алып жатыр. Қалыптасқан табиғи – тарихи жағдайлар және табиғатты пайдаланудағы жайсыз күйлері жұртшылықты ойландыруда. Қасиетті жердің ресурстық –шкізаттық қорларын өндіруші кәсіпорындардағы ала берсем деген ниет, өнеркәсіп аймақтарында қоршаған ортаға немқұрайлы қараушылық, әскери объектілердің экологиялық талаптарды сақтамауы, тағы да басқа жағдайлар табиғатқа және оларда тұратын халықтың әлеуметтік жағдайын шиеленістіріп отыр. Экологиялық білім мен тәрбие берудің кешенді зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оның теориялық негізін талдауда – И.Д.Зверев, А.Н.Захлебный табиғат қорғау туралы білім берудің мақсат- міндеттерін анықтаса, жалпы орта білім беретін мектептердегі биология, география, табиғаттану пәндерінің И.С.Матрусов, Л.П.Салиев табиғат қорғаудан білім беру ерекшеліктері мен құрылымын сараласа, география пәні арқылы экологиялық білім берудің әдісі мен түрін Н.Н.Радзевич т.б. қарастырды. Сондай-ақ, болашақ мұғалімдерді табиғат қорғауға даярлаудың негізгі міндеттерін И.Д.Зверев қалыптастырды. Ол: педагогикалық ЖОО студенттерінің азаматтық парыз туралы сапасы мен сезімін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау – жалпы мемлекеттік іс екенін, халықаралық маңыз алатынын айқын түсінуі мұғалім – оқушылардың «табиғатты қорғау» адам пайдасы үшін керек деген сенімін қалыптастыру, екенін айта келіп: «Болашақ мұғалімдерді табиғат сүюші және қорғаушы, оны сақтау үшін күресуші және оның байлығын көбейтуші ретінде тәрбиелеу» деп көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет