2. Бөлім Халық педагогикасы – бала тілін дамытудың баспалдағы іспеттес


Халық ауыз әдебиеті – адам жанын тәрбиелейтін ілім



бет5/6
Дата04.05.2020
өлшемі112,59 Kb.
#65665
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
user file 5afe88ba38ec4

1.1 Халық ауыз әдебиеті – адам жанын тәрбиелейтін ілім


Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі – халықтың ауыз әдебиеті. Жазу – сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған. Халық олардың шығармаларын ғана сақтаған және оларды ауызша айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, сөйтіп, алғашқысында жеке авторлар шығарған шығармалар кейіннен өңделіп, сұрыпталған, оған ұжым болып шығармашылық өзгерістер енгізіп отырған. Бертін келе ондай шығармалар көпшіліктің, ұжымның әдебиетіне айналып кеткен.

Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Ол — көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. Байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. Әрі ұлттық рухани мәдениеттің ғасырлар тізбегіндегі тарихи өзгерісін, этникалық санамен қарайлас жүріп өткен жолын да көз алдымызға елестете алады. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады. Ауыз әдебиетінің осы өзгешілігі оның әлеуметтік бітімін де айқын сипаттайды. Ауыз әдебиеті халық өмірімен тығыз байланыса отырып, оны жан-жақты суреттейді, әр түрлі бейнелеу арқылы елестетеді. Әрине бұдан ауыз әдебиеті бірден дамыған деген ұғым тумайды. Оның кейбір үлгілері ескі дәуірде, руқшылдық қоғамда туған; бертін келе қоғамдық, экономикалық жағдайлардың, адам баласының дүние танудағы ой-өрісінің ұлғайып өсуіне қарай ауыз әдебиеті де дамып отырған. Демек, халықтың қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік көзқарасы т.б. ауыз әдебиетінің тууына және қалыптасып дамуына әсер еткен, мазмұн берген. Сондықтан да ауыз әдебиеті өзінің даму жолында талай тарихи дәуірлерді басынан кешірген, талай таптық, қоғамдық тілектер мен көзқарастардың елегінен өткен. Әрбір қоғамдық құрылыс, таптық тілектер ауыз әдебиетінің идеялық бағытына, мазмұнына ықпал жасаған, әрқайсысы өздерінің мүдделеріне сәйкес ауыз әдебиетін тудырған, оны пайдаланып отырған.

Қазақтың көркем әдебиеті тарихын зерттеген әдебиетшілердің айтуына қарағанда, көркем әдебиетіміз ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастаған. Өзінен бұрынғы дәуірмен салыстырғанда ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысы қазақ өмірінде елеулі кезең еді. Бұл кезде қазақ халқының көпшілігі (Кіші Жүз бен Орта Жүз) Ресей мемлекетіне қосылып болған-ды. Мұның нәтижесінде қазақ халқының экономикасы, қоғамдық өмірі бұрынғы кезден әлдеқайда ілгерілеп дамыған, өскен еді.

Бұл жағдай қазақтың көркем әдебиетінің тууына үлкен әсер етеді. ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысынан былайға жерде аты-жөні белгілі авторлар шыға бастайды. Мұның өзі ауыз әдебиеті мен көркем әдебиетінің жігін ашатын негізгі белгінің бірі болды.

ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысына дейін қазақтың ауыз әдебиеті есейген, жетілген еді. Бұл кезде ауыз әдебиетінің әр алуан түрлері (ертегі, аңыз, батырлар жыры, тұрмыс-салт өлеңдері т.б.) дамыған да болатын.[10, 2-6 бб]

Ауыз әдебиетінің көптеген түрлері бар,солардың кейбірелеріне тоқталып кетсек:



Ұлттық ойындар. Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік сияқтағы балалар тәрбиесінде пайдаланылады. Ал қазіргі кезде ұлттық ойындардың көпшілігі тәлім-тәрбие саласында зор педагогикалық құралға айналады. Ойын тек қана көңіл көтеру, шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халқының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамып жетілуіне, қалыптасуына әсер етуші факторлардың бірі болған.

Солардың ішінде Е. Сағындықовтың «Қазақтың ұлттық ойындары» деген кітабын алуға болады. Кітапша ұлт ойындары өзінің мазмұнына байланысты үш топқа бөлінген: ойын-сауық тұрмыс-салт ойындары, дене шынықтыру және спорт ойындары, оймен келетін ойындар.

1. Ойын-сауық түрмыс-салт ойындарының қырықтан астам түрлері бар. Олар: «Орамал тастамақ», «Қыз қуу», «Сақина салу» т.б.

2. Дене шынықтыру, спорт ойындары қазақ халқында үлкен орын алды. Олардың саны жүзден астам. Сондықтан ол ойындардың халық жиі қолданып келген бірнеше түрлерін атап кетуге болады. Олар: «Ақ серек-көк серек», «Айгөлек», «Соқыр теке», «Жаяу жарыс», «Қап киіп жарысу», «Жасырынбақ» т.б.

3. Оймен келетін ойындар жастардың қисындылық және математикалық ойындарының дамуына көмектеседі. Олардың ішінде ете күрделі ойындарға тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы жатады.

Мақал-мәтелдер – халықтың ауызша ақындық (поэзиялық) шығармашылығының көп тараған ескерткіштері. Оларда ғасырлар бойы халықтың әлеуметтік тарихи тәжірибесі туралы нақыл сөздер арқылы халықтың ой пікірі, арманы, көзқарасы баяндалған. Осындай қасиетті сөздерді қазақ халқы қастерлеп өнеге етіп дене адамдардың елең өрнектерімен ойластырған мақал-мәтелдері үнемі пайдаланып келген.

Жұмбақтар. Халық арасында жылдам айтылып келе жатқан жұмбақтардың саны көптеп саналады. Жұмбақ жастардын қиялын, танымдық іс-әрекетін, қабілетін дамытады. Жұмбақтың тәрбиелік және дидактикалық мәні де зор. Сондықтан оларды тәрбие сағаттарында, пәндік және тақырыптық кештерде, әртүрлі ойын-сауықтарда пайдалануға болады. Олар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой - қиялын ұштастыруға көп әсер етеді.



Жаңылтпаш. Жаңылтпаш сөз әдейі жаңылту үшін құрастырылады. Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімдейтін - жанр. Балаларды жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс, шапшаң айтуға, тілде басқа сөздердін бұралып кетуіне, соның басын құрып, келістіріп айтуға үйретеді.

Қазақ халқының жас ұрпаққа тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғүрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген. Т.Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: "Ертегі - рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, қүлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі", - деп анықтама береді. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу сызу өнері болмаған кездің өзінде – ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша да, жазбаша да жеткізіп келеді. Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе, әділдік үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталып отырады. Әсіресе, адам өміріне байланысты іс - әрекеттер өткір сықақ - мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Балалар жағымсыз кейіпкерлердің жаман әрекеттерінен бойларын аулақ ұстап, жақсылыққа құмартады. Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды бала санасына лайықтап жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі бастылары:

1.Қиял-ғажайып ертегілері
2. Хайуанаттар жайындағы ертегілері
3. Тұрмыс - салт ертегілері
4. Аңыз ертегілері

Мектеп жасына дейінгі балаларға осы аталғандардың бастапқы екі түрі оқытылады. Ертегілер балалардың жас ерекшелігіне сай жоспарланады.
Кіші топтарда (3 - 4 жас) ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады. Ересектер тобында (5 - 6 жас) оқығанды тыңдату мен әңгімелеп беру қатар жүргізіледі.
Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы - мақал мен мәтелдер арқылы да беріледі. Қазақтың мақал - мәтелдері негізінен елдікке, ынтымақ - бірлікке, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелейді.

Ұлттық дүниетаным мен тәлім-тәрбие жүйесін қалыптастыруды ана тілін, ұлттық тарихты зерделеуді мақсат тұтқан ғылыми-зерттеулер де ауыз әдебиеті үлгілерін айналып өте алмайды. Ауыз әдебиеті – талай ғасырлардың жемісі. Халықтың ең асыл өнері бай ауыз әдебиеті арқылы өзінің тарихын, халықтың рухын бейнелеген. Бала тілін дамытуда, ой - өрісін кеңейтуде халық ауыз әдебиетін балабақшада пайдаланудың маңызы зор. [14, 17-21 бб]



1.2 Халық ауыз әдебиеті – тәрбие көзі

Әдебиет – тәрбие құралы. Әуелі жеке дарындылардың дуалы ауыздарынан шығып, кейін оны халық қалап, қастерлеп, жаттап, жадында қалдырып, ғасырлар бойы өндеп, өркендетіп, қадірлеп, қалыптастырып, асылым деп ақыл-санасына сіңірген ауыз әдебиеті – үкілі мәдени мұрамыздың ең құнды қазынасы.

Ұлттық рух қуаты – ұлы күш. Ұлттық рухы күшті адамдарда ғана ұлтжандылық қасиет болады. Себебі, ол адамның басқалардан төмен болуға ұлттық намысы жібермейді. Жас ұрпақ жаңа талап, жаңаша көзқараспен келетінін ұмытпаған жөн. Жаман әдет жұқпалы аурудай. Үнді халқының мынандай мақалы бар «Жақсы мен жаманның айырмасы сиыр мен жыланнын айырмасындай, бірі – шөпті сүтке айналдырады, ал екіншісі шөпті уға айналдырады». Олай болса жаман әдет-қылықтарды ұрпақ бойына жұқтырмай туған халқын сүйетін, дінін, тілін, елін құрметтейтін тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу үшін тәрбиелік мәні терең халық ауыз әдебиетімен сусындатуды мақсат етіп қоялық.

Ауыз әдебиеті – талай ғасырлар жемісі, халық жыраулары, жыршылары, ертегішілері оны сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, біздін дәуірімізге жеткізген. Ауыз әдебиетіне жеке тоқталмас бұрын ауыз әдебиетінің жазба әдебиетіне қарағандағы айырмашылығын айтуды жөн көрдік. [11, 13-17 бб]

Ауыз әдебиеті – ұғымдық шығарма. Ауыз әдебиеті шығармаларының белгілі бір авторы жоқ. Дегенмен әр дәуірде жекелеген қабілетті ақындар мен әңгімешіл адамдар айналасындағы өмір құбылыстарын бақылай келе, алуан тақырыпқа өлең-жыр, әңгіме шығарған. Кейінгі айтушылар оған түрлі өңдеулер еңгізіп, өз тұсынан өзгертулер жасап жаңартып отырған. Бір оқиға алынып, екінші бір тың оқиғалар қосылған. Сөйтіп олардың талай шығармашылық өзгеріске ұшырауы – бірінші ерекшелігі. Үнемі өзгеріске ұшырауына байланысты олардың әртүрлі нұсқалары болуы – екінші айырмашылығы. Үшінші ерекшеліктері синтаксиситік, лексикалық қайталаулар жиі ұшырасады. Қалыптасқан дағдылы сөздер мен сөйлемдер тұрақты ұйқастар жиі қолданылады.

Ауыз әдебиетінде халықтың жақсы өмірді, әділеттілікті аңсаған мұрат-мақсаттары кең өрнектелген. Ауыз әдебиеті шығармаларының барлық түрінде қоғамдағы тұрмыс-салт, әлеуметтік өмірі, тіршілік әрекеті, ой-санасы, дүниетанымы, өршіл, арманшыл қиялы әр жақты көрінген.

Ендігі кезекте халық ауыз әдебиеті түрлерінің рухани тәрбиелік мәнін ашып, оны оқу тәрбие ісіне пайдаланудың жолдарын айтуды жөн көрдік.

Тұрмыс-салт әуендерімен айтылатын бесік жыры бөбекті жұбату үшін және оған тілек айту үшін ғана шығарылған емес. Бесік жыры – балаға берілетін алғашқы тәрбие. Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі туғаннан баланың құлағына сіңеді. Бесіктегі баланы әннің ырғағымен тербетеді. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының Бесік жырылары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланы тербетіп отырып аналық махаббатпен айтылытын тәрбиелік тағылымдық мағыныға ие өлең жыр. Онда жас бала дені сау,еңбексүйгіш өнерлі елін қорғаушы азамат болып  өссе екен деген тілек байқалады.Бесік жыры үлгілерін алғаш Ә.Диваев 1905 жылы жариялаған  Әй-әй бөпем, әй бөпем.

Ән айтайын,бал бөпем.

Ән тыңдағын келсе егер,

Және айтайын, жан көкем…

Бөпем менің ай ма екен?

Шекер ме екен, бал ма екен?

Ойнақтап бір бәйгіден

Озып келер тай ме екен?

Тас бұлақтар тауда екен,

Жас құрақтар сайда екен.

Көлбең-көлбең ұшатын

Көбелектр қайда екен?

Осындай әдемі әуенмен астарында ізгі тілегі бар бесік жырын тыңдаған бала шебер болуға да, шешен болуға да ұмтылып өседі. Баланың бойына әсерлі әуен, сұлу сөзбен айтылатын ананың әлдиі ана сүтімен қосылып осылай сіңеді. Бесік жырының толып жатқан түрі бар. Сәбиінің аман өсуінен бастап, болашақ өміріне деген тілегі, сенімі, ниеті әдемі әнге шумақ болып өріліп, анасының айтуымен балаға жетеді. Тіпті алыстағы төркініне деген сағынышын да бөпесіне айтып, баласымен сырласа отырып «әй, әй, бөпем, артта қалған елімді көрер ме екем…» деп іштегі шерін бесік жырына қосқан. Анасының еліне деген сағынышы бөпеге беріліп, ол анасын аяйтын, ардақтайтын, мейірімді әрі жанашыр болып өседі екен… Бүгінде үлкен сахналарда да бесік жыры естіліп қалады.

              Бала бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап бет алады. Ұядан өз қанатымен қалықтап  ұшқан балапандай бала да, ең алғашқы тіршілігін бастайды. Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп, тұсау кесер жасайды. Бұған да мал сойып, жұрт жияды.Баланың анасы ала-құла шуда жіптен екі-үш қарыс дайындап, оны  ауылдағы ең бір желаяқ пысық әйелге: «Ал, тұсауды сен кес. Өзіңдей пысық болсын» деп ұсынады. Ол кісі ала жіпті баланың екі аяғына тұсамысша байлап сонан соң ортасынан кеседі. Бала андайдағы апасына қарай тәлтіректей жөнеледі. Міне, осыдан бастап кішкене қазақтың өмір жолының алғашқы ізі жер бетін шимайлайды. Тұсау кесу қазақтың өмір сапарының сәтті болу үшін ақ ниетпен жасаған ырымы, құдайға деген құлшылығы.  Осы арада «баланың аяғында не себепті ала жіпбайланады, қара, қызыл, көк жіп неге байланбайды?» деген сұрақ тууы мүмкін. Бұның мәні мынада: қазақ баласын сөзді естіп ұға алатын, айтқанды ептеп істейтін кезінен – осы тұсауы  кесілгеннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырындылыққа барма, жолама деп  баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдірге алма дегенді әу бастан ақ құлағына сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де жоғарыдағыларға жолама, ондайдың жолын қолыңнан келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлаш жібіне, ең құрығанда бұзауға моншақ болар деп қызықпа, тұсауындағы жіпті кескендей ондай арам ой кезіксе кесіп-құртуға тырыс дегені. Бұл – екінші себебі. Бірінші бастағы айтқанымыздай баланың келешегіне жол ашу, ақжол тілеу. Жоғарыдағы біз сөз еткен бессалтты қазақ ұлға да, қызға да ортақ істеді де, алдағы ашамай тойы, тоқым қағуға барғанда ұл әкенің, қыз шешенің баулуына бөлініп, тәрбиенің түрі өзгереді. Отбасында тәй-тәй, тұсау кесу жырларын, әуенімен әсемдеп айту арқылы балдырғанның бөбекке деген сүйіспеншілігі артады, кішіге деген қамқорлық сезімі қалыптасып, іс-әрекетке ықыласы молаяды. Ал бала-бақшадағы қуыршақ арқылы ұйымдастырылған тұсау кесу баланың әрі музыкаға қызығуына, сахнада ойнауға үйренуіне, сөз өнеріне бейімделуіне себепші болады.

Санамақтарды халық негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі дүниені танытады, әрі баланың қисынды ойлауымен математикалық ойлау қабілетін дамытады.Балалар бақшасында балғындарға санамақтардын сан алуан түрлерін үйретіп, оны айтқызу, санамақ шешімдерін дұрыс шешкендердің білімін бағалап, оларды мадақтай білу керек. [17, 21-23 бб]

Нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, танымдық білімдерін ұғымдар мен түйсіктерді ой-қиял елегінен өткізіп тұжырым жасап, шешуте келгенде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін халық ертеден-ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған. Жұмбақтардың дүниетанымдық, ой дамытарлық мәнімен қатар тәрбиелік мәні де ерекше, өйткені жұмбак айтысу, жұмбақтарды жаттау кезінде әр тәрбиеленуші өзінің білім дәрежесін байқап, көп білуге талпынады, ынта-жігері, жауапкершілігі, өнерге талпынушылығы артады.



Мақалдар – нақыл өсиет түрінде айтылған философиялық ой түріндегі сөз мәйегі. Мақалдар көбіне екі тармақтан: біріншісі пайымдау (айтатын ойдың түп негізі), екіншісі ой қорытындысынан тұрады.

Баланың өмір тәжірибесі аз, сондықтан оған айтатын акыл-насихат, өнеге-өсиет әрі әсерлі, әрі ойда қалатындай мәнді болуы керек. Мақалдарды тиімді пайдалану: ақылға қонымды сөздер айту баланы тәрбиелейді және санасын арттырады. Балабақшада мақал-мәтелдер туралы түсінік беріліп, оларды қолдаудын қажеттілігі туралы айтылады. Мысалы «әке – тірегін, ана – жүрегін» деген мақалдың мәнін түсіндіруде жеке сөздер мағынасы туралы сұрақ-жауап арқылы балалардың түсінігін байқап, ұғымын тақпақтар жаттатып, толықтырып отырады. [22, 8-9 бб]

Қазақтың халық әдебиетіндегі балаларға арнап шығарылған арнау-тілек өлеңдерді жаттатуда сөзді дұрыс айтып, дауыс ырғағын сөз мағынасына қарай құбылта білуін, дауыс ырғағы мен бет құбылысының сөзге сәйкестігі үлкен мәнді нәрсе.

Арнау-тілек өлеңдері табиғат құбылыстары мен жан-жануарларға, құстарға қызығу сезімін оятып, эстетикалық әсер беру үшін, баланың табиғат танымдылығы артуымен қатар, сол табиғатқа деген аяныш сезімі дамып, бала табиғатқа қамқорлық жасауға бейімделеді.



Мазақтаманы халық балалардың бірін-бірі мінеуі, сынауы, шенеуі, әжуәлдеуі үшін шығарған. Мазақтама айтушы бала екінші баланың кемшілігін көзіне айтып ызаландырып, қажырын қайрайды. Күлкілі мазақтамалармен әжуәлай отырып, адамгершілікке тәрбиелейді. Берілген іске жауапсыз қарап, шалағайлық жасаған балаға мазақтама айту, баланың тез сергіп, ісіне қайта қарап, өз кемшілігін екшей бастайды. Ескертпені елеген баланың ынта-жігерін арттырып, оны мадақтау да керек.Мазақтаманың негізгі мақсаты – баланың мінін көрсетіп сынау, оны тәрбиелеу. Балалардың бір-бірінің арына тиіп, ызаландырып жасытуына жол бермей, оларға үлкендік, саналық кеңес беріп отыру керек.

Өтірік өлеңдер шынайы өмірге сәйкес келмейтін дәрежеде; әдемі әсерленіп шебер суреттеледі; өзгеше әсерлі өтірік өлеңдерді халық ықылас қойып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Балалар бақшасында өтірік өлеңдерді балдырғандарға оқып беріп, қиял-ғажайыптар, әсерлі салыстырулар туралы әңгіме тәсілі арқылы олардың ой-қиялдарын, дүниетанымын дамыту қажет. Әрине балдырғандар үшін өтірік өлендердің ең жеңіл де, қызықты деген шумақтарын таңдай білу тәрбиешінің міндеті.[18, 12-14 бб]

Ал ойын өлеңдері қызықты ойындардың эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ықыласын, бейімділігін арттырады. Мысалы, «Қуырмаш» ойын-өлеңі бала көңіл көтеру үшін, әрі еңбекке тәрбиелеп, дүниетанымын арттыру үшін жүргізіледі. («Ақ серек, көк серек», «Ұшты-ұшты», «Жасырынбақ», «Шілік») т.б.Балалар бақшасында ойын өлеңдері тәрбиешілер мен ән танушылар, хореографтар жауапкершлікпен ұйымдастырса әндетіп, қызықты қойылымдарын бақша сахнасына шығарса, ойын өлендері әуенімен әсерлеуде балаларды әсемдік пен сымбаттылыққа үндер еді.

Халық ауыз әдебиетін балабақшадан бастап пайдалану - баланың тілін дамыту үшін, тілге, әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда, ой-өрісін кеңейтуде білімдік, тәрбиілік маңызы зор.

2 .Бөлім Халық ауыз әдебиеті арқылы мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда тиімділігін анықтау

2.1 Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда – халық ауыз әдебиетін қолдану


Мен Қостанай қаласының №5 бөбекжай-балабақшасында өзімнің тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмысымды жүргіздім.Тәжірибелік-эксперименттік зерттеуге «Қызғалдақ» ересек тобынан 20 бала қатысты.

Жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың мақсаты:мектепке дейінгі балалардың халық ауыз әдебиеті арқылы тілін дамыту,сөздік қорын молайту.

Тәжірибелік – эксперименттік жұмыстың міндеттері:

1.Балалардың жұмбақтарды,жаңылтпаштарды,мақал-мәтелдерді,ертегі желісімен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін пайдалану арқылы халық ауыз әдебиеті жөнінде білімдерін,сөздік қорларының деңгейін байқау.

2.Халық ауыз әдебиетін балаларға тиімді қолдану арқылы балалардың сөздік қорын молайтып,тілін дамыту.

3.«Қызғалдақ» тобында жұмбақтарды, жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді,ертегі желісімен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін пайдалану арқылы балалардың білімдерін,сөйлеу дағдыларын,тіл дамыту белсенділігін анықтау.

Тәжірибелік – эксперименттік жұмыс барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер:бақылау,зерттеу,тәжірибе жүргізу,сұрақжауап,қайталау,



көрнекіліктер,сөздік,топпен жұмыс.

Бұл жұмыс үш этаптан тұрады:

- құрастырушы

- қалыптастырушы

- бақылау

Зерттеуді бастамас бұрын мен критерийлер мен көрсеткіштерді анықтап алдым.

Көрсеткіштері:

1.Сөздік қоры

2.Байланыстырып сөйлеу

3.Әңгімелеп беру

Критерийлері:

Төмен-3 балл

Орташа-4 балл

Жақсы-5 балл

Бірінші құрастырушы бөлімінде зерттеу жүргізу үшін 1 топты 2 шағын топшаларға бөліп алдым.Олар: бақылау және тәжірибелік топтары.

Әр топқа халық ауыз әдебиеті түрлерін тандап алдым.Оған жаңылтпаштар,

жұмбақтар,мақал-мәтелдер және ертегілер кірді.Олар балалардың байланыстырып сөйлеу,ойлау және сөздік қорын дамыту көрсеткіштері бойынша алынды.Мен зерттеуімді ең алдымен екі топшаға да өткіздім. Ол топшалардың халық ауыз әдебиеті жайлы білімдерінің деңгейін байқау үшін екі топшаға да жарыс түрінде ойын өткіздім:

Ойын тақырыбы: «Кім білімді?»

Мақсаты:Балалардың ойлау,шапшаңдық,байланыстырып сөйлеу қабілеттерін байқау.

Барысы:Балалар біз қазір сендермен бір әдемі ойын ойнаймыз.Бұл ойын «Кім жылдам?» деп аталады.Біз қазір бір-бірімізбен жарысамыз.Мен қазір кімнің білімі көп екенін,кім бізде ең алғыр екенін байқаймын.Ол үшін сендер бірінші мақал-мәтелдердің жартысын тауып алуларың қажет,содан кейін мен жасырған жұмбақтардың шешімдерін айтып,соңында өздерің білетін жаңылтпаштарды айтып бересіңдер.Кім көп біледі сол жеңімпаз атанады.

Мақал-мәтелдер:

1.Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

2.Ауру қалса да,


Әдет қалмайды.

3.Алдыңғы көш қайдан жүрсе,


Соңғы көш сонан жүрер.

4.Туған жердей жер болмас,

туған елдей ел болмас

5.Жаман өзен өткел бермес,

Жаман кісі көпке ермес.

Жұмбақтар:

1.Көзге ілінбейді, 
Жұтсаң білінбейді. (Ауа) 
2.Қолы жоқ, сурет салады, 
Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)

3.Бұтақта ілініп тұрамын, 


Піскенде себетке құладым. (Жеміс) 
4.Өсірдім ұлпа қар, 
Шешуін кім табар? (Мақта) 

5.Екі ағайынды, 


Екеуі де бір үйде, 
Бірін-бірі көрмейді. (Көз) 

Жаңылтпаштар:

Тұз-мұздай

Мұз-тұздай

Бұл,бұл-піл

Бұл бір ірі піл

Шаншар шаршап жатыр,

Қайсар жайша жатыр.

Талғат балға тап,

Оншақты жаңғақ шақ,

Шақсаң,сақ шақ

Ғарышкер ұшты ғарышқа,

Ғарышқа ұшты ғарышкер.

Айтшы,ғарыш алыс па?

Және де балалардың сөздік қорын,өз ойын дұрыс жеткізе білу қабілеттерін байқау үшін «Түлкі мен ешкі» ертегісі бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткіздім.

Ертегі: Тақырыбы:«Түлкі мен ешкі»

Мақсаты:Драмалауға қатысу іскерліктерін дамыту,ойынға деген ынтасын көтеру.Кейіпкерлердің дауыс ырғағын,мимикасын көрсетуге жаттықтыру.Өз бетінше сөйлеу мәнері мен дауыс күшін тиісінше өзгертіп отыру іскерлігін қалыптастыру (қатты немесе жәй,тез немесе ақырын).Адамдардың көңіл-күйін (көңілді,мұңды,мейірімді және т.б)білдіретін сөздерді қолдануға үйрету.

Енді тәжірибенің нәтижесін төмендегі кестеден көруге болады.



Ересек «Қызғалдақ» тобы 1-топша (бақылау топшасы):



Балалардың аты-жөні

Сөздік қоры

Байланыстырып сөйлеу

Әңгімелеп беру

1

Альмуханбетова Адина

3

3

3

2

Умарова Дильназ

3

4

4

3

Жанабаев Алидар

3

3

3

4

Есекей Әмір

3

4

3

5

Калимова Малика

3

3

3

6

Ахметова Жария

3

4

3

7

Мамыш Карина

4

4

4

8

Нургали Алия

3

4

3

9

Сыздықов Рустем

4

4

4

10

Смагул Жансая

3

3

3

Барлығы

3,2%

3,6%

3,3%

Дәл осындай диагностиканы мен тәжірибелік топта да өткіздім. Нәтижесін кестеден көруге болады.

«Қызғалдақ» ересек тобы 2-топша (тәжірибелік топшасы):





Балалардың аты-жөні

Сөздік қоры

Байланыстырып сөйлеу

Әңгімелеп беру

1

Аубакирова Арайлым

4

4

4

2

Жарқынбек Диас

3

4

3

3

Сапаргалиева Жансая

4

4

4

4

Мамыш Камила

3

4

3

5

Макубаев Бексұлтан

3

3

3

6

Омарова Алия

3

4

3

7

Сакенова Алина

4

4

4

8

Қанат Аружан

4

4

3

9

Журкабаев Жасулан

3

4

3

10

Сағымдықова Жансая

3

3

3

Барлығы

3,0%

3,8%

3,3%

Ал енді төмендегі диограмманы қарайтын болсақ,екі топ балаларының да сөздік қорын байыту,ойлау,байланыстырып сөйлеу деңгейлері орташа екендігін көре аласыздар.Балалардың білім деңгейлерін жоғарылату үшін олармен көптеген жұмыстар жүргізу қажет,сол кезде ғана жақсы нәтижеге қол жеткізе аламыз.

Мен диагностиканы жүргізіп болған соң,балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде және ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тыс уақытта халық ауыз әдебиетін қаншалықты білетінін,балалардың сөздік қорын,ойлауын,байланыстыра сөйлеуінің ,жалпы айтқанда білім деңгейінің нәтижесін шығардым.

Бұл этапта топтың тәрбиешісінің технологиялық картасына талдау жасадым. Тіл дамыту,көркем әдебиет салалары бойынша тәрбиешінің халық ауыз әдебиетін аз қолданатынына көз жеткіздім,сонымен қатар балалардың көбісі орысша сөйлейді , сондықтан да екі топшаның да халық ауыз әдебиеті жайлы білім деңгейлері орташа.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет