2 Дәрілік препараттар жазылымының құрамын нормалау



бет9/11
Дата15.12.2023
өлшемі43,54 Kb.
#197149
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
рк офт
Жаһандану әлеуметтануы, Варикоз, улану, Анафилактикалық шок, zhara 1179 at travmatologia, 8 кл БЖБ каз 2 нуска, 1 Ä?ð³ñ XVII ? õàëû?àðàëû? ?àòûíàñòàð æ?íå õàëû?àðàëû? ?àòûíàñòà, Қолхат, 11V18entKZ, OP8kaz, DOC-20230203-WA0026., Белгібай Аружан Бизнес 4-сөж, 3087, 4 тақырып
20-сұрақ
Дәрілік препараттарды безендірудің негізгі ережелері қандай? Негізгі және қосымша этикеткаларды атаңыз
Барлық дәрілік түрлер үшін ортақ болып табылатын технологиялық процестің аяқталу сатысы – дайын өнімді орамдау және безендіру. Барлық дәрілік препараттарды олардың агрегаттық күйіне және белгіленуіне байланысты медициналық қолдануға рұқсат етілген орамдау материалдарымен орамдайды.Қатты дәрілік препараттар – қораптарда, пакеттерде, құтыларда; сұйық дәрілік препараттар – флакондарда; жағар майлар – банкаларда, кейде тубаларда босатылады. Дәрілік препараттарды сыртқы факторлардың әсерінен қорғайтын ораманы препаратты қолдану тәсіліне, құрамындағы ингредиенттердің қасиетіне байланысты таңдайды. Жарыққа сезімтал дәрілік түрлерді қызғылт сары түсті флакондарда немесе банкаларда босатады. Дәріханаларда дайындалатын дәрілерді безендірудің біріккен ережелеріне сәйкес (ҚР ДС ӘД министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі No 227 «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы таңбалау қағидаларын бекіту» бұйрығы) барлық дәрілік препараттар қолдану тәсіліне байланысты белгілі үлгідегі этикеткалармен безендіріледі: «Ішуге», «Сырт тәнге», «Шаншуға арналған», «Көзге арналған дәрілік түр». Этикеткалардың әртүрлі сигналдық түстері болады: жасыл - ішуге арналған, сары - сыртқа қолдануға арналған, қызғылт - көзге арналған, көк - шаншуға арналған дәрілік түрлер үшін. Барлық этикеткаларда келесі белгілер болады: медицина эмблемасы, дәріхана басқармасының атауы, дәріхана нөмірі, рецепт нөмірі, науқастың аты-жөні, дәрінің қолдану тәсілі белгіленеді, дәрілік препараттың дайындалған күні, дайындаған фармацевт қолы және бағасы, сонымен қатар, «Балалардан сақта» деген ескертпе этикетка көрсетіледі. Шаншуға арналған дәрілік препараттар этикеткаларында олардың құрамы жазылады.Жеке дайындалатын препараттар үшін дәрінің түріне және белгіленуіне сәйкес «Ұнтақтар», «Микстура», «Тамшы», «Жағар май, «Көз тамшысы», «Көз жағар майы» этикеткаларымен жабдықталады. Барлық этикеткаларда берілген дәрілік түрге сәйкес ескерту жазулары көрсетіледі. Микстуралар үшін - «Салқын және қараңғы жерде сақта», «Қолданар алдында шайқа». Ішуге арналған тамшылар үшін - «Қараңғы жерде сақта». Жағар майлар, көз тамшылары және көз жағар майлары үшін - «Салқын және қараңғы жерде сақта». Егер кейбір дәрілік түрлер үшін этикеткалар болмаса, (мысалы, пилюлялар, суппозиторийлер, линименттер, сыртқа қолдануға арналған сұйық дәрілік түрлер үшін) онда дәрілік препараттар «Ішуге» (пилюлялар үшін), «Сырт тәнге»(линименттер, суппозиторийлер үшін) этикеткаларымен безендіріледі және дәрілік түрдің ерекшелігіне байланысты қажетті ескерту белгілері көрсетіледі. Ескерту белгілеріне келесілер: «Қараңғы жерде сақта», «Салқын жерде сақта» және «Қолданар алдында шайқа» жатады.
Құрамында улы, есірткі және оларға теңестірілген дәрілік құралдар бар дәрілік түрлер сүргіленіп, «Абайлап қолдан» деген ескерту жазбасымен безендіріледі. Рецепт дәріханада есеп үшін қалдырылып, науқасқа сигнатура беріледі (ҚР ДС ӘД министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы No 32 бұйрығы, ҚР ДСМ 01.11.96 ж. No 481бұйрығы).
Дәріханаішілік дайындамалар түрінде дайындалатын дәрілік препараттарды безендіруге арналған этикеткаларды толтыру жалпы ережелерге сай жүргізіледі,айырмашылығы оларда рецепт нөмірі, науқастың аты-жөні көрсетілмейді,тек дайындама сериясы және дайындалған күні көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет