2. Бөлім Халық педагогикасы – бала тілін дамытудың баспалдағы іспеттес



бет3/6
Дата04.05.2020
өлшемі112,59 Kb.
#65665
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
user file 5afe88ba38ec4

Зерттеу өзектілігі. Қазақ халқының отансүйгіштік,имандылық, адамгершілік тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі – халық ауыз әдебиеті.Себебі халық ауыз әдебиетінің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі,салт-дәстүрі,әдет- ғұрпы,бүкіл болмысы,адамдардың өзара қарым-қатынасы,мінез-құлқы т.б. бейнеленген. Сондықтан ауыз әдебиетінің балаларға отансүйгіштік,еңбексүйгіштік,т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметі бар.Мысалы,халық ауыз әдебиетінің бір бөлігі ертегілерді алып қарасақ,ол балалардың ой-өрісін жетілдіріп,Отанын сүюге,елін қорғауға,өнерді игеруге т.б. уағыздайды.Оның үстіне ертегілер жоғарыда аталғандармен қатар баланың сөздік қорын да молайтады.Ал сөздік қоры мол,тілі дамыған бала-үздік оқушы,себебі жаңағы айтылғандар-жақсы үлгілердің алғышарты.

Академик-жазушы М.Әуезов ауыз әдбиетінің тәлім-тәрбиелік мәнін зерттей отырып,халық санасындағы Отаншылдық сезімді,халық ұғымындағы адамгершілік гуманизмді,халықтың қанатты үміті–оптимизмді «...әдет-ғұрпын,халықтың коллектившілдік тәрбиесінің жемісін көреміз»,-деген болатын. Яғни,ауыз әдебиетін жасаған–халық. Сондықтан да,ел ертеңі, келешегі,ұлттық ұрпақтың болашағы,-деп халықтың бала тәрбиесіне баса назар аударғанын көреміз. Халқымыз балаға деген ыстық сүйінісін,жұмсақ лебізін,жылы жүрегін,тәтті қиялын өлең-жырмен жеткізген. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланы жұбату,ойнату,тәрбиелеу,мақсат-тілектер өлеңмен,жырмен,көркем сөзбен айтылған. Ал,халық ауыз әдебиетін жастайынан естіп өскен бала, өсе келе оны сүйіп оқып,қызыға тыңдайтын болған. Ауыз әдебиеті балалардың даму ерекшелігімен,психологиясымен танысудан туған. Олай болса,халық ауыз әдебиеті–халық педагогикасының тынық мұхиты.

Халық ауыз әдебиеті-талай ғасырлардан келе жатқан мұра,сарқылмас бай асыл қазына,халық шежіресі. Онан халқымыздың өткенін білеміз,сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз,халқымыздың батырлық,ерлік тарихын көреміз. Балабақшада бүлдіршіндерді ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстырып,олардың рухани өмірін байыта түсу балабақша тәрбиешілерінің міндеті болып табылады. Бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытуға,қиялын шарықтатып,тіл байлығын дамытуда ауыз әдебиет үлгілері-ертегілер,жұмбақтар,жаңылтпаштардың тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер,батырлық жырлар,өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы–мақал-мәтелдер,ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар,қиыннан қиыстырылған тақпақ–жаңылтпаштар-бәрі де балабақшада кеңінен пайдаланатын дүниелер. Бұлар балаларды елін сүюге,батылдыққа,адамгершілікке үйретеді. Балабақша бағдарламасында ауыз әдебиет үлгілері үйретуге баса назар аударылған. Онда оқылған ертегі,әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып,әңгімелеп беруге үйрету,ертегі мазмұнында кездесетін кейіпкерлердің іс-әрекетіне сай образды сөздер мен диалогтарды,кейбір өлең шумақтарды бұлжытпай жатқа айта білуге,екі адамның диалогында кездесетін сұрақ,қорқыныш,талап тілектерді білдіретін сөздерге дауыс екпінін дұрыс қойып,мәнерлі айта білуге,ой өрісін дамытып,сөздік қорын молайтуға,дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу болып табылады. Ал ой өрісі дамып,сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да,істер ісі де өнегелі болмақ. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру,соның ішінде,бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың,педагогтардың зерттеуінен түспей,назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Демек,бала тілін дамыту-қоғам дамыған



сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан мен осы курстық жұмысымның тақырыбын «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің тиімділігі» деп алдым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет